Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыШелек а/оШелек ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ
с.Шелек 05.04.2019ж.
Кіріспе бөлім
Шелек ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдауды жүргізу туралы» 2018 жылдың 26 желтоқсандағы №165
өкіміне негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдауға 2019 жылдың бірінші тоқсанының кезеңі қамтылды. Аппарат
өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы
№815 қаулысымен бекітілген «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Шелек
ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі аумағында мемлекеттік
саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016
жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне
ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау
жүргізілді:
Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау
1 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз
қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де
нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Шелек ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-
басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау
2 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінде қадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау
және жұмыстан шығару бойынша.
2.1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің 2018 жылдың 1 қаңтардағы
бекітілген штат кестесіне сәйкес 16 адам құрайды. Казіргі таңда бос орын –
1- жетекші маман. Талдау барысында анықталды: 2019 жылдың 3 қаңтарынан
бастап 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін өз еркімен жұмыстан босатылған
мемлекеттік қызметкерлері – жоқ. Теріс қылық жасағаны үшін
босатылғандар жоқ.
Жұмысқа қабылданғандар – жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша
Шелек аумағында Мемлекеттік корпорацияның бір бөлімі Шелек
ауылында жұмыс жасайды. Шелек ауылдық округі әкімі аппараты өз
жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік–құқықтық
актілерін тікелей басшылыққа алады.
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің 8 түрі көрсетіледі.
1 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
2 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру»
3 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
4 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
5.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукционарда) өткізуді талап
етпейтын мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
6 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
7 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
8.»Бұрыңғы жер пайдалануға берілетін жер учаскесін жекеменшікке
сату».
2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін Шелек
ауылдық округ бойынша 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2018 жылдың 27 желтоқсанында 2019 жылға арналған Шелек ауылдық
округі әкімі аппаратының медиа-жоспары бекітілген (мемлекеттік қызметті
Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы
көрсетілуі мәселесі жөніндегі БАҚ-да ауылдық округінің қызметкерлерінің
басылымға шығу).
2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін жеке
және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-
шағымдар түскен жоқ. Шелек ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және
заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне
сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жадынама басып
шығарылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен
регламенттерінің бұзылуын алдын алу бойынша ауылдық округі әкімі
аппараты тарапынан «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің
сайтында ақпараттар үнемі жарияланып отырады. Шелек ауылдық округі
әкімі аппаратында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің
сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін маманды бекіту жөніндегі тиісті
нормативті актісі қабылданды. Халықты хабардар ету үшін Шелек ауылдық
округі әкімі аппаратының ғимаратында – қызмет берушіде стандарттар мен
регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің
үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік
корпорацияның қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын ауылды аралап қызмет
көрсетеді.
Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет
көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет
алушымен тікелей байланыс тәуекелін болдырмау үшін Мемлекеттік қызмет
көрсету корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы
арқылы көрсетілетін қызметке толықтай өту барысында жұмыстар
жүргізілуде. Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратының бірінші қабатында
«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына шығатын "электрондық үкімет"
порталына» бөлме бөлінді. Бұрыш техникалық құралдармен қамтамасыз
етілді. Фойеде теледидар орнатылды және мемлекеттік қызметтерді
электронды түрде насихаттау тақырыбында бейнероликтер тұрақты түрде
көрсетілуде. Аталған бөлмеде балаларға арналған бұрышта балалрға арнап
үстел, орындықтар және ойыншықтар қойылған.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі шағым түскен жоқ.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу
мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар–кеңес және мемлекеттік
корпорация қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізу және жауапкершіліктерін
күшейту.
4 Тікелей байланыс тәуекелі
Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет
көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет
алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар – ол «Жер учаскесін алу үшін
кезекке қою». Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
бойынша ауылдық округтің әкімі көрсетеді. Сол себептен осы мәселе
бойынша Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді
көрсететін мамандарға семинар, оқыту және басқада жұмыстар жүргізілуде.
Шелек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді
электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру
жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).
5 Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-
басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.
5.1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына сай жеке
және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп және есепке
алынады және карастырылады. Талдау барысында ауылдық округі әкімі
аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң
бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы
қаралуы қамтамасыз етілген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.
Қорытынды бөлім
6 Жоғарыда айтылғандардың негізге ала отырып Шелек ауылдық округі
әкіміне ұсынамыз:
1 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.
2 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің санын
толтыру.
3 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттері қатан сақталып
бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылсын.
4 Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі
көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары
жүргізілсін және бақылауға алынсын.
5 Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімінің орынбасары М.М.Бектасов
Ауылдық округі әкімі аппаратының
бөлім меңгерушісі С.К.Касымова
Ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы М.Н.Жампозова
Таныстырылды:
Шелек ауылдық округі әкімі Е.Есенханов
Орынд.: С.Касымова
тел.: 2-14-45
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8524822
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26277
0
119227
8393060
202156
254380
8524822

Сіздің ІР: 18.206.16.123
Қазір: 2019-09-20 22:47:14
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру