Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыКөктөбе а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Көктөбе ауылдық округінің  әкімі  Б.Джасыбаевтың

2017 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму және атқарылған жұмыстары мен 2018 жылға қойылған міндеттері туралы

округ тұрғындарының алдындағы

ЕСЕБІ

                                                                   

Құрметті Көктөбе ауылдық округі тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығына сәйкес, Республикадағы барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру жиналыстары басталды. Бұл қадам қоғамды одан әрі демократияландыру, әкімдердің  халық алдындағы  толық жауапкершілігі мен  ашық түрдегі есептілігін арттыру және  халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту үшін жасалып отыр.

Округіміздің әр сала бойынша даму көрсеткіштері туралы сандық мәліметтерді алдарыңыздағы слайдтан көріп отыруларыңызға болады.

Округ аумағында төрт елді мекен – Көктөбе, Қызылжар, Төле би, Алмалы ауылдарында – 15 ұлт өкілдерінен құралған (Шаруашық есеп кітабы бойынша) – (01.01.2017 - 14 800) 14 848 адам тұрады. Көктөбе ауылында – 4225, Қызылжар - 4513, Алмалы - 3162,Төле би – 2948 жетіп отыр. Жалпы аула саны - 2605, Көктөбе ауылында – 813, Қызылжар - 755, Алмалы - 522, Төле би - 515.

Салық Кодексінде жүргізілген өзгеістерге байланысты 2017 жылға жоспар белгіленіп, мүлік және жер салығы жиналынбады. Салық берешегі ғана жиналды.

Бөліңген қаржы

Көктөбе ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында округ бюджетіне 24 млн. 408 мың теңге бөлініп жұмсалды.

Жергілікті өзін өзі басқару органдарына 2017 жылы жергілікті бюджеттен 4 млн. 477 мың теңге трансферт бөлінді. Сонымен бірге 2016 жылдан үнемделген 1 млн. 879 мың теңге өтті. Осы бөлінген қаражаттар толығымен игерілді.

          Былтырғы жылы қолма-қол бақылау шотыннан Көктөбе және Қызылжар ауылының орталық көшелерін жарықтандыруға жалпы 2 млн. 960 мың теңге бөлініп, баға ұсыныс жолымен «Ансар-Құрылыс» ЖШС-мен келісім –шарт жасалып, Көктөбе ауылының Сейфуллин көшесіне 25, Қызылжар ауылының Жамбыл және Естемесов көшелері арасындағы жолға 16 түнгі шамжарық тіреулерін орнату жұмыстары жұргізілуде.

          Көктөбе ауылының Сейфуллин және Нурманбетов көшелерін ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

          2017 жылы Көктөбе селолық округіне қарасты Қызылжар ауылының көшелерімен өтетін арналарды тазалауға және көпірлерді жөндеуге 1 млн. 211 мың теңге қолма-қол бақылау шотыннан бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Бокина көшесінде 1 көпір, Есенбай көшесінде 1, Амангелді көшесінде 2 көпір жөндеуден өтті.

Көктөбе ауылдық округінің қоғамдық жерлерге 20 металлды қоқыс жәшіктерін орнатуға 226 мың теңге жұмсалды.

2018 жылы әкім аппаратымен жиналатын салық түрлерінің жоспары қарастырылу үстінде. Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасының 98-қадамына сәйкес 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті құрылды. Атап айтсақ жалпы округке 95 млн. 666 мың теңге кірістер жоспарланған. Оның ішінде салық түсімдерінен 29 млн. 907 мың теңге, ал 65 млн. 759 мың теңге жергілікті бюджеттен түсетін трансферттер.

-          округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында округ бюджетіне 25 млн. 7 мың теңге бөлінді;

-          мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және медициналық көмек ұйымдастыруға 37 млн. 9 мың теңге;

-          елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 2 млн. 100 мың теңге;

-     санитарлық тазалауға 200 мың теңге;

-          жерлеу орындарын күтіп баптау және туыстары жоқ адамдарды жерлеуге 150 мың теңге;

-          елді мекендерді абаттандыру және көгаландыруға 2 млн.теңге;

-          аудандық маңызы барқалаларда, ауылдарда, кенттерде,ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 13 млн. теңге;

-          «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 16 млн. 200 мың теңге;

-          2018 жылы Көктөбе ауылының орталық Сейфуллин көшесін орталау жөндеуге 78 млн. 110 мың теңге бөлінді.

-          Көгалдандыру және абаттандыру

-          Бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғау, тазалық, көгалдандыру мәселесі қашан да маңызды. Біз өз ортамызды ластай отырып, өзіміздің денсаулығымызға зиян келтіріп отырғанымызды түсінеміз алайда, сол қадамға саналы түрде барамыз. Тазалық -денсаулық кепілі екенін естен шығармайық. Осы мәселе бойынша заң талаптары күшейген. Бұдан кейін санитарлық нормаларды бұзғандар үшін айып-пұл төлеуге тура келеді, және ол аз мөлшерде емес.

-                          Төле би ауылының тұрғыны Төремуратов Алмат ЖК «Тазалық» ашып, Көктөбе аулының 300, Қызылжар ауылының 80, Алмалы 160 және Төле би ауылының 300 үй иелерімен қоқыс шығаруға келісім-шартқа отырды. Бұл жалпы округ бойынша 32 пайызды құрайды. Биылғы жылы осы жұмыстар жалғасын таппақ. Округ бойынша жыл басынан бері жалпы 2000 тонна қоқыс шығарылды

Салық түсімі

Салық Кодексінде жүргізілген өзгеістерге байланысты 2017 жылға жоспар белгіленіп, мүлік және жер салығы жиналынбады. Салық берешегі ғана жиналды.

         Аталуы          2017 ж болжам

     2017 ж түскен

     салық   түсімі

Жер салығы - 104302          (берешек)         297,6
Мүлік салығы - 104102          (берешек)         393,0
Көлік салығы - 104402                    15160,8                  27868,6

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Селолық округіміздің экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы.

Округ аумағының барлық жер көлемі - 6800 га.

- оның ішінде елді мекеннің орны және босалқы жерлер: 480 га;

- ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер жалпы: 6320 га. Оның ішінде

2153 га- сурмалы егістік.;

52 га –тәліми егістік;

555 га-көпжылдық алмабақ.;

47 г-.жүзімдік;

2970 га-жайлым.;

250 га шабындық жер бар.

Округ бойынша жер үлесі негізінде 760 шаруа қожалығы құрылған. Шаруа қожалықтары негізінен көкөніс, жеміс-жидек, алмабақ, жүзім, күнбағыс, картоп, жүгері т. б. ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен айналысады.

Есепті кезеңде шаруа қожалықтары бойынша 225 га жерге себілген дәнді дақылдан - 65900 центнер, 578 га дәндік жүгеріден - 40510 ц, 172 га күнбағыстан - 92200 ц, 197 га картоптан - 29550 ц, 80 га көкөністен-86136 центнер өнім жиналды.Округіміздегі шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі жерлерін толығымен игеріп , мол өнім алуда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Жекелеген шаруа қожалықтары соңғы 3-4 жылда 178 га жерге өз қаражаттарымен ескі алмабақтың орнына жаңалап «Золотое превосходное», «Старкремсон», «Айдарлет», т.б. алма ағаштарының тұқымдарын отырғызып өсіруде. Атап айтқанда, өткен 2017 жылы шаруа қожалықтары Ганиев А - 5 га, Алимжанов Т -4 га, Камалов Р -1,5 га,Лазгиев М-1 га, Айвазов Т-1 га, Чеченгаринов Т-2 га, Османов К - 3 га жерге өз қаражаттарына жалпы 20 млн тенгенің 13750 түп жаңа алма көшеттерін алып отырғызды.Бүгінгі күнде 11 шаруа қожалығы ағымдағы жылы 22 га жерге 20500 түп алма көшетін отырғызу үшін лицензиясы бар жылыжаймен келісім шартқа отырды. Өткен жылы мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 25 ұсақ шаруа қожалығы 1 млн 684 мың тенгенің 39 тонна тыңайтқышын алды. Өздеріңізге белгі ҚР Президентінің 2017 ж 14 Ақпандағы № 420 жарлығымен бекітілген «ҚР-ның Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекетттік» бағдарламасының басты мақсаты Нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету болса, осы мақсаттың негізінде Ауылшаруашылық саласы бойынша мемлекет сегіз міндет жүктеп отыр. Атап айтқанда

1. Ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту.

2. Ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту.

3. Мемлекетттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану.

4. Су ресурстарын,

5. Жер ресурстарын тиімді пайдалану.

6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру.

7. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

8. Ғылыми технологиялық, кадрлық және ақпараттық маркетингтік қамтамасыз ету.

Округ аумағында бүгінгі күнде бағдарламаның осы міндеттері аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталар болсақ мысалы Басшысы Исаева Салтанаттың басқаруымен құрылған «аль- Баракат» шаруа қожалығы ұсақ шаруа қожалықтарының жерлерін колемі 21,6 га жерлерін сатып алып біріктіріп, осы көлемге тамшылатып суғару әдісімен ағымдағы жылы жас алмабақ көшетін отырғызу үшін жалпы көлемі 152 млн(жерлерді сатып алуымен қосқанда) тенгенің қаражатын салып бүгінгі күнде дайындық жұмысын жүргізуде.

«Есік шарап зауыты» АҚ мекемесінің Көктөбе ауылдық округінде 487,6 га. жерлері бар. Оның барлығы бұрын жүзім алқаптары болатын. Бүгінгі күнде бұл кәсіпорын округтегі негізгі жұмыс бағытын жүзім өсіруден алмабақ өсіруге өзгертіп «Алма Иссык» ЖШС болып қайта құрылып отыр. Атап айтқанда 15 гектары ғана пайдаланудағы жүзімдік, 2009 жылдан бастап 65 гектар жерде көгалдандыруға қажетті көпжылдық сәндік ағаштардың көшеттері (питомник) отырғызылып өсірілуде, қалған 324,6 гектары ескі жүзім алқаптары игерілмей қорыс болып жатқан, соңғы (2016-2017жж) жылдары оның 170 гектар жері қопарылып тегістелінді.Биылғы жылы 20 гектарына көпжылдық алмабақ көшетін отырғызуды, 30 га жерге біржылдық жем дақылдарын (жүгері, жоңышқа) егуді жоспарлап отыр. Қалған 120 гектар жерге жылма-жыл көкөніс, дәнді дақылдар сеуіп алдағы 2023 жылға қарай жас алмабақ көшетін отырғызуға дайындалуда.

Бағдарламадағы жер ресурстарын тиімді пайдалануға келетін болсақ округ аумағындағы ауылшаруашылық мақсатына арналған шаруа қожалықтарының жерлерін толық игерту және тиімді пайдалану мақсатында тексеру жүргізіліп, 2013 жылы игерілмей жатқан –(«Есік шарап зауыты» АҚ-ын қоспағанда) 270 га көп жылдық алма бақ, жүзімдік алқаптары мен суармалы егістік жерлер анықталған. 2014 жылы оның 24 гектары игерілсе, 2015 жылы қосымша 30 гектары, 2016 жылы қосымша 30 га, 2017 жылы 40 га жер игерілді. Жерді өз мақсатында толығымен игеруде әліде кемшіліктер бар. Атап айтқанда «Қызылжар» ӨК-нен жер үлесін алып шаруа қожалығын құрған 90 адамға берілген 146 га жер оның ішінде 57 гектар жүзімдік алқабы толық игерілмей қараусыз қалғандықтан қарағаш, арамшөп басып кеткен. Ал Төле би ауылына келетін болсақ бұрынғы кеншардың 3-бөлімшесі жерлерінде құрылған шаруа қожалықтар өз үлестерін толық пайдалануда ,игерілмей жатқан жерлер мүлдем жоқ. Шаруалар негізінен алмабақ, таңқұрай. құлпынай т.б.өсірумен айналысады.

Осы мақсатта игерілмей жатқан егістік және жайлым жерлерді мемлекетке қайтару үшін 21 адамға берілген 263 га жайлым жер туралы 2017 ж 05.16 күні Аудандық прокурор Т Ш Иманбаевқа №01-49-359 ұсыныс хат жолданса.ҚР Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облыстық аумақтық жер инспекциясының Мемлекеттік Бас инспекторы А Жолдогутовтың сұрау хатына байланысты, 2017 ж 10.25 күні Аудандық АШ бөліміне игерілмей жатқан 26 шаруа қожалығына тиесілі 18,80 га жерге шара көру үшін ұсыныс хат жолданды.

Сондай ақ «Апорт» бағдарламасы бойынша «Алиев » шаруа қожалығы басшысы Алиев Акумдар 2011 жылы 10,5 га жерге Апорт алмасының көшетін отырғызып, жыл сайын күтіп баптауға қаржылай субсидия алып отыр. Округ бойынша ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларда көкөніс, алма-алмұрт сақтайтын 5-10 тонналық 50-ге жуық қоймада 2235 тонна өнім сақталынып,бүгінгі күнде тұтынымға сауда-саттыққа шығарылып отыр.

Өткен қыркүйек, қазан, айларында облыстық және аудандық деңгейде өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне шаруа қожалықтарының басшылары атап айтқанда Дулаев Бинал, Михреева Зульфия тұрақты түрде қатысып, өз өнімдерін арзан бағада сатып, 8 млн тенге көлемінде табыс тапты. Округте ауыл шаруашылық саласын дамытуда озық технологияны қолдану (тамшылатып суғару), өндірілген өнімдерді қайта өңдеуден өткізу, өнімдерді сақтау қоймаларын салу үшін мемлекет тарапынан қаржы салатын инвесторлар қажет. Жер көлемі аз ұсақ шаруа қожалықтарына қысқа мерзімді, төменгі пайызбен берілетін несие үшін жеңілдіктер қарастырылса, оң шешімін табатыны сөзсіз.

Көктөбе селолық округінде аудандық мал дәрігерлік станциясының 3 дәрігері жұмыс атқарады.

2018 жылға міндеттер:

Ауылшаруашылық бағытындағы салық төлеушілерді толығымен анықтау;

Егістік алқаптарын толық игерту жұмыстарын жалғастыру;

Мал шаруашылығы бойынша.

Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ірі-қара малдары жайылатын ортақ пайдаланудағы арнайы белгіленген жайлым жердің көлемі 2197 гектар жерді құрайды. Мал басының саны соңғы жылдары қарқынды өсуде.

Округ бойынша өткен жылмен салыстырғанда мал басының саны Ірі-қара -2912 бас болып 9 пайызға, қой-ешкі - 6162 бас 22 %-ға, Жылқы 600 бас 27 %-ға артып отыр.

Есепті мерзімінде ветеринарлық биопрепараттарға республикалық бюджеттен 2 млн. 438 мың теңге, жергілікті бюджеттерінен 226 340 теңге бөлініп, казіргі таңда ол қаражат толық игерілді. Ірі қара малдар сарып, туберкулезге тексеріліп сібір жарасы, аусыл, пастеррелез және қарасан ауруларына, ұсақ малдар сарып ауруына тексеріліп, сібір жарасы мен аусылға вакцина толық егілді. Жылқы малдарына сібір жарасына қарсы егілді.

Өткен 2017 жылы мал басын көбейту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау» Қоры арқылы округ бойынша 4 азамат 16 млн. 500 мың теңге, 2 азамат 14 млн. теңге «Ырыс» несиелік серіктестігі арқылы несие алып кәсіптерін дамытуда.

Округімізде мал тұқымын асылдандырып, көбейту және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын Алимжанов Тілек Сакенұлы басқаратын «Алимжанов» шаруа қожалығын ерекше айтуға болады. Бұл шаруашылық 2000 жылы бұрынғы «Самал» өндірістік кооперативінің негізінде құрылып бүгінгі күнде сүт өндіру бағытында жақсы табыстарға қол жеткізіп отыр. Бүгінгі күнде шаруашылықта 788 бас ірі қара оның ішінде 348 бас сауын сиыр, 491 бас тана-торпақ бағылуда. Мұнда сүт өндіру жүйелі жолға қойылып, соңғы озық үлгідегі «Ёлочка» сиыр сауатын қондырғымен жабдықталған. Америкалық «Таурус-Сервис» компаниясымен 17 жыл бірлесіп жұмыс істегеннің нәтижесінде «Голштин» асыл тұқымы енгізілді. Бүгінгі күнде келісім –шарт бойынша ТОО «Danon Berkut»ЖШС-не 1638,6 тонна сүт өткізіп отыр. Шаруа қожалығы 2017 жылы 186 гектарға –сүрлемдік жүгері, 30,7 га-соя, 140,2 га-жоңышқа, 60 гектарға-дәндік жүгері сеуіп, мал азығына қажетті 340 тн-шөп, 3801,5 тн-сүрлем, 1159 тн-сүрленген шөп,253 тн дәндік жүгері, 33 тн соя, 583 тн-жем дайындалып қысқы мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізуде.Өкен 2017 жылы «Алимжанов » ШҚ Мемлекет тарапынан сүт өндіруге берілетін субсидия 28138,7 тың тенге , Арзандатылған бағамен 40 тонна Тыңайтқыш -6840 мың тенгеге, Тұқым сатып алуға 6685 мың тенге,ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн тенге несие алып отыр. Шаруашылықта 50 адам тұрақты жұмыс ітейді. Орташа айлық жалақысы 87711 тенгені құрайды.

Биылғы жылы Көктөбе ауылдық округі елді мекендері тұрғындардың ортақ пайдаланудағы 1087 га.жайылым телімдерін жерге орналастыру жобаларын дайындау жұмыстары жүргізіліп құжаттары рәсімделуде.

Өнеркәсіп

Төле би ауылында орналасқан округміздегі ірі кәсіпорын «Альтаир» ӨК 2017 жылы 2 млн. 837 мың кірпіш, 6310 м3 бетон бұйымдарын, 10 млн. 833 мың темір бетон аралас бұйымдарын өндірді. Кәсіпорын 137 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жеке кәсіпкер Ломанов (инвестиция көлемі - 22 млн. тенге) Алмалы ауылындағы бұрынғы жеміс жүзім сақтайтын қойманың сыйымдылығы 400-450т. бір бөлігін қалпына келтіріп, іске қосты. 2015 жылы іске қосылған бұл қоймада алма, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз сақталып, ауыл тұрғындарына төмен бағада сатылымға шығарылуда.

Шағын және орта бизнес

Елбасы былтырғы Жолдауында: «Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру» керектігін баса айтқан болатын.

Округімізде шағын кәсіпкерлік бойынша: 42 сауда дүкені (жұмыспен 48 адамды қамтылған.), 5 тойхана, 1 қонақ үй, 2 автокөлік жуу, 3 техникалық қызмет көрсету орны, 1 жанар май бекеті, 1 ұялы телефон жөндеу орны мен 6 жихаз жасайтын цехтар (15 адам жұмыспен қамтылған) халыққа түрлі қызмет көрсетуде.

Округ бойынша 3 сплиттерлік кірпіш, 1 пеноблок және 5 пластикалық терезе шығаратын цех жұмыс істейді.

Биылғы жылы Кулькеев Ербол - жол бойында қызмет көрсету кешені (инвестиция көлемі 60 млн. теңге) және Аббасов Ильгам – кафе, құрылыс жабдықтарын сататын сауда нысанының құрылысын бастамақ.

                                                                                Инфрақұрылым

        Алмалы ауылының кәріз жүйесі 2013 жылдың сәуір айында аудандық Әділет басқармасында иесіз мүлік ретінде тіркеліп, сот шешімімен мемлекеттің меншігіне алынды. Осының нәтижесінде округіміздегі Алмалы ауылының екі қабатты 11 тұрғын үйдің, мектеп және бұрынғы шарап зауытының кәріз жүйесін қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының жобалау сметалық құжаттарына 10 млн. 23 мың теңге бөлінген болатын. Көп жылдар бойы бұл түйінді мәселе болып кележатқан проблема биыл шешімін тауып бюджеттен 2018 жылы 177 млн. 566 мың теңге бөлініп Алмалы ауылының кәріз жүйесінің құрылысы және күрделі жөндеуі басталмақ.

         

Білім беру саласы бойынша

Округ аумағында 4 орта мектепте жалпы 2614 оқушы білім алуда. Оның ішінде: Көктөбе орта мектебінде - 739 оқушы,   О.Жандосов орта мектебінде – 822 оқушы, И. Шорманов орта мектебінде – 587, Төле би орта мектебінде – 466 оқушы тәрбие алуда.   Округ бойынша 2 балабақшада - 195 бала тәрбиеленуде.«Айгөлек» балабақшасында - 140 бала, «Бөбек» балабақшасында – 55 бала

2017 жылғы Біріңғай Ұлттық Тестілеу қорытындысы:

Көктөбе орта мектебі:

2016 жылы 8 оқушы, 92,5 баллға тапсырды

2017 жылы 5 оқушы, 87,2 баллға тапсырды

О. Жандосов орта мектебі:              

2016 жылы 12 оқушы, 94,7 баллға тапсырды

2017 жылы 13 оқушы, 86,8 баллға тапсырды

Төле би орта мектебі:                        

2016 жылы 7 оқушы, 86,4 баллға тапсырды

2017 жылы 2 оқушы, 82,5 баллға тапсырды

И. Шорманов орта мектебі:             

2016 жылы 6 оқушы, 85 баллға тапсырды

2017 жылы 21 оқушы, 87,2 баллға тапсырды

Биылғы оқу жылында: мектеп бітірушілер жалпы – 88 бала болса, Көктөбе орта мектебінен мектеп бітірушілер 33, оның 13-і, О.Жандосов орта мектебінен 25 оқушының 25-і, Төле би орта мектебінен 17 оқушы, И.Шорманов орта мектебінен 13 оқушының 12-сі, барлығы 50 оқушы ҰБТ-ге барғалы отыр.

Қазіргі күнде Көктөбе округі бойынша мектепке дейінгі балалар саны – 1809. Оның ішінде 3-6 жастағы балалар саны – 1154. Бүгінгі күнде мектепке дейінгі біліммен округ бойынша 604 бала.. Оның ішінде:

Көктөбе ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында 140 бала,

Қызылжар ауылындағы «Бөбек» балабақшасында 55 бала

округ мектептерінде мектепке дейінгі біліммен жалпы 409 бала қамтылған.

Биылғы 2018

СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ

Егеменді еліміздің келешегі үшін салауатты өмір салтын насихаттау округ көлеміндегі ауыл жастарынан жас мөлшері 18 жастан жоғары азаматтарын бұқаралық спортпен қамтуды арттыру мақсатында арнайы бекітілген жоспарға сәйкес,апта сайын оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп,спорттық сауықтыру сабақтары өтуде. Әкім аппаратының спорт жөніндегі нұсқаушысы мен округ мектептерінің дене пәнінің мұғалімдері бірлесе бірнеше спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, аудандық жарыстарға үнемі қатысып отырады.

Аудандық футбол Лигасына округ атынан 2 команда қатысып, Дидар Қарабекұлының жетекшілігіндегі «Әлімжан» командасы 6 орынды, Ырысбаев Жанұзақтың жетекшілігіндегі «Альтаир» командасы 3 орынды иеленді.

Округ бойынша түрлі спорт секцияларында жастар спорт түрлерімен шұғылданады. Атап айтсақ: Алмалы ауылында еркін күрестен Қ. Пармановтың бапкерлігімен 45 бала үйірмеге қатысады, Дидар Қарабекұлының бапкерлігімен футболға 60 бала, Қ.Аманбаевтың бапкерлігімен шаңғыдан 20 бала, Төле би орта мектебінде Ж.Лазгиевтың бапкерлігімен еркін күрестен 30 бала қатысуда, М.Қаһармановтың бапкерлігімен волейболдан 20 бала, Д. Омарбековтың бапкерлігімен футболдан 15 бала, З.Давришованың бапкерлігімен баскетболдан 20 бала бапкерлеріміз мектеп оқушылары мен ауыл жастарын спортқа баулауда.

Былтыр 2005-2007 жылғы спортшылар (жасөспірімдер мен жастар) арасында Республикалық еркін күрестен бас жүлдені Төле би орта мектебінің 5 - сынып оқушысы Айвазов Рамазан иеленсе, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Станислав Балтабекұлы Тынысбековтың жүлдесіне арналған ХХVI Республикалықашық турнирде 1 орынды Қызылжар ауылының тұрғыны Қабылда Рамазан жеңімпаз болды.

Былтырғы жылы Көктөбе орта мектебінде мекеме қызметкерлері арасында 18-29 жас аралығында волейболдан жарыс өткізілді. Жүлделі 1орынды Төлеби орта мектебі иеленсе, 2 орынды О.Жандосов мектебі иеленді, 3орынды И.Шорманов мектебі алды, жеңімпаздар мақтау қағазы, медаль, алғыс хатпен марапатталды. Қызылжар ауылында 2017 жылы Марат Қосжановтың бапкерлігімен кикбоксинг үйірмесі ашылды.

Төле би ауылының оң түстік жағында Қартабұлақ жазығында орналасқан балалар демалысына мамандырылған «Әшекей» туристік базасында 2017 жылдың жазғы маусымында Атырау, Ақтау және Алматы облысынан 600 бала демалды.

Денсаулық сақтау

Округімізде 3 дәрігерлік емханада және 1 фельдшерлік пункте 61 медицина саласының мамандары халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Олардың 10 – дәрігер маман, 33 – медбике, 4 фельдшер, 2-акушер, 12 техникалық қызметшілер.

2017 жылы Алмалы ауылының жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Көктөбе ауылында дәрігерлік амбулатория салуға жер телімі белгіленіп, жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жоспарлануда.

                      

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту

Округ бойынша мүгедектер саны – 364, төленген зейнетақы мөлшері 133 млн 947 мың 960 теңге, жасына байланысты зейнеткерлер саны – 1376 оларға 2017 жылы төленген зейнетақы мөлшері – 622 млн. 827 мың 156 теңгені, 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатындар 58 отбасы, 224 бала – 4 млн 458 мың 542 тенге, тұрғын үй көмегі 22 отбасына 792 мың 099 теңге төленді. Бір жылға отын сатып алу үшін мұғалімдер мен дәрігерлерге және әлеуметтік сала қызметкерлеріне 377 адамға 4 млн. 277 мың 065 теңге төленді, 10 мүгедек балаларды үйде оқыту үшін 389 822 тенге, Туберкулезбен ауыратын 5 азаматқа – 215 555 теңге қаржы жұмсалды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 6 отбасы қатысып 1 млн. 247 мың теңге көмек алды.

19–Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген ауған соғысының ардагерлері бар, оларға - 3 млн 424 мың 608 теңге төленді.

64 - еңбек ардагерлері бар оларға – 3 млн 711 мың 744 теңге төленді.

205 - Алтын және Күміс алқалы аналар бар. 2017 жылы 3 көп балалы ана 1 алтын алқа мен 2 күміс алқаға ұсынылды.

2017 жылы округіміз бойынша тұрмысы төмен 58 отбасы тоқсан сайынғы жәрдемақыларын алып отырған болса, биылғы 2018 жылдан бастап мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады.

«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек   көрсетіледі. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік 2 түрге бөлінеді - шартсыз және шартты ақшалай көмек болып.

Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

          Шартты ақшалай көмек құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабі­летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін­детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбір азаматтар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығудың жолын табудағы ынталандыру болады.

Бұл мәселені уәкілетті мекеме мамандарының қатысуымен ауыл тұрғындары арасындағы жәрдемақы алушыларды үш мәрте жинап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қайырымдылық іс-шаралар .

1-Наурыз «Алғыс күні»   мерекесіне орай округ әкімшілігі ауылымыздың 4 тылда жұмыс істеген   ардагерімізбен, 25 тұрмысы төмен отбасына 1 кубтан отындай, 8-наурыз округіміздің   апа, әжелеріне дастархан мәзірі   мен кішігірім сый- сияпат көрсетті.

22-наурыз мейрамына кәсіпкерлерің демеушілігімен, мектеп ұжымының ұйымдастырумен,   әкім аппаратының қолдауымен   округіміздің әр ауылында ұлттық тағам наурыз көже пісіріліп, мейрамдық дастархан мәзірі жайылып, концерттік бағдарламалар көрсетіліп, ұлттық спорттық ойындардан жарыс   өткізілді .          

1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай бүлдіршіндерімізге округіміздің мектептерінде демеушілерімізбен, мектеп мұғалімдерінің ұйымдастырумен тегін балмұздақ пен тәтті конфеттер таратылды.

Ораза мерекесіне Төле би ауылының тұрғыны, кәсіпкер Чикаев тұрмысы төмен отбасыларына 200 қап ұндай және кәсіпкер демеушілеріміз Б.Майкеев пен Ғалым 40 отбасына азық түліктей көмек көрсетті.

Тамыз айының басында «Шұғыла» қоғамдық қоры ауыл тұрғындарына тегін киім кешек таратты.

30 тамыз «Ата Заң» мерекесіне ауылымыздың депутаты, кәсіпкер С.Кыркынбаев пен жеке кәсіпкер   Б. Сыдыков тұрмысы төмен отбасыларының балаларына мектепке керекті сумка, дәптер және т.б құрал жабдықтарын алып берді.

Құрбан айтқа ауылымыздың кәсіпкерлері мен демеушілері Чикаев Т, АлимжановТ, Мусаев С, Алмасұлы Т, Юсупов Д, Майкеев Б тұрмысы төмен отбасыларына мен зейнеткерлерімізге еттей және азық түлікпен көмектесті.

1- қазан «Қарттар күні» меркесіне әкім аппараты мен «Шұғыла» қоғамдық қоры ауылмыздың тұрмысы төмен зейнеткерлер мен жалғыз басты қарияларға отын және көмір түсіріп берді.

Тәуелсіздік мерекесіне ауылымыздың тұрғыны, ауыл тұрғыны Аманов Ерік өз ауылының тұрмысы төмен 3 отбасына көмірдей көмек көрсетті.

Округ бойынша жалпы 14848 адамының 7065 адамы экономикалық тұрғыда белсенді. Оның ішінде жалдамалы жұмыс істейтін, жеке кәсіппен айналысатын, мемлекеттік қызметте немесе оқып жатқан экономикалық белсенді халықтың бөлігі – 6874, өзін – өзі жұмыспен қамтыған адам – 2565, жұмыссыздар – 191, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 6 адам.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы бойынша:

1 - бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға округімізден 15 азамат қысқа мерзімді курстарға жолданды.

2 - бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры арқылы округ бойынша 4 азамат 16 млн. 500 мың теңге, 2 азамат 14 млн. теңге «Ырыс» несиелік серіктестігі арқылы несие алып кәсіптерін дамытуда. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасын таппақ.

3 - бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 30 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 3 жас маманды жастар практикасына жолданды.

Жастар саясаты

Бүгінде   округімізде 14-29 жас аралығындағы жастар саны -3457, оның ішінде әйелдер саны – 1731, ерлер саны - 1726 болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын және «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында жыл басынан бері арнайы жұмыс жоспары құрылып, іс – шаралар атқарылуда. 2017 жылына   3 акция, 9 мәдени іс-шара, 3 дөңгелек үстел, 2 салтанатты жиын, 3 байқаужәне 2 спорттық іс-шара өткізілді.

         2013 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы   көтерме жәрдем ақы мен тұрғын үй сатып алуға пайыссыз несие алған 20 жас бар және олар қазір өз саласы бойынша жұмыс атқаруда.(Көтерме жәрдем ақы 13, пайыссыз несие алған 7).

Жастар тәжірбиесі бойынша қазіргі уақытта 1 жас тәжірбиеден өтіп жатыр.

         «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша осы жылы 10 жас қабылданып ауыл тазалығына өз үлестерін қосты.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтылған «Туған жер» бағдарламасын қолдап округ жастары 250 – аса көшет ағаштарын отырғызды.

Округімізде өткен 2017 жылы «Дін және жастар»,«Жемқорлықсыз алға қадам басайық», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», «Ризашылық»,«Бір халақ, бір ел, бір тағдар», «Қайырымдылық», «Аман болсын, ауылымның қарттары»,«Ескерткіштерді қорғайық», «Отбасы – өмір аясы» атты мәдени – көпшілік іс шаралары өткізілді.

.

Қоғамдық-саяси жағдай

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу туралы ауыл имамдары мен ақсақалдар алқасының мүшелері өз тарапынан тұрғындар арасында үнемі түсінік жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде қоғамда орын алып жүрген жат пиғылдағы діни ағымдар округімізде жоқ. Бұл мәселе тиісті органдармен бірлесіп, біздің қатаң бақылауымызда. Округте Ақсақалдар Кеңесі, Әйелдер Кеңесі, Жастар Кеңесі қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды:

2018 жылға міндеттер:

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының орындалуы мақсатында жұмыстар ұйымдастырып, іске асыру;

Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру, қоғамдық-саяси жағдайларға талдау жасау;

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жұмыстарына жастарды кеңінен тарту;

Жергілікті басқару

Өздеріңізге белгілі, округінің тұрғындарынан түсетін ұсыныс, шағым және пікірлерге арналған екі жәшік бар.

Біреуі ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында, екіншісі Төле би ауылы Лазгиев көшесіндегі Төле би атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Өткен есепті мерзімде ешқандай өтініш түспеді.

Округ әкімі аппаратында штат бірліктеріне сәйкес, техникалық жұмысшылармен бірге 18 адам жұмыс істейді. Әкім аппаратында жыл басынан   өтініш қабылданып, қаралды. Оның ішінде:

-                     үстіміздегі жылы - 282 (2016 ж - 319) нәресте дүниеге келіп, 77 (2016 ж – 63) азаматымыз қайтыс болды, яғни табиғи өсім - 205

-                     Жалпы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер –263;

-                     заңды тұлғалардан – 2;

Округ әкімі аппаратына әр түрлі өтінішпен, арыз шағыммен келген ауыл тұрғындарының мәселелері заңдар аясында құзыретімізге сәйкес жауап беріліп шешілуде.

«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электронды үкімет» порталы арқылы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу».

2017 жылы жалпы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жыл басынан 36 өтініш қабылданып, онын 33 қанағаттандырылды. Сонымен қатар, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша 1 қызметті алушыға аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі, сұраныс жер телімі ауылдың бас жоспарына сәйкес, зираттың санитарлық-қорғау аймағында орналасқандығын негізге ала отырып,, қызмет көрсетуден бас тартты.

2 қызметті алушыға аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі, сұраныс жер телімі 2014 жылдың 19 желтоқсанында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының № 45-5 шешімімен бекітілген Көктөбе ауылының бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін қарастырылған негізге ала отырып, қызмет көрсетуден бас тартты.

          Көктөбе ауылдық округі  бойынша 2017 жылы әскерге 497 адам шақыртылып, округіміздің азаматтарына 100% хабарлама таратылып шақырту қағаздары берілді. Оның ішінде 57%-ы яғни  282-сі әскери медициналық комиссиядан өтті .  

Көктөбе ауылдық округі  бойынша 2017 жылы әскери есепке 94-ті  алынып,  12- сі шығарылды. 

Құрметті округ тұрғындары !

Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» деп, Елбасымыз айтпақшы еліміздің, оның ішінде округіміздің бүгiнi де, болашағы да өз қолымызда. Мiндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Олай болса, округтің жетiстiгi мен дамыту жолында қол ұшын беретіндеріңізге сенім білдіремін!          

Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. 2017 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Келген жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ бірлік пен береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

           

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9141322

Сіздің ІР: 3.95.131.208
Қазір: 2019-12-13 20:17:04
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру