Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТескенсу а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2015-2025

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2015-2025

Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы.
 
Тескенсу ауылдық округінде жер учаскесінің нысаналы мақсатында
өзгертуге шешім беру, елді-мекен шегінде объект салу үшін жер телімін
беру, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта
сатып алу, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу сияқты мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді жүргізеді. Аталған қызметтерді қамтамасыз ету үшін әкімшілік
аппаратының бас маманы Алшеров Марат Сейсембековичке бекітілді. 2015
жылдан бері тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезек тізімі жасалады.
Инфрақұрылымы жасалған соң ауыл тұрғындарына жер телімін кезектегі
тізім бойынша үлестіріледі.
Жер қатынастары – жемқорлыққа жақын сала болғандықтан ауыл
тұрғындары жер қатынастарына қатысты мәселелер бойынша жиі әр-түрлі
сұрақтар қояды. Жер учаскесі бойынша нақты әрі толық ақпарат алуда
кедергілер бар. Бос жер телімдері туралы ақпараттар сайтқа уақытылы
орналастырмайды, жер алудың кезегінде де кемшіліктер бар. Ауыл
шаруашылығындағы мақсатындағы жер телімдері дұрыс игерілмей жатыр.
Осындай олқылықты болдырмау үшін жер телімдерінің ашық электронды
базасы құрылып жатыр. Бұл қадам жер телімдерін беруді оңтайландырып,
қол байлау болып отырған кедергілерді жояды. Электронды базада жердің
орналасуы, ауданы, мақсатты нысаны және экономикалық бағасы
көрсетіледі.
2 Тескенсу ауылдық округінде Қазақстан Республикасының 2015-
2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясын
іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-
2020 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспарының жасалған
жұмыстар нәтижелері туралы ақпарат
1 Тескенсу ауылдық округінде Қазақстан Республикасының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясын іске асыру
және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға
арналған аймақтық іс-шаралар жоспарының негізінде мемлекеттік қызметтер
көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне
ерекше көңіл бөлінуде. Аппарат қызметкерлері Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің тағылымдамасын ұйымдастыру мен өту тәртібіне сәйкес
қызметшілер кәсіби білім мен тәжірибе алуы үшін арнайы мемлекеттік
органдарда тағылымдамадан өткізілуде, қызметкерлерге сыбайлас
жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасап, нәтижесінде қатаң
жазаға тартылғандардың тағдыры туралы тиісті түсіндіру жұмыстары
жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық көріністері жағдайларын барынша азайтатын
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту барысында Тескенсу
ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
қолжетімділігін арттыратын электрондық үкімет «өзіне-өзі қызмет көрсету
бұрышы» орналастырылып, азаматтармен тікелей байланысты қысқартатын
кешенді шаралар қабылданды. Бүгінгі күнде ағымдағы жылдың 18 мамыр
қорытындысы бойынша «еgov» бұрышынан 80 тұлғаға, 325 қызмет
көрсетілді, азаматтардың арыз-шағымдар және ұсыныстарын білдіруге
арналған журнал, жәшік қойылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке
электронды нысанында көрсетілуге басымдық беріліп, жеке тұрғын үй
құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізімі де
электронды түрге ауыстырылды.
2 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Тескенсу
ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 11 н/қ өкіміне сәйкес Тескенсу
ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2019 жылдың 1 тоқсан мерзімін қамтиды.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған мамандар
анықталмады.
3 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар
кестесіне сәйкес, Тсекенсу ауылдық округіне қарасты, Жамбыл атындағы
орта мектебінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні «Сыбайлас-
жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары, ата –
аналар, ұстаздар, мектеп психологтары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Барлығы 37 қатысушы. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойында
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму
тарихы туралы танымдарын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру, оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім
алуға дұрыс көзқарас қалыптастырып, жауапкершілік сезімдерін ояту.
4 2019 жылдың 6 наурызы күні, Тескенсу ауылдық округі әкімшілік
ғимаратының мәжіліс залында округ әкімі Б.Доғалов, Еңбекшіқазақ ауданы
прокуратурасының аға прокуроры Р.Саят, учаскелік инспектор
О.Сүлейменов окург тұрғындарымен кездесу жиналысын өткізді.
Жиналысқа барлығы 37 адам қатысты. Кездесу барысында Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стартегиясын іске асыру туралы және басқа да мәселелер қаралды.
Жиналыс соңында:
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясын іске асыру үшін тиісті
жұмыстар атқару жөнінде шешім қабылдады.
3 «Жетісу –адалдық алаңы» жобаны іске асыру барысы туралы.
Жетісу адалдық алаңы жобасының басты мақсаты сыбайлас жемқорлық
деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін
қалыптастыру, мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімін нығайту.
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің қызметін
келесідей салалар бағытында жүзеге асырады.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
«Жетісу адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында округ
аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық форматқа көшіру
бойынша жоспарлар жасалып бекітілді. Өз жұмыстарын бекітілген жоспар
бойынша атқаруда. Жол картасын орындау мақсатында тұрмыстық
сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін мемлекеттік
қызметтерде автоматтандыру арқылы қолайлы орта құру 2019 жылы 80 %
жеткізу бойынша барлық мектеп ұжымдарына жол картасының орындау
жолдары көрсетілді. Жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін және оның түрлері
талдау жасап, электронды түрде өздеріне қызмет көрсете алатындықтарын
ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді. Іс –шара барысында істелінбей
жатқан ақаулықтар қамтылды.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8902258
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
45420
0
45420
8749464
140259
187110
8902258

Сіздің ІР: 3.233.217.242
Қазір: 2019-11-15 11:51:03
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру