Саймасай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №21 «Н»
өкімімен құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысы
бойынша мемлекеттік қызмет жүйесін толық жетілдіру жұмыстарын атқарды.
Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей мемлекеттік
қызметтер көрсетілді.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі бойынша – 8 қызмет
көрсетілді.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі
бойынша - қызмет көрсетілмеген.
- Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру қызметі бойынша
–қызмет көрсетілмеген.
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру қызметі бойынша – қызмет көрсетілмеген.
- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату қызметі
бойынша- қызмет көрсетілмеген.
- Сауда саттықты (конкурсатрды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі бойынша – 1
қызмет көрсетілді.
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою қызметі бойынша- қызмет
көрсетілмеген.
Есепті мерзім кезінде ауыл әкімімен 15 шешім және 28 өкімі қабылданды.
Оның ішінде 7 өкім жеке құрам, 6 өкім азаматтық жеке құрам, 15 өкім негізгі
қызмет бойынша, жеке тұлғалардан 26 өтініш түсіп, заңды тұлғалардан өтініш
түспеді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты өтініштер тіркелген жоқ. Өтініш
қарау мерзімі бұзылмаған. Келіп түскен өтініштер уақытымен веб-еуол
программасына енгізіліп, аудандық әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз
ету және бақылау бөліміне айлық, тоқсандық есептер уақытылы тапсырылып
отырады.
Прокурорлық қадағалау актілері округ әкімінің аппаратына түспеген.
Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі Қазақстан Республикасының
заңнамалардың талаптарына сәйкес жоспарға сай жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы
№986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында
бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған.
Жоғарыда аталған негізінде, жұмыс тобы «Саймасай ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша ішкі талдау
жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытынды
жасады.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар, құқықтық оқулар өткізуді
ұсынамыз.
Саймасай ауылдық округі
әкімінің орынбасары Д.Тулебаева
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы –
салық жөніндегі инспекторы
Б. Нұрсалимов
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы
Б. Жайнакова