Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАват а/оЕңбекшіқазақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу АҚПАРАТЫ

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалу АҚПАРАТЫ

Ават ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасының 2015 –
2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске
асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары
әзірленіп, бекітілген.
«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2018 жылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
нәтижелері туралы анықтамасы екі тілде жасалынды. Сондай ақ «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3 тармағы және
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес Ават ауылдық округі әкімінің 2018
жылғы 27 желтоқсандағы №81 өкімімен бекітілген.
«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке
тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға өтініш жазған азаматтарды
бірыңғай кезекке қоюда. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі мүдделер
қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптар сақталуда.
Ават ауылдық округінде 64-2-12 «Сенім телефоны» жұмыс істейді,
«Сенім телефонына» түскен телефон қоңырауларының есебі бойынша
журнал жүргізілуде. Жүргізілетін журналдың парағы 24 беттен тұрады,
журнал нөмірленіп тігілген. Аталған мәселе бойынша «Сенім телефона»
қоңырау шалу фактісі тіркелмеген.
Ават ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық
бюросымен ұйымдастырылған «1424» Саll орталығының қызмет істейтіндігі
туралы ақпарат бар пилиондардың ауыл аумағында орналастырылды.
Ауылдық әкім аппаратында әкім және әкім аппаратының жұмыстарына
ұсыныс пікірлер үшін арналған жәшік орналасқан, әр апта сайын жәшікке
түскен хат - хабарлар бар-жоғы тексеріліп тұрады. Аталған мәселе бойынша
тұрғындар тарапынан жәшікке хат-хабар түскен жоқ.
26 қаңтарда сағат 11.00-де, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру
мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың
басым бағыты» атты бірыңғай сағаттары округ әкімінің төрағалығымен ауыл
активтерімен өткізілді, О.Мухаммадий орта мектебінің мекемесі өз
ұжымында, директор орынбасары ата-аналар комитеттерімен, сынып
жетекшідері жоғырғы сынып оқушыларымен, балабақша мекемелері өз
ұжымында өткізді.
20 ақпан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен Ават ауылдық
округі әкімі аппаратында Еңбекшіқазақ ауданының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мобильді тобының мүшесі - аудандық жастар ресурстық
орталығының жетекшісі Ілебаев Айбек Қасымханұлының қатысуымен
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
19 қараша күні Ават ауылдық округінде О.Мухаммадий о/м жас
ұстаздары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру
мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Дөңгелек үстел соңында жас ұстаздарға сауалнама таратылып,
сауалнамаға жас ұстаздар өз ойларын белгіледі.
Іс-шаралардың басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген
көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас
жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттінің кеңейтілген алқа мәжілісі
хаттамасының 2.2. тармағының
4) тармақшасын іске асыру аясында «Есіктен есіккке» ведомстволық
бағдарламасын орындау аясында қоғамдық орындарда ақпараттық
жадынамалар, плакаттар орналастыру және көрсетілетін коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу түбіртіктеріне тұрақты түрде түсіндірмелі ақпаратты
жалғау арқылы тарату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8927250
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
276
70136
70412
8844303
165251
187110
8927250

Сіздің ІР: 34.237.51.35
Қазір: 2019-11-19 00:33:34
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру