Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСаймасай а/о«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы
№ 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде Саймасай ауылдық округі әкімінің 2018
жылғы 01 маусымдағы № 26 «Н» өкімімен құрылған жұмыс тобы, құрамында:
жұмыс тобының жетекшісі Н.А. Абай, жұмыс тобының мүшелері Б. Нурсалимов,
Б.Д.Жайнакова «аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және
құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «аппараттың
ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша округ әкімі аппаратына қатысты
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – ағымдағы жылдың бірінші
жартыжылдығы.
Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей нормативтік
құқықтық актілер қарастырылды:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,
Заңдары, Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29
желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді
рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары»,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазанындағы №568 қаулысымен
беітілген «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және
олардың күшін жою қағидалары», Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015
жылғы 18 желтоқсанындағы № 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды
тұлғаларды өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министірінің 2017 жылғы 22 желтоқсанындағы № 144 бұйрығымен
бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың
және құжаттама басқарудың үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы № 144 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, Қазақстан
Республикасы Қаржы Министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы № 540
бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесі», Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11
желтоқсанындағы №648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидалары, «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкім аппаратының лауазымды
тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды
тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға
ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге
әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен
нормалардың болуы анықталған жоқ.
Округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,
басшымен аффилирленген
қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты
жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде
округ әкімі аппараты қызметкерлерінің штаттық саны 15 Соның ішіде әкімшілік
мемлекеттік қызметшілер 8 Қызметкерлердің бір-біріне туыстық қатынасы
анықталмады. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ. Топтық ауысу болмаған және мүдделердің
қақтығысы тірмелмеген. Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер біліктілік
талаптарға сай.
Округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша қызмет
көрсетеді. Олар: жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру /8
өтініш түскен/; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру /өтініш
түспеген/; елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру /3 өтініш түскен/;
өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру /өтініш түспеген/; мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу
/өтініш
түспеген/;
сауда саттық (конкурсатрды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу /5 өтініш түскен/;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберүшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа
дейінгі) балаларды кезекке қою /өтініш түспеген/.
Мекемеде қызмет берушілерге мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен
регламенттері, өтініш бланкілерінін үлгілері арнайы стендте ілінген. Әр мемлекеттік
қызмет түріне мамандар бекітілген және бұл сала бойынша жүргізілген жұмыстары
үнемі бақылауда. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтерге
қатысты мәліметтер мен ақпараттар мерзімді баспасөз беттерінде және Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігінің ресми сайтында жариялануда. Округ әкімі аппаратының
ғимаратында Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталына шығу
мүмкіндігі бар өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған.
Есепті мерзім ішінде ауыл әкімімен 21 шешім және 41 өкім қабылданды. Соның
ішінде 17 өкім жеке құрам, 27 өкім негізгі қызмет бойынша. Өткен мерзім ішінде
жеке тұлғалардан 30 өтініш түсті, заңды тұлғалардан өтініш түспеген. Сыбайлас
жемқорлыққа байланысты өтініштер түспеген. Округ әкімінің жеке мәселелер
бойынша қабылдауында 41 адам болды. Өтініштер уақтылы және сапалы қаралуда.
Келіп түскен өтініштер уақытымен ЕУОЛ автоматтандырылған жүйесінде тіркеледі.
Прокурорлық қадағалау актілері округ әкімінің аппаратына түспеген.
Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі ҚР заңнамалардың талаптарына сәйкес
жоспарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы
№ 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында
бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған.
Жоғарыда аталған негізінде, жұмыс тобы «Саймасай ауылдық округ әкімі
аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына ішкі
талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы
қорытынды жасады.
Ұсыныс: Аппарат қызметкерлерінің кәсіби дайындығы деңгейін арттыру.
Саймасай ауылдық округі
әкімінің орынбасары Н. Абай
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы Б. Нұрсалимов
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы Б. Жайнакова
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9098288
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
75610
0
75610
8914439
75610
260679
9098288

Сіздің ІР: 3.94.129.211
Қазір: 2019-12-08 06:38:16
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру