Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Дене шынықтыру және спорт бөліміБөлім ережесі

Бөлім ережесі

                                                                    Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің

                                   2012 жылғы «11 »мамыр

                                                                       № 388 қаулысымен бекітілген

«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі

1.1.«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай -Бөлім), өкілетті орган мемлекеттік дене шынытыру және спорт бөлімі туралы саясатын іске асыруға уәкілетті, аудан бюджетінен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган болып табылады.

         1.2.Бөлім өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулылары, облыс әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және де басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен бірге Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         1.3.Бөлімнің аталуы – мемлекеттік тілде – «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта Енбекшиказахского района».

1.4.Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық заңды тұлғасы болып табылады. Аталуы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, бұрыштамасы, белгіленген түрдегі бланкісі және банкте есеп шоты, жеке балансы бар.  

1.5.Бөлім құрылтайшысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты болып табылады.

1.6.Бөлімнің заңды мекен-жайы: индексі 040400, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

         2.1.Мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту туралы бырыңғай саясатын жүзеге асыру.

         2.2.Дене шынықтыру және спорттың материалдық техникалық базаларын жасау және нығайту, инфроқұрылымдарға сәйкес дамыту.

         2.3.Халықаралық аймақтық спорттық байланыстарды жүзеге асыру.

         2.4.Дене шынықтыру және спорт саласының жұмыстарына бақылау жасау және үйлестіру.

         2.5.Ақпараттық жарнамалық жұмыстарды ұйымдастыру.

         2.6.Спорттық ұйымдарға мамандарды дайындауды ұйымдастыру, олардың жұмыс сапасын арттыру.

         2.7.Аудан елді мекендерде дене шынықтыру және спортты күнделікті тұрмысқа енгізу.

         2.8.Халықтың денсаулығын жақсартуға және барлық жағынан гармониялық даму жолында дене шынықтыру және спорттың ролін көтеру.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметі

3.1.Қазақстан Республикасы Президенттің, Үкіметтің актілерін, ҚР Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімінің және аудан әкімінің тапсырмаларының, өкімдерінің, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.2.Дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған тоқсандық іс-шараларды жоспарлау мен мақсаттық бағдарламаларды айындап жүзеге асыру.

3.3.Дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының, дене шынықтыру ұжымдарының қызметкерлерін талапқа сәйкес орнатылған тәртіп бойынша спорттық разрядтар, белгілерімен, силықтармен, диплом грамоталармен аудандық жеңімпаздарын марапаттау.

3.4.Аудан құрама командаларының спортшыларын облыстық, республикалық жарыстарға дайындау және қатысуын қамтамасыз ету.

3.5.Бөлім дене шынықтыру және спорттың аудандық жоспарын орындалуын бақылайды және жүзеге асырады.

3.6.Балалармен жасөспірімдер мектебіндегі жаттықтырушы-мұғалімдердің, жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру.

3.7.Дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін жоғарлатуға ықпал ету.

4. Бөлімнің құқығы

4.1.Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін төмендегі құқықтарға ие:

-Бөлім басшысының құзырына сәйкес тиесілі ақпаратты немесе түсіндірмені ауызша және жазбаша түрде мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан, кәсіпорындардан алады.

-Анықталған кемшіліктерді жоюды талап етеді және ауызша және жазбаша түрде лауазымды тұлғалардың есебін тыңдап, түсіндірме алады.

-Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасады.

-Аудандық бөлімдер мен басқа да органдардың аппараттық жиналысына қатысады.

-Заңнамалық актілерге сәйкес және іске асыру бойынша бұйрықтар шығарады.

5. Бөлімнің жауапкершілігі

5.1.Бөлім заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларына сәйкес, өзіне жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындалуына жауапты болады.

5.2.Бөлім бастығы жемқорлыққа қарсы іс – шараларды ұйымдастыруға жеке жауапкершілікті атқарады.

5.3.Тәртіптік іс-әрекет жасағаны үшін бөлім қызметкерлері заңдылыққа сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.4.Бөлімнің бекіткен азаматтық-құқықтық келісімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған талаппен тіркеуге алынады.

5.5.Бөлімнің келісім-шарт бойынша жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады.

6. Бөлімді басқару

         6.1.Бөлімді аудан әкіміне тікелей бағынатын бөлім бастығы басқарады.

         6.2. Бөлім бастығын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудан әкімі бөлім бастығын қызметке тағайындайды және босатады.

         6.3.Бөлім бастығы өзінің құзырына және заңнамаға сәйкес:

-         бөлімге басшылық жасайды.

-         Бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады.

-         Қызметкерлердің бөлім бойынша міндетін бөледі

-         Аудан әкімдігінің қаулысымен бекіту үшін бөлім туралы ережеге қол қояды.

-         Қабылданған актілердің орындалуын қадағалайды және үйлестіреді.

-         Бөлімнің құзырына жататын қызметтік құжаттарға қол қояды.

-         Бөлімнің ішкі еңбек кестесін бекітеді.

-         Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлімнің мүлкіне басшылық жасайды.

-         Бөлім аппаратының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялайды.

-         Аудан әкімінің жүктеген басқа да қызметтерін атқарады.

         7. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

         7.1.Бөлімнің құрылымына кіретіндер: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес тағайындалатын мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын бастықтан, бас және жетекші мамандардан тұрады.

         7.2.Бөлім осы ережеге сәйкес жұмыс жасайды.

         7.3.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметкерлерін бөлім бастығы қызметке тағайындайды және босатады.

         7.4.Бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттерін жүзеге асыруда бөлімге жүктелген қызметті жүзеге асырады.

         7.5.Бөлімде өзара бір-бірін ауыстыру мынандай: бөлім бастығы бас маманына, бас маман жетекші маманына.

8. Бөлімнің мүлкі

8.1.Бөлім жекелеген мүлікке жедел басқару құқығына ие.

       8.2.Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны бөлімінің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден құралады.

8.3.Бөлім өзіне бекітілген мүлікті басқаға беруге немесе басқаша тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мекеменін жоиылуы немесе қайта құрылу кезінде, мүлік құрылтайшысының шешімен бөлінеді.

8.4.Бөлімнің қаржылық қызметі жергілікті бюджетте атқарушы органдарды қаржыландыруға бөлінген ассигнование есебінен жүзеге асырылады.

8.5.Бөлім бухгалтерлік есеп және Қазақстан Республикасының Заңдарынға сәйкес есептілік жүргізеді.

9. Бөлімнің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі

         9.1.Бөлімнің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

10. Бөлімді қайта құру және тарату

10.1.Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

                                                                                   

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8961410
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
34436
0
104572
8844303
199411
187110
8961410

Сіздің ІР: 18.205.176.85
Қазір: 2019-11-22 01:32:28
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру