Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыШелек а/оОкруг әкімінің есебі

Округ әкімінің есебі

Шелек ауылдық округі әкімінің 2017 жылы

атқарған жұмыстарының есебі

2017 жылы атқарылған істерді және 2018 жылға жүктелген міндеттер:

Өткен жылы округ әкімінің аппараты мемлекетік қызмет көрсету стандартының 8 түрінен - 825 мемлекеттік қызмет көрсетті. 2017 жылы барлығы 766 өтініш пен шағым сұраныс түсіп, оларға заң аясында жауап берілді.

2017 жылы жергілікті қауымдастық өкілдерінің 7 отырысы өтіп, әкім аппаратының қолма-қол есеп айырысу шотындағы 28млн. 933 мың теңгені жұмсау туралы ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Оқушыларды тасымалдауға 2 млн. 729 мың, көшелерді жарықтандыруға 8 млн. 539 мың, санитарлық тазалыққа 2 млн. 397 мың, елді мекендерді абаттандыруға 11 млн. 768 мың теңге жұмсалып, қолма-қол есеп айырысу шотындағы қаржы толығымен игерілді. Отырыста ауылымыздың 2018-20-шы жылдарға арналған бюджеті талқыланып, 2018 жылдың бюджеттік жоспары 127 млн. 133 мың теңге болып бекітілді.

Ауылымызда 9 орта мектепті былтыр 178 түлек бітірді, 93-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, тестілеудің ортақ көрсеткіші 76 баллды құрады. «Шелек политехникалық» және «Шелек медициналық» колледждерінде 819 шәкірт түрлі мамандықтар бойынша білім алуда.

«Бәйтерек», «Гүлдер», «Келешек» балабақшаларында және 4 шағын орталықта 791 бала тәлім-тәрбие алуда. Балалардың 59,8пайызы балабақшамен қамтылған.    

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бижанов атындағы орта мектепте 9 млн. 500 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары күтілуде. Өткен жылы 8 млн. 500 мың теңгеге Молдағұлова орта мектебінің және 8 млн. 988 мың теңгеге Алтынсарин орта мектебінің қазандықтары сыртқа шығарылды.

Президентіміздің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының "Туған жер" бағдарламасы аясында қоғам қайраткері А.Розыбакиевтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, Шелек ауылы азаматтарының демеушілігімен 14 млн. 500 мың теңгеге осы мектептің алды мен айналасы абаттандырылып, Розыбакиевтің ескерткіші жаңартылды.

Денсаулық сақтау саласында 150 орынға арналған аудандық аурухана, 30 орындық арналған балалар бөлімі және күніне 310 адам қабылдайтын емхана қызмет көрсетеді. Облыстық мамандандырылған балалар үйінде мүмкіндігі шектеулі 18 бала тәрбиеленуде. Коррекциялық орталықта 171 балаға әлеуметтік оңалту және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.  

2018 ж. Шелек ауылындағы аудандық аурухана 654 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

  2017 жылы барлық көшелерге 3400 шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілді.          Кәріз және су жүйелерінің жөндеу жұмыстарына үстіміздегі жылы Республикалық бюджеттен қаражаттың бір бөлігі 564 млн теңге бөлініп, жұмысты бастау күтілуде.

Округ бойынша 1654 адам жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға кезекте тұр. Олардың саны өткен жылдан 324 адамға көбейді.

  Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында ауылымыздың бас жоспарына сәйкес, 237 гектар жерге инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 36 млн. 243 мың теңге қаржы бөлінді.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бөлініп берілген 38 гектар көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 15 млн. 134 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, жөндеу жұмыстары күтілуде.    2017 жылы 4250 тонна күл-қоқыс шығарылып, 24 км арық бойлары тазаланды. 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. 73 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға жалпы 9 млн. 380 мың теңге төленді.

  "Қазақстан-Қытай" магистралды газ құбыры арқылы автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.

  2017 жылы округіміздегі 371 шаруа қожалығының иелігіндегі 3 190 гектар егістік жерлер толығымен игеріліп, көкөніс, жүгері, май бұршағы, көпжылдық шөп, және басқа да дәнді дақылдар өсірілді.8 шаруа қожалығы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша 1 млн. 502 мың теңге, 40 шаруа қожалығы тыңайтқыш алуды субсидиялау бойынша 11 млн. 500 мың теңге көмек алды.

  Құрамына 141 ұсақ жер иелері кіретін «Авангард» өндірістік кооперативі өткен жылы жүгері және май бұршақ дақылдарын егіп, 803 гектар жерді игерді. "Шелек фермерлері" өндірістік кооперативі құрылып, жұмысын нәтижелі атқаруда.

Мал шаруашылығы саласында 2018 жылдың 1 қаңтарына ірі қара саны 5082 бас, жылқы 1188 бас, қой-ешкі 9319 басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара саны 424 басқа, жылқы 134 басқа, ұсақ мал 1100 басқа өсті, Өсекбаевтың шаруа қожалығы жыл сайын 400 бас ірі қара бордақылауға қойып жылына 128 тонна ет өндірсе, күніне 2,5 тоннаға дейін сүт дайындайды.

"Бастау-бизнес" жобасымен 13 адам оқытылып, өз кәсібін ашу үшін 7 адам жалпы сомасы 35 млн. 350 мың теңге несие алды. 69адам қайта даярлықтан өтіп, олардың барлығы жұмысқа орналасты. 2017 жылы жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар 58 адамға өсіп, барлығы 1404 адамға жетті. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсету үшін 2 мейрамхана, 2 автобөлшек дүкені, 2 көлік жуу орны, 1 дәріхана, 1 фитнес орталығы тағы басқа халыққа қызмет көрсететін орындар ашылды, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Төрт салықтан түсетін түсім көлемі 102 млн. 364 мың теңгені құрады. Оның ішінде жер салығы 1 млн. 222 мың теңге, мүлік салығы 2 млн. 315 мың теңге, көлік салығы 63 млн. 826 мың теңге, жеке табыс салығы 35 млн. теңге болды.

Өткен жылы әлеуметтік сала бойынша 168 отбасына 38 млн. 592 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 197 отбасына 47 млн. 586 мың теңгеге тұрғын үй көмегі, 644 отбасына 45 млн. 963 мың теңгеге 18 жасқа дейінгі жәрдемақы берілді.

Округімізде 782 мүмкіндігі шектеулі жан, 460 ардақты ана, 4408 зейнеткер, 1 Ұлы Отан соғысының ардагері және 181тыл ардагері бар. Қайырымдылық акциялары барысында 2 млн. 204 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

\

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8926664
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
69826
0
69826
8844303
164665
187110
8926664

Сіздің ІР: 35.173.234.140
Қазір: 2019-11-18 23:25:18
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру