Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаражота а/о Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

                                                    

«Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппаратының»                                                        сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру бойынша АНЫҚТАМАСЫ

Қаражота ауылы                                                                                                     30.11.2017 ж.

Кіріспе бөлім

           Қаражота ауылдық округі әкімінің «Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2017 жылдың 20 қарашадағы № 49 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2017 жылдың ағымдағы кезеңі қамтылды. Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы  № 815 қаулысымен бекітілген «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            1.«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін,                    Қазақстан Республикасының Заңдары мен Конститутциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілермен                 және «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  

Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқару

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  

           2. «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде                                             

кадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бойынша.                                                           

2.1 «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің 2017 жылдың 1 қаңтардағы бекітілген штат бойынша  – 13 адам қызмет көрсетуші жұмысын жасайды: олар – ауылдық округ әкімі, округ әкімінің орынбасары, 5 бас маман, 1  жетекші маман, 2 әдіскер нұсқаушы, 1 компьютерлік техникасының операторы,  4 техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер. 1 вакансия бос орын көшіру техникасының операторы.

            Талдау жасау уақыт аралығында теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкер жоқ. 

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша.

            Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын «Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты» Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

           Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 – қыркүйектегі (Үкіметтің №983 қаулысымен бекітілген, 01.03.2016 жылы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) Мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес 2017 жылы мемлекеттік қызметтің  7 түрін  көрсетеді. Барлық  7 түрі тегін негізде көрсетілді.

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 0.

2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» - 0.

3. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 122

4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0

5. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0

6. «Сауда –саттықты (конкурстарды, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 0

7. «Мемлекеттік  меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтардысауда саттықа(конкурстарды, аукциондарда) сатып алу - 0

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ , негізсіз бас тарту жоқ.

           Қаражота ауылдық округі  әкімі аппаратының медиа-жоспары (мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі БАҚ-да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басылымға шығуы) 2017 жылдың 16 қаңтарында бекітілген. Медиа-жоспар бойынша Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Жеткенбай  наурыз айында «Еңбекшіқазақ» газетінің №12 санына  «Жеке және заңды тұлғалар назарына»,  «Еңбекшіқазақ» газетінің  26.05.2017 жылғы  №22 санында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Хабарландыру», «Еңбекшіқазақ» газетінің  25.08.2017 жылғы  №35 санында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Қаражота әкімі аппараты хабарлайды» деген тақырыптарда мақалалар жарияланды. 2017 жылы 14 қараша айында ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы кезекке тұрмай алуға болатыны туралы дөңгелек үстел өткізілді.

         2017 жылы Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты  бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдері бұзылған жоқ.  Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік                                                                                                   қызмет көрсету жөніндегі  шағым түскен жоқ.

         Қаражота ауылдық округі Қаражота ауылы «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген. Сарыбұлақ ауылы Сарыбұлақ орта мектебінің ғимаратында және Ақтоған ауылы Ақтоған орта мектебінің ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған   жәшіктер мен «Сенім» телефондарыорналасқан.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайтын жұмыс тобы құрылған, жауапты маман бекітілген, түскен өтініштер арнайы журналға тіркеледі.Тұрғын үй көмегіне жәрдем ақы алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарация» коммерциялық емес АҚ-ың (ЦОН) мобильді тобы округке келіп азаматтардың құжаттарын қабылдайды. Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік корпарацияның қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын ауылды аралап қызмет көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕА жөніндегі комитетінің «Айқын» бағдарламасы бойынша біріңғай базасына тіркеліп азаматтарға өтініштерінің тіркелгені туралы талон беріледі. Бекітілген «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ің іс номенклатурасы бойынша ауылдық округі әкімі аппаратындағы мамандар өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін бұлжытпай атқаруда. Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар кеңес өткізу және жауапкершіліктерін күшейту.

                    4. Тікелей байланыс тәуекелі.

                 Қаражота ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатынМемлекеттік корпорациясы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» арқылы көрсетілетін қызметтер санының аукылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде. Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар мен мәліметтер).

   

                      5. Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқару      

                          қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

        5.1 «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына сай  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп және есепке алынады. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзушылықтыр жоқ екені анықталды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан – жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.  

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.

                                                                                                             

                        6. Қорытынды бөлім:

           Жоғарыда айтылғандардың негізге ала отырып Қаражота ауылдық округі әкіміне ұсынамыз:

  1. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.
  2. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің саны толық.
  3. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттері қатаң сақталып бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес                     іс – шаралар атқарылсын.
  4. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін және бақылауға алынсын.
  5. «Қаражота ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.
  6. 2018 жылдың 15 қаңтарға дейін іс – шара жоспары жасалып Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратына берілсін.

Жұмыс тобы мүшелері:

Ауылдық округі әкімінің орынбасары                                   Б.Мақашев

Ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                                                                     

бас маманы                                                                                  Ж.Семгалиева

      Ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                                           

      бас маманы                                                                                   Д.Жеткенбай

     Ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                                            

     бас маманы                                                                                   Г.Сейсенбаева

     Таныстырылды:

Қаражота ауылдық округінің әкімі                                       Э.Рахимбаев

Орындаған: Ж.Семгалиева

Тел:5-10-08

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8886966
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
30128
0
30128
8749464
124967
187110
8886966

Сіздің ІР: 18.206.194.210
Қазір: 2019-11-13 11:05:21
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру