Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚорам а/оҚорам ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.

Қорам ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Қорам ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 20 қарашада №44 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2017 жылдың 12 айы бойынша.

         Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2016 жылғы   15 тамыздағы № 815  қаулысымен бекітілген «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.

          «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

                 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, округ аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағытта ішкі талдау жүргізілді.

Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  заңы зерделенді.

          Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

Аппараттың штат саны -8 мемлекеттік қызметкер. 2017 жылдың 12 ай  ішінде жұмыстан босатылғандар: жоқ.

Ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

          2017 жылы ауылдық округ әкім аппаратына әр түрлі деңгейде тексеріс жүргізілді. Кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ҚР Президентінің 2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшіліріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жаза қолданылғандар: Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ысқақтың 2017 жылғы 23 қарашадағы № 289-к өкімі негізінде Қорам ауылдық округінің әкімі Т.Еменбаевқа қызметтік тәртіпті бұзғаны және елеулі түрдегі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін  «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту жарияланды;

1). Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының  2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-20460-17-01843 ұсынымын орындау мақсатында орын алған кемшіліктер тексеру барысында жойылды.

2).Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының  2017 жылғы 01 тамыздағы № 2-20403-17-03853 наразылығын орындау бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.

3).Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевтың 21-ші қыркүйектегі №75-03-08/2315 хаты бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.

Ұсыныстар назарға алынып, кемшіліктер жойылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы.

         Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

           Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.

           Ауылдық округ әкімі 7 (жеті) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
  2.  «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 0.
  3.  «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 171
  4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 2
    1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
    2.    «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 5
    3. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатыққа (конкурстарда, аукциондарда) алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

       Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

Ұсыныс: ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық сайтта, БАҚ-та, әлеуметтік желіде жариялап отыру.

Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі барысындағы басқа да сұрақтар.

            Ауылдық округ әкіміне2017 жылдың 29-шы желтоқсанына дейін жеке тұлғалардан - 173өтініш қаралды. Заңды тұлғалардан - өтініш келіп түскен жоқ.

Келіп түскен өтініштер бойынша:

          ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

          Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық бөліміне ұсынылады.

         Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Осыған орай, ауылдық округ әкімі Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.

Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

2017 жылғы 01 желтоқсанында Аудандық «Еңбекшіқазақ»  газетінде «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік корпорация және Электронды Үкімет» веб – порталы арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру жарияланды.

2017 жылдың 22-ші желтоқандағы № 52 аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне ауылдық округ аумағындағы Қорам ауылының 5 көше атауларын өзгерту туралы хабарлама жарияланды.

Қорам орта мектебінің мәжіліс залында мектеп ұжымы, жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен  «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты тақырыптарында семинарлар, «Дөңелек стөлдер» өтіп тұрады.

Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарын халыққа қолжетімді және көзжетімді етіп ашық түрде түсіндіру мақсатында және  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру мақсатында, заманауи технологияларды игеруде, кезек күту залына мемлекеттік қызмет көрсету туралы бейне жазба роликтерімен, интернетпен, стөлдермен жабдықтау бойынша қосымша қаражат көздері қарастырылса.

Қорытынды:

          Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп отыратындығын хабарлаймыз.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлеккеттік қызметкерлер және мемлекеттік мекемелер арасында тиісті шаралар (жүлделі  конкурстар) жиі өткізіліп тұру және жауапкершілікті күшейту қажет.

 Округ әкімі                                                Т.Еменбаев

орындаған: С.Қошатаев

тел: 8(72776)7-63-80

эл.почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8311616
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
93255
0
93255
8205826
243330
235379
8311616

Сіздің ІР: 100.24.209.47
Қазір: 2019-08-26 07:33:58
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру