Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚазақстан а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Құрметті ауылдастар!

Сіздерді Қазақстан селолық округінің 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы баяндама және 2016 жылдың даму жоспары туралы  есеп  беру жұмысымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Уважаемые односельчане!

Представляю Вам отчетный доклад социально-экономического развития Казахстанского сельского округа за 2015 год и планах развития на 2016 год  

            Құрметті ауылдастар! Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.     

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауында айтылғандай,  жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол жеткізудеміз.

Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды.

Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.

Үшіншіден, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындалуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, экономикамыздың шешуші секторларына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

Уважаемые односельчане! Президент определил главную цель – к 2050 году войти в 30 самых развитых стран мира, создав общество благоденствия на основе сильного государства, развитой экономики и возможностей всеобщего труда. В послании обозначены цели нового политического курса: экономическая политика, модернизация малого и среднего бизнеса, новые принципы социальной политики, система образования, развитие казахстанской демократии, укрепление безопасности, новый казахстанский патриотизм.  

Как сказал Президент РК в послании народу «Два года назад я обнародовал Стратегию «Казахстан – 2050». За это время мы уже добились выдающихся результатов по её реализации, даже несмотря на негативное влияние глобального кризиса.

Во-первых, по показателю Индекса глобальной конкурентоспособности Давоского экономического форума Казахстан занял 42 место в мире.

Во-вторых, в мировом рейтинге стран, создающих самые благоприятные условия для бизнеса, Казахстан занял 41 позицию.

В-третьих, сегодня, 30 ноября, Казахстан де-юре становится полноправным членом Всемирной торговой организации. Об этом официально будет объявлено на заседании Генерального совета ВТО. Это событие является важной вехой в истории независимого Казахстана. Оно свидетельствует о признании нашей страны как равноправного торгово-экономического партнёра. Вступление Казахстана в ВТО открывает новые возможности, как для наших экспортеров, так и для иностранных инвесторов, которые придут в ключевые сектора нашей экономики.»

Бүгінде біз  "Қазақстан-2050" Стратегиясының кезекті мәселелерін шешуге талпынуымыз қажет. 2015 жыл округ тұрғындары үшін жақсылыққа толы жыл болды деп ауыз толтырып айтуға болады. Атап айтсақ:

Аграрлық комплекс

            Қазақстан селолық округінің аймағында: 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 430 шаруа қожалығы тіркелген. Жалпы селолық округтегі  егіс алқабының көлемі – 12292 га құрайды, оның ішінде: суармалы жер көлемі –     2234 га, табиғи пішіндеме – 190 га, жайылым – 8048 га.

            «Ауыл шаруашылық дақылдарын субсидиялау»  мемлекеттік бағдарламасы  бойынша 21 шаруа қожалығы құжаттарын тапсырып,  мемлекеттен 1,5 млн. теңгедей субсидия алса, 15 шаруа қожалығы минералды тыңайтқыш алды. 

            Округіміздегі ірі кәсіпорындардың бірі «НұрҚазАгро» ЖШС-гі консервіленген өнімдердің 20-ға жуық түрін шығарады. Қазіргі кездегі кәсіпорын тәулігіне 1500 тонна өнім өндіруде. Сонымен бірге шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлеріміз Алматы және Талдықорған қалаларында өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып, ауылымызда өсіріліп, өндіріліген өнімдермен қалалық тұтынушылардың жоғарғы бағасын алып қайтты.

           

Мал шаруашылығы

Округімізде осы жылдың 1- қаңтарына 1710 бас ірі қара, 8300 бас ұсақ мал, 545 бас жылқы, 1500-дей  үй   құстары тіркелген. Ауылдарымыздағы эпизоотиялық жағдай қалыпты, мал дәрігерлерінің ауыл шаруашылық малдарының қауіпті ауруларының алдын-алу шараларын уақытында және тиімді жүргізуінің арқасында округіміз  ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан аман. Сібір жарасына қарсы 2 000 бас мүйізді ірі қараға, 12 200 ұсақ малға, 560 жылқыға қарсы екпе егілді. Бруцеллез ауруына қарсы 2 917 ірі қараға, 9 600 ұсақ малға, 5 жылқыға және туберкулез ауруына қарсы 4 100 мүйізді ірі қараға екпе егілді. Сонымен қатар 698 малға ветеринарлық төлқұжат берілді.

Кәсіпкерлік

Ел басы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударып, көңіл бөліп келеді. Өйткені бұл саланың халықты жұмыспен қамтуда маңызы зор... «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Олар 80-нен астам заң, жоспар бойынша 2016 жылдың               1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда.

Округ аумағында өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлер - 30, оның ішінде 26-сы саудамен айналысатындар, 2-еуі орталық тамақтандыру орны, 1 ТЖО, 1 дәріхана, 1 орталық монша, 4 ЖШС бар, барлығы 86 адам жұмыспен қамтылған. 2016 жылдан бастап 6 салық түрі бойынша төлемдер жергілікті басқару органдарына түсіп,  түскен қаржы округ аумағына жұмсалатын болады. Сол себепті жеке кәсіп ашып, округіміздің дамуына үлес қосу үшін жұмыс жасауымыз қажет. Елбасының 2015 жылғы жолдауында    «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады»-деген. Мемлекет  өз кәсібін ашам деушілерге әрдайым қолдау көрсетеді. 2015 жылы округ аумағында 2 кәсіпкер азық түлік дүкенін ашып, бүгінгі күнде халық игілігіне қызмет жасауда.

Салық

            2015 жылы жергілікті басқару органдары 3 салық бойынша жұмыс атқарды, атап айтар болсақ, жер салығы бойынша берілген болжам  684400 теңге, орындалуы 353300 теңге - 51,6 % . Мүлік салығы бойынша берілген болжам 485200 теңге, орындалуы 408700 теңге - 84,2 %. Көлік салығы бойынша берілген болжам  6 млн 859900 теңге, орындалуы 4 млн 327600 теңге - 63%.

Құрылыс және көркейту жұмыстары

              Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын орындау мақсатында 2015 жылы округте көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын, атап айтсақ: көптен күткен Жүнісбай Қайыпов ауылындағы «Қазақстан орта мектебіне» бюджеттен 787 млн 594 230 теңге бөлініп, 300 орындық мектептің  құрылысы аяқталып,   2015      жылдың    тамыз     айында     қолданысқа  берілді.

Ж. Қайыпов ауылының ауыз су мәселесі бойынша бюджеттен 100 млн.теңге бөлініп ауылдың батыс бөлігінде  су ұңғымасы салынуда, алдағы уақытта көп күттірмей  Ж.Қайыпов ауылының ауыз су мәселесі шешілуге жақын. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Ащыбұлақ ауылының бір қатар көшелеріне  ағымдағы жөндеу 10 млн 466 400 теңгеге және Тимирязев көшесіне күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы бойынша ұзақ күттірген ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2015 жылы желтоқсан айында аяқталып, Тәуелсіздік күніне орай ашылу салтанаты өткізіліп халық игілігіне қызмет көрсетуде. Аталған нысанның  салынуына 131 млн 152 000 теңге бөлінген болатын.

Сондай-ақ Қазақстан ауылында 20 млн 514 489 теңгеге учаскелік полиция пункті тұрғын үйімен салынып, қолданысқа берілді. Округіміздегі үш ауылдың ескірген электр бағандары мен ескі сым-желілерін ауыстыру мәселесі 99%-ға аяқталды десек қателеспеспіз. 2-ші транш бойынша «Электромонтаж» АҚ-ы мен «Электрохолдинг» ЖШС-гі мердігерлік компанияларының 10-нан астам арнай техникасы, 30 маманы барлығы 1668 жаңа бетонды электр бағанын орнатып, шамамен осынша ескі ағаш бағандарды алып тастау, ескі ашық аллюминий электр желілерін жаңа сырты қапталған желілерге (СИП-самонесущий изолированный провод) ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, аяқтады.

Әкім аппаратының мамандары Еңбекшіқазақ  ауданы  әкімінің 13 наурыз 2015  жылғы № 284 «Ауданның елді мекендерін көктемгі-күзгі санитарлықтазарту, көркейту, көгалдандыру  айлығын өткізу туралы»  қаулысын  басшылыққа ала отырып және елді-мекендердің санитарлық  жақсарту, көркейту, көгалдандыру мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен көктемде және күз айларында сенбіліктер өткізді. Ағымдағы жылы осындай сенбіліктер арқасында ауылымыздың көшелері тазаланып, жабайы күл-қоқыс орындары жойылып, барлығы 296 тонна әртүрлі құрамдағы қоқыс шығарылды. Биылғы жылы округ көлемінде «Таза ауыл, таза көше, таза аула және мекеме» номинациялары бойынша конкурс түрінде өтетін іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Көлік және байланыс

          Ауыл тұрғындарының Алматы қаласына қатынап тұруына үшін күн сайын екі уақыт автобус жүреді. Ауылда байланыс жұмыстары атқарылады, қазіргі уақытта 644 телефон, оның ішінде 629 үй номері, 15 заңды тұлғаға  жұмыс атқарады. Ашыбұлақ ауылы бойынша номерлердің бәрі сымсыз VL номерлерге ауыстырылып бүгінгі таңда ауыл тұрғындары интернет желісін кедергісіз қолдануда. Ауылдық  округтің аймағында 3 пошта бөлімшесі орналасқан. Күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.  Аптасына 2 рет жазылу басылымдарын таратады. Барлық мемлекеттік төлемдер уақытылы жүргізіледі.

Әлеуметтік сала

 «МЗТО»  Алматы облыстық филиалының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесі бойынша 2015 жылы төленген төлемдер:

Зейнетақы төлемі -778 зейнеткер,241 млн 965688 теңге.

Базалық зейнетақы төлемі-787 адам, 106 млн152289 теңге.

 Округ бойынша барлығы  3202 адам, 583 млн 636502 теңге көлемінде зейнетақымен жәрдемақы алады.

Сонымен қатар округ бойынша 64 отбасы оның ішінде 226 бала 3 млн 974543 теңге 18 жасқа дейінгі  жәрдемақы алды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар -11 отбасы, 53 бала ,1 млн 125417 теңге. Тұрғын үй көмегін алушылар -64 отбасы, 2 млн 991829 теңге.Мүгедек 6 балаға 251759  теңге,бір реттік отын сатып алуға 178 мұғалімге, 31 денсаулық сақтау мамандарына , 2 мәдениет саласының қызметкерлеріне барлығы -2 млн 091010 теңге және 14 туберкулез ауруына шалдыққан науқастарға  360000 теңге мемлекет тарапынан көмек көрсетілді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында 84-қадам бойынша 2015 жылдың 1 шілде айынан бастап «Өрлеу» жобасы пилоттық негізде іске енгізілген болатын. Осы аталған жобаға әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында округімізден 4 отбасы  қатысып, тұрақты жұмысқа орналасты.

Денсаулық

Денсаулық сақтау саласы бойынша округімізде 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. 2015 жылы Қазақстан дәрігерлік амбулаториясында 14 346 емделуші қаралған, оның ішінде 7615 ересек адам, 6731 бала, сонымен қатар емделушілерге 3 млн.теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмекмен көмек көрсетілді. Ащыбұлақ дәрігерлік амбулаториясы бойынша дәрігерлік көмекке жүгінгендер саны – 11 939 адам, оның ішінде 8005-і әр түрлі аурулар бойынша, 3934-і профилактикалық ем қабылдаушылар, сырқаттың ауру жағдайына байланысты   олардың     852-сінің    үйіне барып көмек көрсетілді. Округ бойынша 2 жедел жәрдем көлігі жұмыс жасайды.

Білім

Жаңа ғасырда өсіп келе жатқан балалардың сауатты болып өсуіне аса назар аударуымыз керек. Біздің балаларымыз талапқа сай білім алып, өте сауатты болулары қажет.

Округ аумағында үш мектеп орналасқан. Барлығы 1604 оқушы, 161 мұғалім бар. Үш мектептің де жыл сайын мектеп оқушылары облыстық, аудандық түрлі олимпиадалар мен интеллектуалды марафондарда жеңіске жетіп жүр. Атап айтсақ, А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп оқушысы Ерден Зауре география пәнінен облыстық олимпиадада 3-ші орын иеленіп келді. 2014/2015 оқу жылдарының нәтижесі  бойынша  ҰБТ    көрсеткіштері Қазақстан орта мектебі  – 74 %, Бубенцов – 75,2 %, Қайыпов - 76,5 %.

Ішкі саясат, жастар және  спорт

  Қазақстан селолық округі бойынша 2015 жылы 4 наурыз күні,  8 наурыз «Халықаралық әйелдер мейрамына» орай Ащыбұлақ ауылы А.Н.Бубенцов атындағы орта мектепте округ бойынша «Қазақтың келіндері - ай 2015» атты мерекелік сайыс өткізілді. Сайысқа округ бойынша 5 (Шаңырақ, Ақ келіндер, Сырғалым, Денсаулық, Көркем келіндер) топтары қатысып, ежелгі       салт - дәстүрлерімізді сахнада бейнелеп, ән салып, күй шертіп, ұлттық тағамдарымыздан түрлі ас әзірлеп өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесінде Қазақстан ауылынан келген «Шаңырақ» тобы жеңіске жетті, ІІ және ІІІ орындарды Ащыбұлақ ауылының «Сырғалым» және Қайыпов ауылының «Көркем келіндер» топтары иеленді, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар округ әкімшілігі ауылымызға еңбегі сіңген қарт аналарымызды, тыл еңбеккерлерін және мекеме басшыларын, барлығы 50 шақты әйелді 8 наурыз «Халықаралық әйелдер мейрамына» орай мерекемен құттықтап, барлығына арнайы дайындаған сыйлықтарды үлестірді. Ал жас ерекшелігіне байланысты келе алмай қалған қарт аналарымыздың үйіне барып құттықтау жүргізілді.

Ал 06.03.2015 жылы Ащыбұлақ ауылындағы А.Н.Бубенцов орта мектебінің спорт залында жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа округ ішінен барлығы 4 (Барыс, Денсаулық, Лашын, Бірлік) команда қатысып, 8 эстафеталық ойындар түрлерінен жарысқа түсті. Жеңімпаздар округ әкімінің жүлделі сыйлықтарымен марапатталды.

Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне салт – дәстүрімізге сай ауқымды мерекелік-концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,  үлкен бәйге өткізілді.

            1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі күніне және Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ жылдығына орай Қайыпов ауылында үш ауылдың тұрғындары жиналған үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында ауылымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Бейбітшілікті насихаттайтын өлең-жырлар айтылып, би биленді, сонымен қатар халқымыздың ұлттық аспаптарымен әр түрлі өнер көрсетілді.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шараға округімізден шыққан батыр Жүнісбай Қайыповтың балалары мен немелері Шығыс Қазақстан облысынан арнайы келіп қатысты. Іс-шара Қазақстан ауылының Мәдениет үйінде аталынып өтілді. Концерттік бағдарлама барысында округімізге еңбегі сіңген тыл ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік медальдар тағылып, Қазақстан ауылындағы саябақта орналасқан ҰОС ардагерлеріне арнап қойылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Мерекелік бағдарламадан соң ҰОС жылдарында майданда ерлікпен қаза тапқан бабаларымыздың рухына арнап ас берілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ жылдығын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес, округ бойынша 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай үш ауылда мерекелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында балалар түрлі әндер шырқап, ұлттық билерімізді билеп, өлеңдер оқып өз өнерлерін көрсетті.

            Сонымен қатар округімізде Елбасының Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаттарының бірі - Елбасы Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың саяси білімін арттыру.

Тағы да айтулы мерекелердің бірі 4 маусым - «Рәміздер күні». Атаулы мерекеге орай Ащыбұлақ ауылындағы «А.Н.Бубенцов атындағы   орта   мектебінде 29 мамыр күні «Ел тәуелсіздігі мен рәміздер егіз ұғым» атты тақырыпта жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 4-маусым «Қазақстан Республикасының рәміздер күні» мерекесі кең көлемде атап өтілді, аталған іс-шараны қолдау мақсатында аудан көлемінде автошеру ұйымдастырылды. Округіміз бойынша рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шараға округ тұрғындары белсене ат салысты.

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Ж.Қайыпов ауылы «Қазақстан орта мектебінде» ақсақалдар арасында «Батагөй» атты бата беру сайысы өткізілді. Сайысқа үш ауылдың көрегенді  қариялары қатысып, салт-дәстүр түрлері бойынша баталарын беріп, болашақ  ұрпаққа үлгі өнегемен қатар, ізгі тілектерін де жеткізді. Бата беру сайысына қатысқан ақсақалдарымыз алғыс хатпен  және сый-сияпатпен марапаттады.   Сонымен қатар «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, 1 қазан қарттар күніне орай округімізге еңбегі сіңген тыл ардагерлері мен жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып, сый-сияпат табыс етілді.

Биылғы жылдың   ең басты   мерекелерінің    бірі – Қазақ хандығының         550 жылдығы. 2015 жылдың 15 қазан күні округ аумағында осы мерекені насихаттау мақсатында округ әкімі аппараты мен ауыл белсенділерінің ұйымдастыруымен «Көкпар» ұлттық ойыны өткізілді. Жеңімпаздар бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, ойын соңы тамаша ән шашумен жалғасын тапты.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай,                15 желтоқсан күні Қайыпов ауылы, Қазақстан орта мектебінде ұлдар мен қыздар аралас құрылған ауыл тұрғындары, жастар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан турнир өткізілді.

           ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 23 желтоқсан күні округ тұрғындарымен кең көлемде жиын өткізілді.

           30 желтоқсан күні округ көлемінде жетім, ата-ана қамқорлығынан, асыраушысынан айырылған, мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан жалпы саны 30 балаға арнап округ әкімінің шыршасы өткізілді. Аталған іс-шараны өткізуге «Достар» шаруа қожалығы мен «НұрҚазАгро» ЖШС үлкен қолдау көрсетті.

Жұмыспен қамту

Қазақстан селолық округінде экономикалық 4296 белсенді халық бар. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандары – 4249, жалдамалы жұмыскерлер – 2036, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2213 адам. Сонымен қатар 2015 жылы округ аумағынан 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Ауданымыздың Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 3 азамат өз кәсібін ашу үшін несие алып өздерін жұмыспен қамтып отыр, атап айтар болсақ мал шаруашылығын дамыту үшін  Мекебаев Көпжасар 1 500 000 теңге, Мырзакулова Раушан 1 950 000 теңге алды, Тезекбаева Дина сплитерлік блоктар мен бетон бұйымдар жасау цехын ашу үшін 2 000 000 теңге алды. 

Әскери есеп және азаматтық қорғаныс

Округіміз бойынша – 45 адам әскери есепке алынып, 9 адам әскери есептен шығарылды. 478 адам Қорғаныс Істер Бөліміне шақырылды, оның ішінде 277 әскери міндетті әскер қатарына шақырту алса, 51 адам 27 жасқа толуына байланысты әскери билет алу үшін комиссиядан өтуге шақыртылды. 9 адам мобилизацияға шақыртылды оның 1 еуі қайта дайындықтан өтті. Жоғары, арнайы орта оқу орындарында оқитын, денсаулық және отбасы жағдайына байланысты 107 адам шақыртуға 1 жылдық шегеру алды, шақыртуға келмеген 150 адам қайта шақырту алып оның 78-і қайта шақыртуға келді..

Округімізде 5 өрт жағдайы болды, оның ішінде 2-еуі жеке секторда, 2-еуі ауыл шаруашылық жерлерінде, 1-еуі күл-қоқыс төгетін жерде орын алды. Округімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде арнайы штаб құрылды, құрамында 13 адам. Төтенше жағдайға қарсы авариялық бригаданың құрамына 6 адам кіреді.

 Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Елбасының «100 нақты қадам» реформасы аясында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік, жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілетіндігі атап көрсетілінген. Бұл шара ауданымызда осы жылдан бастап жүзеге асуда.

Аппарат жұмысы

     Қазақстан селолық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Жеке шаруашылықтың болуы туралы» 180  анықтама берілді, 2015 жыл бойынша шығарылған өкімдер саны – 116, шешімдер саны – 38, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 176 (оның 167-сі жеке тұлғалардан олардың 103-і қанағаттандырылған, 64-не жазбаша түсінік берілген; 9-ы заңды тұлғалардан оның 8-і қанағаттандырылған, 1-еуіне жазбаша түсінік берілген. Кіріс және шығыс құжаттары 100% мемлекеттік тілде жүргізіледі, 2015 жыл бойынша келіп түскен кіріс құжаттарының саны-251, шығыс құжаттардың саны- 758. Туу және қайтыс болу көрсеткіштері бойыша ағымдағы жылы- 203 бала дүниеге келген, 37-адам қайтыс болған. Көп балалы аналарды марапаттау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңына сәйкес 8 көп балалы ана наградталды, оның ішінде 5 ана жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеп өсiргені үшін «Алтын алқамен», 3 ана «Күміс алқамен» наградталған болатын.

            Құрметті ауылдастар, Елбасымыз айтпақшы дағдарыстың бәрі де өтеді, кетеді.  Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.  Осы жолда талмай еңбек етіп, еліміздің дамуына, өркендеуіне шамамыз келгенше өз үлесімізді қосайық дегім келеді.

Уважаемые односельчане, как говорил наш Глава народа сложный этап, который наступает, будет для нас временем преодоления. Мы обязательно победим новый глобальный кризис. Для этого у нас есть единая воля, прочные традиции единства народа. Мы выведем наш Казахстан на новые рубежи развития. В итоге хочу сказать,каждый из нас должен внести свой вклад и трудится не покладая рук для развития нашего народа!

Қымбатты ауылдастар! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
9547557

Сіздің ІР: 3.83.188.254
Қазір: 2020-04-10 11:16:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру