Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТүрген а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Түрген ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Түрген ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Түрген ауылдық округі 1921 жылға дейін-Михайловско)-Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Түрген ауылдық округі орталығы.Тянь-Шань тауларының жотасында ораналасқан. Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 12 км жерде және Алматыдан 60 км жерде орналасқан.

- жергілікті қоғамдастық жиналысы 2014 жылы 27 шілде күні құрылған

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 88 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

2019 жылға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық оругінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Түрген ауылы аудан орталығынан 12 шақырымда орналасқан. 2019 жылдың басында халық саны 15372 адамды құрайды.

Түргенауылдық округінің құрамына Түрген (орталығы) және Таутүрген елді-мекендері кіреді.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КІРІСТЕР

2018 жылы ауыл бюджетіне меншікті кірістер жоспары 100% орындалды, жоспар 82 млн. 651 мың тг теңге . 2018 жылы шығыстар 100% орындалды, жоспар бойынша 82 млн. 651 мың тг. млн. теңге.

Шығындардың жалпы сомасында ең үлкен үлесін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа–18 млн млн. Білім беру – 6млн.705 мың тг.

                                           ӨНЕРКӘСІП

Республикаға танымал «Голд Продукт» АҚ-ның өндіріс заводы орналасқан, завод қуаттылығы 1 сағатта 6000 дана, тұрақты түрде 150 –ге жуық жұмыскерді ал, маусымдық кезеңде 600-ге жуық жұмыскерді жұмыспен қамтып отыр.

Тас құм (карьер) өндірісімен айналысатын 5 кәсіпорын бар, «Найза Тас» ЖШС, «Жихан Бетон» ЖШС-тері өндірістік қуаттылықтары сағатына 50 шаршы метр, тұрақты түрде 26 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«ИНКТ-Т» ЖШС-гі utl-жеңіл стенасын шығарады, өндірістік қуаттылығы 200 шаршы метр, тұрақты түрде 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жартылай дайын фабрикатын өндіру бойынша округ аумағында 4 кәсіпорын бар, мысалы «Лавр Плюс» ЖШС-гі ассортиментінде тағамның 13 түрі қамтылып, 12 адам жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

2018 жылы округтегі кәсіпорындардан 2 млрд 22 млн 325 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Түрген ауылдық округінің территориясы өнеркәсіпке қолайлы екендігін ескере отырып өңдеуші кәсіпорындар ашуға ниеттенген инвесторларды тарту жоспарлануда.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округ бойынша жер көлемі 17 908 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі-15 700 га; оның ішінде 4057 га егістік, 3979- га суармалы, 98-га шабындық, 11 375 га жайылымдық жер.

     Ауыл шарушылық жерлерін нысаналы пайдаланып, өнім көлемін арттыру мақсатында, 178 ауылшаруашылық техникалары бар оның ішінде; 3 комбайн, 86 трактор, басқада өздігінен жүретін техникалар.

Мал шаруашылығы бойынша 1 ауылшаруашылық тауар өндірушілер кооперативінің 20 мүшесі мал бордақылаумен айналысады, Бакиров шаруа қожалығы 211,26 тонна сүт өндіріп,7 айда мемлекеттен 15 млн субсидия алды.

       Сонымен қатар ауылымызда өсімдік шаруашылығы да қарқынды дамуда. ЖАФ «Тургень» ЖШС-гі элиталық тұқым өсірумен айналысады, жұмысшы саны 20 адам, «Apple world» ЖШС-гі тамшылатып суғару әдісімен 80 га алма бақ және 6 тонналық 2 тоңазытқыш, табиғи алма шырынын өндірумен айналысады, бүгінгі таңда серіктестік 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. «Интеграция-Турген» ЖШС-гі жаңғақ отырғызды, жұмысшы саны 12 адам. «Apple world» ЖШС дегі 80 га. интенсивті баққа қосымша, «Бақ дала» ЖШС 40 га алқапқа интенсивті бақ отырғызды, жұмысшы саны 5 адам. Инвестиция көлемі 122,122 млн теңге

Аталған шаруа қожалықтары жиналған өнімді Алматы қаласына, басқада өңірлерді жеміс-жидекпен қамтуда.

Ауылымызда сонымен қатармал шаруашылығы қарыштап дамуда, соның ішінде мал саны; 3231 бас ірі-қара, 1018 бас жылқы, 8256 бас ұсақ мал, 3015 бас шошқа, 11 268 құс бар. Ауылдың географиялық және климаттық орналасуы мал шаруашылығына өте қолайлылығын ескере отырып, мал шаруашылығы бойынша 1 ауылшаруашылық тауар өндірушілер кооперативінің 20 мүшесі мал бордақылаумен айналысады, Бакиров шаруа қожалығы 211,26 тонна сүт өндіріп,10 адамды жұмыспен қамтып, 7 айда мемлекеттен 15 млн субсидия алды. Мал басының саны –өткен жылмен салыстырғанда 174 басқа көбейіп 684 басты құрады. Аталған мал шаруашылығындағы көрсеткіштердің динамикалық өсімін ескере отырып, округ аумағында 500 басқа арналған мал бордақылау кешенінің құрлысы жоспарлануда.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Жалпы ауылдық округі бойынша 1 -АҚ, 150 жұмыскер жұмыс істейді 55 – ЖШС-гі тіркелген оның ішінде, 622 адам жұмыс істейді. 322- жеке кәсіпкер тіркелген. Округтегі шағын және орта бизнестің негізгі бағыты сауда саттық және қызмет көрсету саласына бағытталған, оның ішінде 10 тамақтандыру орындары 67 жұмыскерді, 61 дүкен 145 жұмыскерді, 25 қызмет көрсету орындары 69 жұмыскерді,   2 әмбебап базар 130 жұмыскерді жұмыспен қамтып отыр.

Округ аумағы Талғар –Есік- Евгеньевка трассасында орналасқандықтан жол торабында сауда саттыққа арналған аялдама кешенінің қажеттілігі туындап отыр.

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

2018 жылы барлығы 100 млн 264 мың теңге салық жиналған, оның ішінде мүлік салығы 1 млн 517 мың теңге, жер салығы 2 млн 707 мың теңге, жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы 62 млн 510 мың теңге, жеке табыс салығынан 33 млн 530 мың теңге түскен. 2019 жылы салықтың 5 түрінен 9275 жеке және заңды тұлғалардан 97 млн 140 мың теңге салық жинау жоспарланып отыр.

Салық төлеушілердің санын ескере отырып, салық төлемдерін жинауды оптимизациялау мақсатында салық төлеушілердің басым бөлігі шоғырланған аймақтарға төлем қабылдайтын терминал орнату жоспарланған.

ТУРИЗМ

2018 жылы Түрген шатқалына 40 мың турист келген, туристерге 30-ға жуық демалыс және тамақтану орындары өз қызметтерін көрсетті, атап айтсақ «Денсаулық» сауықтыру орталығы, «Royal fish», «Stetson ранчо», «Керуен» және «Таутүрген» қонақ үй комплекстеры, «Тау Жанашар» балалар лагері т.б.

ІАМТҰП-не қарасты Түрген шатқалының флора мен фаунасының байлығына тамсанған туристер саны жылдан жылға артуда, осыны ескере отырып шатқалда шет ел және отандық туристерге жоғарғы деңгейде қызмет көрсететін қызмет көрсету орындарын инвесторлар тарту арқылы ашу жоспарлануда. ІАМТҰП-не қарасты Түрген филиалында 65 адам жұмыс істейді. 2018 жылда көрсетілген ақылы қызмет 15 млн 962 мың теңгені құрайды.

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

"Есік Су" МКК Түрген ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Су құбыры желілерінің ұзындығы 38 км құрайды. Қосылған абоненттер саны 3125. Алайда жазғы мезгілде тұрғындарға ауыз су тапшылығы анықталып отыр. Округ тұрғындарын тұрақты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін қосымша 1200 м. су құбырын жүргізу қажет.

ЭЛЕКТР ЖЕНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

"Алматы Энерго Сбыт " ЖШС теңгерімінде тұрған ұзындығы 150 км барлық электр желілерінің шамамен 40% тозған, осыған байланысты электр энергиясының шығындары бар.

Ауылымызда қазіргі таңда 120 үйге газ қосылып, 360 адам келісімшартқа отырды бұл дегеніміз 48 км газ құбыры жүргізілді. Аталған қызметті «АПЛ Констракшн» ЖШС-гі жүргізуде.

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

Автомобиль жолдарының ұзындығы–60,69 км. оның ішінде қатты жабындымен-14,9 км, округте 46 көше оның 11 көшесінде асфальт жамылғысы төселген. 2018 жылы Түрген ауылының Демесінов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округтегі Құлманбет көшесінің бойына 98 шам бағаналары, Таутүрген ауылында 40 шам бағаналары орнатылған.

ДЕМОГРАФИЯ

Округте жалпы 3385 аула, 4220 отбасы бар. 325 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны- 8341. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8152, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2423, жұмыссыздар саны 189 (оның ішінде жұмыспен қамту орталығына тіркелгендер сан-31).

2018 жылы туылғандар саны 304, қайтыс болғандар 51. Халық санының табиғи өсу байқалады. Жұмыссыздық деңгейі- 2,3%

БІЛІМ БЕРУ

Округтің білім беру жүйесінде 4 мектеп (соны ішінде 3 орта, 1 орталау), 1 оқу өндірістік комбинаты қызмет көрсетеді. 5 жекеменшік балабақша бар. Округ аумағында жалпы мектеп жасындағы балалар саны -2533, мектеп жасына дейінгі балалар саны-1624(соның ішінде 350 бала балабақшамен қамтылған).

1. 1979 жылы А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебі мектебінің құрылысы жүргізілген, ал 2014 жылы күделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 640 орын.   Қазіргі уақытта А.Жексембеков атындағы қазақ ора мектебінде 544 оқушы білім алуда. Аталған мектептегі шағын орталағында мектеп жасына дейінгі 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі оқушылар саны- 55 оқушы.

2. Д.Қонаев атындағы орта мектебінің құрылысы 1975 жылы жүргізілген, аталған мектепке 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 640 орын. Д.Қонаев атындағы орта мектебінде 1051 бала екі аусымда білім алуда. Халық санының табиғи өсіміне байланысты жаңа білім бру мекемесінің немесе қосымша ғиамарат құрылысын жүргізуді қажет етеді. Мектепке дейінгі оқушылар саны- 107 оқушы.

3. 1964 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің ғимараты салынып, 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 620 орын.   Қазіргі уақытта М.Ломоносов атындағы қазақ ора мектебінде 848 оқушы білім алуда. Аталған мектептегі шағын орталығында мектеп жасына дейінгі 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі оқушылар саны- 34 оқушы.

4. 1967 жылы Таутүрген орталау мектебінің құрылысы жүргізілді. Сыйымдылығы 200 орын. Аталған мектепте 90 бала білім алуда. Мектепке дейінгі шағын орталығында 25 бүлдіршін тәрбиленуде. Мектепке дейінгі оқушылар саны- 6 оқушы.

Округ бойынша мектепке дейінгі оқушылар саны- 202. Қамту деңгейі-22%. Мектептердегі компьютерлер саны 172 дана. Барлық мектепте интерактивті тақталар орнатылған.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункті және «Эскулап», «Таумед» және «Дихнад» ЖШС кепілді медициналық көмек көрсетуде. Барлық дәрігерлер саны- 6, орта медициналық қызметкерлер саны-39.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округте  2 мәдениет объектісі жұмыс істейді,оның ішінде: 1 кітапхана, 1 Мәдениет үйі, 5 тарих және мәдениет ескерткіштері, оның ішінде 5 ескерткіш тіркелген және 120-ға жуық қорған (археологиялық ескерткіштер)бар. аудан бойынша оның ішінде 200 қорғандар (археологиялық ескерткіштер) тіркелген.

Кітапханада 29 000-ға жуық кітап қоры бар, 510 тұрақты оқырманы бар.

Округте дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 5спорт ғимараттары жұмыс істейді, оның ішінде 4 стадион(білім беру мектептеріндегі спорт залдары), кітапхана 1.

Округ спортшылары облыс және аудан көлемінде түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Спортпен шұғылданушылардың округ бойынша қамту деңгейі- 30%, яғни 4700 адам.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

       Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

          - Түрген ауылындағы 5 км жолдарды жөндеу үшін 2020- 2021 жылға- 70 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

         - Түрген ауылындағы жол бойындағы 5000 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚға-1,5 млн. теңге 2020 жылға, ал 2021 жылға 30 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізу;

        

III. ТҮРГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
1.1 Ауыл тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медицинлық сақтандыруды туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұрақты қажет етпейді   тұрақты  
II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2.1 Түрген ауылындағы жолдардағы 5000 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚға   1 500,0 Жергілікті бюджет 2020  
2.2 Түрген ауылындағы жолдардағы 5000 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу   30 000,0 Жергілікті бюджет 2020-2021  
III. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
3.1 Түрген ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ   7 000,0 Республикалық бюджет 2020  
3.2 Түрген ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеу   250 000,0 Жергілікті бюджет 2021  
3.3 Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру тұрақты қажет етпейді   тұрақты  
3.4 Мәдени және рухани даму аясында елімізге танымал қоғам белсенділерімен кездесулер ұйымдастыру тұрақты қажет етпейді   тұрақты  
IV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
4.1 Демесінов және Әубәкіров көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары   10 575,0 Республикалық бюджет. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2019  
4.2

Түрген

ауылындағы 5 км   ауылішілік көшелерді орташа жөндеу

  70 000,0 Жергілікті бюджет 2021  

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Түрген ауылдық округінің әкімі                                       Б.Елеусізова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8944681
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
17707
0
87843
8844303
182682
187110
8944681

Сіздің ІР: 3.227.3.146
Қазір: 2019-11-20 07:46:35
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру