Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАсы а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

                    Құрметті ауыл тұрғындары!
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15
тамыздағы барлық деңгейдегі «Әкімдердің халыққа есеп
беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлықты орындау
мақсатында Асы ауылдық округ әкімі және оның аппараты,
өз өкілеттігі шеңберінде, округ аумағында, Қазақстан
Республикасының Конституциясын, Заңдарын,
Президенттің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, облыс
және аудан әкімдерінің шешімдері мен қаулыларын
басшылыққа ала отырып, олардың заңдылықтарының
сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету жолында
жұмыстар атқаруда.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың басты субъектісі болып
табылатын жергілікті қауымдастықтың 41 мүшесі бөлек
жиындар арқылы қайта сайланды. Төрт жылдық мерзімге 15
жиналыс құрамы айқындалды. Есептік кезеңде жергілікті
бюджет жобасын талқылау, бекіту бойынша - 4 рет,
бюджеттің игерілуінің мониторинг нәтижелері бойынша – 2
рет, ономастика бойынша келісу, округтің өзекті мәселелері
бойынша жалпы 2 жиын, 6 жиналыс өткізілді.
2018 жылға 5 түрлі салықтан округке 24 686 мың теңге,
аудандық субвенсия 44 827 мың теңге және өзгеде түсімдер
41,5 мың теңге. Жоғарыдағы түсімдердің 23 672 мың теңге
аппаратты қамтамасыз етуге жұмсалса, 6000000 теңге
Қызылшарық ауылының Айсарова көшесіне ағымдағы
жұмыс жүргізіліп, 32 715 мың теңге Балдаурен
балабақшасына, 3 293 мың теңге оқушыларды
тасымалдауға,1300000 теңге ауылдық округтің
абаттандыруға және 1000000 теңге күрделі шығыстарға
жұмсалып, жылдық бюджет 100 пайыз игерілді.
2019 жылға 76 783 мың теңге болжанып отыр, оның
51 441 мың теңгесі субвенсия болса, 25 342 салықтық түсім,
оның 34537 мың теңге балабақшаға қарастырылып, 14 000
000 теңге Дихан ауылының жолдарын ағымдағы жөндеу
жұмыстарына болжаудамыз.Сонымен қатар оқушыларды
тасымалдауға 700 мың теңге және 800 мың теңге
абаттандыруға болжап отырмыз.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты
қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде 2018
жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейінің
енгізілуіне байланысты, негізгі кіріс көзі салықтық
түсімдері болғандықтан, салық төлейтін объектілерді
түгендеп, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2018
жылы мүлік, жер, көлік салықтарын төлейтін объектілердің
саны 3113 болса, оның ішінде 1640 аула, көлік 1473 Салық
төлемдері бойынша:
Жер салығы- 736,1 теңге
Мүлік салығы –1278,5 теңге.
Көлік салығы- 20311,8 теңге болып отыр.
2018 жылға «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі 50 га алқапқа алма бақ отырғызып 335 млн
теңге инвестиция салынды. Бұл өз кезегінде 40-қа жуық
жұмыс орынымен қамтыды. «Алма Матерс Филдс» ЖШС-
де тұрақты 30 адам, маусымдық жұмыстарда 150 адам
жұмыс істейді. «Био Терра» тұрақты 10 адам, маусымдық
жұмыстарда 80 адам жұмыс істейді.
Округ көлемінде 41 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде.
Шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы техникалары
мен агрегаттарды сатып алуда.
Мал басы саны былтырғы есепті кезеңмен
салыстырғанда өсім бар.Ірі қара 4819 бастан 6100 басқа,
жылқы 1300 бастан 2700 басқа, ұсақ мал 23939 бастан 25332
басқа өсті.
 
                           Білім саласы бойынша
 
Округ көлемінде төрт орта, бір негізгі орталау мектеп
бар. Жалпы саны 1579 оқушы білім алуда.
2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі
бойынша 67,0 % құрап отыр.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 150 бала
қамтылған, онда 36 маман жұмыс істеуде.Қызылшарық
ауылындағы «Балдаурен» балабақшасында 100 бала
тәрбиеленуде, Т.Қабылов атындағы орта мектеп жанындағы
шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Қайрат ауылында
«Лашынтай» бөбекжай балабақшасы 50 орынға арналған 1
орыс тобы, 1 қазақ тобы ашылды.Құрылтайшысы Касенов
Мухтар Атайбекович.
М. Әуезов атындағы орта мектептің ғимараты күрделі
жөндеуді қажет етеді.
 
             Денсаулық сақтау саласы бойынша
 
Округте 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория мен 2
фелдшерлік пунктте 6 дәрігер, 58 медициналық қызметкер
жұмыс істейді. Амбулаториялар үш уаз автокөлігімен
қамтылған. Барлық дәрігерлік амбулаториялардың
ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді.
 
                          Қайырымдылық 
Округ аумағында демеушілердің көмегімен
әлеуметтік жағынан аз қамтылған түрлі санаттағы
тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетілуде.
Былтырғы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және
мүмкіндігі шектеулі барлығы 50 балаға Жаңажылдық
шырша ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылы мүмкіндігі
шектеулі барлығы 33 балаға қамтып өткізілді. Атап айтсақ,
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
әлеуметтік аз қамтылған 100 оқушы қажетті құрал
жабдықтармен, «Балаға мейірім» акциясы аясында 85
балаға 1 млн 800 мың теңгеге қысқы киіммен қамтамасыз
етілді. Асысаға ауылындағы аз қамтылған отбасыларына 15
отбасына 2 тоннадан көмірмен қамтылды. «ТТ KZ» ЖШС 5
отбасына жарты тоннадан көмір берілді.
 
                       Халықты әлеуметтік қорғау
 
30 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық
жұмысқа тартылды, кәсіби даярлау курсында 6 адам оқыды.
Округтегі 7 елді мекенде 9607 адам тұрады.
Зейнеткерлер -1064, Алтын және күміс алқа иегерлері-228,
мүгедектер(1,2 топтағылар)-166, 3 топтағы -114, көп балалы
отбасы-177, асыраушысынан айырылған отбасы-61.
Атаулы әлеуметтік көмек 133 отбасына (709 адам) 3
млн. 125373 теңге төленді. Тұрмысы төмен отбасыларына
берілетін тұрғын үй көмегі 77 отбасы – 2 млн 277885 теңге.
Бюджеттік сала қызметкерлеріне отын сатып алуға
төленетін біржолғы көмек 307 адамға 3 млн 691675 теңге
төленді. Туберкулезбен ауыратын 8 адамға жәрдемақы
517075 теңге төленді. Үйде оқитын 6 балаға 277218 теңге
төленді.
Округтегі демографиялық өсу бір қалыпты жағдайда, 2018
жылы 137 бала дүниеге келсе, 47 адам қайтыс болды.
 
                       Қылмыс, құқық бұзушылық.
 
Қылмыс 2017 жылы 24/17 болса , 2018 жылы 26/17
болды. Қылмыстың ашылуы 71 % құрайды. Қылмыстың
ашылуы учаскелік инспекторлардың қажырлы еңбегімен
қатар, ауыл ақсақалдарының, әйелдер кеңесінің еңбегінің
нәтижесі. Кейбір ұсақ тәртіп бұзушылықтарды
медиациялық жолмен шешіп, үнемі тәртіп бұзушылықтың
алдын алу шараларын жүргізіп отырады.Учаскелік
инспектор Айбек Оканов өз баяндамасында тоқталады.
 
                                      Ауыз су.
 
Қызылшарық, Дихан ауылдарының ауыз су жүйесі
«Шелек су құбыры» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне
өткізіліп, қалыпты жұмыс істеп тұр.
Ауыз су төлемдеріне тұрғындардың берешегі
жоқ.Төлем су есептегіш құралдарымен жүргізіледі.
Үш ауылдың ауыз су жүйесі 1969-1975 жылдары
жасалғандықтан қиындықтар туғызып келеді. Келешекте
Асысаға,Қайрат ауылдарындағы ауыз су жүйесін күрделі
жөндеуге қаржы қарастырылу туралы ұсыныс жасалды.
 
                        Автомобиль жолдары.
 
Дихан ауылының ішкі жолдарын күрделі және ағымды
жөндеу жұмыстарына сұраныс берілді. Биылғы жылы
Қызылшарық ауылының Асланов көшесіне асфальт
төселді.
Қызылшарық-Дихан бағытындағы ауыларалық жолдар
жөнделді.Алайда Қызылшарық-Қайрат, Қызылшарық-
Жаңашаруа Асысаға , Жаңашаруа бағытындағы ауыл
аралық жолдар жөндеуді талап етеді.
Округ бойынша көктемгі, күзгі санитарлық тазалық
айлықтарында 220 тонна күл-қоқыс шығарылып, аулаларды
абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар айлық
бойы әрбір аулаға хабарламалар таратылды,
Қызылшарық,Дихан, Қайрат ауылдарында тұрмыстық
қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпкермен келісім
жұмыстары жүргізілді.
16 ұлт өкілінен құралған 9607 халық тұратын округтің
қоғамдық саяси ахуал, ұлтаралық қарым-қатынасы тұрақты.
Барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелер ынтымақ пен
бірлікте кең ауқымда аталып өтеді.
«Қазақстан әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру» атты жолдауында алдымызға ауқымды міндеттер
қойып, нақты мерзімін белгілеп берді. Жолдауды қолдай
отырып, орындауға үлесімізді қосу. Елбасының, облыс және
аудан әкімдерінің алға қойған міндеттерін біздің ауылдық
округте өз шешімін табады деп сенемін. Оған бізде толық
мүмкіндіктер бар. Округімізде халықтың бірлігін,
достығын, ынтымағын нығайтуға, ел экономикасын,
мәдениетін дамытуға күш салайық ағайын. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға рахмет.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8273554

Сіздің ІР: 18.206.13.39
Қазір: 2019-08-23 04:29:51
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру