Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚорам а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесің 2019 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.
 
 «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің
2019 жылдың I-ші жартыжылдығы  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізудің нәтижелері туралы анықтама
Қорам ауылы 20 маусым 2019 жыл
Кіріс бөлімі
Қорам ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 маусымдағы  «Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №   20   өкіміне сәйкес Қорам ауылдық округі
әкімінің аппаратында (әрі қарай – Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2019 жылдың 1-ші жартыжылдық мерзімін қамтиды.
Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12
қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүргізеді.
Ережеге сәйкес аппарат миссиясы Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылдық
округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Филиал қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және
заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,
сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоғарыда аталған кадрлардың тұрақтамаушылығы сыбайлас жемқорлыққа
ықпал етуді туғызуы мүмкін, себебі кадрлардың жиі ауысуы және аталған бағыттағы
тиісті тәжірбиенің жоқтығы әр түрлі әкімшілік кедергілерге әкеліп соғады.
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша
Штаттық кестеге сәйкес 2019 жылдың 01 сәуірі бойынша аппараттағы жалпы
мемлекеттік қызметшілер саны 8 бірлікті құрайды, аталған бірліктер кадрмен
толықтырылған. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды
атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген
адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының
Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының
депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың,
ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы
органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың,
сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар
болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік
емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол
бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге
қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу
мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты
пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін
орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы
баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды
басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді. Осы баптың 1-
тармағында
аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді
қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға
(лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың
мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып
табылады.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын бұзу
орын алған жоқ.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдансын,
сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары
жүргізілсін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша
Ағымдағы кезеңде аппараттағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің жалпы
саны – 7 (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7
жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру, жеке қосалқы
шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру, елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін
беру, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, бұрын жер пайдалануға
берілген жер учаскесін жекеменшікке сату, жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын қатаң түрде сақтау,
сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетн қызмет мәселелері бойынша аппарат
қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Тікелей байланыс тәуекелі.
Талдау барысында басым көпшілік мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз
нысанында көрсетілетіндіктен мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысында
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орын алу тәуекелі бар.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де мәселелер.
Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның талаптары бұзылғандығы анықталды.
Аталған заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес заңда белгiленген тәртiппен берiлген
өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
2019 жылдың өткен кезеңі бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған
мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы тиісті
түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Корытынды бөлім
Ұсыным:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдансын,
сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары
жүргізілсін;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын қатаң түрде сақтау,
сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша аппарат
қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы тиісті
түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
4) «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бір
айдың ішінде ішкі талдау анықтамасында көрсетілген ұсынымдарды орындау
бойынша орындалу мерзімі, жауапты орындаушылар және Еңбекшіқазақ аудандық
әкімдігіне жоспарды орындау барысы туралы аралық ақпарат жіберу мерзімі
көрсетілген тиісті жоспар әзірленсін. (Ұсынымдарды орындау мерзімі 6 (алты) айдан
аспауы тиіс.
Қорам ауылдық округі әкімінің
орынбасары С.Қошатаев.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8492224
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
86629
0
86629
8393060
169558
254380
8492224

Сіздің ІР: 35.173.47.43
Қазір: 2019-09-16 12:44:46
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру