Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаражота а/оЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қаражота ауылдық округі Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы 2019-2021 жылдарға

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қаражота ауылдық округі Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы 2019-2021 жылдарға

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қаражота ауылдық округі

________________________________________

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы

____________________________________________________

(аудан және облыс атауы)

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Қаражота ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

       Қаражота ауылдық округі 1939 жылы құрылып, халық депутаттарының селолық кеңесі деп аталған. 1991 жылы Қаражота селолық әкімшілігі болып, ал 1996 жылы Қаражота селолық округі деп өзгертілген.

       Округтегі халық саны – 7132 адам, аула саны – 956, Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарынан құралған. Қаражота ауылдық округі Іле Алатауының шығыс бөлігінде, Іле өзенін жағалай орналасқан, аумағы – 62278 га., аудан орталығынан 100 км, облыс орталығынан 380 км қашықтықта.

     2014 жылы 23 шілдеде Жергілікті қоғамдастық жиналысы құрылған, 9 мүшесі бөлек жиындар арқылы қайта 5 жыл мерзімге сайланды.

      

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қаражота ауылдық округті дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қаражота ауылдық округіндегі елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Қаражота ауылдық округінде 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 7132 адам, оның ішінде Қаражота ауылында – 3599 адам, 505 аула, Сарыбұлақ ауылында – 1997 адам, 241 аула, Ақтоған ауылында -1536 адам, 210 ауланы құрайды

Округ бойынша 9 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС), 453 Шаруа Қожалығы (ШҚ), 29 жеке кәсіпкер тіркелді. Округте шағын және орта бизнес нысандарының саны көбейіп келеді.

        

Экономика салаларын дамытуды талдау:

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТАБЫСЫ

2018 жылға ауылдық бюджетке түсетін жеке түсімдер жоспары 99,9% орындалды, жоспар 66 млн 757 мың теңгені құраса, 66 млн 670 мың теңге түсті.

2018 жылға шығыстар 99,9% -ға орындалды, жоспар бойынша 66 млн 757 мың теңге, жұмсалғаны 66 млн 670 теңгені құрады.

Шығындардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесті әлеуметтік және мәдени шығындар алады - 26 млн 398 мың теңге немесе 100% (білім - 26 млн. 398 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру - 0 теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік - 0 теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 100%, көлік және байланыс - 0%.

2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4–деңгейінің енгізілуіне байланысты, негізгі кіріс көзі салықтық түсімдері болғандықтан, салық төлейтін объектілерді түгендеп, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде: 2019 жылға 382,428 мың теңге жер салығы, 385,270 мың теңге мүлік салығы, 12 млн. 942,5 мың теңге автокөлік салығы, жеке тұлғалардың табыс салығы 5 млн. 549,6 мың теңге жиналды.

КӘСІПОРЫН

Округте 4 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде:

         «Астана – Фрутс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шетелдік жоғары технологияларды қолданып интенсивтік алма бағын өсірумен айналысады. Аумағы 75га, қуаты – жылына 4000 тонна.

         «Алау Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, аумағы 33 га, құмды-қиыршықты тастарды өндіру. Қуаты – сағатына 80 тонна.

         ЖШС «Транс – Трайл – Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табиғи ауыз су өндіру және құю цехы. Қуаты – тәулігіне 2000 литр.        

       «Бес Найза Агро» шаруа қожалығы ауылшаруашылық тауарын өндіру. Аумағы 75 га, қуаты – жылына 800 тонна жүгері.

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС

Округ бойынша 9 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС), 453 Шаруа Қожалығы (ШҚ), 29 жеке кәсіпкер тіркелді. Округте шағын және орта бизнес нысандарының саны көбейіп келеді.          

Қаражота ауылдық округінде шағын және орта бизнесті тұрмысқа қажетті тауарлар саудасымен айналысатын 7 дүкен, 1 қоғамдық тамақтандыру пункті құрайды. Соның ішінде Қаражота ауылында - 2 дүкен, Сарыбұлақ ауылында -3 дүкен, Ақтоған ауылында -2 дүкен, «Бүркіт» демалыс пунктінде - 1 қоғамдық тамақтану пункті. 2018 жылға салық көлемі – 5 млн. 549 мың 645 теңге жиналды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ      

       Округ бойынша барлығы 61,327 га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде жайылым - 52159 га, суармалы жер - 2572 га.

Шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі - мал шаруашылығы.

         Асыл тұқымды ірі қара малдарды дамыту аясында жұмыс істеп жатқан округ бойынша 9 шаруақожалық болды. Олар асыл тұқымды малды дамытуға жалпы сомасы 30 млн 277 мың теңге субсидия алып малдарын асылдандырды.

         Жылдан жылға мал шаруашылығы дамып келеді. Малды асылдандыру жұмысымен шұғылданамыз деп ниеттеніп отырған шаруалар саны да өсіп отыр.

           2019 жылдың 1 – қаңтарына округте ірі қара саны – 10 546 бас, қой-ешкі – 34 329 бас, жылқы – 2 534 бас, түйе – 42 бас, үй құстары – 12 504 басты құрайды.      

Округте 1 вет.пункт меңгерушісі, 8 мал дәрігері қызмет етеді. Қаражота ауылында 2017 жылдан бастап орталықтандырылған ветеринариялық зертхана жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық техникаларының саны -47, оның ішінде: трактор- 22, комбайн -2, басқа түрлері -23.        

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         Қаражота ауылдық округінде тұрғындар жерасты ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауыз су сапасы экологиялық стандартқа сәйкес. Округ бойынша ауыл іші су жүйесі құбырларының ұзындығы – 13,2 км, оның ішінде Қаражота ауылында – 11 км. Су мұнарасы Қаражота ауылында 2015 жылы орнатылған, «Шелек Су құбыры» МҚК кәсіпорнымен қызмет көрсетіледі.

         Сарыбұлақ және Ақтоған ауылдарының тұрғындары ауыл ішінде орнатылған артезиан су ұңғымаларынан тартылған орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Округтегі елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 59,70% құрайды. Сарыбұлақ ауылында су жүйесі құбырларының ұзындығы – 2,7 км, күрделі жөндеуді талап етеді. Ақтоған ауылында су жүйесі құбырларының ұзындығы -2,2 км.

         Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне 3 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 мешіт қосылған.

ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ және ЖЫЛУ БЕРУ

Округ бойынша электр беру желілерінің ұзындығы – 213,1 км, оның ішінде Қаражота ауылында – 103,11 км, 16 трансформатор, тозуы – 80%, Сарыбұлақ ауылында – 22,6 км, 7 трансформатор, тозуы – 70%, Ақтоған ауылында – 87,35 км, 18 трансформатор, тозуы – 70%.

Аудан орталығынан округтегі елді мекендердің арасындағы көлік жолдарының қашықтығы: Қаражота ауылынан – 100 км, Сарыбұлақ ауылынан – 113 км, Ақтоған ауылынан – 118 км, барлығы – 331 км асфальтталған. Автобустық тасымалдау қатынасы жоқ.

От жағу маусымында округ тұрғындары тұрғын үйлерін қатты отынмен жылытады. Алдағы уақытта табиғи газбен газдандыру күтілуде.

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

Округтегі ауыл іші көше жолдарының жалпы ұзындығы – 29,6км, оның ішінде:    

-Қаражота ауылында–13,8км, асфальтталған–12,2км, қанағаттанарлықсыз–1,6км;

-Сарыбұлақ ауылында –8,7км, асфальтталған–7,48км, қанағаттанарлықсыз–1,2 км;

-Ақтоған ауылында–7,6 км, асфальтталған– 7,2 км, қанағаттанарлықсыз – 0,4 км.

         2018 жылы Қаражота ауылының Абай, Маметова, Қабылов көше жолдарына және Ақтоған ауылының Маметова мен Молдағұлова көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы бөлінген 10 млн теңгеге Қаражота ауылының Жабықбаев көшесіне және Маметова мен Қабылов көшелерінің бітпей қалған бөліктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

БІЛІМ БЕРУ

Қаражота ауылдық округінде 3 орта мектеп, 1 мектепке дейінгі шағын орталық, 1 балабақша жұмыс істейді.

Округте жалпы бала саны – 1287, оның ішінде мектеп жасына дейін – 375 бала.

       - Қаражота ауылындағы Б.Момышұлы орта мектебі 1978 жылы салынған, типті,жылыту түрі – автономды, оқушылар саны – 491 бала, мектеп алды жасындағы – 49 бала;

       - Сарыбұлақ ауылындағы Сарыбұлақ орта мектебі 1972 жылы салынған, типті,жылыту түрі – автономды, оқушылар саны – 240 бала, мектеп алды жасындағы – 14 бала;

       - Ақтоған ауылындағы Ақтоған орта мектебі 1983 жылы салынған, бейімделген,жылыту түрі – автономды, оқушылар саны – 181 бала, мектеп алды жасындағы – 17 бала.

       Қаражота ауылында «Балауса-1» балабақшасы 1987 жылы салынған, типті, жылыту түрі – автономды, 80 орынды, 80 бала тәрбиеленуде.

       Сарыбұлақ ауылында мектепке дейінгі шағын орталық 2011 жылы ашылған, 25 орынды, 25 бала тәрбиеленуде.

Аталған мектептерде 3 - интерактивті тақта, 1 - мультимедиялық кабинеттер орнатылды. Мектептер жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған: химия - 1, физика - 1, биология - 1. Бүгінгі таңда барлық мектептер Интернетке қосылған, бір компьютер 18 оқушыны қамтиды.

3-6 жас аралығындағы балалар саны -375 құрайды, оның ішінде 185 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған (97%)

3-5 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту үшін Ақтоған ауылында 50 орындық балабақша ашу қажет.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қаражота ауылдық округінде 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория (ДА), 2 фельдшерлік амбулаториялық пункт (ФАП) жұмыс істейді.

       - Қаражота ауылындағы дәрігерлік амбулатория 1970 жылы салынған, бейімделген, күрделі жөндеу 2008 жылы өткізілген.Ғимарат заман талабына сай емес. Күндізгі стационардың типтік бөлмелері, жүкті әйелдерге арналған бақылау бөлімі және науқастарды қабылдауға арналған бөлмелер жеткіліксіз. Дәрігерлердің штаттық саны – 4 адам, нақты дәрігер – 3 адам, дефицит – 25%, орта медициналық персоналдың штаттық саны – 14 адам; нақты – 14 адам;

       - Сарыбұлақ фельдшерлік амбулаториялық пункт 1992 жылы салынған, бейімделген, күрделі жөндеу 2017 жылы өткізілген.Ғимарат заман талабына сай емес. Күндізгі стационардың типтік бөлмелері, жүкті әйелдерге арналған бақылау бөлімі және науқастарды қабылдауға арналған бөлмелер жеткіліксіз. Дәрігерлердің штаттық саны – 0, орта медициналық персоналдың штаттық саны – 3 адам; нақты – 3 адам;

       - Ақтоған ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пункт 1985 жылы салынған, бейімделген. Ғимарат заман талабына сай емес. Күндізгі стационардың типтік бөлмелері, жүкті әйелдерге арналған бақылау бөлімі және науқастарды қабылдауға арналған бөлмелер жеткіліксіз. Дәрігерлердің штаттық саны – 0, орта медициналық персоналдың штаттық саны – 2 адам; нақты – 2 адам.

Туу көрсеткіші жоғарылап, өлім деңгейі төмендеуде, нәтижесінде халықтың табиғи өсімі байқалады.

2018 жылы 58 бала дүниеге келді, 32 адам қайтыс болды. Ағымдағы жылдың 6 айында туу көрсеткіші 28 баланы құрады, қайтыс болғандар 11 адамды құрады.

МӘДЕНИЕТ және СПОРТ

Қаражота ауылында 1 мәдениет үйі, 1988 жылы салынған, 1 ауылдық кітапхана және Сарыбұлақ ауылында 1 клуб, Ақтоған ауылында 1 клуб жұмыс істейді.

2005 жылы Қаражота ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аталған мәдениет үйі мен клубтардың қазіргі техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз, күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.

Кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесіне /КАБИС/ және интернет желісіне қосылмаған.

Қаражота ауылындағы Б.Момышұлы орта мектебінде және Сарыбұлақ орта мектебінде спорт залы бар, Ақтоған орта мектебінде спорт зал жоқ. Ағымдағы жылы бюджеттен 10 млн теңге бөлініп Ақтоған ауылына шағын спорт алаңының құрылысы жүргізілді.

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны өсуде, жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын жастар саны 1647 адам немесе 23% құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

         Қаражота ауылдық округінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 3599 адам, оның ішінде 3339 адам жұмыспен қамтылған, 1620 адам өзін өзі жұмыспен қамтыған, оның ішінде өнімді - 1300, өнімді емес -320 адам, 260 адам жұмыссыздар.

Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны – 38 адам.

      Округте жұмыссыздық деңгейі 7,2%.

     Жұмысқа орналастырылған еңбекке қабілетті жастағы мүгедек саны - 1 адам.

       Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны – 281 адам. Еңбекке жарамдылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі - 96% құрайды.

     2019 жылдың 1 қаңтар айына 655 зейнеткерлер тұрады.

       123 адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, 5 адам үшінші топ мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 23 адам мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алады.

     Жалғыз басты, қараушысы жоқ 8 адамға бір әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетіп келеді.

                     2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

        

Қаражота ауылы бойынша:

- дәрігерлік амбулатория 1970 жылы салынған, бейімделген, күрделі жөндеу 2008 жылы өткізілген,техникалық жай-күйі және қуаты бойынша өңірлік стандарттарға сәйкес келмейді. Жаңа ғимарат құрылысын талап етеді.

- электрмен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

- орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

- учаскелік полиция пункті ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратында орналасқан. Жаңа учаскелік полиция пунктінің жер телімі заңдастырылған, ғимарат құрылысы қажет.

- көшелер жарықтандырылмаған. Орталық көшелер: Алтынсарин, Айсабаев, Иманов, Кенжебаев, Қабылов, Сейфуллин, Қонаев, Жабықбаев көшелері.

Сарыбұлақ ауылы бойынша:

- фельдшерлік амбулаториялық пункт 1992 жылы салынған, бейімделген, техникалық жай-күйі өңірлік стандарттарға сәйкес келмейді.

- орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

- көше жолдарына (Ауезов, Достық, Бураханов) асфальт төсеу.

Ақтоған ауылы бойынша:

- фельдшерлік амбулаториялық пункт 1985 жылы салынған, бейімделген, техникалық жай-күйі өңірлік стандарттарға сәйкес келмейді.

-электрмен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (млн.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.1

Қаражота ауылындағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне ағымды жөндеу жүргізу

(11 км)

Қабылдау актісі 35 ЖБ 2021
1.2 Қаражота ауылының көшелерін жарықтандыру (320 дана прожектор) Қабылдау актісі 60 ЖБ 2021
1.3 Сарыбұлақ ауылының орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу (2,8 км) Қабылдау актісі 550 ЖБ 2021
II. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
2.1 Сарыбұлақ ауылдық клубына ағымды жөндеу жүргізу Қабылдау актісі 10 ЖБ 2019
III. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
3.1 Сарыбұлақ ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізу (Әуезов, Достық көшелері, барлығы 980 м) Қабылдау актісі 15 ЖБ 2021
IV. БАСҚАЛАР
4.1 Қаражота ауылына учаскелік полиция пунктінің құрылысы Қабылдау актісі 20 ЖБ 2021

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Қаражота ауылдық округі әкімі                             Э.С.Рахимбаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8881410
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
24572
0
24572
8749464
119411
187110
8881410

Сіздің ІР: 3.95.131.97
Қазір: 2019-11-12 14:57:17
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру