Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Қаржы бөліміСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

«Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Есік қ. 2018 жылғы 28 желтоқсан
КІРІСПЕ БӨЛІМ
 
2018 жылдың 28 желтоқсандағы Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімі (одан әрі-
Бөлім) басшысының №50 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2018 жылды қамтыды.
Бөлім өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №
1444 қаулысымен бекітілген ереже (одан әрі-Ереже) негізінде атқарады.
Бөлімің Ережеге сәйкес басты міндеттері аудандық бюджеттің атқарылуын
ұйымдастыру, ауданның коммуналдық меншігін басқару және Еңбекшіқазақ ауданының
аудандық коммуналдық заңды тұлағаларынан бюджеттік есептіліктерді жинау болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12
бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және
Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де
нормативтік актілерді, сондай-ақ «Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық
заң бұзушылықтарға әкеліп соғатын дискрециялық (жекелеген жағдайларды өз қалауы
бойынша әрекет ету) өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ. Бөлімнің барлық
құқықтары, міндеттері мен өкілеттіктері қолданыстағы заңнамамен нақты реттелген.
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 9 бірлікті құрайды, соның ішінде
7 әкімшілік мемлекеттік қызметкер және 2 техникалық қызметкер. 01.01.2019 жылға: бас
маманның 1 бос орны және жетекші маманның 1 бос орны бар. Бөлімнің барлық жұмыс
істейтін қызметкерлері қызметін лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.
Қызметкерлерді жұмыстан шығару, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша есепті
кезеңде болған жоқ.
2) мүдделер қақтығысын реттеу.
Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған
қызметкерлердің басшымен үлестестігі және жақын туыстардың бірлесіп жұмыс істеуі
анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызмет көрсету.
Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлімнің рұқсат беру функциялары қолданыстағы бюджеттік және мемлекеттік
мүлік туралы заңнамаға, сондай-ақ бөлім туралы бекітілген Ережеге сәйкес жергілікті
атқарушы орган берген өкілеттіктермен негізделген.
Жазбаша құжат берілетін рұқсат беру функцияларының арасында:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға құрылған
коммуналдық заңды тұлға туралы растау-анықтама ұсыну;
- жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға аудандық
коммуналдық мүлік құрамында жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама-
растауды ұсыну;
- жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға бюджет қаражатын бөлу
мүмкіндігі туралы қорытынды беру;
- мемлекеттік кірістер органына аудандық бюджетке түскен қате/артық төленген салық,
салықтық емес төлемдерді қайтару/есепке алу туралы қорытынды беру.
5) бақылау функцияларын іске асыру.
Бөлімнің бақылау функциялары қолданыстағы бюджеттік және мемлекеттік мүлік
туралы заңнамаға, сондай-ақ бөлім туралы бекітілген Ережеге сәйкес жергілікті атқарушы
орган берген өкілеттіктермен негізделген.
Бақылау функциялары арасында негізгілері:
- аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландырудың жеке жоспарларына,
сондай-ақ аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына
ай сайынғы өзгерістерді енгізуді келісу;
- аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың бюджеттік тәртіпті сақтауын бақылауды
жүзеге асыру
- аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану және сақтау мониторингі;
- аудандық мемлекеттік заңды тұлғалардың негізгі құралдарын есептен шығаруды келісу;
- аудандық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін баланстан балансқа өткізіп беруді
келісу;
- аудандық коммуналдық мүлікті жалға алу, пайдалану және сенімгерлік басқару
шарттары бойынша жалға алушылардың, пайдаланушылардың және сенімгерлік
басқарушылардың міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру;
6) ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Бөлім жергілікті атқарушы органның құрылымында жұмыс істейтін бірқатар
комиссиялардың, соның ішінде аудандық бюджеттік комиссияның жұмысына қатысады.
Бөлім соттарда және уәкілетті мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы
органның қаржылық және мүліктік мүдделерін қорғау бойынша шараларды жүзеге
асырады.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ
ҮШІН АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
Бөлім өз қызметінде келесі негізгі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа
алады:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Соттың
және басқа да орталық және облыстық мемлекеттік органдардың актілері;
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық
кодексі;
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік
туралы" Заңы;
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып
алу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 "Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы;
- ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығы;
- Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 "ҚР Бірыңғай бюджеттік
сыныптамасының кейбір мәселелері" бұйрығы;
- Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 «Бюджеттік мониторинг жүргізу
нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығы;
- "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы;
- "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №
212 бұйрығы;
- "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы.
2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері.
2018 жылы облыстық тексеру комиссиясы бөлімде заңнамаға сәйкестігіне аудит
жүргізді. Аудит нәтижелері бойынша "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормаларын және
автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстарды бекіту туралы "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысының нормаларын дұрыс түсіндірмеу
салдарынан бөлімнің қызметтік автокөлігіне отын сатып алуға бөлінген соманың асып
кетуі анықталды. Артық пайдаланылған сома аудит барысында аудан бюджетіне
қайтарылды.
3) бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау.
2018 жылы БАҚ-та мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына сәйкес
коммуналдық мүлікті жекешелендіру мен сенімгерлік басқаруға қатысты ақпараттық
хабарламалар жарияланды. Осы мақсаттар үшін баспа басылымдарын анықтау
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.
Сондай-ақ БАҚ-тағы жарияланымдардың мониторингі нәтижелері бойынша
бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
4) бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Бөлімге келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес тіркеледі, қаралады.
Бөлімде өтініштерді тіркеу журналы бар. 2018 жылы 74 өтініш келіп түскен. Барлық
көрсетілген өтініштер Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың аудандық
коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі өтініштері болды.
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде оң қанағаттандырылды.
5) прокурорлық қадағалау актілері.
2018 жылы бөлім қызметкері немесе қызметіне қатысты прокурорлық қадағалау актілері
болған жоқ.
6) сот актілері.
2018 жылы бөлім 2 сот процестерінде талапкер, жауапкер, үшінші тұлға ретінде
қатысты. "Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты" ММ – нің "Bey Azh Trans" ЖШС-не
"есік су құбыры" ШЖҚ МКК-ның мүліктік кешенін (бұдан әрі-объект) жекешелендіру
бойынша сауда-саттықтың қорытындысын жарамсыз деп тану туралы талап арызы
бойынша мүдделі тарап ретінде бөлімнің қатысуы аса маңызды сот процесі болды. 2017
жылғы қазаннан бастап 2018 жылғы сәуірге дейін созылған сот процесі барысында,
жауапкер оған жекешелендіру объектісінің қосымша мүлкін беруге қарсы талап қойған.
Сот процесінің нәтижесі бойынша сот объектіні жекешелендіру бойынша сауда-саттық
қорытындыларын жою туралы шешім қабылдады және кәсіпорын ауданның коммуналдық
меншігіне қайтарылды, сонымен қатар Бөлімнің іс-әрекеттерінде сот заңнаманы
бұзбағандығы атап өтілді.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілетін бөлімге қатысты өзге де
мәліметтер қаралмаған.
ҰСЫНЫМДАР:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша комиссия:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша.
- Тікелей байланыс қаупі:
Талдау ауданның коммуналдық меншігін басқару кезінде өтініш берушілермен
тікелей байланыс қаупі жоқ екенін көрсетті, өйткені коммуналдық меншікті басқаруға
байланысты барлық операциялар (жалға беру, сенімгерлік басқару, жекешелендіру)
мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі
www.gosreestr.kz ескерту.
Ұсынылады:
-Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы қызмет алу мүмкіндіктері туралы
тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша тиісті жұмыстарды тұрақты
негізде жүргізу www.gosreestr.kz;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуды насихаттау бойынша
тұрақты негізде жұмыс жүргізу;
- Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
тәртібі туралы"Заңының талаптарын қатаң сақтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс
тобының құрамы:
Хайруллаев Батыр Бөлімнің бюджеттің атқарылуы секторының
Таштемирович меңгерушісі, жұмыс тобының басшысы
Жұмыс тобының құрамы:
Сабырбаев Айдын коммуналдық меншікті басқару секторының
Қаржаубайұлы меңгерушісі
Смайлова Альфиям коммуналдық меншікті басқару секторының
Айныдиновна бас маманы
Еңбекшіқазақ аудандық
қаржы бөлімінің басшысы Б.Жексембиев
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8280015
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
61654
0
61654
8129025
211729
235379
8280015

Сіздің ІР: 3.81.28.94
Қазір: 2019-08-23 15:32:32
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру