
Нұрмаханов Ертай Сұлтанәліұлының
ӨМІРБАЯНЫ
1976 жылы 31 шілдеде Алматы облысы, Шелек ауданы Қаражота ауылында
туылдым. 1983-1993 жылы Шелек ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті
бітірдім. Білімім жоғарғы.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Султан» фирмасындағы маркетинг
жөніндегі маман болып 1999 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істедім. 1999
жылдың желтоқсан айынан бастап 2003 жылдың ақпан айына дейін шаруа қожалығы
басшысының көмекшісі болдым. 2003-2012 жылдар аралықта Қаражота селолық
округі бойынша Статистика басқармасының жетекші маманы, Қаражота селолық
округінің әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс атқардым, 2013 жылдың 1
қазанынан 2017 жылдың 08 тамызына дейін Шелек ауылдық округі әкімінің
орынбасары қызметін атқардым. 2017 жылдың 08 тамызынан осы уақытқа дейін
Масақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарудамын.
Отбасы жағдайым үйленгенмін, екі қыз тәрбиелеп отырмын.