Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТашкенсаз а/оЕреже

Ереже

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «12» қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
«Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округ (қала)
әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын
мемлекеттік мекеме болып табылады.
2 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге
сәйкес жүзеге асырады.
3 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі
бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық
қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
7 Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Ташкенсаз ауылдық округ
(қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; заңды мекен-жайы –
Ташкенсаз ауылы, Б. Шарипов көшесі 14
8 Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан
әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
9 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып
табылады.
10 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесіне әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді
орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға
түсуге жол берілмейді.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері
11 Міндеттер:
Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық (қала) округ әкімінің
қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-
техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді
шешу.
12 Функциялар:
1) «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі өз құзыреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті
қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық
жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және
талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он
күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық
жиналысында қабылданған және ауылдық округ (қала) әкімі мақұлдаған
шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің (қаланың) бюджетін жоспарлауды және атқаруды
қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына
ауылдық округ (қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округтің (қаланың) бюджетін іске асыру туралы шешім
қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны
жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің (қаланың) коммуналдық мүлкіне жататын
объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс
беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және
тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына
қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге
асырады;
мүлкі ауылдық округтің (қаланың) коммуналдық меншігіндегі
(жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара
отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын
қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері
бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің (қаланың)
меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын
қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару
шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын
бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің (қаланың) коммуналдық меншігіндегі
(жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын
бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды
ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2) «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық
мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау
жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық
мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні
жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді,
жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады,
жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру
объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып
алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық
округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың
коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге
асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық
жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген
немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті
алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының
артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып
қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға
және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не
кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік
басқаруға береді;
аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың
коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту
және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол
өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше
тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ
дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының
жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды
бекітеді;
мүлкі ауылдық округтің (қаланың) коммуналдық меншігіндегі
(жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен
қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті
көлемін айқындайды;
мүлкі ауылдық округтің (қаланың) коммуналдық меншігіндегі
(жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік
кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі
есептерді
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның
ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік
басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі
басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару
туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі өз құзыреті шегінде:
мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан
қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және
алуға;
мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми
мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де
құқықтарға ие болуға құқылы.
14 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер
көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де
орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің,
ауылдық округ (қала) әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және
уақтылы орындау;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
15 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесін әкім басқарады.
16 Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округі (қала) әкімінің
өкілеттіктері:
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне
басшылық етуді жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті
қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың
орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты
бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері
мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
ауылдық округтiң (қаланың) тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу
бойынша ауылдық округтiң (қаланың) авариялық тұрғын үйлерін бұзуды
ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында
ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік
құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17 Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің
орынбасары болуы мүмкін.
18 Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім
орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
19 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының
нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20 Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару
құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз
қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда)
және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздер есебінен қалыптастырылады.
21 Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің
(қаланың) (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
22 Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті
қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және
қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып
алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі
мүмкін.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23 «Ташкенсаз ауылдық округ (қала) әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8490334
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84739
0
84739
8393060
167668
254380
8490334

Сіздің ІР: 3.226.243.130
Қазір: 2019-09-16 06:32:54
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру