Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚорам а/оЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 2019-2021 жылдарға

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 2019-2021 жылдарға

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                   ҚОРАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ________________

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

___ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ______

(аудан және облыс атауы)

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Қорам ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған Даму бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл, кент, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Қорам ауылдық округі 1930 жылдары құрылды;

- 01.01.2019 жылға көсеткіш бойынша халық саны 7030 адам;

- округкке қарасты 1 ауыл, оның ішінде Қорам ауылы;

- ауылдық округтің жалпы ауданы – 16201 га;

- жергілікті қауымдастық жиналысының құрылған уақыты – 16 сәуір 2014 жыл. Өкілетілік мерзім уақыты – 5 жыл;

- жергілікті қауымдастық мүшелерінің саны – 33 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қорам ауылдық округін дамуы

Қорам ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл тұрғындарына және жақын жердегі елді мекендер тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін көзделген.

Халық саны 1 қаңтар 2019 жылға 7030 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 5 – ЖШС, ЖШҚ - 174, 1 – өндірістік кооператив, сонымен қатар 73 – жеке кәсіпкерлер тіркелген.

Жеке шаруа қожалықтарының негізгі айналысатыны – егіншілік және мал шаруашылығы.

Салық түсімдері және бюджет игерілуі

         2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округтің бюджетіне 16 млн. 639 мың теңге түсті. Оның ішінде: 302 мың теңге – мүлік салығы, 835 мың теңге – жер салығы, 11 млн. 463 мың теңге – көлік салығы, сондай-ақ 4 млн. 39 мың теңге – жеке табыс салығы.

           Шығыс бойынша 2018 жылға 29 732 мың.теңге бөлініп 29 723 мың. теңге игерілген, немесе 99,97% құрайды.

         Өнеркәсіп

         Ауылдық округ өнеркәсібінің даму патенциалы бар, алайда қазіргі таңда экономикасын дамытудың басым саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Алайда, дамыған ауыл шаруашылығы саласы есебінен 2020-2021 жылдары ауылдық округінің аумағында "ФениксФрутс" компаниясы табиғи шырындар өндіру зауытын салуды жоспарлауда.

Кәсіпорынның қуаты жылына 5000 литр шырын құрайды. Сонымен қатар, кәсіпорын 7400 тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр. Маусымдық жұмыстар кезінде жұмыс орындары жергілікті халықтың 2000 адам санын құрайды, ал тұрақты жұмыс орындары – 350 адам. Зауыттың құрылыс есебінен ауылдық округтің салық базасы өседі, жергілікті халықтың әл-ауқаты жақсарады, округтің әлеуметтік мәселелері шешіледі.

         Ауыл шаруашылығы

         Ауылдық округтің жалпы ауданы 16201 га құрайды, оның ішінде: 9989 га елді мекеннің жері, 6212 га ауыл шаруашылығына арналған жері . Ауыл шаруашылығы жер құрылымында: егістік жер барлығы 2846 га (2846 га – суармалы жер), 238 га – шабындық және 3123 га – жайылым.

         Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы саласын тиімді дамыту үшін, 61 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның ішінде: 1 бірлік – комбайн, 28 бірлік – тракторлар және 32 бірлік – басқа да өздігінен жүретін ауылшаруашылық және жол құрылысы машиналары.

         Ауылдық округ аумағында өсімтал бақты отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2017-2018 жылдарда «ЖетысуБактары» ЖШС 80 га өсімтал бақ отырғызды. Жегілікті тұрғындардан 30 адам жұмысқа орналастырылды. По 2018 жылдың қорытындысы бойынша округ аумағында бақтардың жалпы ауданы 1840 га құрады.

         Ауылдық округте бау-бақша шаруашылығын дамытудан басқа, дәнді дақылдар (бидай, жүгері), майлы дақылдар (соя), сондай-ақ көпжылдық шөптер сияқты дәстүрлі ауылшаруашылық дақылдары дамуда.

Ауылдық округтің ірі ауыл шаруашылық өнім өндірушісі болып ЖШҚ «Алға» және ЖШҚ «Исабай» табылады. Аталған жеке шаруа қожалықтары дәндік жүгері және соя өсіреді. өнімдерін ішкі рынокта да, сондай-ақ шет елдерге экспорттайды.

         Қолдағы жайылымдық алқаптар, сондай-ақ жемдік база ауылдық округі мал шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді.

01.01.2019 жылға мал басы саны: ІҚМ – 5130 бас (оның ішінде аналық бас – 1954 бас), ҰМ – 15997 бас, жылқы – 729 бас, құстардың барлық түрі – 8996 бас.

         Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдау мал шаруашылығы саласын дамытуға оң серпін берді. Ауылдық округтің тұрғындары, сондай-ақ шаруа қожалықтары мал шаруашылығына көп көңіл бөле бастады. Соңғы уақытта мал бордақылау алаңдары құрыла бастады. Ауылдық округ бойынша соңғы уақыттарда ұсақ қосалқы шаруашылық етті бағыттағы ІҚМ өсіру бойынша жұмыс істейді. Округтің азықтық базасы өзінде, сондай-ақ көршілес округтерде тұтынылады.

         Кіші және орта кәсіпкерлік.

Ауылдық округ аумағында 5 – ЖШС, ЖШҚ - 174, 1 – өндірістік кооператив, сонымен қатар 73 – жеке кәсіпкерлер тіркелген оларда 760 адам жұмыс атқарады, олардың жалпы қызмет көрсету саласы бойынша объектілерінің саны – 6 бірлік, оларда 8 адам жұмыс істейді (сауда).

Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен болашақта шағын және орта бизнесті дамыту жоғары әлеуетке ие болады. Сауда және қызмет көрсету объектілерін ашу, салық базасының көлемін ұлғайтады және жаңа жұмыс орындарын құрады.

         Демография және жұмыспен қамту.

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша ауылдық округтің жалпы халық саны

7030 адам құрады. Жалпы халық санының 50,6% немесе 3557 адам ер адамдар, ал 49,4% немесе 3473 адам әйелдер саны.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы саны 2018 жылғы

есебінен 3613 адамды құрады, оның ішінде: жұмыспен қамтылғандар – 3427 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1376 адам, жұмыссыздар саны – 186 адам немесе 5,1% құрайды.

Ауылдық округ басшылығы аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Инфрақұрылым

Қорам ауылдық округтің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 10,9 км

құрайды. Орталықтандырылған. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 9 км. Сумен жабдықтау жүйесінің тозуы 60% - ды құрайды. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуі – 100%. Сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салуды жүргізу талап етіледі.

Ауылдық округі бойынша электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 117

км. құрайды. ЭТЖ тозуы -70% - ды құрайды. 33 дана КТП/ТК бар. Халыққа электр берумен іркілістер жоқ.

Почта бөлімшелері бар. Стационарлық.

Ауылдық округтіңауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 42,52 км құрайды, оның ішінде қатты жабынмен – 14,43 км. жолдардың жай-күйі келесідей: 16 км немесе 37,65% жақсы күйде, 18 км немесе 42,3% қанағаттанарлық жағдайда және 8,52 шақырымы немесе 20% - ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Ауылдық округтің жолдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін өткізуді талап етеді.

         Білім беру

         Ауылдық округі бойынша балалардың жалпы саны 1791, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 501 бала. Округте 1 мектеп 1989 жылы салынған қуаттылығы 1100 орындық, оқушы саны 1179 оқушы 2 аусымда оқиды. 2016 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық техникалық базасы жаңартылды.

         Округ мектебінде 16 интерактивті тақта, 1 мультимедиялық, 1 химия, 1 биология, 1 физика кабинеттері және 32 компьютермен жабдықталған, орташа санақпен 1 компьютерге 37 оқушы тиеді. Мектеп толықтай интернет желісіне қосылған.

Округте 3 жастан 6 жас аралығында 280 бала бар. Сонынмен қатар сыйымдылығы 140 орындық 1 балабақша бар, тәрбиеленуші саны 140 құрайды. Мектеп алды даярлық 75 оқушы. яғни 65 бала немесе 23% қамтылмаған.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округте 1970 жылы салынған 50 орындық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 2005 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы медициналық қызметкерлер саны – 13 адам, оның ішінде: 1 дәрігер, 12 орта медициналық персонал. Ғимарат бейімделген. Жаңа құрылыс талап етіледі.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округ аумағында бір ғана спорт залы бар, жалпы білім беретін мектепте. Жастарды спорттық өмір салтына және мәдени мұрасына тарту үшін спорт объектілерін және мәдени мекемелер салу, сондай-ақ демеушілер мен меценаттар тарту қажет. Округ бойынша мәдениет үйі және кітапхана жоқ.

Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысушылар округ бойынша – 2000 адам немесе 28,4% құрайды.

2.2 Мәселелер мен тәуекелдер

-         Ауылдың электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 117 км. оның 29,13 км ауыстыруды талап етеді. Талап етілетін сома – 150 млн. теңге;

-         Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 10,9 км құрайды. Тозуы 60% астамды құрайды. 1,9 км қайта жаңарту және күрделі жөндеуді талап етіледі. Қажетті сома – 25 млн. теңге;

-         Ауылдың ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 42,52 км құрайды, оның ішінде бірде-бір көше жарықтандырылмаған. Ұзындығы 42,52 км көшені жарықтандыруды орнату талап етіледі. Қажетті сома – 150 млн. теңге;

-         Ауылдың ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 42,52 км құрайды, оның ішінде өңірлік стандарттар жүйесіне - 14,43 км. сәйкес келеді. Қалған 28,09 км өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді және жөндеуді талап етеді. Қажетті сома 220 млн. теңге;

-         Ауылға сомасы 30 млн. теңгеге учаскелік полиция пунктін салу қажет;

-         200 млн.тенге сомаға дәрігерлік амбулаторияның құрылысын (ғимараты бейімделген) салу 2021 жылға салу жоспарда.
III. ҚОРАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2019-2021жылдарға

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
1.1 Қорам ауылдық дәрігерлік амбулаториясын құрылысы - 200 000,0 - 2021
II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2.1 Абаттандыру және көгалдандыру Орындалған жұмыстар актісі 1 250,0 ЖБ 2019 жыл қаңтар-желтоқсан
2.2 Санитариясын қамтамасыз ету Орындалған жұмыстар актісі 600,0 ЖБ 2019 жыл қаңтар-желтоқсан
III. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
3.1 Мәдени-бұқаралық шараларды өткізу, спорттық және туристік іс-шаралар - талап етілмейді - жыл сайын
IV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
4.1 Қорам ауылы жолдарын ағымды жөндеу Орындалған жұмыстар актісі 21 000,0 ЖБ 2019 жыл
V.БАСҚАЛАР
5.1 КОБ дамытуға жәрдемдесу, ауыл шаруашылығы - талап етілмейді - жыл сайын

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Қорам ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8490336
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84741
0
84741
8393060
167670
254380
8490336

Сіздің ІР: 3.226.243.130
Қазір: 2019-09-16 06:33:03
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру