Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТашкенсаз а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Статистикалық деректер

Өз жұмысын ауылдық округі әкімінің аппараты жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Штатта 13 қызметкер, оның ішінде 7 – мемлекеттік қызметшілер, 6 – техникалық персонал. Мемлекеттік қызметкерлер 100% жоғары білімді, орташа жасы 37, орташа жұмыс өтілі 12 жыл.

2018 жыл ішінде 221 мелекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7 дәлелі бар бас тарту берілді. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде «егов» веб порталы арқылы алу үшін, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, қазіргі күнде белсенді қолдануда. 2018 жыл ішінде 56 мемлекеттік қызмет түрі «егов» веб порталы арқылы көрсетілді. Жыл ішінде мемлекеттік қызметрді көрсету бойынша аудандық газет беттерінде 4 – мақала, халық арасында 8 – түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткен жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

60 – шешім, 90 – өкім шығарылды. 113 өтініш түсті, барлық өтініштер қарастырылып, жауаптары уақытылы берілді.

Ауылшаруашылығы саласы

        

         Ташкенсаз ауылдық округіне қарасты елдімекендер: Ташкенсаз, Баяндай, Құлжа. Жалпы халық саны – 5223, жалпы үй саны – 913.

Ауылдық округтегі негізгі бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады, бұл салада да заманауи технологиялар қолдануда 2018 жылы округте тамшылатып суару әдісін қолдана отырып 60 гектар жерге, Иван Хижковтың шаруа қожалығымен, алма ағашының жас көшеттері отырғызылды. Шаруа қожалығының басшысы мәдениет үйінің ескі ғимаратын жемістерді сақтауға арналған қоймаға қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарға 65 млн теңге бөлініп, 15 жұмыс орны ашылды.

        Округ бойынша 181 шаруа қожалығы бар. 2018 жыл ішінде округтің шаруа қожалықтары 9000 тонна – қызанақ, 1350 тонна – жүгері, 660 тонна – соя, 580 тонна – алма өнімін жинады.

Налоговые поступления

С целью качественного исполнения налоговых прогнозов, за 2018 год проведены ряд работ, посредством чего обеспеченно 100 процентное погашение налоговых недоимок. Общий фактический прогноз на 2018 год – 16 796 000 фактическое поступление – 16 917 000 тенге это 100,7 %.

                                                                    

Средний и малый бизнес

           В округе активно развивается малый и средний бизнес. Открываются новые объекты. Продолжают активную работу имеющиеся крупные предприятия. Всего зарегистрировано 37 ИП, в которых имеется более 60 рабочих мест. Открылась новая аптека, под управлением, молодого предпринимателя, жителя нашего округа Азриева Рахима в селе Ташкенсаз. В новой аптеке представлен широкий выбор лекарственных средств и других товаров аптечного ассортимента. Обеспечено 2 рабочих места жителям округа, общий вклад инвестиций 640 000 тенге.

Так же планируется открытие газозаправочной станции в селе Кулжа.

Жол жөндеу және көркейту саласы

         Жыл бойы ауылдық округ бойынша санитарлық тазалау, көркейту және абаттандыру жұмысары жүргізіледі. Жалпы ауылдық сенбіліктер ұйымдастырылды, шара кезінде тазалық жұмыстарымен қатар ағаш отырғыру да жүргізілген. Сенбіліктерге барлық кәсіп-ұйымдар, ауыл тұрғындары, жастар өз үлістерін қосты.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Ташкенсаз ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуге 6 млн тенге қаражат бөлініп, 2000 шаршы метр жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталды.

Есепті жылдың қыркүйек айынан бастап ауылдық округ тұрғындары мен "Береке - 7" жеке кәсіпкерлікпен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға келісім шарт жасады. Осы бастама халықтың көпшілігіне қолдау тапты. Бұл өз кезегінде округтің санитарлық жағдайына оң әсерін тигізді.

Ауылдық округ активімен көшелерді жарықтандыру бойынша ұсыныс берілді, осы идея халықтың қолдауына ие болды. Тұрғындар күшімен көшелер бойында түнгі жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Социальная сфера

Экономически активное население по кругу – 2785 человек. 89 человек зарегистрированы как безработные, в сравнении с 2017 годом на 36 человек меньше.

В течении 2018 года по сельскому округу 41 семья получили адресную социальную помощь нового формата на сумму – 8 565 137 тыс тенге. Люди страдающие туберкулезом получили пособия на 192 400 тенге в сравнении с прошлым годом на 90 295 тыс. тенге больше. Оказана помощь на коммунальные расходы 145 сотрудникам бюджетной сферы на сумму 1 743 625 тенге. 127 644 тенге выделено для обучения детей инвалидов на дому (2 ребенка). 3 - участника ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС получили единовременное пособие на 150 000 тенге. Ветеран ВОВ единовременное пособие на сумму 150 000 тенге.

Ежегодно в преддверии государственных праздников проводиться благотворительные мероприятия для одиноких пенсионеров, малоимущих семей и детей инвалидов в виде подарков и продуктовых корзин. Силами активистов округа 12 малообеспеченных семей, ветеран войны, ФАПы, почтовое отделение обеспеченны дровами на зимний период. В проводимых акциях приняли активное участие и оказали непосильную помощь жители сельского округа Баратов Анваржан, Калиев Руслан, Турдиев Амражан, Тахтаев Борис, Едигеев Серик, Есютин Алексей, Касымов Марат, Хижков Иван и индивидуальные предприниматели. За что выражаем огромную благодарность.

Білім беру

2018 – 2019 оқу жылында Баяндай орталау мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Сыныптар мен дәліздерде ленолиум ауыстрылды. Мектептің электр жүйесі толығымен күрделі жөндеуден өтті. Жылыту жүйесі де жаңартылды. Цифрлық Қазақстанды қолдау мақсатында электрондық бұрыш ашылды.

Баяндай, Құлжа, Төре ауылдарында тұратын 214 бала мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіледі, мемлекеттік бюджеттен тасымалдауға 6 283 000 теңге бөлінді.

Хизмет Абдуллин атындағы орта мектебінің аз қамтылған отбасынан шыққан 90 оқушы ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді, 50 оқушы мемлекеттік бюджеттен, 40 оқушы мектеп асханасын жалға алушылармен. Ұлттық бырыңғай тестлеу нәтіжелелері 79,3 пайыз құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғарлады.

Әрбір адамның өмірінде бірнеше жауапты кезеңдері болады. Балабақшамен қоштасу де, сол кезеңдердің бірі. Кешегі кішкентай ұлдар мен қыздар көзіміздің алдында жауапкершілігі бар ересек оқушылырға айналады. 2019 жылы «Ақ бота» балабақшамыз 3-ші түлектерін шығаратын болады.

Бүгінгі күні балабақшада 33 жұмыс орын бар, 100 бала оқуда, жылына 35 млн қаражат мемлекеттік тарапынан бөлінеді.

Здравоохранение

На сегодняшний день в округе 3 сельских медицинских учреждения. Ташкенсазская сельская врачебная амбулатория, фельдшерско-акушерские пункты сел Баяндай, Кулжа. Всего в этих учреждениях работает 15 человек. Из них 2 врача с высшим образованием, 13 медицинских сестер и санитарок.

В 2018 году выделено из государственного бюджета– 3 587 440 на бесплатные медикаменты для нужд населения.

С 10 января 2019 года открыта станция неотложной помощи в селе Саймасай, обслуживающая населенные пункты и Ташкенсазского сельского округа. Время работы с 20:00 до 08:00 часов.

Демография

В 2018 году по округу родилось 77 человек, умерших - 25. Естественный прирост составил +52 человек. Ежегодно численность населения и долгожителей увеличивается, этосвязано прежде всего с развитием медицины.

Мәдениет және спорт саласы

Мәдениет саласында 2018 жыл ішінде ауылдық округ бойынша 57 мәдени-іс шаралар өткізілді.

Спорт саласы дамуда. Жастардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Жыл бойы ауданда өткізіліп жатқан жарыстарға ауылдың жастары қатысып белсенділігін танытты.

"Ташкенсаз" футбол командасының жетістіктерін айта кетейік. Команданың табандылығы, үлкен еңбегі мен ұйымшылдығының арқасында, жақсы ойын көрсете отырып, жігіттер екінші лигада, футболдан ауданның 10-жылдық чемпионатында бірінші орынды иеленіп, медальдармен марапатталды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, халық ігілігіне Баяндай ауылының белсенді жастарының күштерімен шағын футбол стадионы салынды, жалпы аумағы 1000 шаршы метр. Инвестиция көлемі 800 000 мың теңге.

Тағы бір стадионымыз Ташкенсаз ауылында ашылды, алаңы 8000 шаршы метр, инвестиция көлемі 3 700 000 мың теңге. Осы стадионның құрылыс жұмыстарын ауыл тұрғыны, жас активист Имиров Маликжан жүргізіп жатыр.

Бастамашылардың айтуынша, жұмыс аяқталған жоқ, бұл жобалар одан әрі дамыйтын болады. Бұл жұмыстар біздің жастардың белсенділігін, олардың округ өміріне және оның дамуына қызығушылығын көрсетеді. Біздің келешегіміз осындай жастардың қолында.

Елбасымыз «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады, бұл біздің жастарымыз үшін алға жылжуға және одан да үлкен шыңдарға жетуге ынталандыратынына сенімдімін.

Діни бірлестіктер

Ташкенсаз ауылдық округі бойынша бүгінгі күні 1 діни бірлестіктер жұмыс атқаруда, мұсылман бағытта. Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде.

Ағымдағы жылда басты назар аударатын мәселелер: салық түсімдерін көбейту, жұмыссыздықтың пайызын азайту, инвестиция тарату, мемлекеттік бағдарламаларды орындау, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, білім ден саулық сақтау салаларды дамыту.    

Құрметті округ тұрғындары!

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жолында сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін жалғасуда. Осы жолда бәріміз елдің ынтымақ бірлігін сақтай отырып, алдағы мақсаттарға жетуге еңбек етеміз деп сендіремін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Құрметті есеп беру кездесуінің қатысушылары!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2016 жылғы 5-ақпандағы қол қойған № 190 жарлығын орындау үшін және алдын ала бекітілген кестеге сәйкес бүгін мен сіздердің алдарыңызға есеп беруге келіп тұрмын. Бұл есеп беру кездесуіне округ аумағындағы кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен жастар, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері және жалпы тілек білдіруші қауым шақырылды.

Статистикалық деректер

Халық саны – 5171, жалпы үй саны - 919, оның ішінде: Ташкенсаз ауылында — 3772 адам, 633 үйлер; Баяндай ауылында - 1026 адам, 204 үй, Құлжа ауылында – 373 адам, 82 үй.

Өз жұмысын ауылдық округі әкімінің аппараты жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Штатта 14 қызметкер, оның ішінде 7 – мемлекеттік қызметшілер, 7 – техникалық персонал. Олардың ішінде 86 % қызметкер жоғары білімді. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 35, орташа жұмыс өтілі 9 жыл. «100нақтықадам» Ұлтжоспарының 15 – қадамын орындау мақсатында 2017 жылы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын аппарат қызметкерлері түгел өтіп, атқаратын лауазымына сәйкес ұсынымын алды. 1 қызметкер атқарып отырған лауазымын жоғарлатуға ұсыныс алды.2017 жыл ішінде 246 мелекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 дәлелі бар бас тарту берілді, өткен жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. 51 – шешім, 106 – өкім шығарылды. 135 өтініш түсті, барлық өтініштер қарастырылып, уақытылы жауаптар берілді. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентетерін түсіндіру бойынша 3 отырыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 5 отырыс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 10 отырыс, Елбасымыздың жолдауларын талқылау, насихаттау бойынша – 10 отырыс, санитарық тазалық және көркейту бойынша 5 отырыс өткізідлі.

Ауылшаруашылығы саласы

        Округ бойынша 212 шаруа қожалығы бар, 2017 жылдың 1 қаңтарымен жылмен салыстырғанда 13 қожалыққа көп.

Дала жұмыстары аяқталды. 50 га жерде арпа дақылдары себілді, 2000-ға жуық гектар жер көктемгі егіс жұмыстардың басталуына дайындалды. Округте 3 шаруа қожалық тамшылатып суаруды орнатып пайдалануда, барлығы-24 га. «Рузиев Мурад» өзіндік косалқы шаруашылығы 2 жылыжай салып, тамшылап суарумен қияр өсіруде. 2017 жыл ішінде округтің шаруа қожалықтары 9000 тонна – қызанақ, 1350 тонна – жүгері, 660 тонна – соя, 580 тонна – алма өнімін жинады.

2017 жылы жүгері тұқымын алу үшін 4 шаруа қожалық – 204 050 мың теңге субсидия алды.

Ветеринария саласы

Қазір округте 1491 ірі қара мал, 212 жылқы, 2276 ұсақ мал, 9420 құстар өсірілуде. 2017 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда ұсақ мал – 17, жылқы – 12, құс – 920 басқа өсті.

Осы көлемдегі малдың беретін өнімдері округ тұрғындарының біразын қамтамасыз етіп отыр.

        2017 жылы 50 астам иесіз ит пен мысық жойылды. Бүгінгі күні Ташкенсаз ауылдық округі бойынша аурулардың алдын-алу үшін ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар округтегі тұрғындардың ірі-қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмысы талапқа сай жұмыс істеуде.

Шағын кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы

        В округе активно развивается малый и средний бизнес. Открываются новые объекты. Продолжают активную работу имеющиеся крупные предприятия. За 2017 год объем выпущенной продукции в ТОО «Артель компани» составил 2 882 021 единиц, в сравнении с 2016 годом на 172 082 единицы больше. АО «Голд продукт» 1 634 684 единиц.

2017 году в селе Ташкенсаз открылись 2 минимаркета. Житель села Ташкенсаз, индивидуальный предприниматель Смаил Зордунов открыл продуктовый минимаркет «Аделина». Так же в центре села открыт продуктовый магазин жительницей села Раимкуловой Бостан. Сумма инвестиций - 17 млн тенге.

Салық саласы бойынша түсімдер

                                    

2017 жыл ішінде салық болжамын сапалы орындау мақсатында округ бойынша бір қатар жұмыстар жүргізіліп салық берешегі жүз пайыз төленді.

Жол жөндеу және көркейту саласы

         Жыл бойы ауылдық округ бойынша санитарлық тазалау, көркейту және абаттандыру жұмысары жүргізіледі. Жалпы ауылдық сенбіліктер ұйымдастырылды, шара кезінде тазалық жұмыстарымен қатар ағаш отырғыру да жүргізілген. Сенбіліктерге барлық кәсіп-ұйымдар, ауыл тұрғындары, жастар өз үлістерін қосты.

Елбасымызың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында, тарихымыздағы рухани, қастерлі жерлеріміздің, еліміздегі ескерткіштерді жаңғырту мақсатында 2017 жылы ауылдық округінің Даңқ Аллеясында біраз абаттандыру жұмыстары жүргізілді түнгі жарық жүйесі орнатылып, пайдалануға берілді. Орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер алынды.

Ташкенсаз ауылдық округінің Құлжа ауылында халықты ауыз су мен қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылы облыстық бюджеттен 162 млн теңге су құбырының құрылысына бөлініді. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 4200 метр, 2 су ұңғырмасы салынды, су құбырының аумағында 100 кубтық 2 резервуар бар. Қосылу үшін жоспарланған абонент саны 94 үй. Бұл мемлекеттің халыққа көрсетіп отырған қомқорлығының тағы бір түрі.

Әлеуметтік сала

Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны 2685 адам, 2017 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 93 адамға көп. 125 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр, 2017 жылмен салыстырғанда 39 адамға азайды.

2017 жыл ішінде ауылдық округ бойынша 5 отбасыларға, 35 балаға 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалған жәрдемақының сомасы – 467 700 мың теңге құрады өткен жылмен салыстырғанда 122 400 мың тенгеге көп. Туберкулезбен ауыратын адамдар 102 105 теңге жәрдемақы алды, өткен жылмен салыстырғанда 70 290 мың тенгеге көп. 155 бюджеттік қызметкерге 1 810 760 мың теңге көлемінде коммуналдық шығыстар көмегі көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда 389 690 мың тенгеге көп. Мүгедек балаларды (3 бала) оқыту үшін 153 807 теңге бөлінді. 40 адам "Өрлеу" жобасына қатысып, 1 695 570 теңге көлемінде қаржылай көмек алды, бұл қаражатқа ірі қара мал мен ұсақ мал алынды

Округ бойынша алты баладан тәрбиелеп өсірген 2 ана «Күміс алқа» белгілерімен марапатталып, тиісті жәрдемақыларын алып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 1 адам Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі аппаратына жастар практикасына қабылданып, жұмыс орынмен қамтылды.

         Жыл сайын мемлекеттік мерекелер қарсаңында жалғыз басты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларына және мүгедек балаларға азық-түлік, сыйлықтар және тағы да басқа қайырымдылық шаралары көрсетіліп тұрады. Бұл шараларға округ тұрғындары Калиев Турдиев Амражан, Тахтаев Борис, Едигеев Серик, дүкен басшылары қатысып, белсенділігін көрсетті.

Білім беру

2017 жылы білім беру саласында айтулы жетіксіктерге жеттік. Х. Абдуллин атындағы орта мектебінің окушылары үлкен табысқа қол жеткізді. 11 сынып окушылары Ниязова Аделям «Үздік» аттестатын, Шакирулла Азиза «Алтын белгісін» алып өз білімдерін растап, мектеп ғана емес ауылдық округ мақтаныштары ретінде белгіленді. Аудандық пән олимпиадасынан ұйғыр тілі пәнінен Кибиров Алихан – 1 орынға, Выборская Анжелика – 3 орынға, Қазақ тілі пәнінен Турдиева Дильназ – 3 орынға қол жеткізді.

Баяндай орталау мектебінің оқушылары да өз белсенділіктерін көрсетті. 2017 жылы 28 қыркүйек күні 8 сынып оқушысы Курбанова Фируза «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі – «Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл» «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдаламасына арналған Зияткерлік турниріне қатысып 1-ші орынға иеленді.

2017 жылы 2 қараша күні Кіші Ғылым академиясының 18-ші Облыстық ғылыми-тәжірбелік конференциясына Сарсенбек Диас ұйғыр тілі және әдебиет пәнінен өз шығармашылық жұмысын ұсынып 2-ші орынға иеленді. Аудандық пән олимпиадасынан Емирова Аселя ұйғыр тілі әдебиет пәнінен 2 орын, Надыров Батыр Қазақстан тарихи пәнінен 2 орын алды.

Аудандық білім бөлімім тарапынан 420 000 теңге қаржы бөлініп, Баяндай орталау мектебінің 2 блокінің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 992 000 теңгеге 2 мультимедиялық құрал алынып заманға сай оқушылар мен мұғалімдердің жаңартылған білім бағдарламаымен жұмыс жасауына мүмкіндік тұғызды.

Баяндай, Құлжа, Төре ауылдарында тұратын 211 бала мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіледі, мемлекеттік бюджеттен тасымалдауға 6 215 000 теңге бөлінді.

Аз қамтылған отбасынан шыққан 63 оқушы ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді, 23 оқушы мемлекеттік бюджеттен, 40 оқушы мектеп асханасын жалға алушылармен.

Әрбір адамның өмірінде бірнеше жауапты кезеңдері болады. Балабақшамен қоштасу де, сол кезеңдердің бірі. Кешегі кішкентай ұлдар мен қыздар көзіміздің алдында жауапкершілігі бар ересек оқушылырға айналады. 2017 жылы 30 мамыр күні біздің «Ақ бота» балабақшада ең алғашқы Қоштасу ертенгілігі өтті. Біздің балабақша қабырғасынан 20 бітіруші түлектер шығарылды, өздерін мақтанышпен бірінші сынып оқушыларымыз деп атайтын болды. Кешегі кішкентай балалар бүгінде балабақшада жинаған білім қорларымен жаңа әлемге аттанды.

Денсаулық сақтау саласы

Бүгінгі күні Ташкенсаз ауылдық округінде 3 медициналық мекеме бар. Олар Ташкенсаз ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Баяндай, Құлжа ауылдарының фельшерлік-акушерлік пунктері.   Бұл мекемелерде барлығы 14 адам жұмыс істейді. Оның 2-уі жоғары білімді дәрігерлер, 12 медбикелер мен санитарлар. 2017 жылы жергілікті бюджеттен – 2 374 173 мың, республикалық бюджеттен 1 502 951 мың теңге халықтың дәрі дәрмек қажетіліктеріне бөлінді.

Демография саласы

2018 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 5171 адамды құрап отыр.

2017 жылы округ бойынша 76 сәби дүниеге келді, қайтыс болған адамдардың саны - 27. (Өсім – 49 адам).

Мәдениет және спорт саласы

Мәдениет саласында 2017 жылдың 4 тоқсанында ауылдық округінің аппараты біраз табыстарға қол жеткізді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Туған жер – алтын бесік» тақырыбында аудандық үздік жоба байқауына қатасып, Ташкенсаз ауылдық округі туралы он минуттық фильм түсірілді. Түсірілген фильм үшін Ташкенсаз ауылдық округінің әкімдігі белсенділікпен шығармашылық ізденіс үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кңестерінің аудандық «Ауылым – алтын қазынам» форумына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Ташкенсаз ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесі аудан акімінің алғыс хатымен марапатталды.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның қоғамдық-саяси және бастауыш партия ұйымының жұмыстарын сапалы жүргізуде белсенділік танытқаны үшін Ташкенсаз бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан», партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың алғыс хатымен мараппатталды.

Спорт саласы дамуда. Жастардың спортқа қызығушылығы артып келеді. Жыл бойы ауданда өткізіліп жатқан жарыстарға ауылдың жастары қатысып белсенділігін танытты.

Шелек ауылында өткен армреслинг жарысында Исламов Ильяс 3 орынға иеленді.

Саутов Аруп Сочи қаласында өткізілген халықаралық «Осенний кубок HOPES CUP-2017» футболдан спорттық жарысқа қатысып, белсенділігі үшін марапатталды.

Жасөспірімдер арасында футболдан аудан біріншілігінде Х. Абдуллин атындағы орта мектеп оқушылары 1 орын алды. Жатықтырушы мұғалім Насыров Расул «Үздік бапкер» ретінде марапатталды.

Қоғамдық қауіпсіздік

Округ бойынша 2 учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарады.

2017 жылы 17 қылмыс тіркеліп 58 пайызы ашылды. (10 қылмыс ашылды) Пәтер ұрлығы 12, мал ұрлығы 2, есірткі қылмысы 3. Ауылдарда жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс және жалпы қылмыстың алдын алу мақсатында мектептерде тұрақты негізде дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Жылдар бойы күткен учаскелік полиция пунктінің салуына мемлекет тарапынан 17 млн теңге қаражат бөлініп, құрылысы жұмыстары заканчиваються. Жаңадан бой көтерген ғимаратта қызметтік орын ғана емес, 3 бөлмелі тұғын үй де қарастырылған. Тұрғындардың тыныштылығын толықтай қамтамасыз етіп, қылмыстың алдын алуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай.

Діни бірлестіктер

Ташкенсаз ауылдық округі бойынша бүгінгі күні 1 діни бірлестіктер жұмыс атқаруда. Оның 1 – мұсылман бағытта. Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде.

Құрметті округ тұрғындары!

Осындай ауқымды жұмыстар біздің округімізде іске асырылуына әрине ең біріншіден Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылғы Жолдауындағы тапсырмаларының жемісі, сондай-ақ облысымыздың басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен және аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақтың беделі мен абыройының тікелей басшылығы деп білемін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есепттің тезістері

Құрметті есеп беру кездесуінің қатысушылары!

Жақында ғана біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алып өткіздік. Және берік болашаққа жаңа өмір сүру деңгейіне сенімді қадам жасап отырмыз. Біздің ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында оның саясаттағы көрегендігінің арқасында бізде белгілі бір лауазымдарда мақсаттарымыз бар. Біз ауыл тұрғындары бұл бағытта жұмыс істеуде және алдымызға мемлкеттік мүдделерімен байланысты мақсат қоямыз.

Біз Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындары ұлт ЛидерімізНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаймыз. 2015 жылғы 30 қарашадағы " Қазақстан жаңа жаһандақ нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдап өз үлестерімізді ортақ іске қосып жатырмыз. Себебі, жақсы өмір сүру үшін, халықтың тұрғысына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған жолдау.

Статистикалық деректер

Халық саны – 4377, жалпы саны үй - 919, оның ішінде: Ташкенсаз ауылында — 2997 адам, 633 үйлер;Баяндайауылында - 1017 адам, 203 үй, Құлжаауылында – 363 адам, 83 үй. Округте ауылшаруашылық алқаптар – 4937 га, оның ішінде егістік – 2473 га, шабындық – 196 га, жайылым – 2268 га.

Бүгінгі күні округ аумағында шаруа қожалықтары - 199, 1 дәрігерлік амбулатория, 2-Фап, 15 дүкен, 1 – тжо (СТО), 2 – кафе, 1 өндірістік кооператив, 2 ЖШС, 1-АҚ, 1 "Казпошта" бөлімшесі, 2 мектеп және балабақша бар.

Өз жұмысын ауылдық округі әкімінің аппараты жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Штатта 14 қызметкер, оның ішінде 7 – мемлекеттік қызметшілер, 7 – техникалық персонал.

Елді мекендерде халық арасында - 11 рет жиналыстар өткізілді, барлығы  458 адам қатысты. Қаралған сұрақтар: Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаулары, аудан әкімінің қаулыларын орындау жөнінде, көріктендіру және санитарлық тазалау, көктемгі және күзгі дала жұмыстары. Жыл басынан бері шығарылған шешімдердің саны-41, өкімдерінің саны — 100. Жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны — 186, заңды тұлғалардан — 2, барлық өтініштерге уақытылы жауаптар берілді. Әскери есепке -17 адам алынды.

Абаттандыру, санитарлық тазалау

Абаттандыру мақсатында ауыл аймағында көше бойындағы бұталарды кесу, ағаштарды ақтау, көшет отырғызу, қылқан жапырақты ағаштар өтырғызу (27 дана) жұмыстары жүргізілді. Автобус аялдамасын ақтау, әрлеу жұмыстары ұйымдастырылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарыда тазаланды.

Білім

Білім беру саласында:  2 мектеп,  Х. Абдуллин атындағы орта және Баяндай ауылының орталау мектебі, жалпы алғанда округте 971 оқушы оқийды, жоғары және орта арнаулы білімі бар 103 мұғалім жұмыс істейді. Баяндай, Құжа, Төре ауылдарында тұратын 211 бала, мектепке дейін және кері қарай, тегін жеткізіледі, соған мемлекеттік бюджеттен 2 695 000 теңге бөлінді. аз қамтылған отбасынан шыққан 60 бала ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді. ҰБТ тапсырушылардың орташа көрсеткіші 77,3% құрады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында: амбулатория жұмыс істейді, штат саны 22 адам. Күндізгі стационарда ай сайын ем 50-ге жуық адам алады. Сонымен қатар, тегін медициналық қызмет көрсетумен және әр түрлі дәрі-дәрмекпен, жүкті әйелдер мен балалар қамтылады.

Мәдениет және спорт

Бір жылдың ішінде, мәдениет және спорт саласында 33 іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 500-ден астам адам қатысты. Атап айтқанда: 8 — наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай "Қыз сыны" атты байқау; 25 наурыз күніне арналған "көктем мерекесі" ұйымдастырылды, түрлі ұлттық-спорттық ойындар өткізілді, Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай, 12 желтоқсан күні "Тәуелсіздік"атты мерекелік концерт Х.Абдуллин атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды, округтің белсенді тұрғындары, мұғалімдер, кәсіпкерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Қарттар күніне арналған мерекелік фуршет ұйымдастырылды.

2016 жылғы 7-9 мамыр күндері Ташкенсаз ауылында Кеңес Одағының Батыры Масим Якуповтың еске алуға арналған Алматы қаласы және Алматы облысының  мектептер арасында футбол бойынша 10-шы Республикалық турнир өткізілді.

2016 жылдың 18-20 тамыз аралығында Ташкенсаз ауылының орталық стадионында Қалижан Ибраевтың еске алуға арналған футбол матчі өтті. Құрамында 2004-2006 жылдары туған жасөспірімдер бар 26 команда қатысты.

"Өңірлерді Дамыту" бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 10 млн. теңге  жол жөндеу жұмыстарына бөлінді, Ибрагим Баратова және Новая-1 көшелеріне асфальт төселді.

Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер толық орындалды.

Ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы, ірі қара мал басы — 2256, 200 — ден астам жылқы, 2259 — қой және ешкі, құс — 7000-нан астам. Сондай-ақ, жыл басында 70 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар атылды.

Дала жұмыстары аяқталды. 50 га жерде арпа дақылдары себілді, 2000-ға жуық гектар жер көктемгі егіс жұмыстардың басталуына дайындалды. Округте 3 ШҚ тамшылатып суғаруды орнатып пайдалануда, барлығы-24 га. 73 ШҚ мемлекеттен субсидия ретінде көмек алды, жалпы 16 148 300 сомасына. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 279 600 теңгеге көп. 4 ШҚ көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін, көмек түрінде арзандатылған диз отын алды.

Әлеуметтік және қайырымдылық

2016 жыл ішінде ауылдық округ бойынша 7 отбасыларға 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалған жәрдемақының сомасы – 318 604 мың теңге құрады, 24 отбасы "Өрлеу" жобасына қатысып, 3 837 740 теңге көлемінде қаржылай көмек алды, бұл қаражатқа ірі қара мал мен ұсақ мал алынды. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту орталығымен, 38 адам  қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Туберкулезбен ауыратын адамдар 31 815 теңге жәрдемақы алды. 113 мұғалімге, 18 медицина қызметкеріне, 3 мәдениет және спорт қызметкерлеріне, коммуналдық шығыстар көмегі көрсетілді, 1 421 070 теңге сомасына. Мүгедек балаларды (3 бала)  оқыту үшін 139 021 теңге бөліді.

"Голд Продукт" АҚ басшы Редьков П. Г., "Ударник" ШҚ  басшысы  Ващенков Г. М., "Раушан Бақшасы" ШҚ басшысы Валевко Р. И. көрсетілген материалдық қолдау үшін, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларға сыйлықтарды сатып алуға, сондай-ақ, азық-түлік түрінде ҰОС ардагері және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеткендері үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, округте 2 полиция қызметкері тұрақты жұмыс істейді. Ауылдарда жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс және жалпы қылмыстың алдын алу мақсатында мектептерде тұрақты негізде дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

                                  


Ташкенсаз селолық округі әкімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп

 

Құрметті Есеп беру кездесуіне қатысушы аудан өкілдері!

Құрметті жерлестер!

 

            Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2013 жылғы 15-тамызда қол қойған № 615 жарлығын орындау үшін және алдын ала бекітілген кестеге сәйкес бүгін мен сіздердің алдарыңызға есеп беруге келіп тұрмын. Бұл есеп беру кездесуіне округ аумағындағы кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен жастар, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері және жалпы тілек білдіруші қауым шақырылды.

            Былтырғы жылы жоспарлағандай 2015 жылдың басында Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай, округтің Данқ Аллеясында, соғыста қайтыс болған азаматтардың жанұяларының қатысуымен қылқанды жапырақтың ағаштары отырғызылды. Тұрғындардың күштерімен аллеяның ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аллеяның қоршауы жаңартылды. Жалпы 52 ағаш отырғызылды. Өсы жұмыстың арқасында ауылымыз өзгеріп, жаңғырып шықты.

            Округімізде тұратын жалпы адам саны – 5115, оның ішінен – 412 зейнеткер, 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 1336 адам, көпбалалы отбасылар – 56.  

Жұмыс істеп жатқан екі мекпе бар, Х.Абдуллин атындағы орта мектеп, Баяндай ауылының орталау мектебі. Ауылымызда 862 оқушы білім алуда, 99 мұғалім жұмыс істейді. Баяндай, Құлжа, Төре ауылдардан келетін 177 балаға автобуспен тегін тасымалдау ұйымдастырылған, тұрғындарының күштерімен Ташкенсаз ауылының ішінде оқушыларды автобуспен тасып жеткізу ұйымдастырылды.  Жетім және әлеуметтік жағдайы төмен 65 бала ыстық тамақпен қамтылды. Ұлттық Бырыңғай Тестлеуді өткізу көрсеткіші 78,2 % құрады.

Кәсіпкерлік саласында 15 сауда нүктелері, 3 кафе бар.  Өңірде жұмыс істеп жатқан 4 ірі кәсіпорындар «Артел Компании», «Голд Продукт» ,өндірістік  кооперативтер «Ташкенсаз», «Оптик Строй» ортақ табысқа өз үлестерін қосуда. Барлық кәсіпкерлер, шаруа басшылары газет, журнал жазылуына белсенді қатысты. Округіміздегі оннан астам адам АҚ «Голд Продукт» кәсіпорында жұмыс істеуде, 20-дан астам адам ұақытша жұмыстарына жұмылдырылған. АҚ «Артель компани» кәсіпорында 20-ға жуық округ тұрғындарымыз жұмыс істейді. Аулымыздың 8 тұрғыны Жұмыспен қамту орталық арқылы жұмыс істеуде.

Ауылдың басты саласы – өсімдік шаруашылығы. Ауыл  шаруашылығымен округ аумағында 186  шаруа қожалығы көкөніс, бақша, дәнді, азықтық дақылдардың өсіруімен айналысады. 70 шарушылық қожалықтарына мемлекет тарапынан 5 868 700 тенге субсидия берілді.  

Округімізде 1  Ұлы Отан соғысы ардагері, 2 адам соларға теңестірілген, 51 адам тылдың еңбеккерлері тұрады. Аудандық бюджеттен бөлінген 500 мың тенгеге Ұлы Отан Соғысының ардагері Шарипов Музапардың үйінің шатыры ауыстырылды. Тұрғындардың күштерімен үйдің қоршауы да ауыстырылды.

            Округімізде апта сайын санитарлық тазалау жұмыстары өткізіліп тұр.  Әкім аппаратының мамандары округ тұрғындарымен бірлесіп ағаштарды ақтау сенбіліктерін өткізіп турады.

            «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстарына 3 360 000 теңге мемлекет тарапынан бөлінді. Новая және Газамова көшелеріне 1223,75 шаршы метр асфальт салынды. Ташкенсаз және Баяндай ауылдарындағы жолдар мен көшелердегі шұңқыр жерлері жасалынды.

            2015 жылдың 08 маусым күніне бастап «Жасыл ел» атты акциясы өз жұмысын бастап кетті. Осы акцияға округтің 14 жас адамдар қатысуға ниет білдірді. Акция 2015 жылдың 08 тамызға дейін өтті.  Бірінші күндерден бастап жастар жұмысқа қызығушылық танытып, белсенділікті білдірді.

            Ұлы Отан соғысының ардагері М.Шариповтың үйіне қарттарға қолғабыс, көмек көрсету, оларды барынша құрметтеу, жас ұрпаққа ардагерлерді үлге ете отырып, жастарды ардагерлерден тағлым алуға баулу мақсатында ауыл жастары қарттың отынын жару, суын тасу, есік алдын сыпыру және т.б. тұрмыстық көмек көрсетті.  

            Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың саясатының арқасында еліміз гүлденіп, үлкен жетісітіктерге қол жеттіп отыр. «Жасыл ел» сияқты акциярдың арқасында жұмыссыз жастарға көп мүмкіндіктер жасалуда. Сонымен қатар аулдарға да көңіл бөліп, санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру басты назарға алынған.

            «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша,  аудандық жұмыспен қамту бөлімінен, Ташкенсаз ауылының пошта торабына Саутова Камилла Рахимқызы жастар тәжірибесін өтуге жіберілді.

            2015 жылдың 01 маусымынан бастап «Өрлеу» жобасы басталды. «Өрлеу» жобасының басты мақсаты- адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, немесе кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін - өзі қамтамасыз етумен қатар мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою. Әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы бойынша өтініш берушінің қоғамдық жұмысқа қатысуы және жоғары деңгейде жәрдемақы төлеу де жатады. Округ бойынша 15 адам осы жобаға қатысып отыр.

            270 00 00 теңге Ташкенсаз ауылындағы ескі мектептің ғимаратын 140 орындық бала бақша ретінде қолданысқа қайта енгізу үшін бөлінеді. Жұмыс белсенді түрде басталып кетті.

            Аудан әкімінің қолдауымен, Ұлы отан соғысының ардагерінің атына Ташкенсаз ауылының екі көшесінің атын өзгертуге Ташкенсаз селолық округінің әкімі аппаратымен сұраныс берілді. Новая көшесін Шарипов Батур Смаилұлының атына, Октябрьская көшесін Баратов Ибрагим Садықұлының  (Жеңіс шеруінің қатысушысы) атына. Сұраныс аудан және облыс маслихаттарында қарастырылып, бекітілді.

            09 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Тыл еңбеккерлері мерекелік медальдармен марапаталынды.

            Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғау» ұраны аясында Қазақстан тарихынан байқау өткізілді. Ұлттық спорт түрлері бойынша мектептерде сайыстар, жастардың форумы өткізілді.

            Алдымызда ауқымды өзгерістер, асқарлы міндеттер тұр. Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, өміріміз сәнді, мерейіміз үстем болады. Солай болуына өз үлесімізді қосайық. Мақсат – ортақ, бағыт – бір болсын, ағайын.

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8490470
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84875
0
84875
8393060
167804
254380
8490470

Сіздің ІР: 3.226.243.130
Қазір: 2019-09-16 06:43:50
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру