Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТүрген а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша  

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Түрген ауылы                                                               28.11.2017 жыл

Түрген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 1-05/68 өкімінің негізінде «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың 11 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Әкім аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін анықтау.

           1. Әкім аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін басшылыққа алады.

Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

       

           2.  Ішкі талдау жүргізген уақыттағы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер саны 12.  Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр  қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Округ әкімі аппараты тарапынан 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда:

  1. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
  2. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою.
  3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  4. Округ аумағында объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
  5. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда,аукциондарда) сатып алу.
  6. Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  7. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін  растайтын анықтама алу
  8. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды  жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Аталмыш мемлекеттік қызмет түрлерінің 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 73  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:  жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру-56, округ аумағында объектілер салу үшін жер учаскелерін беру-8, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-5, сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-4.

Халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша  6 дөңгелек үстел өткізіліп, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтына 3, баспасөз беттеріне 2 мақала жарияланды. Сонымен қатар әкім аппаратында мемлекеттік қызмет түрлерінің стандарттары мен регламенттері орналастырылған стенділер  ілінген.

                Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен  жоқ.  

               Ұсыныс:   Округ әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі қағаз жүзінде көрсетіледі. Сол себепті  қызмет алушымен тікелей байланыс болғандықтан сыбайлас жемқорлық қаупі туындайды.

               Осыған орай көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері толығымен электронды үкімет порталы арқылы беріліп, автоматтандырылған жүйеге көшсе.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

4. Жыл басынан бері жалпы 176 нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Аталған актілерде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалардың заңға сәйкес еместігі анықталмады.

2017 жылдың 12 сәуірдегі «ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы» ММ-нің №2-20460-17-01843 ұсынысына сәйкес, 2016 жылдың 5 қыркүйектегі заңды тұлғадан келіп түскен өтінішті (аталған өтініште баяндалған мәселелер әкім аппаратының құзретіне кірмейді) тиісті ведомстволық органға жібермегендіктен, бас маман Сұлтанбеков Тұрсынбек Жұмаханұлына ескерту берілді. Аталған ескерту округ әкімі орынбасарының ұсынысының негізінде, 2017 жылдың 5 мамырында округ әкімінің № 1-06/13 өкімімен алынды.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары округ әкімінің аппарат отырыстарында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

               

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8522880
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
24335
0
117285
8393060
200214
254380
8522880

Сіздің ІР: 34.226.234.20
Қазір: 2019-09-20 16:18:13
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру