Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТүрген а/о«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің 2019 жылдың I тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің 2019 жылдың I тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Түрген ауылы
29.04.2019 жыл
 
Түрген ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі «Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 1-05/24 өкімінің
негізінде «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде
2019 жылдың І тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізілді.
Әкім аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018
жылғы 12 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19
қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына сәйкес төмендегі бағыттар
бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Әкім аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің
актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Түрген
ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін
басшылыққа алады.
 
1 Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
 
Ішкі талдау жүргізген уақыттағы Түрген ауылдық округі әкімі
аппаратында штаттық кесте бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жалпы
саны - 10
2019 жылдың 08 ақпандағы жалпы конкурс негізінде Қожамберді
Нұрберген Айдарұлы Түрген ауылдық округі аппаратына бас маман міндетін
уақытша атқарушы болып жұмысқа қабылданды. ҚР ҰҚК Алматы облысы
бойынша Департаментінің 2019 жылғы 02 сәуірдегі №01-01/И-1832 хаты
негізінде 2019 жылдың 03 сәуір айынан бастап бас маман болып
тағайындалды.
2019 жылдың 08 ақпандағы жалпы конкурс негізінде Молдабай Мұхтар
Жандосұлы Түрген ауылдық округі аппаратына жетекші маман міндетін
уақытша атқарушы болып жұмысқа қабылданды. ҚР ҰҚК Алматы облысы
бойынша Департаментінің 2019 жылғы 02 сәуірдегі №01-01/И-1839 хаты
негізінде 2019 жылдың 03 сәуір айынан бастап жетекші маман болып
тағайындалды.
2019 жылдың 05 наурызында 1 бос орын қалыптасты: округ әкімі
аппаратының бас маманы Искелдиева Жұлдыз Берікқызы ішкі конкурс
бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің құжаттамамен қамтамасыз ету
бөліміне бас маман болып ауысты.
2019 жылдың 04 сәуірінде 1 бос орын қалыптасты: округ әкімі
аппаратының жетекші маманы Шайбекова Айгүл Зияшқызы ішкі конкурс
бойынша Түрген ауылдық округі аппаратына бас маман болып ауысты.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы мәселесі
Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр
қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған
жоқ.
 
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
 
«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет -
жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Жергілікті атқарушы
органдар  көрсететін мемлекеттік қызметтердің топтастырылған
тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР
Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін құрайды.
Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік
қызметтер көрсетеді:
1 Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау;
2 Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
3 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
4 Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
5 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
6 Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
7 Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
8 Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату.
2019 жылыдың I тоқсанында Түрген ауылдық округі әкім аппаратында
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 36 өтініш қабылданды, Оның
ішінде:
1 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша 35 (отыз бес)
өтініш.
2 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі
бойынша 1 (бір) өтініш.
Әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі
бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау
Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер жазылған
стендтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, сонымен қатар,
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында, «Электронды қызмет
көрсету бұрышы» дайындалып, техникалық құрылғыларымен қамтамасыз
етілді.
Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы
халықты ақпараттандыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
бойынша 1 (бір) дөңгелек үстел, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтына 4
(төрт) мақала, Еңбекшіқазақ газетіне 1 (бір) мақала жарияланды. Сондай-ақ,
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік
қызметтерді электронды нысанда көрсету туралы 2 (екі) жәрмеңке өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер»
бөлімі бар, онда ауылдық округтерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің
стандарттары, регламенттері, мемлекеттік қызметті алу жөнінде
нұсқаулықтары мен жалпы мәселелер орналасқан.
Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке
ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.
2019 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет
бекітілген мерзімде көрсетіледі, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан
шағым түскен жоқ.
 
3 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
 
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ғимаратының фойесінде округ әкімінің және әкім орынбасарының жеке
тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі ілінген.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №
859 Қаулысына сәйкес, округ әкімі аппаратында әскери міндеттілерді есепке
алу мен есептен шығару туралы жазбаша өтініштер қабылданады. Аталған
өтінішті орындау барысында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі болуы ықтимал.
Ұсыныс: Аталған өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және
«электрондық үкіметтің»: www. egov.kz веб-порталы арқылы қабылданса.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы
22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бектілген «Ұлттық архив қорының
құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы
мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану»
қағидаларына сәйкес, округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардан
ведомстволық архивтен анықтамалар мен көшірмелер беру туралы өтініштер
қабылданады. Өтінішті қабылдау барысында өтініш иесімен тікелей
байланыс болғандықтан сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі туындайды.
Ұсыныс: Аталған өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және
«электрондық үкіметтің»: www. egov.kz веб-порталы арқылы қабылданса.
Округ әкімі аппаратында өтініштерге берілетін жауаптарда «Жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 10
бабына сәйкес, жауаппен келіспеген жағдайда шағым жасай алатындығы
туралы ескертіледі. Сонымен қатар жауаптардың сыртқы бетіне Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс –қимыл агенттігінің байланыс телефондары мен мекен-жайы
электрондық мекен-жайы жазылған мәліметтер ұсынылады.
Сонымен қатар округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының
Салық кодексінің 503, 530 баптарына сәйкес, округ тұрғындарынан салық
төлемдері алынады. Салық төлемдерін алу барысында сыбайлас
жемқорлықтың тәуекелі болу мүмкіндігі жоқ. Себебі, салық төлемдерінің
соммасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының дерекқоры арқылы
беріледі және төлемдер пошта, банк және терминалдар арқылы меншік
иесімен төленеді.
2019 жылдың 3 айында Түрген ауылдық округ бойынша жеке және заңды
тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытылы
жауап берілді, өтініш иелері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты
арыз-шағымдар түскен жоқ.
 
4 Мемлекеттік сатып алу бойынша
 
Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алу электронды түрде
жүргізіледі. Жеке кәсіпкерлер есеп шоттарын ЕSF порталы арқылы жібереді.
2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес,
бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы 20 437 051,09
мың теңгеге 26 лоттың барлығы жарияланып, келісім шарт жасалды. 2015
жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып
алу туралы» № 434-V Заңының талаптары сақталған және өткізілген сатып
алуларда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл туралы» заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын
алмаған.
Әкімнің орынбасары Е.Карибаев
Бас маман Н.Жапар
Бас маман
Ж.Кушербаева
Жетекші маман М.Молдабай
Таныстырылды:
Округ әкімі Б.Елеусізова
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8267528
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
49167
0
49167
8129025
199242
235379
8267528

Сіздің ІР: 34.239.158.107
Қазір: 2019-08-22 19:44:39
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру