Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы

ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Есік қ.                                                                             2018 жылғы 22 мамыр

КІРІСПЕ БӨЛІМ

2017 жылдың 15 мамырдағы Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (одан әрі-Бөлім) басшысының № 9/НҚ бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2018 жылдың 4 айын қамтыды.

Бөлім өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1444 қаулысымен бекітілген ереже (одан әрі-Ереже) негізінде атқарады.

Бөлім миссиясы Ережеге сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу саласында басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

1. Бөлім өзінің қызметінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді, сондай-ақ «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.

БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

КОРРУПЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АНЫҚТАУ

2. Кадрларды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлар айналымы

Штат кестесіне сәйкес, бөлімде 7 бірлік қарастырылған. Бөлім арасында мүдделер қақтығысы фактілері жоқ, басшылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің үлестері мен жақын туыстарының бірлескен жұмысы байқалмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материал анықталмады.

Ұсыныс: бөлім мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныс енгізу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына (12.10.2017 жылғы соңғы өзгерістер мен толықтырулар) сәйкес бөлім 1 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» №72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінде көрсетілген тізімге сәйкес қатаң түрде құжаттарды ұсынады.

Есептік мерзімде бөлім 25 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, 15 қызмет көтерме жәрдемақы беру, 10 қызмет бюджеттік несие беру.

Ішкі талдау қорытындысы бойынша:

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңының 5 бабының 12 тармақшасының бұзылуы, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі алынбаған.
  2. Қызмет көрсету Регламентінің бұзылуы, өтініште күні, тіркеу нөмірі, жоқ, бөлім басшысының бұрыштамасы жоқ, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы анықталмаған.

Талдау кезінде, аудан әкімшілігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы толыққанды ақпарат тақтасы, оның ішінде ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ережесі, стандарты мен регламенті және қажет құжаттардың үлгісі ілінген.

Ұсыныс: мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын қатаң сақтау.

  1. 4.Тікелей байланыс тәуекелі

Талдау кезінде мемлекеттік қызмет берушінің қызмет алушылармен тікелей байланыс тәуекелінің орын алатыны байқалды. 25 қызмет алушылардың тек 3 қызмет алушысы Мемлекеттік корпорация арқылы құжат өткізгені анықталды.

Ұсыныс: тұрақты негізде тұтынушыларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және электронды түрде (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы)мемлекеттік қызметті алу мүмкіндіктері туралы тұтынушылармен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

5. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын басқа да мәселелер

ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес, өтініштер осы Заңда көрсетілген ретте қабылдауға, тіркеуге және қарауға жатады.

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы бар. Өткен есептік мерзімде бөлімге өтініштер түспеген.

Бөлім қызметкерлері туралы теріс материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Талдау кезеңінде теріс материалдар анықталмады.

Ұсыныс: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдау.

ҚОРЫТЫНДЫ

6. Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысына ұсынылады:

1) бұзушылықтарды жою және болдырмау үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты негізде жұмыс істеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету Стандартындағы талаптарды қатаң сақтау, сондай-ақ, қызметкерлер арасында семинарлар өткізу;

4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау;


«Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы

аналитикалық анықтама

КІРІСПЕ

2017 жылдың 14 желтоқсандағы Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (одан әрі-Бөлім) басшысының № 10/НҚ бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 14 мен 25 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2017 жылдың өткен мерзімдерін қамтыды.

Бөлім өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1444 қаулысымен бекітілген ереже (одан әрі-Ереже) негізінде атқарады.

Бөлім миссиясы Ережеге сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу саласында басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қазандағы № 12 бұйрығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

1. Бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алады:

- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №45-IV Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» №72 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» №403 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» №728 қаулысы;

БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

КОРРУПЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ АНЫҚТАУ

2. Кадрларды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлар айналымы

Штат кестесіне сәйкес, бөлімде 7 бірлік қарастырылған. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің арасында мүдделер қақтығысы фактілері жоқ, басшылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің үлестері мен жақын туыстарының бірлескен жұмысы жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс материал анықталмады.

Ұсыныс: бөлім мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныс енгізу.

3. Бөлімде қызметкерлердің мүдделер қақтығысы фактілері

Бөлімде қызметкерлердің мүдделер қақтығысы фактілері тіркелген жоқ.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша бөлім ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қыхмет көрсетеді.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» №72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінде көрсетілген тізімге сәйкес қатаң түрде құжаттарды ұсынады.

Есептік мерзімде бөлім 71 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, 54 қызмет көтерме жәрдемақы беру, 17 қызмет бюджеттік несие беру. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы шағымдар тіркелмеді.

Талдау кезінде, аудан әкімшілігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы толыққанды ақпарат тақтасы, оның ішінде ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ережесі, стандарты мен регламенті және қажет құжаттардың үлгісі ілінген.

Ұсыныс: мемлекеттік қызмет көрсетукезіндегі құжаттарды қабылдауды халыққа қызмет көрсету орталығына өткізіп беру, себебі жеке тұлғалармен тікелей байланыс бар.

5. Бөлімде рұқсат етілмейтін функциялар жоқ.

6.Бөлімде бақылау функциялары жоқ.

7. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын басқа да мәселелер

ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес, өтініштер осы Заңда көрсетілген ретте қабылдауға, тіркеуге және қарауға жатады.

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы бар. Өткен есептік мерзімде бөлімге жеке тұлғалардан 1 өтініш түсті.

Талдаулар кезінде, бөлім қызметкерлері заңдылықты, қойылатын талаптардың бірлігін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, өтініштерді қарау кезінде бюрократияның көріністеріне жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалардың қызметі ашықтығы анықталды.

Бөлім қызметкерлері туралы теріс материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Талдау кезеңінде теріс материалдар анықталмады.

ҚОРЫТЫНДЫ

8. Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысына ұсынылады:

1) бұзушылықтарды жою және болдырмау үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты негізде жұмыс істеу;

3) 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу;ъ

4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы

 

Мушаева                                                                  бөлім басшысының

Бағлан Сатпаевна                                          орынбасары,

                                                                       жұмыс тобының басшысы   

Сарсембеков                                                  салалы экономика

Жумабек Асылбекович                                 секторының меңгерушісі

Умиргалиева

Айгерим Мейрхановна                                 бас маман

Еңбекшіқазақ ауданының

экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                              Е.Жакеев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8928323
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
1349
70136
71485
8844303
166324
187110
8928323

Сіздің ІР: 34.237.51.35
Қазір: 2019-11-19 01:56:45
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру