Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Білім бөлімі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау                      жүргізу туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Есік қаласы                                                                 04 желтоқсан  2017ж.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, Алматы облысы ----- ауданы әкімі аппарат басшысының 2017 жылғы ------------ хаты және «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы --------  бұйрығы негізінде 2017 жылдың  қаңтарынан  қарашасы аралығын қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Еңбекшіқазақ  ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы №307 «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту қаулысымен бекітілген Ереже бойынша «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы  5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу;

Құқықтық қолдану тәжірибесін зерделеу мақсатында, келесі Қазақстан Республикасының Заңдары және нормативтік құқықтық актілері қаралды:

  1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы.
  2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
  3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру;
  4. Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру ;
  5. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
  6. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
  7. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;
  8. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;
  9. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;
  10. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;
  11. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  12. Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;
  13. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  14. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау ;
  15. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  16. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
  17. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
  18. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  19. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  20. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;
  21. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
  22. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;
  23. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  24. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары қаралды.

1) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген құжаттар тізімінде, тұрғылықты жерінен анықтама немесе басқа тұрғылықты жері бар екенін растайтын құжат мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандартында көрсетілмегендіктен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Нәтижесінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және басқа да теріс қылықтарды жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілкке тартылғандықтары жөніндегі деректер мен мәліметтер анықталмаған.

Ұсыныс: 1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген құжаттар тізімінде, тұрғылықты жерінен анықтама немесе басқа тұрғылықты жері бар екенін растайтын құжат мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандартына тұрғылықты жерінен немесе тұрғылықты жерін растайтын басқа құжаттың көшірмесін енгізу қажет, өйткені  оқу орны, мектеп әкімшілігі бала отбасының тұрғын үй коммуналдық жағдайын, отбасының мәртебесін және отбасындағы психологиялық атмосфераны анықтау қажет болған жағдайда, оқушының тұрғылықты жерін білуі керек.

 «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Б.Аманова      

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9123240
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
11666
0
100562
9010143
100562
260679
9123240

Сіздің ІР: 34.225.194.144
Қазір: 2019-12-11 19:20:34
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру