Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                
Негізгі бетАудан әкімінің аппаратыАппарат басшылығы

Аппарат басшылығы

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі - Ысқақ  Биналі  Абдықапасұлы

1957 жылы 22 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында өмірге келген.

Білімі жоғары, 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың политехникалық институтын инженер- механик мамандығы бойынша, 1990 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының докторы.

Еңбек жолын 1979 жылы Түрген механикалық зауытының мастері болып бастаған. 1985-1987 жылдары Есік қаласының ауыл шаруашылығы техникасы мекемесінің директоры, 1987-1991 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы «Жарсу» совхозының партия комитетінің хатшысы болды.

1992-1994 жылдары Есік қаласы «Есік» агрокомбинатының бас директорының орынбасары, техникалық орталығының директоры міндеттерін бірге атқарды.

1996-2000 жылдары «Ырыс» акционерлік қоғамының президенті, 2000-2001 жылдары «Ларус» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің бас басқармасының төрағасы, 2001-2006 жылдары Алматы қаласында Қазақтың Ұлттық Аграрлық университетінің проректоры, 2006 -2010 жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бастығының орынбасары, 2010 жылдың қаңтар айынан «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының директоры, 2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл ауданының әкімі. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқаруда.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары – Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы

1963 жылы  11 қарашада Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1986 жылы Алматы архитектура құрылыс институтын архитектура мамандығы бойынша  бітірген. 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Мемлекетік және жергілікті басқару» экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын  1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында    сәулет-құрылыс бөлімінің инженері болып бастаған. 1986 жылы Владивосток қаласында Кеңес  армиясы қатарында борышын  атқарды. 1988 жылы мамыр айынан бастап Алматы қаласы «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі. 1997 жылдың мамыр айынан Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорынының стажер-сәулетшісі, 1998-2001 жылдары «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның  инженер- сәулетшісі.  2001 жылдың қыркүйек  айынан бастап Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде архитектура және құрылыс басқармасының бас маман-бас сәулетшісі. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде «Іле  ауданының қала құрылысы  және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бастығы.  2011 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы Текелі қаласы  әкімінің орынбасары, 2011 жылдың 15 маусымынан 17 қазан айына дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, 17 қазанынан бастап Еңбекшіқазақақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары - Бекетаев Мақсат Тоқбергенұлы

1963 жылы  8-шілдеде Алматы облысы,  Қаскелен ауданы, Горный Гигант селосында  дүниеге  келген.

Білімі  жоғары, 1985 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені  ауылшаруашылық институтының ауылшаруашылық экономика және  ұйымдастырушы мамандығы  бойынша  бітірген.

Еңбек жолын1985жылы Алматы облыстық агроөнеркәсіп бірлестігінің аға экономистіболыпбастаған.

1986-1989 жж. - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Октябрь» совхозында экономист;

1989-1991 жж. – Талғар ауданы аудандық комсомол комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы;

1991 – Талғар ауданы «Горный Гигант» совхозы партия ұйымының хатшысы;

1991-1994 жж. - Талғар аудандық жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;

1994 -1995 жж. – Талғар аудандық тілдер жөніндегі комитет төрағасы;

1995- 1999 жж. – Талғар ауданы Кеңдала селолық округінің әкімі;

1999-2001 жж. – Алматы облысы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас маманы;

2001-2006 жж. - Алматы облыстық  аумақтық қоршаған ортаны  қорғау  басқармасы бастығының орынбасары;

2006-2008 жж. – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар селолық округінің әкімі;

2008 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары - Досымбаев Алтай Машиқұлы

1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық селосында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын - экономист мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980-1982 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1982-1983 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозында жұмысшы.

1988-1992 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы, «Асы» темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевский» асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевка» «Алтын диірмен» ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы. 1999-2002 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «НАСС» ЖШС қаржы саласы директоры. 2003-2005 жылдары «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек селолық округінің әкімі. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары - Нұрғисанов Дәулет Дүйсенәліұлы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында 14.02.1980 жылы дүниеге келген. Ұлтым – қазақ.

1986 жылы Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектепке, бірінші рет табалдырығын аттап, 1997 жылы аяқтадым. Сол жылы Алматы қаласына Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетіне түсіп, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша оқып бітірген.

Cол жылы 2002 жылы Қазақ экономика және Консалтинг Университетіне түсіп, 2004 жылы аяқтап сапашы – бағалаушы мамандығын алды.

2002 – 2005 жылдары полиция полкында бас маман жұмысын атқарды Ішкі істер министірлігі Алматы қаласында.

2005-2009 жылдары Алматы қаласында Кеден Бақылау Департаментінде бас маман жұмысын атқарды.

2009-2010 жылдары Қарасай ауданындағы Алматы облысында Заң басқармасының аға орынбасары болым жұмыс істеді.

2011-2012 Қарасай ауданында Жандос селолық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2012-2013 Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Отбасы жағдайым – үйленгенмін. Төрт баланың әкесімін. Зайыбым Нұрғисанова Қарлығаш Наурызбайқызы.

            

bidaev

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары

            Бидаев Айбек Дүйсембекұлы 1980 жылы 22 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия Университетінің заңтану мамандығы  бойынша бітірген.

            Еңбек жолын 2003 жылы “MVA-Security” ЖШС күзетшісі болып бастаған.

2010-2012 жылдары  Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығы қызметін атқарды.  

2012-2013 жылдары Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Еңбекшіқазақ ауыдандық бөлімінің реттеу залының бастығы болды.

2013-2014 жылдары  Бөлек ауылдық округінің әкімі болып істеді.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Халыққа қызмет көрсету орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

 2016 жылдың 5 тамыз айынан бастап Еңбекшіқазақ ауданы әкімі орынбасарының  міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2017 жылдың 9 қаңтарынан бастап Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары 

            Отбасылы 4 баласы бар.

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

3886258

Сіздің ІР: 54.81.197.127
Қазір: 2017-09-25 10:19:18
Счетчик joomla
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру