Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыЕсік қаласыӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Есік  қаласының  әкімі  

Бауыржан  Мыныханұлы  Бименовтың

2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы

қала тұрғындарының алдындағы

ЕСЕБІ

ОТЧЕТ

 акима города Есик 

Бименова Бауыржан  Мыныхановича

о проделанной работе перед жителями города

за  2015 год

Құрметті !

Аса қадірлі Есік қаласы әкімінің есеп беру жиналысына келген қала тұрғындары – депутаттар!

Уважаемые жители и депутаты присутствующие на отчетной встрече акима города!

            Құрметті қауым!

2015 жыл, біздің Қазақстандықтар үшін ерекше бір жыл болды. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын ел назарына ұсынды. Жолдау – халық пен елдің ең басты, көкейкесті және зәру мәселелеріне жауап беретін, маңызы жөнінен теңдессіз құжат.

Мемлекет басшысы басты мақсатты айқындады – ол Отанымыз Қазақстанды бақытты да өркендеген халқы бар Мәңгілік Елге айналдыру, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру, бай да қуатты елдермен теңесу.

Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарына кірген егемен ұлттық экономика ретінде, дүниежүзілік ұлттар отбасының толыққанды қатысушысы болған мемлекет ретінде орнықты. Біз бүкіл тарихымызда болмаған табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік.

Президент Н.Ә.Назарбаев «қазіргі кезде жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қатерлер ұштасқан шиеленісті де ауыр кезең туып отыр», деп атап көрсетті. «Жаһандық дағдарыс – тек қауіп қана емес, бұл жаңа мүмкіндіктер». Яғни, біздің қол жеткен табыстарымыздың сынға түсетін уақыты және қазақстандық мемлекеттікті нығайтатын уақыт туып отырғанын айтты.

Елбасы Осынау жауапты кезеңде бірлікті сақтау қажет, «біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидатын ұстана отырып, ел игілігіне тер төге еңбек ету керек екендігін айта отырып, дағдарысты еңсеру жөніндегі тұтас іс-қимыл стратегиясын – Бес нақты іс-шарадан құралған дағдарысқа қарсы тұру және алдын алу стратегиясын айқындады.

Халқымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрақты да гүлденген Қазақстан құруға, қуатты мемлекет, дамыған экономика және салиқалы әлеуметтік саясат негізінде болашағы біртұтас ұлт құруға бағытталған дәйекті саяси бағдарын терең және объективті түрде көрсете отырып, міндеттер қойды.

Біз бүгінгі Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру Қазақстан дамуының көлемді ілгерілеуі үшін мүмкіндік болады деп сенеміз және Жолдауды орындау – бұл Отанымыздың әр патриотының азаматтық парызы, жауапкершілігі және ар-ожданы екендігіне сенімдіміз.

Адамзат тарихында ең елеулі оқиғаларымен есте қалып қой жылы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихына айналып барады.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының – 550 жылдығын, Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерекелерін атап өттік.

Сондықтан, құрметті қала тұрғындары!

Бүгін, Сіздердің алдарыңызда 2013 жылдың 15 тамыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау үшін, өзімнің  2015 жылы  атқарылған жұмыстар туралы есебімді бастауға  рұқсат етіңіздер.

Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне негіз қалауы тиіс болып отырған әкімшілік реформа - атқарушы органдардың халықпен барынша тығыз жұмыс істеуі, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасына сәйкес жергілікті мәселелерді ауылдық деңгейде шешуге мүмкіндік берген болатын. Реформаға сәйкес Есік қаласы бойынша алдын ала бекітілген кестеге сәйкес 2015 жылы 4 жиын өткізілді. Тұрақты өкіл ретінде сайланған 19 адамның қатысуымен бюджеттік бағдарламаны талқылау, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің қалыптастыруын және пайдалануын талқылау және жергілікті қоғамдастықтың белгілеген жергілікті маңызы бар басқада сұрақтары қаралды.

Олай  болса біріншіден:

Есік қаласының салық саласы бойынша түсімдері

Мемлекет кірісінің тұрақтылығы салық әкімшілігі мәселесімен тығыз байланысты екенін өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты салық төлемеуге және салықтың төленбеуіне байланысты жиналып қалған алымдардың көбеюіне жол берілмеуіне бақылау жасау бұл реттегі жұмыстың басым бағыты болып табылады. Салық әкімшілігінің осы мақсаттағы тиімді тетіктерінің бірі осындай төленбеген салықтарды қайтару үшін дер кезінде барлық шараларды қолдану қажет.

2015 жылы жеке тұлғалардан -жер салығы 3 млн. 566 мың 800 теңгеге, жеке тұлғалардан алынған жылжымайтын мүлік салығы 7 млн. 023 мың 500  теңгеге, жеке тұлғалардан жиналған автокөлік салығы  81 млн. 382 мың 600 теңгеге және жеке табыс салығы 76 млн. 929 мың 937 теңгеге орындалды. 

Есік қаласы әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне 4 млн. 419 мың 834 теңге қаражат түскен болатын.

Налоговые поступления.

Стабильность дохода в целом зависит от налоговых систем. В связи с этим, надо вести целенаправленную системную работу с неплательщиками и должниками, чтобы не дать возможности увеличиться им. Налоговой системе необходимо принять все меры контроля с целью возврата всех непогашенных финансовых долгов.

2015 году  по городу Есик поступления налогов от физических  лиц - по земельному налогообложению на 3 млн. 566 тысяч 800 тенге, по сбору налогов с недвижимости на 7 млн. 023 тысяч 500 тенге, по сбору налогов с автотранспорта на 81 млн. 382 тысяч 600 тенге, и по сбору индивидуального подоходного налога с физических лиц на 76 млн. 929 тысяч 937 тенге исполнено.

На контрольный счет наличности аппарата акима города Есик поступило 4 млн. 419 тысяч 834 тенге.

Шағын кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша

Өздеріңізге белгілі өңірдің экономикалық дамуының негізгі дәстүрі индустриялдық-инновацианың  артуы болып табылады. Бүгінгі күні ірі жобалармен  қатар, шағын және орта бизнеске де үлкен көңіл бөлінуде.

Осыған орай, қаламызда және орта бизнестегі субъектілер 3880 бірлікті құрады, оның ішінде сауда нысандары – 3135, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары – 275, қағамдық тамақтандыру нысандары -110, 351 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  және 7 өндірістік кооперативі қызмет атқаруда. Ал бүгінгі күні Есік қаласы бойынша 3506 жеке кәсіпкерлер табысты еңбек етіп халықты жұмыспен қамтып отыр.

Есік қаласы бойынша ең ірі  сүт және сүт өнімдерін өндіретін «Фуд Мастер» акционерлік қоғамының 2015 жылғы өндірілген өнімі 8 млрд. 307 млн. 911 мың теңгені құрады. Ал жол жөндеу, құрылыс және абаттандыру жұмыстарын жүргізуші «ДСУ-13» акционерлік қоғамының атқарылған қызмет көлемі  440 млн. 051 мың тенгені құрап отыр. Сонымен қатар, тігін өнімдерін шығаратын «Арлан-777» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіннің  2015 жылы өндірген өнім көлемі  49 млн. 181 мың тенгені құрады. Жалпы Есік қаласы бойынша бүгінгі күнде бюджетке қомақты қаржы түсуін сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Резина», «Акмарал» және тағы да сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін де атап өтуге болады.

Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасының  Еңбекшіқазақ ауданының филиалы өз қызметін атқаруда. Есепті кезеңде менеджмент бойынша - 55 кәсіпкерге; маркетинг бойынша –90; IP-мамандар бойынша – 31, бухгалтерлік есеп және салық заңдылығы бойынша – 75 кәсіпкерлерге оқу-әдістемелік көмектер көрсетілді және 2 кәсіпкердің 500 млн. және 18 млн. 500 мың теңгеге бизнес жоспарларының жобасы қабылданып, 49 млн. теңгеге 5 бизнес жоспар қаралуда.

Бүгінде Есік қаласы бойынша 5 наубайханалар жұмыс атқаруда. Жалпы нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 1 сұрыпты  ұн беріледі. Осы орайда  біздің наубайханалар барлығы 370 тонна ұнды Шымалған станциясында орналасқан «АзияАгроФуд» кәсіпорынынан алған болатын. Аталған жеке кәсіпкерлер әкімдікпен бекітілген мемарандумға сәйкес кейбір сауда орындарына нанды 50-55 теңгеге ұсынуда.

Биылғы жылы қаламыздың халқын қосымша жұмыспен қамтитын «Еуразия», «Алтын Адам» атты мейраханалар ашылып, табысты қызмет атқарып келеді.   Сонымен қатар, «Даму» қорының қолдауымен 17 жұмыс орнын қамтитын, жылына 440 тонна форель өндіретін Есік қаласында «Алтын Есік» форельдік шаруашылығының құрылысы жүргізілуде. Жалпы инвестициясы 325 млн. теңгені қамтып отыр,оның ішінде 120 млн. теңгесі «Даму» қорынан жұмсалып отыр.

Предпринимательство и промышленность

На сегодняшний день большое внимание уделяется не только крупным проектам, но и субъектам малого и среднего бизнеса, что по городу  составляет 3880 единиц, из них объекты торговли-3135, объекты бытового обслуживания-275, объекты общепита-110, товарищество с ограниченной ответственностью-351, а также 7 производственных кооперативов.  На сегодняшний день по городу Есик 3506 частных предпринимателей вносящие значительные поступления налогов обеспечивают население трудоустройством.

По городу Есик самое крупное предприятие по производству молочной продукции акционерное  общество  «Фуд Мастер» за   2015 год  произвели объем продукции  на 8 млрд. 307 млн. 911 тыс.тенге.

Акционерным обществом «ДСУ-13» за 2015 год произведен ремонт на 440 млн. 051 тыс. тенге. А также ТОО «Арлан 777»,который занимается пошивом одежды, за период  2015 года произвели объем валовой продукции на  49 млн. 181 тыс. тенге. На ряду с этим  по городу Есик вносящие значительные поступления налогов и обеспечиващие население трудоустройством являются такие организации, как ТОО«Резина», ТОО «Акмарал».

Филиал Енбекшиказахского района Палаты предпринимателей за отчетный период оказали услуги по менеджменту 55, по маркетингу  90, по IP-специалистам 31, по бухгалтерской отчетности и налогового законодательства 75 и по бизнес планам предпринимателей одоброна 2 проекта на сумму 500 млн. и 18 млн. 500 тыс., также рассмотриваются 5 бизнес планов на сумму 49 млн-ов тенге.

На сегодняшний день по городу действуют 5 хлебопекарни. В целях регулирования цен  на основной продукт –хлеб, из государственного фонда  предусмотрено выделение муки 1-го сорта по сниженным ценам. В этой связи,  наши  хлебопекарни получили 370 тонн муки от компании «АзияАгрофуд» со станции Чемолган. В соответствии с подписанным меморандумом с акиматом, частные предприниматели предлагают торговым точкам реализацию хлеба по 50-55 тенге.

В текущем году в городе открылись рестораны «Евразия» и «Алтын Адам», что создают дополнительные рабочие места. Также при поддержке Фонда «Даму» строится форелевое хозяйство на 17 рабочих мест полной мощностью 440 тонн форелей в год, с общей суммой затрат 325 млн.тенге, из них 120 млн. тенге через фонд «Даму».

Ветеринария саласы

Есік қаласында шаруа қожалықтары тіркелмесе де, қала тұрғындарының аулаларында  700-ге жуық ірі қара мал, 60 жылқы, 1500 ұсақ мал, 300-ге тарта шошқа, 6000 құстар өсірілуде. Осы көлемдегі малдың беретін өнімдері қала тұрғындарының біразын қамтамасыз етіп отыр.

Бүгінгі күнге дейін бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық зерттеу 700 ірі-қара малға, 1500 ұсақ малға, 60 жылқыға, 300 шошқаға жасалды, сонымен қатар, аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық егу  жұмыстары жүргізілді.

700 бас ірі-қара, 1500 бас ұсақ мал, 55 бас жылқы, 300 бас шошқа бірдейлендіріп (идентификация), деректер қорына енгізілді. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 137  ветеринариялық анықтамалар берілді.

Жыл басынан бері 800 ит жойылды. Бүгінгі күні Есік қаласы бойынша аурулардың алдын-алу үшін ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізілуде, сонымен қатар иттер мен мысықтарды облыстық Мәслихаттың шешіміне  сәйкес ветеринарлық төлқұжат беру және тіркеу жұмыстары іске асырылып келеді.

Ветеринария.

По городу Есик крестьянских хозяйств не зарегистрировано, у жителей в подворье насчитывается около 700 голов крупного  рогатого скота, 60 голов лошадей,  1500 голов мелкого рогатого скота, 300 голов свиней, 6000 домашних птиц. Часть жителей города обеспечивается данной продукцией.

На сегодняшний день проведены диагностические исследования против бруцеллеза 700 КРС, 1500 МРС, 60 лошадям, 300 свиньям. Наряду с этим проведены профилактические мероприятия против особо опасных инфекционных заболеваний животных.

Идентифицированы 700 голов крупного рогатого скота, 1500 голов мелкого  рогатогоскота, лошадей 60 голов, а так же 300 голов свиней.

С начала года было выдано 137 ветеринарных справок.  На ряду с этим произведена работа по  отлову собак и кошек в количестве -800.

В настоящее время по городу Есик проводится ветеринарно-профилактические мероприятия, направленные на предотвращение возникновения, распространения болезней, а так же  регистрации собак и кошек, т.е выдача ветеринарного паспорта – документа, установленного решением областного Маслихата.

Сумен қамтамасыз ету  

Есік қаласы бойынша жеке тұрғын үйлер саны – 5979 құрайды, сонымен қатар  109 көпқабатты үйлер яғни  2918 пәтерлер бар.

Есік қаласы бойынша ауыз су құбырының жалпы ұзындығы 130,2 шақырымды құрайды, 1961 жылы салынып, пайдалынуға берілген. Ауыз су құбырының пайдаланушысы аудан әкімдігіне қарайтын «Есік су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады. Абоненттік көрсеткіш саны 8350 тұрғын үй. Есік қаласында ұзындығы 12 км. құрайтын  1-канал, ұзындығы 9 км. құрайтын 4 арық, 111 гидранттар, 7 консерватталған  скважина, 170 құдықтар, 9 су бүркегіштер, 517 кәріз құдықтар бар. Жалпы қаламыз бойынша кәріз ұзындығы 51,1 км. құрайды.

Фильтрлік резервуар станциясында 1000 куб су болса, тәулігіне 9290 куб су өткізіліп отырылады.

Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген, жаңа фильтрлік станцияның құрылысы үстіміздегі жылы басталады деп жоспарлануда.

Обеспечение водой.

По городу Есик насчитывается частных дворов-5979, 109 многоэтажных домов, в которых имеется 2918 квартир.

Протяженность водопроводных сетей составляет 130,2 км, который был построен и сдан в эксплуатацию в 1961 году. Обеспечением питьевой водой занимается Государственное коммунальное предприятие «Есик Су кубыры». Абонентский показатель – 8350 жилых домов.

В городе Есик имеется 12-й километровый один канал, протяженностью 9 км 4 арыка, 111 гидрантов, 7 консервированных скважин, 170 колодцев, 9-ь колонок, 517 канализационные колодцы. Всего по городу  канализационная  сеть составляет  51,1 км.

На фильтровальной станции в резервуарах имеется 1000 кубов воды, суточная пропускаемость 9290 кубов питьевой воды.

Для новой фильтровальной станции ПСД разработано, в текущем году планируется строительство.

Жол жөндеу және аббаттандыру саласы 

Қала бойынша 161 көше, оның ішінде 4,5 шақырымды құрайтын 1 көше Республикалық, 22,6 шақырымды құрайтын 8 облыстық маңыздағы көшелер. Қала ішіндегі көшелердің ұзындығы- 114,85 км, оның ішінде грунттық-5,16 км., гравер-45,9 км., асфальт-63,7 км.

Үстіміздегі жылы көлемі 45340,81 шаршы метр 48 көше 120 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті.

Алдағы 2016 жылға Есік қаласындағы көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 150 млн. теңгеге бюджеттік сұраныс берілді.

2015 жылы 138 жол белгілер және 142 жол белгілеріне арналған сүйеу орнатылды.

Қала аумағында бүгінгі күні күл-қоқыс шығарумен «Бақыт и К» жеке кәсіпорны айналысуда. Жыл басынан қала бойынша көктемдік-күздік санитарлық тазалық сенбілік кезінде 12900 тонна күл-қоқыстар шығарылды. Сәйкесінше 2015 жылы аталған кәсіпорынға, санитарлық тазалау және жасыл желектерді безендіруге – 8  млн. 500 мың теңге қаржы бөлінген болатын. 1 млн. 790 мың теңге соммаға 10 күл-қоқыстарға арналған алаң орналастырылды.

2015 жылы 1 млн. 200 мың теңгеге ескерткіштер ағымдағы жөндеуден өткізілді.  Ықшам аудандарда балаларға арналған 8 ойын алаңын салу үшін 4 млн. 900 мың теңге қаражат бөлінген болатын, бүгінгі күні алаң толық аяқталып, қолданысқа берілді.

2015 жылы Әуезов көшесін толығымен абаттандыру үшін 4 млн. 500 мың теңге қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттама жұмыстары жасалды. 2016 жылға абаттандыру жұмысы үшін 173 млн. теңге бөлінді. 

Благоустройство и ремонт  дорог

В городе Есик 161 улиц, из них 4,5 км одна улица Республиканского и 22,6 км восемь улиц областного значения. Протяженность улиц  составляет 114,85 км., из них  грунтовые-5,16 км., гравий-45,9 км., асфальтированные- 63,7 км.

В текущем году на 48 улицах произведен текущий ремонт на сумму 120 млн. тенге, протяженность улиц  составляет 45340,81 км.

В 2015 году установлено 138 дорожных знаков и 142 штуки опоры для знаков.

По городу Есик по вывозу мусора занимается частное предприятие «Бақыт и К 2012». С начало года по проведению весенне-осенних субботников вывезено 12900 тонн мусора. Названному предприятию в 2015 году для санитарной очистки,  благоустройства и озеленения выделено 8 млн. 500 тыс.тенге. Установлены 10 мусорных площадок на сумму 1 млн. 790 тысяч тенге.

2015 году проведен текущий ремонт памятников на сумму 1 млн. 200 тыс.тенге. В микрорайонах города установлены 8 (восемь) детских площадок на сумму 4 млн.900 тысяч тенге.

Для разработки ПСД на благоустройство ул.Ауэзова выделено 4 млн. 500 тыс тенге, на 2016 год для благоустройства 173 млн.теңге.

Білім беру саласы

            Қала аумағында 5 орта білім беретін мектеп, 1 гимназия, 1 қазақ-түрік лицейі,  1 көмекші – мектеп интернаты, 1- нашар көретін балаларға арналған республикалық мектеп интернаты, сонымен қатар Есік гуманитарлық экономикалық колледжі, Жетісу заң колледжі, Есік техникалық колледжі және медициналық колледждері балалар мен жастарға білім беруде.

             Орта білім беретін мектептерде биылғы оқу жылында 514  мұғалімдер 6640 оқушыға білім беріп отыр. Бүгінгі күні  саяжайлардан 1543 оқушылар  күнделікті тасымалданады.

Қала бойынша жалпы 2658 колледж студенттері бар. Қаракемер Сонымен қатар, көмекші-мектеп интернатында 188 оқушы, көзі нашар көретін балаларға арналған интернатта 163 оқушы білім алуда.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша Есік қаласы аумағындағы орта мектепті бітірушілердің ұлттық біріңғай тестілеуден орташа көрсеткіші  81,7%, құрады, сондай-ақ 50 оқушы мемлекеттік және 3 оқушы халықаралық грантқа ие болды.Атап көрсететін болсақ: Абылай хан-80,9%, 7 оқушы мемлекеттік грант иелері, Р.Тоқатаев-77,7%, 4 оқушы мемлекеттік грант иелері, В.Терешкова-85,8%, 5 оқушы мемлекеттік және 1 оқушы халықаралық грант иелері, Райымбек батыр-81%, 5 оқушы мемлекеттік және 1 оқушы халықаралық грант иелері,  Қ.Сәтпаев-88 % 9 оқушы мемлекеттік және 1 оқушы халықаралық грант иелері және Қазақ-түрік лицейінде 20 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды. Қала бойынша «Алтын белгі» иелері 7.

Бүгінгі күні қаламызда 8 балабақша жұмыс істейді, оның ішінде 3-і мемлекеттік, «Шапағат» бала-бақшасы, 2015 жылы ашылуы болған 280 орындық «Айжан» бала-бақшасы және бұрынғы сәбилер үйі балабақша ғимаратына өзгертіліп, санаторлық типтегі «Аяла» бала-бақшасы қолданысқа берілді; мемлекеттің тапсырысы бойынша – 2 («Болашақ-2007», «Болашақ-2010»), 3-і жеке меншік, жалпы балабақшадағы бала саны – 1135, кезекте тұрған бала саны - 830, 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 1828. Жалпы Есік қаласы бойынша  мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 62% құрап отыр. Алдағы уақытта пайыз санын ұлғайту үшін жұмыстар атқарылатын болады.              

Сфера образования

            В городе 5 общеобразовательных школ, 1 гимназия, 1 казахско-турецкий лицей, 1 вспомогательная школа-интернат, 1 Республиканская школа интернат для детей с проблемами зрения. Также молодежь  обучаются в  Есикском гуманитарно-экономическом, Жетысуском юридическом, Есикском техническом и медицинском колледжах.

             В средних школах  на 2015-2016 учебный год 514 учителей дают знания 6640 ученикам города. 1543 ученикам ежедневно осуществляется подвоз к школам с дачных массивов    По итогам 2014-2015 учебные года средний балл по ЕНТ выпускников среднеобразовательных школ города Есик составляет 81,7%, а также 50 учеников получили государственный грант и 3 ученика международный грант. А именно: Абылай хан-80,9%, 7 государственных грантов, Токатаев-77,7%, 4 государственных грантов, Терешкова-85,8%, 6 государственных грантов и 1 международный грант, Райымбек -81%, 6 государственных грантов и 1 международный грант, Сатпаев-88%, 10 государственных грантов и 1 международный грант, Казахско-турецкий лицей – 20 государственных грантов. По городу Есик 7 обладателей «Алтын белгі».

На сегодняшний день действует 8 детских сада, из них  3 государственных (Шапағат, в 2015 году было открытие детского сада «Айжан» на 280 мест,а также реконструкция бывшего здания дома малютки под детский сад «Аяла» санаторного типа), 2 частных детских сада («Болашақ-2007», «Болашақ-2010») по государственному заказу, 3 частных. Общее количество детей в детских садах 1135 детей,  в очереди – 830 детей, в возрасте от 3 до 6 лет – 1828 детей. В общем, обеспечение детей до школьного возраста составляет 62%.  В будущем для обеспечение детей в детские сада будут проводиться соответствующие работы.

Денсаулық сақтау саласы

Бүгінгі күні Есік қаласында 310 орындық, тәулігіне 500 адам қабылдайтын аудандық аурухана өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта 689 адам жұмыс істейді, оның ішінде 140 дәрігер, 407 медициналық қызметкерлер және 142 техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ 110 орынға арналған перзентханада 251 қызметкер жұмыс істейді. Биыл қала бойынша 1089 сәби дүниеге келді, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 5% пайызға туу көрсеткіші ұлғайды.

Сонымен қатар, 540 орынға арналған 1-жүйке аурулар интернаты өз  жұмысын қарқынды атқарып келеді.

Туберкулез ауруына шалдыққандар арнайы тізімінде 26 азамат тіркеуге алынды. Аталған азаматтар мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмектермен, профилактикалық жұмыстармен қамтамасыздандырылып отыр.

Здравоохранение

В городе Есик  осуществляет свою работу райбольница на 310 мест, которая принимает  в день 500 больных. На данный момент 689 работников, из них 140 врачей, 407 медицинские работники и 142 технический  персонал.

 А так же в городе действует районный родильный дом на 110 мест, где трудятся 251 работников. В текущем году на свет появились 1089 детей, что показывает увелечение на 5%по сравнению с 2014 годом.

  В свою очередь, работу ведет психо-неврологический интернат на 540 мест. 

26 граждан состоят на учете в туб.диспансере, которых государство бесплатно обеспечивает лекарствами и профилактическими работами.

Прошли скрининг обследование: 14 тысяч 507  детей, из них выявлено 1923 (тысяча девятьсот двадцать три) больных; 14 тысяч 270 взрослых, из них  выявлено 285 (двести восемьдесят пять) больных.

Әлеуметтік сала  

Қала бойынша экономикалық белсенді халық саны 20100 адам яғни 51,3 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылғандар 19210 оның ішінде жалдамалы қызметкерлер 10294 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 8916, жұмыссыз халық саны 890 құрайды.

Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 207 азамат жүгінген болатын.  Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 6 азамат жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша:  әлеуметтік жұмыс орындарымен 23 адам қамтылған, аталған азаматтардың 20-ы келісім шарт мерзімі әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтап тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесімен 27 азамат жолдама алып, 19-ы жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 22 азамат кәсіптік оқытуға жолданды, оның ішінде 21-і оқуын аяқтап, 20-сы жұмысқа орналасты.  

Қала аймағы бойынша – зейнетақы және жәрдемақы алатындардың саны-12624,  жалпы берілген қаржы – 2 млрд. 983 млн. 076 мың 004 теңге, оның ішінде 3915 зейнеткерлер,  Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 11, мүгедектер – 943, көп балалы аналардың саны –  400. «Алтын алқа және Күміс алқалармен» марапаталғандар 281 ана.  

           Қазақстан Республикасының «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарына сәйкес әкім жанындағы арнайы комиссия құрылған. Комиссия мүшелері 2014 жылы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау  бойынша 34 отырыс өткізіп келесі ұсыныстары:

-          18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 134 отбасына, 432 балаға, 7 млн. 465 мың 191 теңге берілді.

-          Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балалардың ата-анасына берілетін жәрдемақы – 27 балаға, 897 мың 525  теңге.

-          Мемлекет тарапынан өздері жылытатын үйде тұратын әл-мұқтажы төмен (азаматтарға) отбасыларына берілетін тұрғын үй көмегі – 237 адамға, 8 млн. 155 мың 556 тенге мөлшерінде 2014 жылдан бастап  құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданатындығын  мәлімдеймін.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бағыты аясында 4 азамат 7 млн.  теңге көлемінде несие алды. Сонымен қатар, жастар тәжірибесінен өтуге 27 азаматқа жолдама берілді.

Социальная отрасль

Экономически активное население по городу Есик - 20100 человек, что составляет 51,3%. Трудоспособное население 19210 из них наемные работники 10294, самозанятые – 8916, безработные 890.

В текущем году 207 человек обратились  по программе «Дорожная карта-2020». По первому направлению данной программы в развитии  инфраструктуры и жилищно-коммунального хозяйства 6 граждан были трудоустроены. По третьему направлению - содействие в трудоустройстве через обучение и переселение в рамках потребности работодателя, трудоустроено  в социальную сферу: по молодежной практике направлены 27 человек,из них 19 трудоустроены. Также 22 человек были  направлены на профобучение, из них 21 завершили обучение, 20  человек трудоустроены.

По городу количество получающих пенсию и пособию – 12624, из них -3915 пенсионера, ветеранов Великой Отечественной войны-11, инвалидов -943, многодетных матерей - 400, общая сумма состовляет 2 млрд. 983 млн. 076 тыс. 004 теңге. Награждены медалями «Алтын алка», «Кумыс алка» -281матерей.Членами комиссии по назначению адресной социальной помощи, жилищных пособий было проведено 34 заседании и даны следующие предложения для оказания помощи:

- государственное детское пособие до 18 лет- 134 семьи , 432 детей – 7 млн. 465 тыс. 191 тенге;

- родителям инвалидов детства и детям, обучающимся на дому, на 27 детей- 897 тыс. 525 тенге;

Жилищное пособое – 237 человек – 8 млн.155 тыс. 556 тенге. Ставлю Вас в известность, что с начала 2014 года документы для получение жилищных пособий оформляются через центр обслуживания населения.

По программе «Карта занятости 2020» для развития предпринимательской деятельности и создания рабочих мест 4 граждан получили кредит на сумму 7 млн. тенге. А также по молодежной практике 27 человек подали заявку.

Мәдениет және спорт саласында  

Бүгінгі күні Есік қаласында «Есік тарихи-мәдени қорық-мұражайы», «Есік археологиялық өлкетану мұражайы», 1 кітапхана, 1 мәдениет үйі және аудандық балалар және жасөспірімдердің туристік және экскурсиялық орталығыі  жұмыс істейді. Сонымен қатар ұйғыр, түрік, грек этно-мәдени орталықтары да табысты қызмет атқарып келеді.

Үстіміздегі жылы халықтың рухани байлығын көтеру мақсатында біраз шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жастардың арасында ұлтаралық татулықты нығайту, жастардың мәселесін шешу және зерттеу, аға-буын өкілдерінің тәжірибесін алу, отан сүйгіштікке баулу, тағы да басқа осы бағыттарға сәйкес маңызды шаралар ұйымдастырылды.            Бұнымен қоса жыл басынан бері мемлекеттік мейрамдар да кең көлемде аталып келеді.      

Атап айтсақ: «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз мейрамы», «1 мамыр-Қазақстан Халықтарының бірлігі күні», «9 мамыр-Жеңіс күні», «1 маусым-балаларды қорғау күні», «4 маусым- рәміздер күні», «6 шілде - Астана күні», «30 тамыз-Конституция күні», «1 қазан – қарттар күні» , «Тұңғыш Президент күні», «Тәуелсіздік күні» және тағы сол сияқты мерекелері жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Дәлірек айтқанда, 01 қазан «Қарттар күні» мерекесіне арнап Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Осы күні Терешкова атындағы орта мектебінің мәжіліс залында мерекелік бағдарлама, «Шаңырақ» кафесінде өткізілген мерекелік ас дастарханымен жалғастырылды. Ақ жаулықты аналарымыз бен қадірлі қарияларымыз ән салып, кейінгі ұрпаққа ақ баталарын берді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ұлы той өтіп жатқан күндердің қарсаңында Есік археологиялық-өлкетану мұражайында «550 қадам» атты спорттық интеллектуалдық марафон ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараны Есік қаласы әкім аппаратының қолдауымен және Есік археологиялық-өлкетану мұражайының ұжымы өткізді. Мерекелік марафон Көктөбе орта мектебі мен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушыларының арасында өтті. Сайысқа бүкіл дүниежүзілік марафонның бірнеше «Алтын белгі» медалінің иегері Ермағанбетов Алпыс Арысбайұлы қатысты. Өткізілген спорттық іс-шара аудандық газет беттеріне және «KAZAKH TV» телеканалында көрсетілді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ауданымызда футболдан жетінші чемпионатта биылғы жылы 42 команда жарысқа түскен болатын. Солардың арасынан суырылып шығып, ақтық кезеңге жеткен Есік қаласының «Автобекет» және «Искандер» командалары. Бірінші орынды Есік қаласының «Автобекет» футбол командасы, екінші орынды «Алтаир» командасы, Есік қаласының «Искандер» командасы үшінші орынды иеленді.

2015 жылы 21 қазан күні «Дені сау ұрпақ – жасампаз болашақ» атты жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Жарысқа барлығы 10 команда қатысып, 2 топқа бөлініп ойын көрсетті. «Дені сау ұрпақ – жасампаз болашақ» атты жасөспірімдер арасында шағын футбол нәтижесі 1 орынға ЕМК – 1 құрамы; 2 орынға ЕГЭК құрамасы. Ал ҚТЛ – 3 орынға иеленіп, ойыншылар бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Сондай-ақ, өздеріңіз куә болғандай, қаламызда дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Аталған кешен қала тұрғындарының салауатты өмірді ұстануға мүмкіндік береді.

Культура и спорт

 На сегодняшний день в городе Есик действует Государственный истроическо-культурный заповедник-музей «Иссык», Есикский археологический краеведческий музей, 1 библиотека, 1 дом культуры, туристическо-экологический лагерь «Алтын адам», а так же активно принимают участие в жизни города культурные центры,  такие как, турецкий, уйгурский, греческий. 

С целью обогащения духовного развития  населения в течении текущего года были проведены ряд мероприятий. Наряду с этим с молодежью была проведена работа по укреплению межнационального согласия, патриотического воспитания любви к Родине.

Государственные и национальные праздники, а именно: «8 марта Международный женский день», «22-наурыз», «1 мая День единства народов Казахстана», «9 мая День Победы», «1 июня День защиты детей», «4 июня День символики РК», «6 июля День Астаны», «30 августа День Конституции», «1 октября День пожилых», «День Первого Президента» и «День Независимости РК» отмечены торжественно с концертно-развлекательной программой.

 01 октября ко «Дню Пожилых людей» для участников ВОВ, одинокопроживающих пенсионеров и молообеспеченных  семей было проведено благотворительное мероприятие. В этот день в актовом зале средней школы им. Терешковой был организован торжественный праздничный концерт, после чего в кафе «Шанырак» был накрыт благотворительный обед , где уважаемые нами пожилые люди пели песни и давали напутствие   будущему  поколению.

А также хотелось бы отметить, что 1- декабря к «Дню первого Президента Республики Казахстан» было открытие  универсального рынка, что создает дополнительные рабочие места.

С каждым годом всеми известная игра клуба веселых и находчивых развиваясь процветает. И в этом году среди молодежи колледжей и школ состоялась игра на тему «Есік – менің қалам».

Также проводится спортивные мероприятия с целью пропаганды здорового образа жизни. Ежегодно  по району проводятся чемпионат по  футболу в котором принимают активное участие футбольные команды города. В текущем году в седьмом чемпионате по футболу  в честь 550 летия Казахского Ханства,  среди 42 (сорока двух) команд, первое место занял футбольный клуб города Есик «Автобекет».

Как вам известно, по плану ведется интенсивная работа по строительству физкультурно-оздоровительного комплекса. Благодаря комплексу не только молодежь, а все граждани будут правильно использывать досуг и вести здоровой образ жизни. Вы сами жители были свидетелями открытия физкультурно-оздоровительного комплекса оснащенной современной технологией.

Діни бірлестіктер

Есік қаласы бойынша бүгінгі күні 12 діни бірлестіктер жұмыс атқаруда. Оның 3-мұсылман, 2-православтық, 1-католик, 6-пратистанттық бағытта. Аталған діни бірлестіктер «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қайта мемлекеттік-есептік тіркеуден өткізілді. Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында қала жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде.

Религиозные объеденение

На сегодняшний день в городе Есик работают 12 религиозных обществ. Из них 3-мусульманских, 2 православных, 1-католический, 6-протестантского направления. Согласно законодательства Республики Казахстан данные религиозные общества  прошли государственную перерегистрацию. Религия имеет большое значение для общества. Для этого проводятся круглые столы, дебаты для городской молодежи, на которых обсуждаются вопросы предотвращения нетрадиционных религиозных направлений и их воздействия.

Демография саласы

Халықтың жалпы саны қазіргі кезде шамамен есептегенде 39 мың 200 адамды құрап отыр.

Бүгінгі күнге дейін  Есік қаласы бойынша перзентханада 1311 сәбилер дүниеге келді, 2014 жылмен салыстырғанда 83 % құрап отыр. 1250 жастар жаңа отау құрды, аталған мерзімде дүние салған адамның саны 627.

Демография.

Общее число населения насчитывает около 39 тысяч 200 человек. В текущем году количество новорожденных- 1311 детей по сравнению с 2014 годом составляет 83 %, 1250 молодежи создали семью, количество умерших – 627.

Қоғамдық қауіпсіздік

Есік қаласында барлығы 508 қылмыс тіркелді. Оның 202 әшкереленсе, қалған 306 қылмыс шешімін таппады. Ашылмаған қылмыстың басым көпшілігі басқаның мүлкін ұрлау болып отыр.

Правопорядок

Всего совершено 508 преступлений, из них раскрыто 202, остались не раскрытыми 306 преступлений. Основная часть не раскрытых преступлений это кражи чужого имущества.

Әкім аппаратының іс қағаздары

Үстіміздегі жылы бүгінгі күнге дейін қала әкімі аппаратына жеке және заңды  тұлғалардан 371  өтініштер келіп түсті, оның ішінде 257 оң шешімін тауып, қалған 114 өтінішке түсіндірілмелер берілді.

          390 құжат кіріске алынып, 1243 шығыс құжаттар тіркелді, 119 шешім, 88 негізгі қызметке байланысты және жеке құрамы бойынша 52 өкімдер қабылданды.

Есік қаласының санитарлық жағдайы, ауыз су мәселесі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау бағдарламасын орындау үшін және тағы да басқа мәселелермен бүгінгі күнге дейін 62-ге жуық халықпен жиындар мен кездесулер өткізілді.

Делопроизводство аппарата акима города

В аппарат акима города от физических  и юридических лиц поступило 371 заявлений, из них 257 нашли свои решения, остальным – 114 были даны разъяснительные ответы. Было зарегистрировано 390 входящих и 1243 исходящих документов, принято 119 решении, 88 распоряжении по основной деятельности и по личному составу 52.

С целью осуществления программы по  модернизации жилищно-коммунального хозяйства, а также по питьевой и поливной воде, улучшению санитарного состояния города и по  другим вопросам в течении года с жителями проведены 62 встречи  и  сходов.   

Құрметті қала тұрғындары!

Осындай  ауқымды жұмыстар біздің қаламызда іске асырылуына әрине ең біріншіден Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлының әр жылғы Жолдауындағы тапсырмаларының жемісі,  сондай-ақ  орталық атқарушы органдардың қолдауымен  және аудан әкімі Бинәлі Әбдықаппасұлы Ысқақтың беделі мен абыройының тікелей басшылығы деп білемін.

Біздің күнделікті жұмысымызда кемшіліктер жоқ емес. Бүгінгі күнде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда әлі де атқарылатын қыруар жұмыстар бар.  Бүгінгі заман-бәсеке заманы. Бәсеке қашанда тынымсыз еңбекті, жаңашылдық пен біліктілікті, қатардан озып, алға түсуді талап етеді! Сондықтан «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші барлығымыз белсенді түрде атсалысып, қаламыздың тұғырын биік көтеруде ауқымды іс-шараларды бірге асырайық дегім келеді.

Бүгінгі уақыттың күрделілігі сол, оның үдесінен шығып, ілесе білуіміз қажет. Сонда ғана болашағымыз сәулелі болмақ. Сондықтан, Қазақстан халқын Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа көлемді міндеттерді орындау үшін, біздің қасиетті Ұлы Дала елі жерінде тұрақты гүлденген Қазақстанды – «Мәңгілік Елді» құру үшін бірігуге шақырамыз! Қаламызды дамудың жаңа белестеріне шығарамыз!

Өз есебімді аяқтамас бұрын шын жүректен қала тұрғындарына, ардагерлерге, ақсақалдарға, оқу орындарының барлық ұстаздарына, жеке кәсіпкерлерге және осы залда қатысып отырған баршаларыңызға қаламыздың өсіп-өркендеуіне көңіл бөліп, ат салысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.

Рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
9536151

Сіздің ІР: 3.230.76.196
Қазір: 2020-04-08 11:32:41
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру