Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБөлек а/оБез категории

Кәсіпкерлерді мемлекеттік тексерулер тәртібі. Егер сізге тексеріспен келсе не істеу керек?

Әр бизнесмен өзінің қызметінде мемлекетпен әр түрлі бағыттар бойынша өзара байланыс жасайды. Бұл сияқты өзара байланыстың түрлерінің бірі заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерді  тексерулер болып табылады. Тексерулер сөзсіз керек алайда оларды жиі жүргізу сіздің бизнесіңізге теріс әсер етуі мүмкін. Уақытты, күшті  жоғалту, бұл мүмкін салдарлардың толық тізімі емес. Мақаладан сіз тексерудің не екенін, оның не үшін керектігін, тексерулер қанша жиілікте өткізілуі мүмкін екенін және заңсыз тексерулерден қалай сақтану керектігін білесіз.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болады. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кешенді және тақырыпты болуы мүмкін. Жоспарлы тексерулер мемлекеттік қадағалау органдары әр жарты жыл сайын бекітетін, жоспарға сәйкес өтеді. Жоспардан тыс тексерулер тек белгілі бір жағдайларда ғана жүргізіледі. Кешенді тексерулер, ереже бойынша бизнесті жүргізудегі заңдылықты сақтаудың көптеген мәселелерін қамтиды, тақырыптық – әдетте бір сұрақ бойынша ғана жүргізіледі.

Тексерулер тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін:

  • мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы сізге келуі мүмкін;
  • мемлекеттік орган бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізуде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда тексеру пәніне қатысты қажетті ақпаратты сұрай алады;
  • ҚР заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтау туралы ақпаратты алу мақсатымен сізді шақыруы мүмкін.

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер  үнемі кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленген жұмыс уақытында жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері жүргізілуі мүмкін, бірақ олардың жасалу сәтінде тікелей бұзылуларға тыйым салу қажеттілігі жағдайында ғана.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабының 6-1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу басталған күннен бастап 3 жылішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты  жоспарлы тексерулерді жүргізуге тыйым салынады (қайта құрылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорлары және қайта құру тәртібіндегі құрылған заңды тұлғалардан басқа).

Кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру

Жоспарлы тексеру бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүргізіледі. Жоспарды осы беттен қарауға болады. Жоспарлы тексерулердің бекітілген кестесі өзгертулер мен толықтыруларға жатпайды, сол себепті жылына екі рет жеткілікті – 25 желтоқсан және 25 мамырда осы беттен өз ЖСН/БСН бойынша сіздің кәсіпорынға тексеру жоспарланғанын, жоспарланбағанын білу керек.

Бұнда тексерулер мерзімділігі тәуекелдер бағасымен анықталады, оны мемлекеттік органдар және қызмет бағыттары бойынша жүргізеді (тексерулердің ықтимал неғұрлым қауіпті салаларында  тексерулер жиі жүргізіледі). Заңның 16-бабының 6-1-тармағына сәйкес тіркелген сәттен бастап қызметтің алғашқы 3 жылында сізге тексерумен келе алмайды. Егер сіз өз қызметіңізді 3 жылдан артық жүргізсеңіз, ортақ жағдайлардағы тексерулер жиі жүргізіле алмайтынын ескеріңіз:

  • жылына 1 рет – қауіптің жоғары дәрежесінде;
  • 3 жылда 1 рет – қауіптің орташа дәрежесінде;
  • 5 жылда 1 рет – қауіптің кішігірім дәрежесінде.

Қауіп дәрежелері бойынша бөлу салдарлар ауырлығы негізінде, талаптардың бұзылуының салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда сіздің қызметіңіз қаншалықты үлкен зиян тигізсе (ықтимал), тексерулер де жиі өткізіледі.

Кейбір салаларда тексерулердің үлкен мерзімділігі қажет. Сол себепті сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым өсіру, бидай және мақта нарығы салаларындағы тексеру қауіптің жоғары дәрежесінде  - жарты жылда 1 реттен жиі емес, қауіптің кішігірім дәрежесінде  – орташа жылда 1 рет жүргізілуі тиіс.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер жиі жүргізілуі мүмкін, бірақ бұнда қауіптің жоғары дәрежесінде тоқсанына 1 реттен артық емес, жарты жылда 1 рет және 3 жылда 1 рет – кішігірім қауіпте.

Егер олардың мерзімділігі осы бапта көрсетілген нормадан асса, тексеруден бас  тарта аласыз. Сонымен қатар жоспарлы тексеру үшін тексеру нақты басталғанға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын жіберілген, хабарлама міндетті.  Жоспарлы тексеру туралы жарты жыл бұрын сіз осы беттен біле алатыныңызды есте сақтаңыз.


Кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеру

Жоспардан тыс тексеруде аталмыш жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған айғақтар мен жағдайлар жатады. Бұл сізді тексерулер негіздеріне тікелей жатпайтын мәселелер бойынша сізді тексере алмайды деген сөз. Заңның 8-бабының тармағына сәйкес жоспардан тыс тексерулер құпия өтініштер жағдайында жүргізілмейді.

Жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

  • бақылау және қадағалаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша және тексерулер нәтижесінде анықталған нұсқауларды орындауды бақылау (қаулылар, ұсыныстар, хабарламалар);
  • жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне және қоршаған ортаға, адам денсаулығына, өміріне маңызды зиян тигізу қаупі туралы немесе жергілікті өкілдік органдардың және ҚР Парламенті депутаттарынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат мен жүгінулерді алу;
  • тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатымен тексерілетін  субъект азаматтық-құқықтық қатынастарға ие болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
  • оның қызметіне тексеруді жүргізу туралы тексерілетін субъектінің бастамашыл жүгінуі;
  • егер оған қатысты жоспарлы тексеру белгіленсе, тексерілетін субъектінің атауын өзгерту және қайта құру;
  • бастапқы тексерумен келіспеу туралы тексерілетін субъектінің жүгінуімен байланысты қайта тексеру;
  • ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен көзделген негіздер;
  • ҚР Салық кодексімен анықталған мәліметтер және сұрақтар, салық төлеушінің жүгінулері;
  • Заңмен белгіленген тәртіптегі белгілі бір әрекеттер немесе қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарламаны тексерілетін субъектіге беру.


Тағайындалатын жоспардан тыс тексеру туралы сізді тексеру нақты басталған күнге дейін кем дегенде 1 жұмыс күні бұрын хабардар етуі тиіс.  

Тексерушіде қандай құжаттар болуы тиіс

Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес сіздің кәсіпорынға тексеріспен келген қызметкер құжаттар тобын ұсынуы тиіс. Егер лауазымды тұлға құжаттарды ұсынудан бас тартса немесе құжаттар толық көлемде ұсынылмаса, сіз сондай-ақ тексеру жүргізуден бас тарта аласыз.


Тексеру нәтижелері туралы акт және тексеруді тағайындау туралы акт

Тексеруді тағайындау туралы акт – осының негізінде тексеру жүргізілетін басты құжат. Егер ондағы мәліметтер дұрыс болмаса немесе күдік тудырмаса, ұсынылатын актімен міндетті танысу (өткен күні, бос жолдар), онда бұл сақтанудың себебі. Мәліметтер жетіспегенде сіз тексерушілердің тексеруінен бас тартуға толық құқылысыз.

Тексерулерді тағайындау туралы актіде міндетті түрде келесі мәліметтер қамтылуы тиіс

Тексерулерді тағайындау туралы акт үнемі (қарсы салықтық тексерулерді қоспағанда) бас прокуратурада тіркеледі. Бұл міндетті шара және сіз аталмыш сервистің көмегімен жүзеге асырылатын тексерулердің заңдылығын жеңіл тексере аласыз. 

Егер тексеру қажеттілігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығын және ҚР ұлттық мүдделеріне қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда туындаса, сондай-ақ тексеру дәлелдерді бекіту үшін шұғыл әрекеттерді жүргізу және олардың жасалу сәтінде тікелей бұзушылықтарға тыйым салу қажеттілігіне байланысты жүргізілгенде акт іс біткеннен кейін тіркелуі мүмкін.

Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің аяқталуы туралы акт құрастырылады (2данада). Қажеттілігі болғанда тексерулер нәтижелері туралы актіге бар болса, өнімдердің үлгілерін іріктеу туралы актілер, қоршаған ортаның объектілерін тексеру туралы актілер, өткізілген зерттеулердің хаттамалары, және сараптамалары және басқа да құжаттар және олардың тексерулермен байланысты көшірмелері. Тексеруді аяқтау туралы акт мынадай мәліметтерді қамтиды:

  • актіні құрастыру күні, уақыты және орны;
  • бақылау және қадағалау органының атауы;
  • соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі;
  • тексеруді жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы;
  • тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), тексерулерді жүргізуге қатысқан жеке немесе заңды тұлғаның өкілінің лауазымы;
  • тексерулерді жүргізу күні, орны және кезеңі;
  • тексеру нәтижелері, соның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
  • тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексерулерді жүргізуде қатысқан адамдардың актімен танысудан бас тарту туралы немесе танысу туралы мәліметтері, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
  • тексеруді жүргізген лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қолы.

Тексеру қанша уақытқа созылуы мүмкін

Тексерулердің барынша көп ұзақтығы (салық тексерулерінің ерекше жағдайларын қоспағанда) 30 жұмыс күннен аспайды және тек 30 жұмыс күннен артық емес мерзімге бірақ рет ұзартылуы мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – 15 жұмыс күніне дейін және 15 жұмыс күніне ұзартумен, ал ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, бидай және мақта нарығы саласында – 5 жұмыс күнінен артық емес және 5 жұмыс күніне ұзартумен.

Егер мерзімін ұзарту қажет болса (сараптама, талдау және өз.) міндетті түрде тексерушіге мемлекеттік органның тиісті шешімін ұсынуды сұраңыз, себебі бұл жағдайда міндетті түрде қосымша акт құрастырылады. Тексерулерді тоқтатуда немесе жаңартуда сондай-ақ міндетті түрде тексеруді тоқтату немесе жаңарту туралы акт шығарылады.

Тексеруден қандай жағдайларда бас тартуға болады немесе ол жарамсыз болып табылады

Дөрекі бұзушылықтар жағдайында сіз тексеруден бас тарта аласыз немесе егер тексеріс өтіп кетсе аталмыш тексеруді жарамсыз деп тану туралы өтініш бере аласыз.

Тексерудегі Заңды дөрекі бұзушылықтарға мыналар жатады:

  • тексерістерді жүргізу негіздерінің болмауы;
  • тексерулерді тағайындау туралы актінің болмауы;
  • тексерулерді жүргізу туралы хабарлама мерзімдерін сақтамау;
  • тексерулерді жүргізудегі бұзушылықтардың бұзылуы;
  • жоспарлы тексеруді тағайындауда алдыңғы тексеруге қатынасы бойынша уақытша интервалдың бұзылуы;
  • тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге ұсынбау;
  • олардың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың тексерулерді тағайындауы;
  • осындай тіркеу міндетті болғанда құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша органдарда тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеусіз тексерулерді жүргізу.

Егер тексерулер бұзушылықтармен жүргізілсе, сіз тексеруді жүргізген мемлекеттік органға өтінішті бере аласыз немесе сотқа алдымен тексерулердің жарамсыздығы туралы тиісті өтінішті, одан кейін (10 жұмыс күнінен кеш емес) тексерулердің жарамсыздығына байланысты актіні жою туралы өтінішті бере аласыз.

Тексеру кезіндегі сіздің құқықтарыңыз

Жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектісі ретінде сіз:

  1. Көптеген жағдайларда объектіге тексерулерді жүргізу үшін келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын тексеруге жібермеуге.

Келесі жағдайларда тексеруден бас тартуға:

  • жоспарлы тексеруді тағайындауда алдыңғы тексеруге қатынасы бойынша уақыт интервалдары сақталмағанда;
  • тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асқанда немесе аяқталғанда;
  • жоспардан тыс тексерулерді жүргізу негіздерінің 2,4, 6, 7, 8 тармақшаларында көзделген жағдайларын қоспағанда бір мәселе  бойынша дәл сол  кезеңде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіні әдейі қайта тексеруді мемлекеттік органмен тағайындағанда;
  • егер алдыңғы тексеруде бұзушылықтар анықталмағанына қарамастан, жоспардан тыс тексеру тағайындалғанда;
  • қажетті ақпарат және құжат болмағанда;
  • егер ҚР Салық кодексімен өзгесі көзделмесе, жеке, заңды тұлғалар және мемлекеттің заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуы туралы өзге жүгінулерде, жасалған немесе дайындалатын қылмыстар туралы хабарламада және өтініште көрсетілген, уақыт аралығының шегінен шығатын кезең үшін тексерулер тағайындалғанда;
  • соған тиісті өкілеттіктері жоқ, тұлғаларға тексерулер жүргізу тапсырылғанда;
  • Заңмен белгіленген мерзімнен жоғары тексерулер мерзімдері ұзартылғанда;
  • тексеруді жүргізу талаптарының дөрекі бұзушылықтары.
  1. Егер олар жүргізілетін тексерулер пәніне қатысты болмаса немесе актіде көрсетілген мерзімге қатысты болмаса, мәліметтерді ұсынбауға.
  2. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттері (әрекетсіздігі) және тексеру нәтижелері туралы тексерулерді тағайындау туралы актіге шағым беру.
  3. Тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың заңға негізделмеген шектеулерін орындамауға.
  4. Тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі тудырмастан, аудио және видеотехника құралдарының көмегімен, оларға тексерулер аясында көрсетілген лауазымды тұлғаның жекелеген әрекеттерін белгілеулге.
  5. Өзінің мүдделерін және құқықтарын ұсыну мақсатында тексеруге қатысуға үшінші адамдарды қатыстыру.

Бұл ретте сіз сондай-ақ міндеттемелер тобына ие боласыз. Егер сізге тексерумен келсе және сіз ұсынылған құжаттардың мазмұнына және толықтығына көз жеткізсеңіз, сіз мыналарға міндеттсіз:

  • Аумаққа және бөлмелерге тексерушілердің кедергісіз рұқсатын қамтамасыз етуге.
  • Коммерциялық, салықтық немесе өзге құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтаумен бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына қағаз және электронды тасымалдағыштарда құжаттарды (мәліметтерді) немесе олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қатыстыру үшін ұсынуға, сондай-ақ тексеру пәніне және міндеттеріне сәйкес автоматтандырылған мәліметтер базаларына  (ақпараттық жүйелерге) рұқсат.
  • Тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында алу туралы белгі жасау.
  • Ол аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актінің екінші данасында алу туралы белгі жасау.
  • Егер өзгесі осы Заңда немесе ҚР өзге заңдарында көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге жол бермеу.
  • Аталмыш объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың объектіге ықпалын тексеруді жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ЖШС жабу және ЖК тарату

ЖШС тарату

Заңды тұлғаларды тарату және қайта құрудың жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен сипатталған, салық міндеттемелерін орындауға қатысты - Салық кодексімен сипатталған.

Заңды тұлғаны тарату сондай-ақ оларды жүзеге асыру тәртібі заңмен анықталған заңды рәсім, процесс ретінде де қаралады. Заңды тұлғаны тарату негізі Гражданского кодекса РК 49-бабымен көзделген, онда былай делінеді: «1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн».

Азаматтық кодекстің 49-бабында заңды тұлғаны таратуға арналған себептерді (негіздерді) екі үлкен топқа ажыратуға болады деп айтылған: ерікті және мәжбүрлі. Бірінші жағдайда тарату компания құрылтайшысының шешімі бойынша, екіншісінде – сот шешімі бойынша болады. Бұл жағдайда сот өндірісі уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының өтініші бойынша қозғалады. Таратудың нақты негізіне байланысты тиісті шағымды беру құқығына ие субъектілердің тізімі де ерекшеленетін болады.

Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

  • банкрот болған;
  • заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
  • орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
  • қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
  • заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
  • қызметін тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;
  • басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны пункте втором көрсетілген негіздер бойынша тарату туралы талап сотқа осындай талапты ұсыну құқығы заңнамалық актілермен ұсынылған мемлекеттік органмен, сондай-ақ банкрот болған жағдайда – кредиторлармен ұсынылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн.

Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, бұл сияқты заңды тұлға законодательством о банкротстве белгіленген тәртіпте таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тарату рәсімдерінің кезеңдері:

  • меншік иесі, уәкілетті орган немесе соттың онда тарату тәртібі және мерзімдерін анықтаумен (конкурстық басқарушыны тағайындау) тарату комиссиясын тарату және құру туралы шешімді қабылдау;
  • тарату комиссиясына (конкурстық басқарушыға) таратылатын заңды тұлғаның мүлкін және істерін (шаруашылық қызметін) басқару бойынша барлық өкілеттіктерді беру;
  • заңды тұлғаны тарату жоспарын құрастыру;
  • аумақтық мемлекеттік тіркеу органы және салық комитетінің заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешімі туралы жазбаша хабардар ету;
  • заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ орталық баспа басылымдарындағы оның кредиторларының шағымдарының өтініштерінің мерзімдері туралы ақпаратты жариялау;
  • барлық кредиторларға жекелеп заңды тұлғаны тарату туралы жазбаша хабарлама жіберу;
  • таратылатын заңды тұлғаның есеп айырысу және валюталық шоттары бойынша карточкалардағы лауазымды тұлғалардың қолдарын ауыстыру және банкте тарату шотын ашу;
  • қысқартылатын жұмыскерлерді хабардар ету және қысқарту бойынша шаралар кешенін, олармен есеп айырысуларды жүргізу және оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  • дебиторлық қарызды анықтауға және алуға шараларды анықтау;
  • кредиторлық және дебиторлық қарыздың тізілімдерін құрастыру;
  • аумақтық салық комитетімен бюджетке міндетті басқа да төлемдер және салықтар бойынша есеп айырысулар;
  • олардың жарғылық капиталындағы акциялар немесе үлестерді сату (салымдар) жолымен басқа заңды тұлғалар (қатысушылар) құрамынан шығу;
  • активтер және міндеттемелер инвентаризациясын жүргізу, аралық тарату балансын құрастыру және бекіту;
  • сатуда (тендерлерде, аукциондарда) мүлікті (конкурстық массаны) өткізу және қолданыстағы заңнамамен көзделген кезектің тәртібінде кредиторлармен есеп айырысулар жүргізу. Ескерту: бұл жерде тек заңды тұлғаның өзінің ғана емес сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың, өкілдіктердің және т.б.) қарыздары өтеледі;
  • тарату салық есептілігінде көрсетілетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді төлеу оны ұсынған күннен бастап он күн ішінде жүргізіледі. Таратылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің салық қарызы оның ақшасы есебінен, соның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте өтеледі.
  • Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық қарызын өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық қарызының қалған бөлігі 34-баптың 2-тармағына сәйкес Налогового Кодекса РК, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) өтеледі;
  • лицензиарларға заңды тұлғада бар мемлекеттік лицензияларды тапсыру;
  • барлық кредиторларды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті акционерлер немесе қатысушылар арасында бөлу, ал одан бас тартылған жағдайда аталмыш мүлікті кез келген үшінші тұлғаның меншігіне немесе иелігіне беру;
  • түпкілікті тарату теңгерімін құрастыру және бекіту;
  • тарату рәсімін аяқтау туралы есепті меншік иесі, оларға өкілетті орган немесе сот алдында дайындау (конкурстық өндіріс);
  • салық органдарынан анықтама алу об отсутствии задолженности юридического лица перед бюджетом және салық есебінен алу;
  • қызмет көрсететін банкте шотты жабу (шоттарды);
  • жою үшін заңды тұлғаның мөрін қабылдау туралы аумақты ішкі істер органында анықтамалар алу;
  • аумақтық әділет басқармасында заңды тұлғаны тарату рәсімдерін жүргізу туралы құжаттар пакетін ұсыну;
  • заңды тұлғаны таратуды тіркеу туралы құжатты әділет департаментінде алу;
  • таратылған заңды тұлғаның қалған құжаттарын аумақтық мұрағатқа тапсыру.

Қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату оларды құрған заңды тұлғалар мен соттың уәкілетті органының шешімі бойынша жүргізіледі. Оларды кез келген ұйымдық-құқықтық нысанды заңды тұлғаларға түрлендіру тәртібі Қазақстанның азаматтық заңнамасымен көзделмеген.

Себебі филиалдар және өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайды, олардың міндеттемелері бойынша, соның ішінде кредиторлық қарызды өтеу бойынша жауапкершілікке таратуда заңды тұлға ие болады.

Заңы тұлғаларды, сондай-ақ олардың филиалдарын және өкілдіктерін тарату және қайта құру рәсімдерін жүргізуде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктің әр түрі белгіленген.

ҚР ЖК тоқтату қалай жүргізіледі?

Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті және мәжбүрлі тәртіпте тоқтатылуы мүмкін. Ерікті тәртіпте жеке кәсіпкердің қызметі жеке кәсіпкердің өзі қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта тоқтатылады. Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім егер ол үшін оның қатысушыларының жартысы дауыс бергенде, егер олардың арасында өзге келісіммен көзделмесе қабылданды деп есептеледі.

Мәжбүрлі тәртіпте жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда сот шешімі бойынша тоқтатылады :

  • банкротства;
  • жойылмайтын сипатқа ие заңнама бұзушылықтарын тіркегенде жол берілгенмен байланысты жеке кәсіпкерді тіркеуді жарамсыз деп тану;
  • егер қызмет лицензиялауға жатса немесе қызмет заңнама актілерімен тыйым салынса қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
  • заңнаманы өрескел бұзумен күнтізбелік жыл ішінде бірнеше рет қызметті жүзеге асыру;
  • заңнамалық актілермен көзделген өзге жағдайларда.

Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе тоқтата тұру бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сотпен жүргізіледі.

Көрсетілген негіздерден басқа жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  • дара кәсіпкерлік – жеке кәсіпкер азаматты жарамсыз деп танығанда немесе оның өлімінен кейін;
  • отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік – егер 1-тармақта айтылған жағдайлар орын алуы нәтижесінде бірлескен кәсіпкерліктің бір немесе бірде бір қатысушысы қалмаса, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлуде .

Кәсіпкерлік қызметті ерікті тоқтату жағдайында жеке кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы жазбаша салық органына хабарлайды.

Қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде кәсіпкер салық органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату күнінен бастап құрастырылған салықтық есептілікті және кәсіпкерлік қызметті тоқтатумен байланысты құжаттық тексеруді өткізу туралы өтінішті ұсынады. Құжаттық тарату тексерісін өткізгеннен кейін бюджет алдындағы салық міндеттемелерін орындау және мемлекеттік тіркеу туралы жеке кәсіпкердің куәлігі (салық) тіркеу органы, кәсіпкердің қызметі тоқтатылған деп есептеледі және Мемлекеттік тірелімнен алып тастауға жатады.

Шағын бизнес үшін салық салу режимі

Тіркелген сәтінен бастап кез келген кәсіпорын салық төлеушіге айналады.  Үнсіз келісім бойынша ЖК де, ЖШС де көпшілік мақұлдаған режимге сәйкес жұмыс істейді.  Бұл жағдайда кіріс және шығыс есебін және ілеспе құжаттаманы жүргізу міндетті.

Табысқа кесімді мөлшерлемемен салық салынады: ЖК үшін 10% (жеке) және ЖШС үшін 20% (корпоративті). Тоқсан сайынғы табысы 10 млн. теңгеден асатын, ал қызметкерлерінің саны 25 адамнан асатын субъектілердің барлығы осы режимге жатқызылады; сондай-ақ елдің түрліше елді мекендерінде құрылымдық бөлімшелері бар кәсіпорындар.

Жалпыдан бөлек, салық салудың жеңілдетілген режимінің екі түрі бар. Оларға ЖК немесе заңды тұлға тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде не болмаса келесі салық кезеңі басталғанға дейін Салық басқармасына өтініш беру арқылы ауысуға болады.    

Ең қарапайым режим – патент. Бұл категорияға тек қана жалдамалы жұмысшылары жоқ және жылдық табысы 200ЕТЖ-дан аспайтын ЖК жатады. Патенттің басты артықшылығы -  патентті рәсімдеу кезінде мәлімделген жылдық табыстың 2% есебінен барлық салықтардың бір мезгілде төленуі. Оған қоса  ЕТЖ-ның 10% мөлшеріндегі зейнетақы жарнасы жәнеЕТЖ-ның 5% мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар.

Салық салудың екінші арнайы режимі – жеңілдетілген декларация негізінде. Ол ЖК үшін тоқсандық табысы 10 млн. теңгеден аспайтын, ал жалдамалы қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын немесе ЖШС үшін  табыс 25 млн. және штатта 50 адам болған жағдайда мүмкін. Жеңілдетілген декларация бойынша тоқсандық табыс сомасының  3% мөлшерінде салық төленеді. Оған қоса дәстүрлі зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бар, әрі бұл жағдайда ЖК үшін де, жалдамалы жұмысшылар үшін де жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда үкімет тарапынан ксіпкерлікті қолдауға үлкен мән беріледі. Бастаушы кәсіпкерлердің, сондай-ақ өз орнын тауып, белгілі бір табыстарға қол жеткізгендердің өмірін жеңілдететін көптеген құралдар бар.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар

  • «Бизнестің жол картасы 2020».  Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрекеттегі тұрақты жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
  • Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты  - тұрақты және тиімді жұмыспен қамту көмегімен тұрғындар табысын арттыру.
  • Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорынды сауықтыру). Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, сондай-ақ олардың әрі қарай тұрақты дамуына  арналған.  
  • ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы – бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдердің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.

Бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік компаниялар

Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа мемлекет кәсіпкерлікті қолдауды қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекет атқарушы органдар арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдарламалардың көмегімен де, әрі ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған бағдарламалар көмегімен де жүзеге асырады.  

  1. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ  Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттің инновациялық дамуының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасындағы технологиялардың бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру және жүйеге келтіру; 
  2. «Kaznex» Экспортты дамыту мен ілгерілету жөніндегі корпорация» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты қалыптастру саласында, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да ақпараттық-сараптамалық көмек көрсетеді;
  3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – интегратор және қаржылық, консалтингілік қызметтерді ұсыну операторы ретінде шағын және орта бизнестің, сондай-ақ Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына көмек;
  4. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инвестиция тарту және жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларға қаржылық қолдау көрсетеді;
  5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, шикізат пен материалдарды терең ұқсатуды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталын инвестициялау жолымен қаржылық қолдау;
  6. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау;
  7. Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіптік аймақтар – кәсіпкерлікті оның қалыптасуы мен дамуы сатысында материалдық-техникалық қолдау.

Бизнесті тіркеу

Бизнес тіркеуден басталады. Жеке істі ашу үшін,  электрондық үкімет веб-порталындағы электрондық  өтінішті толтыру қажет және бір күн ішінде сіздің жеке кабинетіңізге мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түріндегі жауап келеді. Бұл мемлекеттік қызметті берілген сілтемебойынша жүріп өтіп, «Бизнесті тіркеу» бөлімінен табуға болады.   

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне келетін болсақ, мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» порталында да, сонымен қатар заңды тұлғаларды мелекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіпте (ХҚКО арқылы) жүргізілуі мүмкін.  

Кәсіпкерлік қызмет нысандарының ерекшеліктері

Төменде берілген кесте жалпылама түрде кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір нысанының ерекшеліктерін көрсетеді.

Қысқартулар:

  • ЖК – жеке кәсіпкер;
  • ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • АҚ – акционерлік қоғам;
  • АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
  • ШКС – шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • ОКС – орта кәсіпкерлік субъектісі;
  • ІКС – ірі кәсіпкерлік субъектісі.
ЖК

ЖШС

(ШКС)

ЖШС

(ШКС емес)

АҚ
патент жеңілдетілген декларация

көпшілік мақұлдаған тәртіп

(ШКС)

жеңілдетілген декларация көпшілік мақұлдаған тәртіп
Мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшері 2 АЕК 2 АЕК 2 АЕК 2 АЕК 2 АЕК 6,5 АЕК 6,5АЕК
Құрылтай құжаттарын өңдеу қажеттілігі жоқ жоқ жоқ қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін) қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін) қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін) қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін)
Құрылтай құжаттарын нотариалды куәландыру қажеттілігі - - - қалауы бойынша қалауы бойынша міндетті міндетті
Тіркеуші органдар Салық органы Салық органы Салық органы Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)
Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)
Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)
Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы) Ұлттық банк
(эмиссиялар мен акцияларды тіркеу)
Тіркеудің бағдарлы мерзімі (барлық органдарда) 3 жұмыс күні 3 жұмыс күні 3 жұмыс күні 5 жұмыс күні 5 жұмыс күні 7 жұмыс күні 7 жұмыс күні
Мөр дайындау қажеттілігі қалауы бойынша қалауы бойынша қалауы бойынша иә иә иә иә
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері жоқ жоқ жоқ 100 теңге 100 теңге 100 АЕК 50 000 АЕК
Жарғылық капиталды төлеу мерзімі жоқ жоқ жоқ  1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін) 1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін) 1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін) 30 күн
Тіркеуге қажетті құжаттардың ең аз жиынтығы Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.
Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.
Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.  
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 

Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 

Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы. Жиналыс хаттамасы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Қарыздар бойынша мүліктік жауапкершілік барлық мүлкімен барлық мүлкімен барлық мүлкімен жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде акциялар құнының шегінде
Құрылтайшылар (фирма иелерінің) саны  1 1 1 шектеусіз шектеусіз шектеусіз шектеусіз
Жалдамалы қызметкерлер санын шектеу 25 50 50 50 шектеусіз шектеусіз
Айналымдар бойынша шектеу жылына 300-еселік ең төменгі жалақы бір тоқсанда 10 000 000теңге жылына 60 000 АЕК бір тоқсанда 25 000 000теңге жылына 60 000 АЕК шектеусіз шектеусіз
Басқа нысанға қайта құру, құрылтайшылар құрамының ауысу мүмкіндігі жоқ жоқ жоқ иә иә иә иә
Фирмалық атау жеке тіркеуді қажет етеді жеке тіркеуді қажет етеді жеке тіркеуді қажет етеді тіркелген уақыттан бастап қорғалады тіркелген уақыттан бастап қорғалады тіркелген уақыттан бастап қорғалады

тіркелген уақыттанбастап қорғалады

Салық салынатын табыс мәлімделген табысқа салынады түсімге салынады шығынды шегерумен табысқа салынады түсімге салынады шығынды шегерумен табысқа салынады шығынды шегерумен табысқа салынады шығынды шегерумен табысқа салынады
Табыс салығы мәлімделген табыстан тең үлеспен 2% түсімнен 3%, тең үлеспен шығынды шегерумен табыстан 10%  түсімнен 3%,  тең үлеспен шығынды шегерумен табыстан 20%   шығынды шегерумен табыстан 20%   шығынды шегерумен табыстан 20%  
Әлеуметтік салық 2 АЕК өзі үшін
+
1 АЕК әрбір жалдамалы қызметкер үшін
жалақы қорынан 11% жалақы қорынан 11% жалақы қорынан 11%
ҚҚС жоқ салық салынатын айналымнан, айналым 30 000-еселік АЕК мөлшерінен асқан жағдайда, 12% (кемінде бір жыл ішінде)
Статистикалық есептілікті жүргізу мен тапсыру қажеттілігі  жоқ жоқ жоқ иә иә иә иә
Филиалдар мен өкілдіктер ашу мүмкіндігі жоқ жоқ жоқ жоқ иә иә иә
Қызметтің кейбір түрлеріне шектеулер бар бар бар бар бар жоқ жоқ

Page 4 of 7

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8522983
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
24438
0
117388
8393060
200317
254380
8522983

Сіздің ІР: 34.226.234.20
Қазір: 2019-09-20 16:27:54
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру