Еңбекшіқазақ ауданының
заң және мемлекеттік-
құқықтық бөліміне
Жаңашар ауылдық округі бойынша
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі
2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының 2019 жылдың I жартыжылдығына орындалу
қорытындысы бойынша ақпарат
Жасырын көрсетілген және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Өткен кезеңде азаматтардан сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басты мақсаты: Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелін болдырмау үшін Мемлекеттік қызмет көрсету корпорациясы арқылы және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметке толықтай өту барысында жұмыстар жүргізілуде. Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында «Электрондық үкімет» порталынашығады. Бұрыш техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Фойеде теледидар орнатылды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде насихаттау тақырыбында бейнероликтер тұрақты түрде көрсетілуде.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.
2019 жылдың бірінші тоқсанында «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 32 өтініш түсті. Жаңашар ауылдық округі әкімінің қабылдауында 45 адам болды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 8-бабының 5-тармағын орындау мақсатында Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында 8 әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді. Өткен кезеңде жұмыстан шыққан, теріс себептермен жұмыстан босатылған мамандар жоқ. Жаңашар ауылдық округі әкімінің шығарған шешімдері мен өкімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бірлесіп істеу немесе туыстарымен жұмыс істеу фактілері жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері ұлттық біліктілік талаптарына сәйкес. Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында 8 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда,Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, Шалғайдағы ауылдық елді мекендерге тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау ұсыну, Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру, Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екенлігі туралы аңықтама беру, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, Елді мекендер шегінде объктілер салу үщін жер учаскелерін беру, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ететін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап өтпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 7-бабын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері заңда белгіленген мерзімде қаралады, негізсіз бас тартулар, қосымша құжаттарды талап ету фактілері, мерзімі өткен өтініштер жоқ.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 10- бабын орындау мақсатында 2019 жылдың 21 маусымында №22 өкімімен Жаңашар ауылдық округі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
Бюджеттік қаражатты нысаналы игеру көлемінің ұлғаюына байланысты, мемлекеттік сатып алуды жүргізу және коммуналдық меншік объектілері мәселелері бойынша қосымша штаттардың бөлінуі қажет деп есептейміз.
Аппарат бойынша декларация белгіленген мерзімде өткізіледі және бұзылуы туралы фактілер жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері
туындаған жоқ.
Жаңашар ауылдық округінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу жоспарлануда.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзылуын алдын алу бойынша ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар жарияланды. Халықты хабардар ету үшін Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізіліп, аналитикалық анықтамасы Еңбекшіқазақ аудандықсайтынаwww.enbekshikazah.gov.kzжарияланады.
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұғалімдер мен медицина саласының қызметкерлерімен «Кедергісіз келешек» атты дөңгелек үстел өткізіліп, Жаңашар ауылдық округінің facebook және instagram пақшаларында #менсыйлықалмаймын хэштегімен челлендж жарияланды.
Жаңашар ауылдық округінің әкімі Ж. Кураметов