Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБалтабай а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Балтабай   ауылдық округі  әкімі  Жуман Сембаевич Мықыбаевтың

 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындарының алдындағы

ЕСЕБІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2016 жылғы 0сәурдегі «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190-ші Жарлығына қол қойды. Ондағы мақсат – қазақстандық қоғамды одан ары қарай демократияландыру, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардан халықты хабардар ету, әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру және халықты мемлекеттік басқару процессіне кеңінен тарту.

Осы Жарлықты орындау үшін және алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес бүгін мен, Сіздердің алдарыңызда есеп беруге келіп тұрмын. Бұл есеп беру кездесуіне округ аумағындағы кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен жастар, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері және жалпы тілек білдіруші қауым шақырылды.

Тәуелсіздікке қол жеткен 27 жыл ішінде еліміз экономикасының әр саласында, ішкі және сыртқы саясатта үлкен табыстарға жеттік. Қазақстанды жер жүзі таныды, халқымызды білді. Тату-тәтті тіршілік кешуді мұрат еткен мемлекет екенімізді мойындады. Ол жағын өздеріңіз де білесіздер. Еліміздегі елеулі өзгерістер көз алдарыңызда болып жатыр. 

 Тұтас елдегі реформалар аясында біздің округ халқы да біршама табысқа қол жеткізе алды. 

Балтабай ауылдық округісалық саласы бойынша түсімдері

Мемлекет кірісінің тұрақтылығы салық әкімшілігі мәселесімен тығыз байланысты екенін өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты салық төлемеуге және салықтың төленбеуіне байланысты жиналып қалған алымдардың  көбеюіне жол берілмеуіне бақылау жасау бұл реттегі жұмыстың басым бағыты болып табылады. Салық әкімшілігінің осы мақсаттағы тиімді тетіктерінің бірі осындай төленбеген салықтарды қайтару үшін дер кезінде барлық шараларды қолдану қажет. Ал 2018жылдың :

 
 

Көрсеткіштер атауы

2017-2018 жылғы болжамы

 

Бюджетті нақты орындалуы

2017-2018 жыл

жеке кәспкерлерден түскен салық түрлері

7000,0

15591,0

222

Мүлік салығы

888,0

1012,9

114

Жер салығы

2651,0

2617,5

98

Жеке тұлғалардың автокөлік салығы

29940,0

31084,9

103

заңды тұлғалардың автокөлік салығы

808,0

808,0

100

Барлығы

41287,0

51143,3

1238,7

 

Біздің салық саласы бойынша 2019 жылға басты міндетіміз: салық төлеушілердің базасын кеңейту, көбейту, салықтың бірде бір теңгесін үкімет қоржынынан тыс жібермеу. Жиналған барлық қаражат өзіміздің округімізге келетін болады, оны тиімді және керекті жергілікті мәселелерге жұмсау.

 

Тұрғын үй саласы

 

Тұрғын үй құрылысының  дамуы  округ аумағындағы  халықтың  соңғы 

10 жылда 7674 тен 9148 адамға көбейуіне сәйкес,  жеке адамдардың  7 елді мекендермен 3 саяжайлардағы құрылыс салу қарқыны тоқтаусыз өсуде. Бүгінгі күнде  үйлер саны 2167 болып отыр, жеке  құрылыстар  әлі де салынуда. Бұрынғы көптеген  ескі  үйлер  бұзылып,  қосымша құрылыстар салынып,  тұрғын  үй  көлемі еселеп өсуде, олардың іс құжаттарын дайындауда әкім аппараты үнемі тиісті жұмыстар жүргізіп, заң тұрғысынан 

кеңестер беріп отырады.

    

Ветеринария саласы

 

Балтабай ауылдық округінде шаруа қожалықтарын тіркеу туралы жұмыстар жүргізіледі, ауыл тұрғындарының аулаларында  5627 -ге жуық ірі қара мал, 832 жылқы, 4796 ұсақ мал, 87 шошқа, 8 400 құстар өсірілуде. Осы көлемдегі малдың беретін өнімдері округ тұрғындарының біразын қамтамасыз етіп отыр.

4980 бас ірі-қара мал, 4796 бас ұсақ мал және 87 шошқа мен 832 жылқы бірдейлендіріп (идентификация), деректер қорына енгізілді. 2018 жылы  432 ветеринариялық анықтама берілді.

Балтабай ауылдық округі бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егілу диагностикалық тексеру жұмыстарына 2018 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 2 млн 914 мың 048 теңге бөлініп толық игерілді. 

 

Ауыл шаруашылығы

 

1. Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы   дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің  (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын  субсидиялау – 7 шаруақожалығына 30574405 тенге төленген

2. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 10  шаруа қожалық басшыларына 32967686 теңге төленген

3.  Ағымдағы жылы округ аумағында «Бестораңғыл-ай» АӨК-де 30 мүшесі бар мекемесі ет-сүт, мал бордақылау және мал сою пунктісінің  құрылыс жұмыстары  аяқталып, ашылуға дайын. Аталған мал сою пунктінде заманауй, автоматтандырылған ветеринарлық лабараториясы бар. АӨК-нің 18 мүшесіне 55 млл.тг. несие алынып 275 ірі қара мал бордақылау алаңдарында тұр және 22 млл.тг. көлемінде мемлекеттен 50 пайыздық субсидияланған несие мал сою пунктісін салуға (убойный цех) алынған. Яғни оның 11 млн. тг мемлекет тарапынан төленеді. Аталған жобаның инфраструктурасын жүргізуге екі инвестор 6 млн.тг көлемінде қаржы тартылған. 

Жалпы жобаның қаржылай шығыны 83 млн тг құрайды.

 
 Кәсіпкерлік саласы
 

Кәсіпкерлік саласында 67 сауда нүктелері бар, барлығы онда 98 адам жұмыспен қамтылған. 

Барлық кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары, өндірістік кооперативтер округ аумағында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына, жетім – жесір, мүгедектерге материалдық көмек көрсетіп тұрады. 

 

Сумен қамтамасыз ету

 

Балтабай ауылдық округі бойынша ауыз су құбырының жалпы ұзындығы 46 шақырымды құрайды. 1971 жылы қолдануға берілген. 

Балтабай, Бірлік ауылдарын сумен қамтамасыз етуге құжатттарын «Есік Су Құбыры»  балансына  өткізуге жоспарлануда.

Ақтоғай ауылын «Есік дендаралогиялық паркі» ауыз сумен қамтамасыз етеді, су құбырының ұзындығы 3 км құрайды.

Енбек ауылын ИП «Розбакиев» ауыз сумен қамтамасыз етеді, су құбырының ұзындығы 5 км құрайды.

 Ақбастау және Күш ауылдарының су құбырлары иесіз деп танылған, ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының ұзындығы 13 км. 

 
 

Жол жөндеу және аббаттандыру саласы

 

Балтабай ауылдық округі  бойынша 54 көше, 1-Республикалық жолдың бойында орналасқан, 3–і облыстық маңыздағы жолдар. 

 

Балтабай ауылында Титова, Кеңес, Желтоқсан, Жеңіс көшеріне  асфальт төселді. Кеңес-Желтоқсан көшелері 11 млн 59 мын тг, Титова -Жеңіс 9 млн тг жұмыстар жүргізілді. Иесіз нысандар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, 2 иесіз ауыз су құбыры және Еңбек ауылындағы мәдениет үйі анықталды. Қазіргі таңда барлық иесіз нысындарының иесін анықтау мақсатында және балансқа алу үшін тиісті органдармен  жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бюджеттік мекемелердің от жағу маусымына бойынша: 92 360 кг қатты және 121 168 л сұйық отын жеткізілді.

 

Білім беру саласы

 

         Округ аумағында 3 орта білім беретін мектеп және 1 бастауыш мектебі  Өрнек ауылында орналасқан. 

          Орта білім беретін мектептерде биылғы оқу жылында 191  мұғалімдер 1839 оқушыға білім беріп отыр. Бүгінгі күні Бірлік, Күш, МТФ, Өрнек және  саяжайлардан 383 оқушылар  күнделікті тасымалданады. Есепті мерзім ішінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Солай болғанымен әлі де балалардың да, көлік жүргізушілердің де жол ережесін сақтамауы кездесіп қалады.

Мектептерде балаларға ыстық ас беру, буфет ұйымдастырылған.

Балтабай ауылында мектепке дейінгі 3 шағым орталық жұмыс атқаруда. 

         Округ бойынша 150 баламен қамтамасыз етілуде. 

          Балтабай ауылында  75 орындық «Балбобек А 2015» жеке меншік бала бақшасы қызметін атқаруда, сондай ақ Қазақстан Республикасының 27 жылдық Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтоғай ауылында 100 орындық «Орынша» жеке меншік бала бақшасы ашылды.

 

  2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат:

                                                                                                                                                        

  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің саны – 600

  • мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды  тізімге алу – жоқ.

  • атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру - 19.

  • жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама – 195

  • шалғайдағы ауылды елді-мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау – 383

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3

  • елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – жоқ;

  • мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу - жоқ;                                                                                                                                                                                                                                                           

  • сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап                                                                                

етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –жоқ.

  • Мем. органмен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – жоқ.

  • тегін мемлекеттік қызмет көрсетудің саны - 600, ақылы мемлекеттік қызмет көрсетудің саны – жоқ. Ақылы мемлекеттік қызмет көрсету – жоқ. 

  • Қағаз ретінде көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саны – 600.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар саны – 8;

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны – 8;

   

Денсаулық сақтау саласы

 

Бүгінгі күні Балтабай ауылдық округінде тәулігіне 125 адам қабылдайтын ауылдық  аурухана өз жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар 5 фельдшерлік пункт жұмыс атқарады. 

Медициналық мекемелер кадрлармен толық көлемде қамтылған.  Сонымен қатар округімізде 2018 жылы  «Tabibmed» амбулаториясы өз жұмысын бастады. Округімізде  2 – тіс емдеу кабинеті, 3 – дәріхана көпшілікке қызмет көрсетуде.  

 

Әлеуметтік сала

 

Округ аймағы бойынша – зейнетақы және жәрдемақы алатындардың саны 1311 оның ішінде 1014 зейнеткерлер,  мүгедектер – 154 көп балалы аналардың саны –  128.Оның ішінде «Алтын алқа және Күміс алқалармен» марапаталғандары және де тағы басқалары.  

2018 жылы аз қамтылған 15 отбасына (2 688 040 теңге) атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы тағайындалды, тұрғын үй көмегі 58 отбасына (1 743 480 теңге) тағайындалды.

Өрнек ауылында  Адалят апаның  көмегеімен мешіт салынып, 30 желтоқсан күні  салтанатты ашылуы болды.

Сондай-ақ округтің кәсіпкерлерінің дмеушілігімен 108 адамға 393 500 теңгенің көлемінде әртүрлі көмектер көрсетілді. Оның ішінде қарттар, жалғызбасты аналар, оқушылар барлығы бар. Үнемі демеушілік танытатын кәсіпкерлер кәсіпорындар : «Балтабай 2030» ЖШС, «НурАгро» ЖШС, «Будан» ЖШС, кәсіпкер Дауталиева Баян, Құмалақбаев Берік, Айнидинова Эльзира, Смагулова Анар, Тюрин Андрей, Копирбаева Куляш, Хусайнов Ташмухамед және тағы да басқалар.

 
 

Мәдениет және спорт саласында

 

Үстіміздегі жылы халықтың рухани байлығын көтеру мақсатында біраз шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жастардың арасында ұлтаралық татулықты нығайту, жастардың мәселесін шешу және зерттеу, аға-буын өкілдерінің тәжірибесін алу, отан сүйгіштікке баулу, тағы да басқа осы бағыттарға сәйкес маңызды шаралар ұйымдастырылып,  жүргізілді.  Жыл басынан бері барлық мемлекеттік мейрамдар кең көлемде аталып өтіліп отырылды.  Сонымен бірге аудан көлемінде өткізіліп жүрген сайыстардан біздің округіміздің жастары алдыңғы орындарға ие болып жүр.  

Жастар арасында спорт пен салауатты өмірді дәріптеуде түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын дәстүрге айналған футболдан және баскетболдан  аудандық чемпионат ұйымдастырылып, аталған ойындарда округіміздің атынан «Балтабай» командасы белсенділік танытып келеді. 

 Сондай ақ мемлекеттік қызметкерлер, білім саласындағы мамандары, медицина қызметкерлері  және тағыда басқа саладағы мамандар, жастар арасында волейболдан, баскетболдан, футболдан, бокстан және тағыда басқа спорт түрлерінен жарыстар үнемі ұйымдастырылып өткізіліп тұрады. Осы іс шараларды атқарудағы мектеп ұжымдарының еңбегін ерекше атап өткім келеді. 

Спорт саласында  аудан көлеміндегі көрсеткіштер бойынша 13 орынға шықтық алдағы уақытта спорт шаралары өз жалғасын табады. Ауылымыздың тұрғыны Ақтау қаласы Каспий теңізінде әскери оқу кезінде жолдастарын құтқарып өзі ерлікпен қаза тапқан Адилов Замир Махсутжановичтің құрметіне арналған 27-30 қыркүйек аралығында Балтабай ауылында облыстық бокстан турнир өткізілді.

Сонымен қатар жастар жұмысы бойынша аудан көлеміндегі көрсеткіштер бойынша 1орындамыз.

Балтабай  ауылдық округінің кәсіпкерлері   ұлағатты ұрпақтың өсіп өркендеуіне жанашырлық танытып, өнер мен мәдениеттің, спорттың  өркендеуіне қолдау көрсетіп отырады.

Осы орайда «Қариясы бар ел – дариялы ел» демекші  ауылымызда әрдайым ұйымдастырылып жүрген қандай да іс-шара болмасын ақсақалдарымыз, әжелеріміз үнемі белсенділік танытып, қоғамдық өмірге атсалысып келеді.  Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында атқарған жұмыстарыңызға үлкен алғысымды бідіремін!

 

Діни бірлестіктер

 

Балтабай ауылдық округі бойынша бүгінгі күні 5 мешіт жұмыс атқаруда.  Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде. Осы жұмыстар барысында дін бірлестіктер  басшыларының алатын орны ерекше.

 

Әкім аппаратының іс қағаздары

 
 

2018 жылы Балтабай ауылдық округ әкімі аппаратына жеке және заңды  тұлғалардан 193  өтініштер келіп түсті, оның ішінде 193 оң шешімін тауып, қанағаттандырылды. 

         1075 құжат кіріске алынып, 1009 шығыс құжаттар тіркелді, 38 шешім, негізгі қызметке байланысты және жеке құрамы бойынша 110 өкімдер қабылданды.

 
 
 

Назар қойып тындағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8913373

Сіздің ІР: 3.227.3.146
Қазір: 2019-11-17 09:12:27
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру