Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБартоғай а/оЕңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі Жергілікті қауымдастығының 2019-2021жылдарға арналған даму бағдарламасы Құрастырушы: «Бартоғай ауылдық округі

Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі Жергілікті қауымдастығының 2019-2021жылдарға арналған даму бағдарламасы Құрастырушы: «Бартоғай ауылдық округі

Жергілікті қауымдастықтың

жиналысының 2019 жылдың

                                                        №    хаттамасымен бекітілген

Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі

Жергілікті қауымдастығының 2019-2021жылдарға арналған даму бағдарламасы

Құрастырушы: «Бартоғай ауылдық округі

әкімінің аппараты»ММ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Бағдарламаның атауы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі

2019-2021жылдарға арналған даму бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың,елдімекеннің

ауылдық округтің негізгі мінездемесі

Бартоғай ауылдық округі 1963жылы құрылған  

01.01.2019 жыл халық саны 7338 адам)

ауылдық округ құрамына Х.Бижанов және Байсейіт ауылдары кіреді

Округ орталығынан облыс орталығына дейін 372 км, аудан орталығына 101 км

округтің аумағы 9128га құрайды)

жергілікті қауымдастықтың құрылған уақыты: 2014жыл өкілеттік мерзімі 2022ж)

Жергілікті қауымдастықтың жиналысы мүшелерінің саны - 43адам)

II.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2.1. Бартоғай ауылдық округті дамыту

Жергілікті қауымдастықтың 2019-2021жылдарға арналған даму бағдарламасы (әрі қарай БАҒДАРЛАМА) округ тұрғындарын қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Халық саны 2019жылдың 01қаңтары бойынша 7338 адамды құрайды.

Округ бойынша  8  ЖШС, 4 өндірістік кооператив, 108 жеке кәсіпкер, 503жеке шаруашылық тіркелген.

Жеке шаруашылықтардың негізгі қызмет саласы егін шаруашылығы.

 

Экономика салаларының дамуының талдауы:

Бюджеттік меншікті кіріс және шығыстар

2018жылы түскен кірістер

Жоспар: 31млн 229мың. Орындалғаны: 33млн 924мың. Жалпы 109 процентке орындалды.

2018 жылы шығыстар жоспары 76 млн. 812мың тг. Игерілгені бюджет - 76 млн. 798мың тг. Игерілмегені - 14 мың тг. 2018жылы бюджет 99,9 процентке игерілді, оның ішінде: 40 млн. 864 мың теңге - балабақшаға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа - 2млн. 100мың тг жұмсалды.

2019жылға түсімдер: Жоспар 27 млн. 768мың. Орындалғаны: 25млн. 224мың теңге. Жалпы 91 процентке орындалды.

 

Шағын және орта бизнес

Округте 108 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. 255адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде: 78 сауда, 7 тұрмыстық қызмет көрсету, 2 жанармай құю бекеті, 2 көліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтары, 1қонақ үй, 1 фотосалон, 2 шаштараз, 21 қоғамдық тамақтану орындары жұмыс жасауда.

Шағын орта бизнестен түсетін салық көлемі 2018 жылы 13млн. 500 мың тг құрады.

Ауыл шаруашылық

Округте жалпы жер көлемі 8366 гектар, оның: 7242 гектар суармалы жер, 4645 га егістік жер. Округ тұрғындарының негізгі өндіретін өнімдері:

Дәнді дақылдар -998 га

Көкөніс -850 га

Майлы дақылдар -1152 га

Картоп-75га отырғызылды.  

2019 жылдың 01 қаңтарына округте: 3237 - бас ірі қара, 2440 - бас қой-ешкі, 275-бас жылқы, 7545-бас құс бар. Округ бойынша ірі қара малдарын бордақылайтын алаңдар, 2 сүт қабылдау пункті, 1 ет сататын дүкен жұмыс істейді. Малдардың арасында жұқпалы аурудың алдыналу мақсатында округ бойынша ветеринарлық мал дәрігерлік пунктінде бір вет. пункт меңгерушісі, екі вет. дәрігер жұмыс істейді. Округте мал өлексесін тастайтын арнайы орын белгіленіп мемлекет тарапынан 3 млн. 340 мың теңге бөлініп құрылысы аяқталды. Округте 2 комбайн, 80 трактор, 91басқа ауылшаруашылық техникалары тіркелген.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

Ауыз су саласы бойыншаокругте ауыз су құбырлары орталықтандырылған. Байсейіт ауылында ауыз сумен «Саяра» жеке кәсіпкер Мусаев Курбанжан қамтамасыз етеді. Су құбырының ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Байсеиіт ауылында ауыз су құбырын 2018жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Бижанов ауылында ауыз сумен «Шелек су құбыры» ШҚ МКК қамтамасыз етеді. Су құбырының ұзындығы 19 шақырымды құрайды.

Көлік және коммуникация бойынша

Округтің ішкі автокөлік жолдарының ұзындығы 42,8 шақырымды құрайды және қазіргі жағдайы жақсы. Байсеиіт ауылында көше жолдарының ұзындығы 22.1 шақырым, оның ішінде: 6,7 шақырым асфальт жабындысымен жабылған. Бижанов ауылында көше жолдарының ұзындығы 20,7 құрайды. Оның ішінде: 18,1 шақырым асфальт жабындысымен жабылған.

2019 жылға округтегі көшелерді жөндеуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн. қаражат бөлінді.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Округта экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 4150 адамды құрайды, оның жұмыс пен қамтылғандары – 4100 адам. Жұмыспен қамтылғандардың ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2200 адам. Жұмыссыз халық 29 адам, жұмыссыздық деңгейі – 0,7%.

Округте 16 мүгедек жан, 803 зейнеткер тұрады.

Атаулы әлеуметтік көмекті 129 отбасы (663 адам) 25,0 млн. теңгеге алды.

Білім саласы

Ауылдық округте 2 мектеп бар.

Бижанов ауылындағы ақын М.Мақатаев мектебі 1979 жылы салынған, бұл білім ошағы 640 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 722 бала білім алуда. Бұл мектеп 1 лингофенной кабинет, 1компьютер кабинеті 70 компьютермен қамтылған.

И.Тайров мектебі 1986 жылы салынған және 960 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 590 бала білім алуда. Бұл мектеп 1 компьютер 9 баладан келеді.

Округімізде 2 балабақша жұмыс істейді: «Күншуақ» балабақшасы 1985 жылы салынған. Бұл мекемеде 140 бала тәрбиеленуде. Бұл балабақшаға 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

100 орынға арналған «Лашока» балабақшасы 2017 жылы мемлекеттік жеке әріптестік аясында Байсейт ауылында ашылды, қазіргі таңда 100 бала тәрбиеленуде. Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны 300 олардың ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 270 бала бақшамен қамтылуы 100 процент.

Денсаулық сақтау саласы:

Денсаулық саласында 2 ауылдық дәрігерлік   амбулатория, 5 дәріхана жұмыс істейді.

Октябрь ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 24 адам қызмет етеді.  

Байсеит ауылының дәрігерлік амбулаториясында 21 адам қызмет көрсетеді.   Екі амбулаторияда күндізгі бөлімде ауыл тұрғындары ем алуда.

2013 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, Бижанов ауылында жедел жәрдем бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімше Байсеит, Бижанов, Малыбай, Асысаға, Жаңашаруа ауылына қызмет етеді, онда 12 адам қызмет көрсетеді.

    

Мәдениет және спорт бойынша:

Округте мәдениет үйі жоқ. Жалпы халық саны 7338 адам, бұқаралық спортпен 2182 адам айналысып, 29,7 процентті көрсетті. Округте 2 стадион, 2 мектеп спорт залы бар. 2017 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында жеке кәсіпкер Р.Камердинов сатып алып берген спорт кешеніне 10 млн. қаражат бөлініп, ЖСҚ (ПСД) жасалды. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама жасалуда.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Х.Бижанов ауылы - округ орталығы бойынша :

1.Ішкі жолдарды жарықтандыру- 16,38 км жол бар, осы жолдар жарықтандырылмаған, яғни аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді, осы жолдарды жарықтандыру үшін 100 млн. теңге қаражат қажет.

2.Электрмен жабдықтау –жалпы 67,68 км (ЛЭП) бар, оның ішінде: 16,92 км аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді, осы электр жүйесін жабдықтау үшін 100 млн. теңге қаражат керек.

3.Ішкі жолдар – жалпы 16,38 км жол бар, оның ішінде: 8,83 км аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді, осы жолдарды жөндеу үшін 90 млн.теңге қаражат қажет

4.Орталықтандырылған ауыз су құбырының 6,65 км аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді (жарамсыз), осы ауыз су құбырын жаңарту үшін 75 млн.теңге қаражат қажет.

5.Спорт кешені - 2017жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында жеке кәсіпкер Р.Камердинов сатып алып берген спорт кешеніне 10 млн.теңге қаражат бөлініп, ЖСҚ (ПСД) жасалды, қазіргі таңда мемлекеттік сараптама жасалуда.Бұл спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізу үшін 365 млн. теңге қаражат қажет.

Байсейіт ауылы бойынша:

1.Электрмен жабдықтау - жалпы 73,84 км (ЛЭП), оның ішінде: 18,46 км аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді, осы электр жүйесін жабдықтау үшін 100 млн.теңге қаражат керек.

2. Ішкі жолдар - жалпы 19,33 км, оның ішінде 7,4км аумақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді, осы жолдарды жөндеу үшін 80 млн.теңге қаражат қажет.

III.ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН     ІС ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Іс шаралардың атауы Аяқталу нысаны

Қаржыландыру

көлемі

(мың.тенге)

Қаржыландыру

көзі

Жүзеге

асыру

мерзімі

1 2 3 4 5          6
                                           I.ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.1. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру Жасалған жұмыстар актісі 1 100,0 ЖБ 2019
1.2 Көшелерді жарықтандыру Жасалған жұмыстар актісі

3 000,0

ЖБ 2019
1.3 Елді мекендері санитарлық тазалық Жасалған жұмыстар актісі 1 000,0 ЖБ 2019
1.4 Жобалық сметалық құжаттарды дайындауға Жасалған жұмыстар актісі 3 500,0 ЖБ 2020
1.5 Ішкі көшелерді жарықтандыру бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу Жасалған жұмыстар актісі 65 000,0 ЖБ 2021
                                                II. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2.1 Көшелерді ағымдағы жөндеу Жасалған жұмыстар актісі 9 000,0 Өңірлерді дамыту 2019
2.2 Көшелерді ағымдағы жөндеу Жасалған жұмыстар актісі 5 250,0

ЖБ

2019

Ескерпе: жоғарыда аталған іс шараларды жүзеге асыру бойынша жауапты «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Бартоғай ауылдық

округінің әкімі                                             Т.Умербеков

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8490455
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
84860
0
84860
8393060
167789
254380
8490455

Сіздің ІР: 3.226.243.130
Қазір: 2019-09-16 06:42:13
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру