Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБартоғай а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Бартоғай ауылдық округі әкімінің

2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Есебі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы  15 тамыздағы барлық деңгейдегі «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін  өткізу туралы» №  615  Жарлықты орындау  мақсатында біздің Бартоғай ауылдық округі әкім аппараты Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, заңдарын, актілерін және жергілікті органдардың басқару заңын басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиялық бағдарламасында әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену жайында бастамасы халыққа ерекше серпін берді. Осы асқақ мұрат-мақсатты жүзеге асыру үшін                  2015 жылдың 6 мамырында Мемлекет басшысы  “100 нақты қадам” ұлттық жоспарын ұсынды. Ұлт жоспарының бес тарауын құраған «100 нақты қадам» бағдарламасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесінен басталуы да тегін емес. Сол сияқты «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауларындағы қадамдарда да елдің өркениетті, дамыған қоғамға жету жолындағы жүзеге асырылуға тиісті шарттар мен міндеттерді алға тартады». ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстан жаңа жаһан­дық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» атты 2015 жылғы                                    30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстанды «Мәңгілік ел» етуді мұрат тұтқан, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» аясында жасалды. Әрі бұл Жолдау жаһандық дағдарыс белең алған кезеңге сәйкес келіп отыр. Елбасы өз Жолдауында бүгінгі өмірдің ащы шындығы жағдайында, ғаламдық дағдарысқа Қазақстанның қарсы тұруы тек құлдырау емес, еңсе көтерер мүмкіндік екенін де келтірді. Тек, етек-жеңімізді жиып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарған жағдайда ғана кез-келген қиындықтан шығуға болады. Бұл жолда көреген басшы, елді ұйыстырар күш керек. Алда атқарылар іс көп, болашағымыз үшін жауапкершілік ортақ екендігі айтылды. Осы Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін, тапсырмаларын орындау мақсатында Бартоғай ауылдық округінде халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсарту, ауылдық көркейуі үшін әр салада жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:

                                       Ауыл шаруашылығы

     Округ аумағының басты саласы ауылшаруашылық өндірісі болып табылады, ауылдық округ өндірісінің 90 пайызын құрайды.   

     Ауылшаруашылықта 1 өндірістік кооператив, үлкен 2 жеке шаруа қожалық, кіші 483 жеке шаруа қожалығы,                                         1 Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктері жұмыс істейді.  

   Округ бойынша ірі қара малды бордақылау алаңдары бар. Олар «Эльса» шаруа қожалығы 191 бас, «Пчелка» шаруа қожалығында 200 бас, «Аян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 115 бас, «Шынар» жеке шаруа қожалығында 210 бас, «Еламан» жеке шаруа қожалығында 142 бас, «Шелек» ӨК 100 бас.      

      Малдан алынған өнімді сатып алатын екі сүт қабылдау пункті, 1 ет сататын дүкен жұмыс істейді. Сүт қабылдайтын пунктері жылына «Фуд мастер» және «Адал» компанияларына 821 тонна сүт өткізеді. 2015 жылы 66 бас ірі қара малдың 14850 кг еті, 440 бас шошқаның 36383 кг еті,1 бас жылқының 203 кг еті Алматы қаласы  мен Алматы облыстарының базарларына өткізілді.

Округімізде  998 га  егістік жерге дәнді- дақылдар егіліп өнім алынды. Өсімдік шаруашылығын қолдау және дамыту мақсатында округтегі шаруа қожалықтары егістікке байланысты субсидиялар алуда. Округімізде  2015 жылы 88 шаруа қожалықтар 43 млн. 005 мың 471 теңге субсидия алды.

Шағын кәсіпкерлік.

    Округіміздегі екі ауылда бүгінгі таңда 7 -кафелер, 6 - асханалар, 7 - шайханалар, 25- дүкендер, 48- дүңгіршектер,                       24 көкөніс сату орны, 2 сүт қабылдау пункті, 1 қонақ және сауықтыру орны, 2 шаштаразы, 4 - дәріхана, 2 – ТЖО, 2 жанармай станциясы, 1 фотосалон,   қызмет көрсетеді. 

   Онда 375 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. 

Білім беру саласы бойынша.

     Округімізде білім беру саласында 2 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы және бір бала бақшасы жұмыс істейді.  

        Екі мектепте   1249 оқушы, 62 сынып жинаққа бөлініп, білім алады. Осы оқушыларға 144 мұғалім сапалы білім беруде.                   2015-2016 оқу жылында  47 оқушы мектепті бітіреді. И.Таиров атындағы мектепте 34 оқушы, М.Мақатаев атындағы мектепте                  13 оқушы бітіреді.Мұғалімдер саны: И.Таиров атындағы орта мектепте 64, М.Мақатаев атындағы орта мектепте 80.

        2015 жылы округ бойынша 65 оқушы оқуды бітіріп,                          21 оқушы жоғары оқу бөліміне оның ішінде 15 оқушы грантқа,                 6 коммерциялық оқуға, 23 оқушы арнаулы орта  бөліміне колледжге оқуға түсті.

Байсеит ауылындағы «Айгүл» шағын орталығында 4 тәрбиеші,                 2 топ,    50 бала тәрбиеленеді.

Бижанов ауылындағы «Күншуақ» балабақшасында 6 топта 141 бала тәрбиеленуде және 20 маман жұмыс істейді.

2015 жылы Байсеит ауылында 140 орындық балабақша құрылысын жүргізуге 0,70 га. жер көлемі бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.

   

                       «Жол картасы 2020 бағдарламасы »

 

  Бижанов ауылынан  1 азамат  ІҚМ мал шаруашылығын дамытуға  құжаттарын несие алуға тапсырып, 3 млн. теңге несие алды. Жастар практикасы бойынша 2 адам жұмысқа тұрды. Жыл басынан 11 жұмыссыз азамат есепке алынып,  жұмысқа 2 адам орналастырылды,  20 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 3 адам,оның ішінде мүмкіндігі шектеулі                       1 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен бірге округ аумағында тұратын әр түрлі салалардан 93 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 3 ауылшаруашылық құрылымдары асыл тұқымды мал сатып алуға несие алды. Атап айтқанда «Береке» шаруа қожалығы 89 бас мал алуға,  «Аян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80 бас мал алуға, «Шелек» өндірістік кооперативі 87 бас мал алуға несие алды.

 

 Денсаулық сақтау саласында.

 

         Денсаулық  саласында 2  ауылда  2  ауылдық  дәрігерлік   амбулатория,

  5 дәріхана  жұмыс  істейді. 2015 жылы  101  бала  дүниеге  келген, қайтыс  болған  адамдардың  саны -  33.

2013 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Бижанов ауылында жедел жәрдем бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімше Байсеит, Бижанов, Малыбай,  Асысаға ауылына қызмет көрсетеді.

Округімізде демографиялық өсу қарқыны жаман емес, туу жасындағы әйелдер саны округ бойынша 1648.

                                    Халықты әлеуметтік қорғау.

          Округтегі 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 2015 жылы  54 жанұяға,  жәрдемақы төленді.Округтегі тұрмысы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге, жалғыз басты қарттарға тұрмысқа қажетті көмек ретінде отын берілді.  

      Республикамыздың аумақтық даму бағдарламасында                      2016 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызға көтеру көзделген болатын. «Өрлеу» жобасы осындай мақсаттың негізінде өмірге келген. Осы жоба аясында округ бойынша                      17 отбасы, 1 883 086 теңге шартты ақшалай көмек алды.

Ауыз су.

 

           Адам денсаулығы, күнделікті тағамы  ол ауыз су. Бүгінгі таңда екі ауылда сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бижанов ауылының ауыз су мұнарасының жан жағы қоршаумен қоршалды.

        Байсеит ауылының  26 км ауыз су құбыры күрделі жөндеуден өткізу үшін  жобалау сметалық құжаттары жасалынды.

Байланыс бөлімдері.

        Екі ауылда қызмет көрсететін екі пошта және байланыс бөлімі жұмыс істейді. Пошта ғимараттарының жұмысы жаңа заманға сай, әр поштаның  ішінде  2 компьютер ғаламторға қосылған. Байсеит ауылы бойынша 315 телефон нөмірлері бар, 135 «Мейгалайн» желісіне қосылған, 130 сымсыз телефон абономенттері бар, Бижанов ауылы бойынша 213 телефон нөмірлері бар, 93 «Мейгалайн» желісіне қосылған, 180 сымсыз телефон абономенттері бар.

   Округ бойынша жылдан - жылға оқырмандардың саны көбеюде. Баспасөзге жазылу науқанында ауыл тұрғындары    1250газет пен журналдарға жазылып белсенділік көрсетті.  

        Округімізде әскери міндеттіазаматтар саны 535, оның ішінде 40 әйел, 41 офицерлер. Әскери қызметке шақырылатындардың саны 415.  2015 жылы Отанымызға қызмет етуге 11 азамат әскерге шақырылды.

 

Салық  түсімі

 

Жер салығы жоспар бойынша 915 000 теңге, орындалғаны 297 500 теңге, 2014 жылмен салыстырғанда 4500 теңгеге артық жиналды, мүлік салығы болжам 252 000 теңге, орындалғаны 142 300 теңге, 2014 жылмен салыстырғанда 16300 теңге артық жиналды, Көлік салығы жоспар бойынша 6523 500 болса, орындалғаны 6 191 100 теңге 2014 жылмен салыстырғанда             547200 теңге артық жиналды.

 

                      Округтегі қылмыс көрсеткіші

 

Бартоғай ауылдық округі бойынша 25 қылмыс тіркеліп оның                6 ашылмады, қылмыстың ашылуы 76 % құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 5 қылмысқа азайды.            

Округ бойынша атқарылған жұмыстар:

 

           2015 жыл біздің мемлекетіміз үшін мерейтойларға бай болды. Олар: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының                 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы. 2015 жылы өткізілген барлық шаралар осынау маңызды мерейтой аясында жүзеге асырылды. Біздің де округімізде осы аталған мерейтойларға байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді.

     Жыл сайын округімізде  1 қазан Қарттар күнін, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні,                          1 қыркүйек «Мектепке жол» атты акциясы сияқты іс шаралар жоғары деңгейде атап өтіледі. Жаңа жыл мерекесіне орай округ аумағындағы мүгедек  балаларға, жетім және жартылай жетім балаларға (24 бала) мерекелік сыйлықтар табысталды.

        Осы  іс шаралар  мектеп  ұжымдары, балалар бақшасы, ақсақалдар алқасы, жігіт бастары, жастар және әйелдер кеңесі, округтегі жеке кәсіпкерлер, жеке шаруа қожалықтардың басшыларының көмегімен атқарылды. Осы ұжымдарға, азаматтарға алғасымызды білдіреміз.              

2016 жылы жоспарланған жұмыстарға келсек:

1. Ауылдарда  көгалдандыру   жоспарларын  жасау.

2. Ауылдағы  көшелер мен  көпірлерді, арықтарды  ретке келтіру.

3.  Байсеит, Бижанов ауылының   бас  жобасына өзгерістер еңгізу.

4. Санитарлық тазалық мәселесі, соның ішінде күл - қоқыс төгетін орындарды  ретке келтіру.

 5. Байсеит ауылында ауыз су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу.

 6. Байсеит ауылы Алматы – Қорғас тас жолының бойына әмбебеп базар   құрылысын жүргізу.

 7. Бижанов ауылындағы бұрнғы спорт кешенін қайтарып алуға жұмыс жүргізу. 

 Сонымен бірге Байсеит ауылында 140 орындық балабақша салу жоспарда бар.

  Құжаттары дайындалуда.

 Құрметті ауылдастар! Сөз соңында айта кетейік Елбасының облыс және аудан әкімдерінің алға қойған міндеттері біздің ауылдық округте өз шешімін табады деп сенеміз. Ең бастысы мемлекетіміздегі, ауылдағы, халықтың бірлігін достығын, ынтымағын ел экономикасын, мәдениетін дамытуға бірлесіп күш салуға шақырамыз.

  

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
9549698

Сіздің ІР: 3.233.239.102
Қазір: 2020-04-10 17:25:18
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру