Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасарының Есік қаласы
әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуелдерін анықтау
мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы келесі
мәселелерге талдау жүргізеді: кадрлардың ауысу, қызметкерлердің жұмыстан
шығу себептері, мемлекеттік органның басшылығымен бағынысты
адамдардың бірігуі, мемлекеттік қызметкерлердің мүдделер қақтығысы,
бірлесіп жұмыс істеген туыстарын анықтау, нормативтік-құқықтық
актілердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және т.б
Есік қаласы әкімінің аппаратында 10 әкімшілік мемлекеттік
қызметшілер жұмыс істейді. Өткен кезеңде (2019 жылдың III-ші тоқсаны
бойынша) теріс себептермен жұмыстан босатылған жоқ. Есік қаласы
әкімінің шығарған шешімдері мен өкімдерінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдері анықталған жоқ. Бірлесіп істеу немесе туыстарымен жұмыс
істеуге фактілері жоқ.
Азаматтардың өтініштері заңдар белгіленген мерзімде қаралады,
негізсіз бас тартулар, қосымша құжаттарды талап ету фактілері мерзімі
өткен өтініштер жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері ұлттық
біліктілік талаптарына сәйкес. Есік қаласы әкімінің аппаратында 6 (алты)
мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда:- Мектепке дейінгі
балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін)
жастағы балаларды кезекке қою;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке
сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Жасырын көрсетілген және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы
бойынша құқық бузушылықтар анақталған жоқ. Өткен кезеңде
азаматтардан сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шығымдар
мен өтініштер түскен жоқ. Бұл мемлекеттік қызмет түрін стандартқа сәйкес
ʺАзаматтарға арналған үкіметʺ МК коммерциялық www.egov.kz арқылы
алуға болады.
Бюджеттік қаражатты нысаналы игеру көлемінің ұлғаюына
байланысты, мемлекеттік сатып алуды жүргізу және коммуналдық меншік
объектілерді мәселелерді бойынша қосымша штаттардың бөлінуі қажет
деп есептеймыз.
Аппарат бойынша декларация белгіленген мерзімде өткізіледі және
бұзылуы туралы фактілер жоқ.
Есепті кезеңде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
шағымдар түскен жоқ.
Есік қаласының әкімі Б.Бименов