Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБөлек а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

 Бөлек селолық округ әкімі  А.Изиевтің 2015 жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері туралы халық алдындағы

ЕСЕБІ

Бөлек  ауылы 2016 жыл

Құрметті!!!

                Ардақты ағайын!

         Бөлек селолық округінде үстіміздегі жылы айтарлықтай өзгерістер болып, нәтижелі жұмыстар іске асты.

Округ аумағында үш елді мекен бар: Бөлек, Аймен, Қарасай ауылдары. Жалпы халық саны - 6034 адам, 1389 - аула. Селолық округте 28 ұлт өкілдері тұрады. Сонымен қатар,  Округке қарасты 32 сай-жай кіреді.

Селолық округтің экономикасының  негізгі бағыты ауылшаруашылық.

 Жалпы ауылшаруашылық жер көлемі-5867,4 га, оның ішінде егістік – 3144 га, алма-бақ - 607 га, оның ішінде апорт  бағы -156,6 га, жүзім - 476 га, жайылым- 803га. Округте  - 880 шаруа қожалығы жұмыс істейді, шаруа қожалықтарында 1838 адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалықтары алма-бақ, жүзім, жүгері, майлы дақылдарды өсірумен және мал  шаруашылығымен айналысады. «Агромеркур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тамшылатып суару әдісімен қолданылатын 309 га алма – бақ отырғызылып, 1000 га егін егілді. ЖШС «Алтын Есікте» 200 гектар жер көлеміне алма жемісінің дәндері отырғызылды. Округтегі шаруа қожалықтары көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған  субсидияны 11 жеке шаруашылық қожалықтары -1 млн 258мың теңге, ЖШС «АгроМеркур» - 1млн 963 мың теңге, ЖШС «Ақжол Агро транс» - 1 млн 569 мың теңге көлемінде жалпы  4 млн 790 мың теңге қаражат алды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша мал басын көбейту мақсатында 2 отбасына  (Алиев Хасан Аймен ауылы, Беласаров Кутмемурат Минарбекович Бөлек ауылы) төмен  пайызбен  3 млн теңгеден жалпы соммасы 6 млн теңге алды.

Егістіктерде қалған ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау уақытылы жүргізілді, дайындық жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды. Күзгі шабындықта округ бойынша – 650 тонна шөп, 300 тонна дақыл жиналды.

ЖШС «Агромеркурде» - ірі қара мал басын 2000 басқа дейін көбейтілді,

2016 жылдың 1 қаңтарында мал басы келесі көрсеткішке ие болды - ірі қара мал  - 2062, ұсақ мал -2417, жылқы малы  – 367 бас. Округ аумағында мал шаруашылығымен айналысатын  (Агромеркур, Алтын - Есік, Мадияр; Дурсунов, Томирис Аскаров, Бегасилов сияқты) 7 ірі шаруа қожалықтары бар.Сонымен қатар, «Алтын Есік» ЖШС – 50 түйеқұс бар.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Округте жүзім өңдейтін «Есік-шарап зауыты» жұмыс істейді, өндірілген  өнімді сақтау мақсатында сыйымдылығы 2300 мың тонналық «Семиречье» және «Баймухамедов.Е» шаруақожалықтарында жеміс-жидек қоймалары жұмыс істеуде.

Селолық округ аумағында 22-дүкен, 1 - сыра өңдейтін цех, 1 – құлджа бойындағы дәріхана, 1 – қоғамдық монша мен 2 кафе жұмыс атқаруда. Жалпы -  онда 45 адам жұмыспен қамтылған.

САЛЫҚ ТҮСІМІ

2015 жылы  жер салығы бойынша- 303 мың 635 теңге, мүлік салығы бойынша – 547 мың 331 теңге, автокөлік салығы бойынша – 11 млн 345 мың 700 теңге жиналды.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Бөлек селолық округіне қарасты Бөлек ауылында Шаталова, Урожайная, Астана, Солнечная, Строительная көшелерінде, Қарасай ауылында  Новая, Гагарина, Николаева көшелерінде жалпы 2315,06 шаршы метр көлемінде кезекті жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Аймен орта мектебінің жылыту қазандығы сыртқа шығарылып, блокті – моделді контейнер типтес қазандық – 2 млн 900 мың теңге соммасында орнатылды.

БІЛІМ БЕРУ

Округ аумағында 3 мектеп, 1 балалар шағын орталығы, 1 балабақша жұмыс істейді.   Жалпы 1452 оқушы мектепте білім алуда. 160 бала мектепке дейінгі тәрбиеленуде.

 М.Горький  мектебіне 2015 – 2016 оқу жылдары сая – жайдан 439 оқушы тасымалдануда.

 2014 – 2015 о.ж. қорытындысы негізінде округ бойынша 40 түлек 11 сыныпты бітірді. Оның Ұлттық Бірыңғай Тестке қатысқан оқушылар саны  М.Горький орта мектебі – 15 оқушы, орта бал көрсеткіші 87,4%. Аймен орта мектебі – 5 оқушы, орта бал көрсеткіші 80%. Абай орта мектебі – 4 оқушы, орта бал көрсеткіші 84,5%.  16 – оқушы  мемлекеттік емтихан тапсырды.

Сонымен қатар, әкім аппаратының қолдауымен Қапшағай қаласындағы «Лас - Велас» жазғы демалыс лагеріне және М.Горький мектебінен «Келешек» лагеріне 2 оқушы жіберілді.  Округ бойынша ауданда орналасқан лагерьлерге – 30 оқушы барды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Селолық округтің тұрғындарына медициналық көмекті Бөлек ауылындағы дәрігерлік емхана, Аймен, Қарасай ауылдарында фельдшерлік -  акушерлік пунктері жүзеге асыруда.  округте 5 дәрігер, 24 мейірбике қызмет атқарады. Округте  сонымен қатар, әр мектепте медициналық көмек көрсетуге арналған мейірбике штаты қарастырылып, қажетті кабинетпен қамтылған. М.Горький мектебінде стоматологиялық кабинет жабдықталып жұмыс істеуде. 

Округте қатерлі ісік  ауруына шалдыққан – 46 адам. Туберкулезбен науқастанған – 5, оның ішінде 2 емделіп шықты, 3 емделу үстінде. Тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылауға алу, арнайы жоспарлы тексеру іс – шаралары жүйелі өткізіледі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

2015 жылдың маңыздылығын ескере отыра, атаулы мерекелерге орай «1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күніне» және «9 мамыр, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» орай мерекелік шара ұйымдастырылып, округтегі 1 ҰОС –ның ардагеріне, тылда еңбек еткен 49 ардагерге мерекелік сый табыс етіліп, түскі ас берілді, жұмсалған сомма – 200 мың теңге.

Округ бойынша әлеуметтік зәрулік көруші 18 жасқа дейінгі 100 балаға – 6 млн 679 мың 773 теңге төленді. Жалғыз бастызейнеткерлермен, тұрмысы төмен 32 отбасы 1 млн 130 мың 625 теңге  тұрғын үй көмегін алды.

Шартты ақшалай көмек беру «Өрлеу» жобасы - отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне және «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысқан жағдайда отбасын белсенділендіру әлеуметтік келісімшартына отыру арқылы отбасыларға шартты қаржылай көмек ұсыну бағдарламасы аясында – 8 отбасы қамтылды.

Тұрғындардың белсенділіктерін арттыру мақсатында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Аймен ауылында «Жыл әйелі - 2015» байқауы ұйымдастырылып, Кәкей Хырғауыл жоғарыда аталған титулды жеңіп алды.

Қоғамдық бірлестіктер (қозғалыстар)

Селолық округ аумағындағы  3 елді-мекенде ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы жұмыс атқарады. Кеңестердің басты мақсаты: жастарды тәрбиелеу, халық арасындағы достықты нығайту, әйелдерге, балаларға, мүгедек жандарға көмек көрсету, қиын балалар тәрбиесін қарау.  

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ СПОРТ

Дарынды жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, мақсатында жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы және спорт нұсқаушысының ұйымдастыруларымен, әкім аппаратының қолдауымен жоспарға сәйкес 39  әр түрлі форматтағы іс – шаралар өткізілді. Сонымен қатар, округ жастары аудандық байқаулардан да жүлделі орындарға ие болып, облыстық байқауларға жолдама алуда,

Соған сәйкес, Бөлек селолық округінің жайдарман сүйер жастары, «Қазақ жастары» құрама командасы аудандық жайдарман ойындарының чемпионатына қатысып, облысқа жолдама алып, жүлделі 3 орынға ие болды.

Сонымен қатар, «Жасыл ел» жасақшыларының жұмысы жүргізіліп, округті көгалдандыру, аббатандыру «Таза ауыл» акциясы ретінде өткізілді.

Әкім аппарты қызметі бойынша

Әкім аппараты мамандарының жұмыс барысында жан – жақты дамуымен, жұмысқа белсенділіктері арттыру мақсатында қолдау көрсетіледі.

Үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметкерді қолдау, тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық «Тіл шебері - 2015» іріктеу байқауына Бөлек селолық округі әкімі апппаратының жетекші маманы Женисова Жадыра  қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

 12 айда 792 өтініш қабылданды. 42 шешім, 84 өкім шығарды.

Кіріс құжаттары 225, шығыс құжаттары 954 – і құжат айналымында болды.

 Әкім аппаратының жоспарына сәйкес  ауыл тұрғындарымен 11 рет жиын өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты округті көркейту, тұрғындардың әл – ауқатын көтеруге ықпал ету болды.

Назарларыңызға рахмет!

                                           

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8535095

Сіздің ІР: 34.231.247.139
Қазір: 2019-09-22 08:16:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру