Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

     Бәйтерек ауылы                                           2017 жылғы 30 қараша

         КІРІСПЕ

           «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат)Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 20 қарашада №1-07/72 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2017 жылдың 11 айы.

         Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2016 жылғы   15 тамыздағы №815  қаулысымен бекітілген «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.

            «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді:

            Аппараттың жұмысы барысында қолданатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          1. Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілер бойынша:

       1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында былай көрсетілген:       

     «Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

     2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

     3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

     4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.

         Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады деп көрсетілген».

         Бірақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орысша нұсқасында «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген  пункт көрсетілмеген. Яғни қызметтті көрсетуші осы стандарттың орысша нұсқасы бойынша жұмыс жасаған кезде артық құжат талап ету жағдайлары орын алуы мүмкін.

Ұсыныс: анықталған қарама-қайшылықтарды жоғары тұрған құзырлы органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген пунктті енгізуді ұсыну.

         2. Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында «Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі)» - деп көрсетілген. Бірақ аталған стандарттың қосымшасында көрсетілген өтініш нысанында өтінішке ситуациялық сызба қоса тіркеледі деп көрсетілген. Біздің аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында осы жағдай қарама-қайшылықтар тудыруда, яғни стандарттың 9 тармағында көрсетілмеген құжатты талап етудеміз.

Ұсыныс: жоғары тұрған құзырлы органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді ұсыну.

        Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында 01 желтоқсан 2017 жылға штаттық кестеге сәйкес 12 мемлекеттік қызметкер.

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  заңы зерделенді.

          Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

Ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жүзеге асырылады.

        2017 жылдың 11тамызда бас маман лауазымына Асқаров Жандос Олжабекұлы және 2017 жылдың 10 қазанда бас маман лауазымына Жұман Қаһарман Жұманұлы және Жилдикбаев Қайрат Болатұлы  аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жұмысқа қабылданды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында

         Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.

           Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнем жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.

         Ауылдық округ әкімі 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы

(7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 645
    1.    «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
    2.    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 142
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 9
    1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
    2.    «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 1
    3. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатыққа (конкурстарда, аукциондарда) алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0

       Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беріліп отырады.

      «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық акті қабылданды.       

        Халықты хабардар ету үшін  «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондар номерлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

          Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі барысындағы басқа сұрақтар

       Ауылдық округ әкіміне2017 жылдың 30 қарашасына дейін жеке тұлғалардан - 502 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 18 хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

       Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық бөліміне ұсынылады.

       Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп отырады.

Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

2017 жылғы 11 қыркүйегінде Аудан әкімінің веб-сайтында «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік корпорация және Электронды Үкімет» веб – порталы арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру жарияланды.

2017 жылдың 20 қазанда аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне ауылдық округ аумағындағы екі ауылдың және тоғыз көше атауларын өзгерту туралы хабарлама жарияланды.

Ауылдық округінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты тақырыбында өткен жиналыс туралы, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне жариялауға мақала берілді.

        Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

ҚОРЫТЫНДЫ

          Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Бәйтерек ауылдық округі әкіміне ұсынылады:

       1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады» деген пунктті енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.

       2) Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне «ситуациялық сызба» деген 3 тармақшаны енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.

        3)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

       4)Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

       5)Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

Жұмысшы топ мүшелері:

Бәйтерек ауылдық

округі әкімінің орынбасары                                                 Б. Мамырбеков

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                                    Ж. Асқаров                                              

Ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                                    Р. Сарғожанов

Таныстырылды:  

Бәйтерек ауылдық округінің әкімі                                    А. Нурланов