Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыШелек а/оҚазақстан Республикасының Президенті Жолдауының іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары

2703184

ХАТТАМА №1

 

Шелек ауылы                                                                  11 қаңтар 2018 жыл

 

Шараның өткен жері: Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс                     залы

Төраға: Е.Есенханов – Шелек ауылдық округінің әкімі

Хатшы: Л.Бакриева – округ әкімі аппаратының бас маманы

Шақырылғандар: облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауыл активтері, мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер, этно-мәдени бірлестіктер, ақсақалдар алқасы, діни бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі, жергілікті қоғамдастық және ауыл тұрғындары.

 

Барлығы: 150 адам

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Е.Есенханов – Шелек ауылдық округінің әкімі: Бұл жолдауда Мемлекетіміздің казіргі заманға өрлеу сатысының жобасы белгіленіп, алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр және ол міндеттеріміздің орындалуына Қазақстан Үкіметі, атқарушы органдар, бүкіл ел болып атсалысуымыз керек деп білемін.

Елбасы Жолдауын әрбір Қазақстандыққа түсінікті түрде жеткізу, оның орындалуына барынша ықпал жасауға сіздер мен біздің негізгі міндеттеріміз болуы керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев өз сөзінде: Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістеркезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттілігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасын табысты іске асыру. «Цифрлық Қазақстан » кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамуының кешендістратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындағанын айты. Жолдауда айқындалған он (10) бағыт бойынша түсіндіру жүргізілуде.

 

Сөйлегендер:

         Базилбекова С.С., Әйелдер кеңесінің төрайымы: Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Еліміздің өсіп-өркендеуіне бәріміз бірдей ат салысуымыз керек.

         Айтақынов Ә.А., Ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Бұл бәрімізге қатысты жасалатын нақты істердің бағдарламасы болып табылады, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекетке айналуымыз үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. Еліміздің өміріндегі барлық салаларға мақсаттар мен міндеттер қойылып отыр және де олар біздің бірігуіміздің басты негізі болмақ. Біздің қоғамды бейбітшілік пен тұрақтылық болуы керек, келісім мен ұлттың ауызбірлігі - осылар біздің еліміздің дамуының жаңа кезеңдерінің іске асуының басты кепілі. Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, Жолдауға қолдау көрсеуге біз ауыл ақсақалдары әрқашан дайынбыз.

      

Қаулы қабылданды:

 

1. Округ тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

2. Округ жастары арасында Қазақстан Республикасының Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

                 Жиналыс төрағасы                                                Е.Есенханов

 

                 Жиналыс хатшысы                                               Л.Бакриева

2703185

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8926174
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
69336
0
69336
8844303
164175
187110
8926174

Сіздің ІР: 35.173.234.140
Қазір: 2019-11-18 22:32:51
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру