Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТашкенсаз а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ

ТАШКЕНСАЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзірлеуші: «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы      2019-2021жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

     1971 жылы Ташкенсаз ауылдық округі Жаңашар оқу шаруашылығының құрамына "Социализм"совхозы ретінде кірді.

       2019 жылғы 1 қаңтарға халық саны-5 424 адамды құрады.

       Ауылдық округ құрамына 3 ауыл кіреді: Ташкенсаз,Баяндай, Құлжа. Әкімшілік орталығы – Ташкенсаз ауылы.

       Ауылдық округ аумағы-5 103 га.              

       Ташкенсаз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығы 2014 жылдың 05 маусымында құрылды.

     Мерзімі-4 жыл.

     Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құрамында 21 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Ташкенсаз ауылдық округті дамыту

2.1.1 Жалпы ақпарат

Жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Ташкенсаз ауылдық округінің ауыл тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Бағдарлама орта мерзімді перспективаға округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басым бағыттарын қамтиды. Бағдарлама қолда бар ресурстар мен әлеуетке, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және аумақтық дамудың стратегиялық проблемаларын шешу кезінде барлық мүдделі тараптардың (мемлекеттік құрылымдар, жеке және бизнес бастама, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар) өзара іс-қимылына негізделеді.

Ташкенсаз ауылдық округі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Округ аудан орталығынан 18 км және облыс орталығынан 301 км қашықтықта орналасқан. Округке 3 елді мекен кіреді: Ташкенсаз, Баяндай, Құлжа.

2019 жылдың 1 қаңтарына округ халқы 5 424 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 9 ЖШС, 204 ШҚ, 55 жеке кәсіпкер тіркелген.

Бюджет және меншікті кірістер

2018 жылы ауыл бюджетіне жеке кіріс жоспары 104% орындалды, жоспар бойынша 16796 млн.теңге, түсті 17433,0 млн. теңге.

2018 жылға жалпы шығындар сомасы 32532, оның ішінде ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету – 17438 млн. теңге (53,6%), білім беру 6 194 млн. теңге(19,4%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2 100 млн. теңге(6,5%), елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 800 мың теңге (2,5%)

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 6000 млн.теңге.

Экономикалық дамуы

Ауылдық округ экономикасының басты секторы ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.

Шаруа қожалықтарының негізгі қызмет түрі – өсімдік шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі – 5 103 га, оның ішінде елді мекендердің жері – 509 га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 4 594 га, оның ішінде егістік – 3 418 га, оның ішінде суармалы егістік – 3 166 га, шабындық – 187 га, жайылым – 906 га.

Округте 204 шаруа қожалығы жұмыс істейді, онда 129 бірлік арнайы техника тіркелген. Оның ішінде комбайндар – 2, тракторлар – 58 және басқалары – 69.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өнімдерінің басым түрі көкөніс, бақша, жемдік дақылдары болып табылады.

Сондай-ақ, бау-бақша саласы белсенді дамуда. 120 гектардан астам аумақта, 5 шаруа қожалығы көпжылдық екпелердің өсірумен айналысады (әр түрлі сұрыптағы алма).

Округтің ауыл шаруашылығының осы бағыттағы ірі өкілдерінің бірі-Хиджков Иванның шаруа қожалығы. Шаруашылық аумағының жалпы көлемі-60 га, 15 адам жұмыспен қамтылған. Тамшылатып суару әдісі қолданылады. Инвестиция көлемі – 100 млн. теңге.

Соңғы үш жылда жылыжай шаруашылығы да белсенді дамуда. Ауылдық округте қияр өсіруімен айналысатын 2 жылыжай шаруашылығы тіркелген, жалпы ауданы - 0,17 га. Жылына екі шаруашылықтың орташа өнімділігі – 15 тонна.

Мал шаруашылығы

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі қара мал саны - 2 265 бас, ұсақ мал – 2 202 бас, жылқы – 189 бас, құс – 7 551 бас құрады.

Құлжа ауылы аумағында 1000 басқа арналған бір жолғы ірі қара малды бордақылау алаңының құрылысы жоспарлануда. Жоспарланған инвестиция көлемі 97 млн. теңге. 38 жұмыс орны ашылады.

Жайылымдық жерлердің жоқтығына байланысты, округте мал шаруашылығы өнімдерін және мал басын дамыту әлеуеті жоқ.

Өнеркәсіп

Округтің өнеркәсібін 2 ірі кәсіпорын құрайды.

«АртельCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлсіз алкогольді газдалған сусындарды өндірумен айналысады. Бұрынғы лимонад совхозы цехының базасында, ликер-арақ зауыты ретінде, 2012 жылы пайдалануға енгізілген. Жылына шығарылатын өнім көлемі 205 мың литр. 35 адам жұмыспен қамтылған.

«Завод здоровых продуктов» өндірістік кешені 2005 жылы табиғи концентраттардан шырын және шірнелер өндіру бойынша іске қосылған, жоғары сапалы экологиялық таза суы бар жеке артезиан ұңғымалары бар, осы бағыттағы сапалы өнім шығарудағы басты аспектілердің бірі болып табылады. Өндірістік қуаты жылына 30 млн.литр. Кәсіпорынның сандық құрамы – 55 адам.

Экономика саласының осы түрін дамытуға қажетті нысаналы мақсатпен жер ресурстарының болмауына байланысты әлеуеті жоқ, округтің жер ресурстарының негізгі үлесі ауыл шаруашылығына тиесілі.

Шағын және орта бизнес

2018 жылы ауылдық округ аумағында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ШОК) саны 270 бірлікті құрады, оның ішінде 9 ЖШС, 204 шаруа қожалықтары, 1-өндірістік кооперативтер, 55-жеке кәсіпкерлер және 1- басқа объектілер.

Сауда саласында – 15 нысан, оның ішінде 15 адам жұмыспен қамтылған, тұрмыстық қызмет көрсету саласы – 3 нысан, оның ішінде 5 адам жұмыспен қамтылған, 2 нысан қоғамдық қызмет көрсету саласында, 18 адам жұмыспен қамтылған.

ШОК құрылымында ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде жұмыс істейтін субъектілердің ең көп үлесі шаруа фермер қожалықтарына белсенді ШОК жалпы санының - 75%, жеке кәсіпкерлерге – 20% тиесілі.

  2018 жылы ШОК субъектілерінен түскен салық түсімдері 2,2 млн. теңгені құрады.

  Ташкенсаз ауылдық округінің Құлжа ауылында Алматы-Көкпек-Көктал автомобиль жолының орналасуын ескере отырып, жол бойындағы сервисті дамыту әлеуеті бар. 2021 жылға қарай ауыл экономикасының осы саласына инвестициялар тарту жоспарлануда.  

Білім

Округ аумағында 1-орта мектеп, 1-негізгі мектеп бар. 2014 жылы 300 орындық үлкен сыныбтар бар жаңа орта мектеп, спорт залы, ас үй, 3 интерактивті тақта, 2 мультимедиялық кабинет, оқушыларға арналған компьютерлер-128, қоры бай кітапхана салынды, жалпы ауданы 3 мың 800 шаршы метр заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған. Барлығы 896 оқушы оқиды. 97 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасына дейін 100 бала бар. Жылыту түрі-автономды.

2014 жылы жаңа мектептің құрылысына қарамастан, Хизмет Абдуллин атындағы орта мектепте оқушылар санының артуына байланысты үш ауысымдық білім бар.

Баяндай ауылының негізгі мектебі 1974 жылы салынған, типтік емес ғимарат, 150 орындық. 149 оқушы осы ұйымда білім алады. 1-интерактивті тақта, 2 мультимедиялық кабинет, оқушыларға арналған 12 компьютер. Мектеп жасына дейін 12 бала бар. Жылыту түрі-автономды.

2018-2019 оқу жылында баяндай толық емес мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Сыныптар мен дәліздерде линолеум ауыстырылды. Мектептің электр желілері толық жөнделді. Жылыту жүйесі жаңартылды. Цифрлық Қазақстанды қолдау мақсатында электрондық бұрыш ашылды.

Баяндай, Құлжа ауылдарында, Бөлек ауылдық округінің бау-бақша қоғамында тұратын 214 бала мектепке дейін және кері тегін жеткізіледі, осы қажеттіліктерге мемлекеттік бюджеттен 6,3 теңге бөлінді.

Баяндай ауылындағы толық емес орта мектептің негізгі мәселесі типтік емес, ескі ғимарат болып табылады. Осы ауылда жаңа мектеп салу қажеттілігі туындайды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар – 573, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар 285, оның ішінде 212 бала немесе 74/4% қамтылған.

Округте 1 «Ақ бота» балабақшасы бар. 2016 жылы осы ұйымға орта мектептің ескі ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.100 орынға арналған, топтарда орташа толымдылығы 20 баланы құрайды.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округ аумағында 3 медициналық мекеме бар, олар: ауылдық дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік - акушерлік пункт.  

Дәрігерлік амбулатория Ташкенсаз ауылында орналасқан, 2014 жылы салынған, типтік. Күндізгі стационарға арналған емшара, таңу кабинеттері бар,өз зертханасы, ауруларды диагностикалауға арналған қажетті жабдықтар мен аппаратура, дәрі-дәрмек қоры және жедел жәрдем автомобилі бар.

Баяндай ауылының ФАПы 1971 жылы салынған, Құлжа ауылының ФАПы 1958 жылы салынған. Екі ұйым да жылытылатын, апаттылығы жоқ.

Округте 2 дәрігер, 11 медицина қызметкері бар.

Мәдениет және спорт

Ташексаз ауылдық округінде Мәдениет үйі жоқ.

Жыл сайын дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны өсуде. Жеке кәсіпкерлермен 2 шағын стадион, 1 футбол стадионы салынды.

Округте дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы 1650 адам немесе 30,3%.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2019 жылғы 1 қаңтарға халық саны 5424 адамды құрады. 2017 жылдан бастап (5122 адам) халық саны 302 адамға өсті. 01.01.2018 жылғы жағдай бойынша халық саны-5171 адамды құрады.

Туу коэффициенті артты,ал өлім-жітім төмендеп, нәтижесінде халықтың едәуір табиғи өсімі бар.

Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны-2 783 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 2619 адам, өзіні-өзі жұмыспен қамтылғандар-878 адам, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтылғандар-508 адам, нәтижелі жұмыспен қамтылғандар-370 адам.   2018 жылы жұмыссыздар 164 адамды құрады.

2019 жылдың 1 шілдеге округ бойынша кедейлік шегінен төмен табысы бар 97 отбасына 18519,6 млн. теңгеге жаңа форматтағы АӘК тағайындалды.

Округте 103 мүгедек және 421 зейнеткер тұрады, үйде оқитын 6 бала.

Қоғамдық қауіпсіздік

2017 жылдан бастап учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, аудан орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан.Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.

Жолдар

Ауылдық елді мекенді аудан орталығымен байланыстыратын автомобиль жолының ұзындығы-50,4 км.

2017-2019 жылдары ауылдық округ аумағында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 6,0 млн.теңгеден астам сомаға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округтің кентішілік жолдарының ұзындығы 18.7 км құрайды, оның ішінде: қатты жабындымен – 6.5 км, жабындысыз (топырақты) – 12.2 км. 2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 89.3% немесе 16,7 км.

Электрмен жабдықтау және жылу

Ташкенсаз ауылдық округі бойынша электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 50.42 км., тозуы-65 %.

Иесіз электр беру желілері жоқ.

Трансформатор подстанциялары-19 дана. ТП тозуы 55% құрайды.

Сумен жабдықтау

Округте 3 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 26 км., 3 резервуар, 30 су тарту колонкалары оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары-28.

2017 жылы Құлжа ауылында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді. Жалпы ұзындығы 4200 метр, 2 құдық салынды, су құбыры аумағында әрқайсысының көлемі 100 текше метр 2 резервуары бар.

Қызмет көрсететін ұйымдар «Есік су құбыры» МКК және «Шелек су құбыры» МКК.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Ташкенсаз ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

         1. Ташкенсаз ауылында оқушылар санының артуы есебінен үш ауысымды білім беру мәселесі сақталуда. Қосымша ғимараттың құрылысы қажет. Қажетті қаржыландыру көлемі-1200,00 млн.теңге.

Ташкенсаз ауылында электр беру желілерінің жалпы ұзындығы – 26,35 км құрайды, оның ішінде техникалық жағдайы бойынша сәйкес келмейді және жөндеу жүргізуді қажет етеді – 7,91 км. Қажетті қаржыландыру көлемі – 50 млн. теңге.

        Ташкенсаз ауылындағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жалпы ұзындығы – 19 км, оның ішінде 14,6 км техникалық жағдайға сәйкес келмейді. 160 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Ташкенсаз ауылының ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы-14,61 км, оның ішінде қатты жабыны – 4,46 км, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда – 13 км, техникалық жағдайға сәйкес келмейді және ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді – 10,15 км. Қажетті қаржыландыру көлемі – 105 млн. теңге.

Ташкенсаз ауылында жол жарықтардыру жоқ. Ауыл жолдарында сыртқы жарықтандыруды құру қажет. Қажетті қаржыландыру көлемі-75 млн.теңге.

2. Баяндай ауылындағы орталық сумен жабдықтаудың техникалық жағдай бойынша сәйкес келмейтін жалпы километрі 2,8 құрайды. Қажетті қаржыландыру көлемі-50 млн. теңге.

Баяндай ауылының ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы-2,72 км, оның ішінде техникалық жағдайға сәйкес келмеуіне байланысты – 1,05 км жөндеуді қажет етеді. Қажетті қаржыландыру көлемі-11 млн. теңге.

3. Құлжа ауылында техникалық жай-күйі бойынша сәйкес келмейтін 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Жаңа ғимарат салу қажеттілігі туындап отыр. Қажетті қаржыландыру көлемі-120 млн. теңге.

Құлжа ауылының ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы – 1,36 км, оның ішінде техникалық жағдайға сәйкес келмейді – 1,03 км. Қажетті қаржыландыру көлемі – 10 млн. теңге.

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Ауылдық жерлерге оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру Орындалған жұмыстар актісі 6 283,0 Жергілікті бюджет 2019
1.2 Ауылдық жерлерге оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру Орындалған жұмыстар актісі 6 503,0 Жергілікті бюджет 2020
1.3 Ауылдық жерлерге оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру Орындалған жұмыстар актісі 6 731,0 Жергілікті бюджет 2021
1.4 ТашкенсазауылындаХ.Абдуллинаатындағы мектепке жаңа қосымша құрылыс салу Орындалған жұмыстар актісі 1 200 000,0 Республикалық және жергілікті бюджет 2020 – 2021

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1 Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - 18 519, 6 Жергілікті бюджет 2019
2.2 Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру Жұмысқа орналастыру - - 2019
III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
3.1 Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 200,0 Жергілікті бюджет 2019
3.2 Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 242,0 Жергілікті бюджет 2020
3.3 Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 285,0 Жергілікті бюджет 2021
3.4 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 700,0 Жергілікті бюджет 2019
3.5 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 725,0 Жергілікті бюджет 2020
3.6 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 750,0 Жергілікті бюджет 2021
3.7 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 100,0 Жергілікті бюджет 2019
3.8 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 139,0 Жергілікті бюджет 2020
3.9 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 178,0 Жергілікті бюджет 2022

IV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

4.1 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 10 500,0 Жергілікті бюджет 2019
4.2 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 10 868,0 Жергілікті бюджет 2020
4.3 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 11 248,0 Жергілікті бюджет 2021

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Ауылдық округінің әкімі                                             Э. Масутова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8490471
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84876
0
84876
8393060
167805
254380
8490471

Сіздің ІР: 3.226.243.130
Қазір: 2019-09-16 06:43:59
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру