Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАват а/оОкруг әкімінің есебі

Округ әкімінің есебі

Ават ауылдық округінің әкімі Асыл Байтулақұлы Байтулаковтың

2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

есебі

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп.

Округ бойынша 63 жеке кәсіпкер тіркелген, ауылда қазіргі уақытта 34 дүкен - дүңгіршектері, 12 кафе, 4 дәріхана, 2 сұлулық салоны, 2 дөңгелек жөндеу станциясы, 2 көлік жөндеу цехы, 5 жанармай құю бекеті қызмет жасайды.

Кіші және орта кәсіпкер субъектілері бойынша 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 акционерлік қоғам тіркелген. Сонымен қатар, ауылда тас – құм өңдейтін 7 карьер жұмыс істейді.

         Жалпы округтегі кәсіпкерлердің қол астында қызмет атқаратын қызметшілер мен жұмыскерлер саны 460 адам. Экономикалық тұрғыдан алғанда белсенді халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеуде.

         2017 жылы жеке кәсіпкер Тохтакулиева Ранагул кондитерлік цехы іске қосылып, жұмыс жасауда. Цех 6 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Жоба құны 25 000 000 теңге.

2017 жылы жеке кәсіпкер Хабудзе Руслан супермаркеттің құрылыс жұмысын аяқтап, сауда орнын ашты. Қазіргі уақытта ауылымыздың 5 азаматын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Ибрагимов Абдулжан жазғы демалыс орнын ашты, жобаны ашуға кеткен қаражат құны 20 000 000 теңге. Жазғы маусымда ауылымыздың 10 адамын жұмыспен қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкер Солихов Карахон мейрамхана салуда, алдағы уақытта мейрамхана 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамыз етеді.

2017-2019 жылдар аралығында инвестиция тарту арқылы, жеке кәсіпкер Сайдуллаева Аблеким Садыкович тігін цехы 65 адамды жұмыспен қамтитын, жиһаз цехы 15 адамды жұмыспен қамтитын жобалар салынуда, осы жобалар 2018 жылы іске қосылады деп жоспарлануды.   Алдағы уақытта сауда орталығы 20 адамды жұмыспен қамтитын, шағын кірпіш шығаратын цех 6 адамды жұмыспен қамтитын, мейрамхана 15 адамды жұмыспен қамтитын ауқымды құрылыс салыну жоспарлануды. Жалпы инвестиция 1 млр. 200 млн. теңгені құрайды.

Салық түсімі

2014-2017 жылдар аралығындағы төленбеген мүлік салығынан 167,6 мың теңге, жер салығы бойынша 59,3 мың теңге өндірілді. Өткен жылдардағы борышкерлік қарыздар (недоимка) бойынша мүлік салығы 29,6 мың теңге, жер салығы бойынша 37,1 мың теңге өндірілді.

Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 2017 жылға 21млн.550 мың 900 теңге жоспар берілген, оның 13млн. 465 мың теңге көлік салығы түсіп, 62% орындалып отыр.

Ауыл шаруашылығы

       Округтегі егіс алқабының мөлшері 625 га. Тіркелген шаруа қожалықтарының саны – 205. Шаруа қожалықтарының негізгі өнімдері - көкөніс, дәнді дақылдардан – жүгері.

         Былтырғы жылы шаруа қожалықтары тарапынан дәнді дақылдар түрі бойынша 130 гектар алқапқа - жүгері, 10 гектар алқапқа - карт                                                                                                                                                                            оп, 58 гектар алқапқа - көкініс егілді. Жыл қорытындысының жиынтығы бойынша 3341,25 тонна өнім (көкініс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар) жиналды.

           Сонымен қоса ауылда құс шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосуда, қазіргі уақытта округ бойынша құс фабрикаларында 1 470 900 құс өсірілуде.

        Жалпы, қазіргі уақытта, ірі қара мал саны 1080, оның ішінде, сиыр саны 300, ұсақ мал саны – 1252, оның ішінде, қой саны 880, жылқы саны 45.

Жол жөндеу және көркейту саласы

«Ауыл аумағын дамыту» және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалары аясында 2018 жылға Ават ауылының көшелеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 000 000 ақша бөлінді.

Қоқыстарды шығарумен Жеке Кәсіпкер Усенов Дильмурат айналысады, жылдың басынан бастап көктемгі – күзгі санитарлық тазарту мерзімінде округтен 48 тонна қоқыс шығарылды.

Ават аулындағы 1973 жылы жүргізілген су жүйесі мен құбырлар осы уақытқа дейін 1200 аула тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуде. Жыл қорытындысы бойынша өндірілген ауыз су көлемі 122503 Ағымдағы жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ават ауылының су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 329 млн. теңге бөлінді.

                                         Әлеуметтік сала

         Округте балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны 8 отбасыға, мүгедек балаларды үйінде оқытып, тәрбие беретін 3 отбасыға қаражат төленді. 2017 жылы «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 отбасы жәрдемақылар алды. Жақсылыққа жаны құмар жамағаттың қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына, жетім-жесірлерге: «Мектепке жол» қамқорлық акциясы негізінде 47 мектеп оқушысына киім-кеше, аяк киім, сумка, оқу құралдарымен көмек көрсетілді. Шілде-тамыз айларында 9 мектеп оқушысы жазғы демалыс лагеріне жіберілді.   «Мейірбандылық - жүректен, қайырымдылық – білектен» қамқорлық акциясы негізгі 8 отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. ЖШС «Алатаубетон» мекеме басшысының қолдауымен 10 мектеп оқушысына азық-түлік пен 150 000 ақшалай көмек көрсетілді, сондай ақ «Жаңа жыл» мерекесіне орай 42 мектеп оқушысына 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп жаңа жылдық сыйлықтар алынды. ЖШС «Асфальтобетон» мекеме басшысының қолдауымен 20 мектеп оқушысына ЭКСПО-2017 көрмесіне билет алынды, Қамқорлық акцияларына кеткен қаражат соммасы: 1 350 000 теңге.

Білім беру саласы

Мухаммадий атындағы орта мектебі 640 орындық типтік мектеп. Мектепте 92 мұғалім жұмыс істейді. 2017 жылы бала саны көп болғандықтан мектепке қосымша 300 орындық 3 қабатты мектеп ғимараты салынып, қолданысқа берілді. Мектеп құрылысына 877 млн.934 мың теңге бөлінген. 

2017 жылы ауылымызда 150 орындық «Дилана» атты балабақша пайдалануға берілді. Қазіргі таңда «Дилана» балабақшасында 110 -нан астам бала тәрбиеленуде. Осы балабақша округіміздің 33 адамын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

2018 жылдың ақпан айында 120 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Жоба құны 96 миллион теңге. Осы балабақша округіміздің 35 азаматын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтау саласы

Округте 1 дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Амбулаторияда қазіргі уақытта 4 дәрігер, 13 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды.

2017 жылы округтегі медициналық мекемелердің дәрігерлері 30250 адам қабылдады.

2017 жылы Республикалық және жергілікті бюджеттерден дәрі – дәрмек алуға 33млн. 775мың 688 тенге бөлінді.

Демография саласы

2018 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 6500 адамды құрап отыр.

2017 жылы округ бойынша 101 сәби дүниеге келді, қайтыс болған адамдардың саны - 17. Өсім – 84 адам. 2016 жылмен салыстырғанда балалардың дүниеге келуі 1,6 % кеміген.

Қоғамдық қауіпсіздік

2017 жылы 64 қылмыс тіркеліп 59,4 пайызы ашылды. Адам өлімі 1, ұрлық 42, алаяқтық 12, баққада қылмыс түрлері 9. Қылмыстар 2016 жылмен салыстырғанда 13 пайызға азайған. Сонымен қатар, жергілікті учаскелік полиция майоры Смаилов Самат Ясынбайұлы Алматы облысы бойынша «Үздік инспектор» атағын алып, мақтау қағазымен марапатталды.

Жастар, спорт, мәдениет және дін

Округте Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері жоғары дәрежеде аталып өтуде, әкім аппаратының ұйымдастыруымен, ауылымыздың қалталы азаматтарының қолдауымен мерекелік акциялар ұйымдастырылды, атап айтсақ:

Наурыздың 22-ші жұлдызында әр түрлі бағытта спорттық шаралар өткізіліп, топ жарып шығушылар қалталы азаматтардың қолдауымен 150 мың теңгеге марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай «Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды!» атты акциясы негізінде Ұлы Отан соғысының 29 тыл еңбеккері мен ауған соғысының 4 ардагеріне құттықтау сыйлықтары табыс етілді. Қаражат соммасы: 120 000 теңге.

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне округ әкімшілігі мен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Жүрегім толы мейірім» атты акциясы негізінде мүгедек балаларға сыйлықтар беріліп, 300 балаға балмұздақтар таратылды.

Ават ауылдық округі бойынша бүгінгі күні мұсылман діни бірлестігі жұмыс атқаруда. Аталған діни бірлестіктер «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қайта мемлекеттік-есептік тіркеуден өткізілді. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер Смаилов Абликимнің қолдауымен мешіттін қасынан 400 орынды құдай тамақ бергенге қосымша ғимарат салынуда. Ғимаратты 2018 жылдың көктемінде қолданысқа беру жоспарлануда.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
9536244
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
35272
0
35272
9428917
94792
245176
9536244

Сіздің ІР: 3.230.76.196
Қазір: 2020-04-08 12:14:37
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру