Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыШелек а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Шелек ауылдық округі әкімінің 2015 жылы

 атқарған жұмыстарының есебі

Отчет

акима Шелекского сельского округа

о проделанной работе за 2015 год

Сәлеметсіздерме!

      Құрметті Бинәлі Әбдіқапасұлы, құрметті ауыл тұрғындары!

      2015 жылдың 30-қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы жарияланды. Елбасы өз сөзінде: «Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясына бастап отырғаны өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагиямыз үш қарапайым сөз, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.

Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.

Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз.

Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.» - деп айқын атап көрсетті.

     Аталған Жолдау бойынша Шелек ауылдық округінде 4 кездесулер мен жиындар өткізілді. Сол сияқты округ активі, ауыл тұрғындары аудандық насихат топтарымен кездесіп, кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолдауда айтылған пікірлер мен көтерілген бастамалар ауыл тұрғындары арасында толық қолдау тауып, белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асрылуына ауыл тұрғындары өз үлестерін қосатындықтарына сенім білдірді.

      Округіміздің негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылық саласына келетін болсақ, округ бойынша бүгінгі таңда 763 шаруа қожалықтары тіркелген. Шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі жер телімдерін шамалары келгенше мақсатты пайдалануда. Өткен жылы 2528 гектар жерге ауыл шаруашылық өнімдері егіліп, ауа райының қолайсыздығына қарамастан өнім толығымен жиналып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына қолдау көрсету жылдан-жылға өсіп келеді. Атап айтсақ, арнайы ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар, лизингке техника алу сияқты жұмыстар жолға қойылған.  Өткен жылы Үкімет тарапынан берілетін субсидия алу үшін 81 шаруа қожалығы құжаттарын тапсырып, 19 млн. 161 мың теңге алды. Сонымен қатар лизинг арқылы және басқа да жолдармен «Прогрес» шаруа қожалығына 1 жаңа трактор арнайы тіркемелерімен алынды.

      Шаруа қожалықтарының ауыл тұрғындарын өз өнімдерімен толығымен қамтамасыз етуге және оның сыртында сыртқы нарыққа шығаруға толық мүмкіншіліктері бар. Ол үшін төмендегідей кемшіліктерді болдырмауымыз қажет. Нақтылап айтқанда, шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген суармалы жерлердің толық және тиімді игерілуі, бос игерілмей жатқан жерлерді айналымға қосу, жаңа иновациялық әдістерді кеңінен қолдануымыз керек. Оның ішінде, жылыжай салу, алынған өнімдерді өңдейтін шағын цехтар ашу, сақтау орындарын салу және өсімдіктерді тамшылатып суғару әдістерін іске асыру.

      Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жоғарыда айтылған жер пайдаланудағы кемшіліктерді жою мақсатында, бос жатқан жер телімдерінің тізімдері анықталып, шаруа қожалық иелерімен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылды. 2015 жылдың егістік науқанында «Будан» өндірістік кооперативімен бірігіп, 27 шаруа қожалықтарының пайдаланылмай жатқан егістік жерлердің 138 гектар жері игерілді. Ағымдағы жылда да осындай игерілмей жатқан жерлерді анықтап, ірі мамандандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен бірлесіп айналымға қосуымыз қажет.

      Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығы саласында 2015 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда округтегі 1700 сиырдың 861 басы асыл тұқымды ұрықпен қолмен ұрықтандырылды. Сол сияқты ірі қара мал тұқымын асылдандыру мақсатында «СВХ», «Мұрат» шаруа қожалықтары субсидиямен асыл тұқымды бұқалар алып, жұмыс жүргізуде. Мал тұқымын асылдандыру, мал өнімдерінің сапасын арттыру, алынған өнімдерді өңдеу жұмыстары болашақта жоғары деңгейге қойылуы қажет.   Округімізде мал шаруашылығының дамуы біршама тәртіпке салынған, мал басы жылдан-жылға өсіп келеді. Қажетті ветеринарлық көмектер өз уақытысында беріліп, егу жұмыстары уақытылы жүргізілуде.

      Бүгінгі күнде округімізде шағын және орта бизнес пен іскерлікті қолдау мақсатында «Бизнес 2020» жол картасы іске асырылуда.  Бизнес саласында жүрген азаматтарға әкімшілік тарапынан әр қашанда қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылы 6 отбасы шағын несиелер алып жеке кәсіптерін ашты. Сонымен қатар жаңа 5 тамақтандыру және сауда орындары ашылып, онда 19 адам жұмысқа ораналасты. Округімізден аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2015 жылы 21 адам қайта даярлықтан өтіп әр салада жұмысқа орналасты. 2016 жылға қайта даярлықтан 27 адамды өткізу жоспарлануда.

        Жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы жалпы салық түсімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы округ бойынша барлық салық көздерінен 46 млн. 544 мың теңге түсті. Оның ішінде жергілікті салық түсімдері жыл қорытындысы бойынша: Жер салығы 2 млн. 315 мың теңгені, мүлік салығы 3 млн. 835 мың теңгені, көлік салығы 40 млн. 394 мың теңгені құрады.  

        Шелек ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан және қай жағынан алсақ та, шағын және орта бизнесті дамытуға өте қолайлы елді мекен. Сондықтан алдағы міндетіміз ауылымызға кең көлемде инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасап, өндіріс-кәсіпорындарын және халыққа қызмет көрсететін ірі сауда кешендерін салу арқылы жұмыссыздықты азайтып, салық түсімін ұлғайтуымыз  қажет.   

        Құрметті ауылдастар! Округ аумағындағы білім саласына келсек: 8 орта мектепті 2015 жылы 244 түлек бітіріп, олардың 156-сы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Ортақ көрсеткіштері 78,3 балл болды, оның ішінде 86 балл алған Алтынсарин орта мектебін ерекше атап өтуге болады. Осы мектепте 2015 жылы тараған 33 түлектің 22-сі жоғары оқу орындарына 7-і арнаулы орта оқу орындарына түсіп, 2-і жұмысқа орналасқан. Түлектер арасынан 1 «Алтын белгі», 1 ерекше аттестатқа ие болған оқушыларымызда бар. Жалпы мектеп бітірген түлектердің 167-сі арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен қатар 2 колледжде 785 шәкірт мамандық алуда. Жасөспірімдерге қосымша білім беру мақсатында музыка мектебі, оқу-өндірістік комбинаты, балалар спорт мектебі және коррекциялық кабинет жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуде. Бұның сыртында 2 балабақшада 414 бала, 6 шағын орталықта 225 бала тәрбиеленуде.

       Округімізге «Дипломмен ауылға», «2020 жұмыспен қамту» бағдарламалары аясында 12 жас маман жұмысқа орналасты.

        Денсаулық сақтау саласында Шелек ауылындағы 180 орынға арналған аудандық № 2 аурухана және күніне 310 адам қабылдайтын емхана қызмет көрсетеді. Аурухана ауыл тұрғындарына уақытылы және тиісті медициналық қызмет көрсетуде. 2015 жылы аурухананың материалдық техникалық базасын нығайтуға жаңа рентген және ЭКГ аппараттары қойылып, 3 автокөлікпен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы аурухананы күрделі жөндеуден өткізілуі жоспарланып отыр.

       Өткен жылы округімізде көптеген мәдени-спорттық, көпшілік іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралардың мақсаты ауыл жастарын Қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық келісім мен достықты және бірлігімізді нығайтуға   тәрбиелеу. Осы орайда 2015 жылы жастар ісі бойынша түрлі бағытта 24 спорт саласында 20-дан астам іс-шаралар өткізілді.

     Сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу, гендерлік саясатты іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

     Ауылдық округімізде ұлт аралық татулық пен келісімді, бірлікті нығайту мақсатында  да  бір қатар іс-шаралар өткізілді.   

     Өткен жылы округімізде Наурыз, 1 мамыр бірлік күні, Қазақс Хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекелері кең көлемде аталып өтілді. Осы мерекелерге ұйғыр, түрік, кәріс этно-мәдени орталықтары және басқа да ұлт өкілдері қатысып, бір кісідей ұйымшылдықпен ұйымдастырылды. Ауыл халқы дән ризашылығын білдірді. Басқа да мемлекеттік мейрамдарда барлық ұлттың қатысуымен салтанатты жиындар өткізіліп, арты концерттік бағдарламалармен ұласты.

      Мемлекетіміз қарттар мен мүмкіншілігі шектеулі жандарды, көпбалалы және отбасы жағдайы төмен адамдарды өз қамқорлығына алуда. Округімізде 2015 жылы 196 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 818 отбасы тұрғын үй көмегін, 806 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алды. Бүгінгі күнде округте 776 мүгедектер, 272 ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар және 3 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

       Мүмкіншілігі шектеулі жандарды жұмысқа тарту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, 4 адам жұмыспен қамтылды.

     Ауылымыздың кәсіпкерлері 255 тұрмысы төмен отбасыларына, жетім-жесір және мүгедек балаларға 4 млн. 500 мың теңгеге киім-кешек, көмір-отын, азық-түлік, оқуға қажетті құралдар алып және үйлерін жөндеуге өз көмектерін көрсетті. Сол сияқты 15-31 тамыз аралығында «Мектепке жол» атты акция жарияланып, округ аумағындағы мекемелер, ұйымдар, кәсіпкерлер ат салысып, жалпы саны 45 оқушы баланы киім және оқуға қажетті құрал – жабдықтармен, 10 баланы оқуға қажетті құралдар салынған сумкалармен қамтамасыз етті.

Осы бағытта қайырымдылық акциялары, концерттер және түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ:  «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Шелек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Төле Кенжебаевтың 110 жылдығына арналған «Ерлік – елге өнеге, ұрпаққа ұран!» атты мерекелік кеш, «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» атты театрландырылған көріністер қойылды және Ұлы Отан соғысының ардагерлері Байжолданов, Щеглов, Жаринов,  Чебоненкоға құрмет көрсетіліп сыйлықтар тапсрылды.

      «Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі» атты тарихи танымдық шара, «Жастар отанға» жобасы аясында «Тәуелсіздік – Ел мерекесі, дамудың дархан жолы» атты жастар форумы, «Жасұлан» атты әскери патриоттық ойындар ұйымдастырылып,«Ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің ерекше орны мен маңыздылығы» атты  семинар-кеңес өткізілді. Осы жоба аясында «Жас Отан – Жастар қанаты» мүшелері ардагерлер мен қарттардың үйлерін аралап, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қысқы отындарын дайындауға көмек көрсетті. «Санаңды сақта жас ұрпақ», «Адасқанның алды – жөн, арты соқпақ» атты жастар арасында теріс ағымдардан сақтану мақсатында діни түсінік беру семинар – кеңестері және акциялар өткізілді. «Дін және жастар», «Терроризмге жол жоқ», «Қазақстан зайырлы мемлекет», «Ұлтаралық татулық – еліміздің алтын бесігі» атты іс-шаралар өткізілді.   

         «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша «Шелек» БПҰ мүмкіндігі шектеулі 134 қаріп балаларды жақсылық шапағатына бөледі және «Сәт» тобының қайырымдылық концерті өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық көлемде тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. «Мен бақытты баламын» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың  қайырымдылық концерті  ұйымдастырылды.

     Асыраушысынан айырылған балалардың «Бақытты балалық» атты өнерлері тамашаланып, оларға 23 партиялық топ демеушілік көрсетті.  Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік жұмысқа және партия мүшелігіне қабылдап, жаңа үлгідегі партия билеттері тапсырылды. 20 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сумкалар таратылды. «Бақытты балалық» жобасы аясында бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Шелек ауылындағы «Балдәурен» саябағында бүлдіршіндерге 1 күнге тегін ойнауға саябақ қызмет етті. 120 балаға бағалы сыйлықтар табысталса, осы жобаға байланысты «Мен өнерлі баламын» атты қолөнер және сурет байқауы өтіп, Шелек ауылындағы мамандандырылған балалар үйінде «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық мерекесі және «Өнерлі өрендер», «Балам менің бақытым» атты қамқоршысынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі балалардың концерті ұйымдастырылып, Жас Отан жастар қанаты балалар арасында жаздық хоккей ойынын өткізді. «Сәтті қадам» жобасы бойынша бастауыш партия ұйымы колледж студенттері мен жас мамандар арасында «Болашақ мамандық иесі» атты тәжірибелік байқау  өткізілді.  «Бақытты отбасы» жобасы аясында бастауыш партия ұйымы «Әкенің отбасындағы беделі» атты след және «Жақсы әке» тақырыбында байқау ұйымдастырды. «Біздің ауыл» жобасына сәйкес, бастауыш партия ұйымы «Менің туған ауылым» атты жастар арасында сурет байқауы ұйымдастырылып, көп қабатты үйлердің аулаларына балалар ойнайтын алаңдар орнатты. Осы жоба аясында ауылды көркейтуге бағытталған «Өз ісінің шебері», «Мейіріміміз асқақ» атты шаралар өткізілді. «Мықты бизнес» жобасына сәйкес ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосып, Елбасының саясатын іске асыруда ат салысып жүрген үздік кәсіпкерлер марапатталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» - баршамыздың міндетіміз атты ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік қызметкерлерді, полиция қызметкрлерін, халыққа қызмет көрсету орталық қызметкерлерін, жастарды біріктіріп, әр түрлі тақырыпта семинар-кеңестер өткізілді. «Стоп - қылмыс» жобасы бойынша Шелек ауылының көп қабатты үйлер орналасқан аулаларында «Таза аула» акциялары ұйымдастырылды. Шелек ауылында, қылмысқа қарсы, тазалық сақтау тақырыптарында 6 жерге банерлер ілініп түрлі акциялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар білім саласының қызметкерлері мен аудандық прокуратура қызметкерлері біріктіріліп, «Суидцид», «Жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыс» тақырыбында семинар-кеңестер ұйымдастырылды. «Айқын тариф» жобасы аясында «Шелек» бастауыш партия ұйымының төрағасы жеке және заңды тұлғаларды коммуналдық қызмет көрсетілу мәселелері бойынша айына 1 рет қабылдап отырды. Бастауыш партия ұйымының тікелей ұйымдастыруымен 2014 жылы - 9, 2015 жылы - 15 іс-шаралар өткізілді. «Нұр Отан» партиясының 13 жобасы аясында Шелек бастауыш партия ұйымының атқарған іс-шараларының 2014 жылы - 1 мақаласы, 2015 жылы - 6 мақаласы интернет желісінде, - 17 материалы облыстық және аудандық баспасөз беттерінде жарияланды. Осы жұмыстардың нәтижесінде «Шелек» БПҰ аудан бойынша үздік атанып, облыстық байқауға қатысты.

 Уважаемые жители округа!

            В целях реализации Указа Президента РК от 15 августа 2013 года  № 615 «О проведении акимами отчетных встреч с населением», аппарат акима сельского округа работает согласно Конституции РК, Указов и распоряжений Президента РК, а также  решений и распоряжений вышестоящих организаций и других нормативно-правовых актов.

            Основным направлением округа  является сельское хозяйство.              

В округе имеется 3- ПК, 12 крупных  крестьянских хозяйств, 751 малых крестьянских хозяйств, 30- ТОО в.т.ч. 3- АО.

       В   Округе имеется площадки для откорма скота.  Крестьянское хозяйство «СВХ»- 450 голов, «Мұрат» -100 голов, «Ермухамбет»- 110 голов, крестьянское хозяйство «Солты» -50 голов, крестьянское хозяйство «Екей»- 45 голов.   

      В 2015 году 81 крестьянских хозяйств получили субсидию на растениеводство на сумму 19 млн. 161 тыс. тенге.   

           В сельском округе имеется 269-магазины и аптеки, 4 базара, 3 пекарни, 2 кондитерских цеха, 8 АЗС, 22 объекта общепита, 2- гостиницы, 12- парикмахерских,  4-ветаптеки, 14 –СТО, 4- фотосалонов, 4торговых центров.

             В округе имеется  восемь средних школ.

 2015 -2016 учебном году учатся 4496 учеников, класс комплектов - 224, 264 ученика - выпускники школ.  Всего учителей 551, из них 473 учителя с высшим образованием.

    В 2014-2015 учебном году окончили школу 244 учащихся, из них  приняли участие в ЕНТ   156 учеников,   средний бал 78,3.

       Количество поступивших в 2015 году  в ВУЗы:  на грант- 67, на коммерческие -16, в средние специальные учебные заведения  -77.

      В Шелекском политехническом и медицинском колледжах работают 120 учителей. Учятся 785 студентов в 36 группах.

      В детских садах «Гүлдер», «Бәйтерек» работают 70 воспитателей в 18 группах, всего посещают 414 детей.

             От государства выделено   369  многодетным матерям  на сумму 38 135 108   тенге, награжденные подвесками   «Алтын алқа» и «Күміс алқа» 473 матерям выплачено 71994272 тенге, 814 инвалидам  І, ІІ, ІІІ группы выплачено  219 455 671 тенге,  106 инвалидам детства  2520318 тенге. 

          Жилищное пособие получили 4 участника ВОВ на сумму 154 596 тенге. Пособие на детей до 18 лет  получили  806 семей; на 2275 детей - оплачено 42 731 422 тенге; АСП - 196 семей т.е. 935 человек 36 010 937 тенге. Жилищное пособие  получили 818 семей  – оплачено 42 992 761 тенге, соц. помощь на приобретения топлива работникам образования, проживающим в сельской местности, работникам здравоохранения,   соц.работникам, работникам культуры в количесстве 1048 человек оплачено 10 385 680 тенге.  Кроме этого было выделено соц. помощь семьям воспитывающие и обучающие детей инвалидов  на дому 23 получателям оплачено 916 712 тенге.  На 38 больным туберкулезом оказана помощь на сумму 995 тыс. тенге.    

      В округе проводятся культурные мероприятия.  2015 год связан с множеством знаменательных дат - 70 летие Победы ВОВ, 550 летие Казахского ханства, 20 летие Конституции Республики Казахстан и Ассамблеи народов Казахстана. Все мероприятия проведенные в 2015 году были посвящены этим знаменательным датам.

     Кроме этого каждый год в нашем округе организуются и проводятся праздничные мероприятия 1 октября - «День пожилых людей», 1-мая, 9-мая, 1-декабря - «День Первого Президента», 16-декабря - «День Независимости РК», кроме того проводятся акции как «Дорога в школу» и т.д.

    Все эти мероприятия проводятся с помощью коллектива школ, колледжей, детских садов, совета старейшин, совета женщин, молодежи, предпринимателей и глав крестьянских хозяйств. За это мы всем им выражаем  особую благодарность.

       Құрметті ауыл тұрғындары!

     Өткен жылы Шелек ауылдық округінде әлеуметтік саладағы нысандарды қалпына келтіруде біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар аудан әкімінің баяндамасында толығымен қамтылды. Сол сияқты 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар толығымен айтылды. Бүгінгі күнде ауылымыз тірек ауылы ретінде аудан әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлының және аудан әкімі аппаратының ерекше назарында. Алдағы уақытта да ауылымыздың көркейюі мен гүлденуіне себеп болатын көптеген жұмыстар атқарылатынына сеніміміз мол.

     Бүгінгі күннің талабына сай, атқарылған жұмыстарға келсек: Абай атындағы қазақ орта мектебіне 10 млн. теңгегег спорт алаңы, көп пәтерлі үйлер ауласына балаларға арналған 7 алаң, 1 млн. 540 мың теңгеге 10 күл-қоқысқа арналған алаң салынды. Сол сияқты Іле, Сыздықов көшелеріне 2500 ш.м. асфальт төселінді. Абай, Садовая, Үсенов көшелеріне 100 ш.м. және Май ауылының көшелеріне 500 ш.м. жөндеу жүргізілді. Ауыл көшелеріне 44 жол белгілері, 420 шаршы метрге зебралар, 2 млн. 500 мың теңгеге 2 көшенің қыйылыстарына бағдаршамдар орнатылды.

      Жыл сайын есеп беру жиналыстарында және барлық бас қосуларда ауылдың санитарлық тазалығы, көркейту, көгалдандыру туралы қатаң түрде айтылып келеді. 2015 жылы округтен 478 тонна күл-қоқыс шығарылды. Автобаз мөлтек ауданында орын алған күл-қоқыс орны тазартылды. Санитарлық тазалық науқанын көктем және күзде ғана қолға алып қоймай, ауыл тазалығы, тәртіпті сақтау, арық-көпірлерді ретке келтіру күнделікті жұмыс болып, барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз қажет. Жоғарыда айтылған өзекті мәселенің орындалуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. «Ауылына қарап – азаматын таны» - демекші ауылдың таза болғаны барлығымызға аброй.

       Осы атқарылып жатқан жұмыстар ауыл халқының өсіп-өніп, демографиялық ахуалды жақсартуына және қалыптастыруына септігін тигізеді. Бүгінгі күнде округімізде 33450 адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 734 адамға көп. Өткен жылы 521 нәресте дүниеге келсе,  197 адам қайтыс болған. Көші-қон бойынша 783 адам келіп, 370 адам кеткен.

      Ауылдық округте қоғамдық тәртіпті қадағалауға 6 учаскелік полиция инспекторлары тартылған. Олар өздеріне бекітілген мөлтек аудандарда жұмыс жасауда.

      Бүгінгі күндегі Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысына қысқаша тоқталып өтсек, өткен жылы мекеме, кәсіпорындар басшыларымен және ауыл тұрғындарының өкілдерімен 18 рет біріккен  жиналыстар өткізілді. Оның ішінде 5 жиналысқа аудан әкімі және орынбасарлары қатысты. Бұдан басқа 15 жиналыс көше тұрғындарымен өтті.

    2015 жылы округ әкімінің 119 шешімі шығарылып,   118 өкім негізгі қызмет бойынша, 73 өкім жеке құрам бойынша қабылданды. Округ әкімінің атына 2015 жылы барлығы 815 өтініштер мен шағым-сұраныстар келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштермен шағым сұраныстар бойынша өз уақытында жауаптар берілді.  Өткен жылға есеп беру жиналыстарында округ әкімі атына 2 ұсыныс түсіп, айтылған ұсыныстар толығымен орындалды.

     Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Шелек ауылдық округі бойынша тұрғындар арасынан 127 адам қоғамдастық өкілі ретінде сайланған. Олардың ішінен 15 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылып, қауымдастық мүшелері Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылға арналған бюджеттік жоспарын бекітіп және қолма-қол есеп айырысу шотына түсетін түсімдердің жалпы көлемін болжап және түскен қаржыны жұмсау көздерін анықтады.

     Біздің ендігі міндетіміз ұзақ мерзімге бағытталған «Қазақстан 2050 стратегиясын», Елбасының жаңа және тың серпінді «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын орындауға өз үлесімізді қосу. Елбасының, облыс және аудан әкімдерінің алға қойған міндеттері біздің ауылдық округіте өз шешімін табады деп сендіруге рұқсат етіңіздер. Оған бізде толық мүмкіндіктер бар.

    Ең бастысы, ауылда халықтың бірлігін, достығымен ынтымағын нығайтуға және экономикасы мен мәдениетін дамытуға бірлесіп күш салуымыз керек.

    Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8926165
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
69327
0
69327
8844303
164166
187110
8926165

Сіздің ІР: 35.173.234.140
Қазір: 2019-11-18 22:31:09
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру