Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБалтабай а/о Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

Балтабай ауылы                                                 30 шілде 2018 жыл

    КІРІСПЕ БӨЛІМ

    Балтабай ауылдық округі әкімінің "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2018 жылдың 10 мамырдағы № 41 өкіміне сәйкес 2018 жылдың қаңтар - шілде айларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілген "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидараларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

    НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

    1."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    БАЛТАБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

   

    2."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде кадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару:

   "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің саны 2018 жылғы штаттық кестеге сәйкес 9 адамды құрайды (2017 жылы 10 адам). Қазіргі таңда бос лауазым саны жоқ. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны - 2. (Таимбетов О.- Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Бедилова Д.-Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, өз еркімен). Кадр тұрақсыздығы-22,2 %. Жұмысқа қабылданғандар саны - 3. (Смадилова М. - округ әкімінің орынбасары, Баймухаметов Б. - жетекші маман, Абденова А. - бас маман-есепші). Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр  қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.

   

    Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

    3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

        Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР басқада нормативтік құқықтық актілерін тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері азаматтарға 186 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілетін қызметтің стандарттары 06.02.2018 жылы, 25.04.2018 жылы және 06.06.2018 жылы аудан әкімінің сайтында ақпарат жарияланды. 30.03.2018 жылы және 23.06.2018 жылы "Еңбекшіқазақ" газетіне мақала жарияланды. Әкім аппартында қызметтің түрлеріне жауапты мамандар бекітілген. Халықты хабардар ету үшін мемлкеттік органда қызмет берушілердің стандарттары мен регламенттері, телефон номерлері, өтініш  бланкісінің үлгілері  орналастырылған стенд ілінген. Есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз шағым түскен жоқ.

    Ауылдық округ әкімі аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

    Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

      «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық акті қабылданды.       

        Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

          2018 жылдың қаңтар-шілде айларында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Балтабай ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізу және жауапкершіліктерін күшейту.

    4. Тікелей байланыс тәуекелі

    Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).

    Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.

             5. Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

   

    5.1. «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  7 бабы 1 тармағына сай жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп, есепке алынады және қарастырылады. Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды. 

    Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.

        

    Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.

    ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

    6.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып Балтабай ауылдық округі әкіміне ұсынылады:

    1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

       2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

         3) Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.

       4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

Жұмыс тобы мүшелері:

Ауылдық округі әкімінің орынбасары                           М.Смадилова

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                          Р.Камалова

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                           Р.Хан

Таныстырылды:

Балтабай ауылдық округінің әкімі                                  Ж.Мықыбаев


Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

Балтабай ауылы                                                       25мамыр 2018 жыл

         КІРІСПЕ БӨЛІМ

         Балтабай ауылдық округі әкімінің "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2018 жылдың 10 мамырдағы № 41 өкіміне сәйкес 2018 жылдың қаңтар - мамыр айларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілген "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

         "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидараларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

         НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

         1."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         БАЛТАБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

        

         2."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде кадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару:

        "Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің саны 2018 жылғы штаттық кестеге сәйкес 9 адамды құрайды (2017 жылы 10 адам). Қазіргі таңда бос лауазым саны жоқ. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны - 2. (Таимбетов О.- Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Бедилова Д.-Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, өз еркімен). Кадр тұрақсыздығы-22,2 %. Жұмысқа қабылданғандар саны - 3. (Смадилова М. - округ әкімінің орынбасары, Баймухаметов Б. - жетекші маман, Абденова А. - бас маман-есепші). Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр  қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.

        

         Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

 

         3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

        Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР басқада нормативтік құқықтық актілерін тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері азаматтарға 139 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілетін қызметтің стандарттары 06.02.2018 жылы және 25.04.2018 жылы аудан әкімінің сайтында ақпарат жарияланды. 30.03.2018 жылы "Еңбекшіқазақ" газетіне мақала жарияланды. Әкім аппартында қызметтің түрлеріне жауапты мамандар бекітілген. Халықты хабардар ету үшін мемлкеттік органда қызмет берушілердің стандарттары мен регламенттері, телефон номерлері, өтініш  бланкісінің үлгілері  орналастырылған стенд ілінген. Есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз шағым түскен жоқ.

         Ауылдық округ әкімі аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

         Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

      «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық акті қабылданды.       

        Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

          2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Балтабай ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізу және жауапкершіліктерін күшейту.

         4. Тікелей байланыс тәуекелі

         Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.

         5. Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

        

         5.1. «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  7 бабы 1 тармағына сай жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп, есепке алынады және қарастырылады. Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды. 

         Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының  9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.

        

         Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.

 

         ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

         6.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып Балтабай ауылдық округі әкіміне ұсынылады:

         1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

       2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

         3) Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.

       4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

Жұмыс тобы мүшелері:

Ауылдық округі әкімінің орынбасары                           М.Смадилова

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                          Р.Камалова

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                           Р.Хан

 

Таныстырылды:

Балтабай ауылдық округінің әкімі                                  Ж.Мықыбаев


Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

      Балтабай ауылы                                           2017 жылғы  28 желтоқсан

КІРІСПЕ

           «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Балтабай ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 20 қарашада №67 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2017 жылдың 11 айы.

         Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2016 жылғы   15 тамыздағы №815  қаулысымен бекітілген «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.

            «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай  ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді:

             1. Аппараттың жұмысы барысында қолданатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          1. Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілер бойынша:

          Аппарат өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен Зандарын, Президент және ҚР Үкіметінің актілерін, басқада нормативтік актілерді, сонымен қатар «Балтабай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін басшылыққа алады.

                                    2. Кадр қызметі бойынша :

          Балтабай ауылдық округ әкімі аппаратында 2016 жылдың 8 ақпанында бекітілген штат кестесі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны 10 адам құрайды 1 вакант. 2017 жылы 3 адам өз еркімен жұмысынан кетті, оның ішінде 1 округ әкімі, 1 бас маман, 1 жетекші маман. Кадр тұрақсыздығы  -

30 % құрайды. 

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

         Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

                   3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша:

           Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР басқада нормативтік құқықтық актілерін тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Сонымен қатар 3 рұқсат етілген құжаттар беріледі. Жыл басынан бері азаматтарға 595 мем.қызмет көрсетілді. Көрсетілетін қызметтің стандарттары аудан әкімінің сайтында және аудандық  «Иссыкский вестник» газетінде 2 реттен ақпарат жарияланды. Әкім аппартында қызметтің түрлеріне жауапты мамандар бекітілген. Халықты хабардар ету үшін мемлкеттік органда қызмет берушіілердің стандарттары мен регламенттері телефон номерлері, өтініш  бланкінің үлгілері  орналастырылған стенд ілінген. Есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз шағым түскен жоқ.

       1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында былай көрсетілген:       

      «Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

     2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

     3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

     4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.

      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады деп көрсетілген».

         Бірақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орысша нұсқасында «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген  пункт көрсетілмеген. Яғни қызметтті көрсетуші осы стандарттың орысша нұсқасы бойынша жұмыс жасаған кезде артық құжат талап ету жағдайлары орын алуы мүмкін.

        Ұсыныс: анықталған қарама-қайшылықтарды жоғары тұрған құзырлы органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген пунктті енгізуді ұсыну.

         2. Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында «Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі)» - деп көрсетілген. Бірақ аталған стандарттың қосымшасында көрсетілген өтініш нысанында өтінішке ситуациялық сызба қоса тіркеледі деп көрсетілген. Біздің аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында осы жағдай қарама-қайшылықтар тудыруда, яғни стандарттың 9 тармағында көрсетілмеген құжатты талап етудеміз.

        Ұсыныс: жоғары тұрған құзырлы органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді ұсыну.

         Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

         Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі;

        мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;     мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнем жетілдіру;

        мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.

         Ауылдық округ әкімі 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы

(7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 392
    1.    «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
    2.    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 197
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 4
    1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 1
    2.    «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 1
    3. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатыққа (конкурстарда, аукциондарда) алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

       Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

      «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық акті қабылданды.       

        Халықты хабардар ету үшін  «Балтабай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондар номерлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

                          4.     Келушілермен тікелей қатынас тәуелділігі.

             Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет алушылармен тікелей қатынас жасау кезінде мемлекеттік қызмет қағаз түрінде болғандықтантәуекелділік байқалады.

           Ұсыныс: Әкім аппаратында тоқсан сайын ішкі сараптама жұмысын жүргізіп отыру.

           Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі барысындағы басқа сұрақтар

       Ауылдық округ әкіміне2017 жылдың 30 қарашасына дейін жеке тұлғалардан – 279  өтініш, ал заңды тұлғалардан – 1  хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

       Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық бөліміне ұсынылады.

       Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.

Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

2017 жылғы 11 қыркүйегінде Аудан әкімінің веб-сайтында «Балтабай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік корпорация және Электронды Үкімет» веб – порталы арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру жарияланды.

     Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

ҚОРЫТЫНДЫ

          Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Балтабай ауылдық округі әкіміне ұсынылады:

       1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген пунктті енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.

       2) Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.

        3)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

       4)Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

       5)Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

Жұмысшы топ мүшелері:

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                               Р. Хан                                              

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                               Р. Камалова

Таныстым:  

Балтабай ауылдық округінің әкімі                               Ж.Мыкыбаев  

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8888263
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
31425
0
31425
8749464
126264
187110
8888263

Сіздің ІР: 3.227.208.153
Қазір: 2019-11-13 13:49:54
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру