Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаражота а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Қаражота селолық округі әкімі Э.С.Рахимбаевтың халыққа есеп беру баяндамасынан тезис

2015 жыл біздің еліміз үшін айтулы жаңалықтарға толы болды.

Биыл біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, ең бастысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз.

Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму»Жолдауында біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындап берді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қойылған мақсаттарға жеткізу және т.б айтылғандарды орындауға міндеттіміз

Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау - басты міндетіміз.

Жасаған жоспарымды басшылыққа ала отырып, төмендегідей атқарған жұмыстар бойынша бүгін сіздерге өзімнің 1 жылдық есебімді бергелі отырмын.

Округте Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдары орналасқан. Оталығы – Қаражота ауылы, аудан орталығынан 90 шақырым. Халық саны – 7200, аула саны – 948.

Көктемнен бастап ауылдарда көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді. Үш ауылда 184 тонна күл-қоқыс шығарылды, 48 шақырым арық бойлары, 205 шақырым автомобиль жолдары бойы тазаланды. 

Округ аумағында шағын және орта бизнес нысандарының саны да көбейіп келеді. Барлығы 17 кәсіпкер тіркелді. Жалпы алғанда осы сауда нысандарында 48 адам жұмыспен қамтылған. Біз кәсіпкерлікпен шұғылданамыз деген іскер адамдарды қолдаймыз. Қолдан келген көмегімізді аямақ емеспіз. Кәсіпкерлер де өз мүмкіндіктеріне қарай ауылдарда өткізіліп жатқан үлкенді - кішілі қоғамдық-көпшілік шараларға демеуші болып қолдау жасап келеді.

2015 жылы «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында 14 адам қоғамдық жұмыстар атқарды. Мұның сыртында   «Будан» ЖШС-де 12 адам,  Қызыл-жиде орман шаруашылында 37 адам, барлығы округ бойынша 63 адам әр түрлі жұмыстармен қамтылды.

            2015 жылы жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге – 7 млн. 562 мың  теңге жәрдем ақы төленді, оның ішінде 29 жанұяға  649 мың  теңге көлемінде тұрғын үй көмегі берілді, 18 жасқа дейін баланы өсіріп тәрбиелеп жатқан 113 отбасыларына 6 млн. 357 мың  теңге төленді, 6 жанұяға 555 мың теңге атаулы әлеуметтік көмегі берілді, кемтар-мүгедек (инвалид) балалары бар 16 жанұяға 363 658  теңге және үйде оқытылатын  мүгедек (инвалид) балаға қарайтын 18 тәрбиелеушіге 4 млн 652 597 теңге төленді. ҰОС ардагеріне 320 мың теңге көлемінде бір реттік комуналдық қызмет ақы берілді. Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына (мұғалім, дәрігер, вет.дәрігер, мәдениет үйінің қызметкерлері)  әлеуметтік көмек 175 адамға  1 млн. 620 мың  теңге берілді.

Округімізде 606 зейнеткерлер тұрады, үш ауылда 145 мүгедек бар, 8 адам жалғыз басты, осы қараушысы жоқ аналарға 1 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетіп келеді.

         Республикалық бюджеттен әлеуметтік сала бойынша – 56  млн. 170 мың. тенге, оның ішінде атап айтқанда: бір реттік жәрдем ақы 104 анаға 7 млн. 736 281   теңге, бір жасқа дейін жәрдем ақы 261 анаға 12 млн 534 247 теңге, көп балалы 106 анаға және 169 Алтын алқа мен Күміс алқа иегерлеріне 35 млн 899 943 теңге көлемінде төленді. Асыраушысынан айырылған 39 жанұяға 12 млн 559 297 тенге төленді.                                                                                                                                                    

           Экономикалық-әлеуметтік жағдайдың оңалуы, тұрмыстың жақсаруы отбасы жағдайына да күрт әсер етті. 2015 жылы 33 жас отбасын құрды, 67 сәби дүниеге келді.   2015 жылы ҚР Президентінің жарлығымен 4 ана  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен  марапатталды. Алтын және күміс алқалы алтын құрсақты аналар саны округте 168-ге таяды.

          Соңғы жылдары мемлекетіміз аграрлық саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр, оған бөлінген қаржы көлемі жылма-жыл өсе түсуде. 2016 жылдың бірінші қаңтарына 405 шаруа қожалықтары ауылшаруашылығымен айналысуда. Ауылшаруашылығын қолдау мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына берілетін 5 млн. 109 мың теңге субсидияға  21 шаруа қожалықтың құжаттары дайындалып, ауылшаруашылық бөліміне өткізіліп толығымен игерілді.

Асыл тұқымды ірі қара малдарды дамыту аясында 7 шаруа қожалық малдарын асылдандырды. Жылдан жылға мал шаруашылығы дамып келеді. Малды асылдандыру жұмысымен шұғылданамыз деп ниеттеніп отырған шаруалар саны да өсіп отыр.

2016 жылдың 1 – қаңтарына округімізде ірі қара саны – 8 918 бас,  қой-ешкі – 31 780 бас,  жылқы – 2 287  бас, түйе – 20 басты құрайды.

          Округте 1 вет.пункт меңгерушісі, 8 мал дәрігері, 3 ветсанитар қызмет етеді. Малды бірдейлендіру, емдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қаражота селолық округі аумағындағы елді мекендерде құтыру ауруын алдын алу іс-шара бойынша Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарында  қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үш елді мекеннен жыл басынан бері барлығы 37 ит жойылып, мал қорымдарына тасталып, өртелді.

         2015 жылға берілген жергілікті салық түсімдері толық орындалды. Атап айтқанда 420,1 мың  теңге жер салығы, 363,7 мың  теңге мүлік салығы,  4 млн. 692,8 мың теңге  автокөлік салығы жиналды. Шаруа қожалықтарының декларация тапсыруы, салық төлемдерінің уақтылы төлеуіне ықпал жасалуда.

         «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Қаражота ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

          «Батыс Қытай – Батыс Европа»  тас жолын жасап келе жатқан Түркиялық «ДОГУШ-ГЮЛЬСАН» компаниясымен келісіліп, жайлауға шығатын округ малдарына тас жолдың астымен өтетін мал айдайтын өткел жасалды.

           Үш мектепке бөлінген материалдық жағдай анағұрлым оңалды. Парталар жаңаланды.  Сынып класстарын жаңа үлгідегі жабдықтауға, спорттық жабдықтар және жалпыға білім беру қорынан үш мектепке 2 млн. 669 мың. теңге бөлінді.       

         Жазғы демалыс лагеріне 3 мектептен барлығы – 48 оқушы жіберілді, оның ішінде округ әкімі аппаратының демеушілігімен – 1 оқушы, ата-ана және кәсіпкерлердің демеушілігімен – 7 оқушы жіберілді.      

        Ұлттық Бірыңғай Тест бойынша Б.Момышұлы атындағы орта мектебі – 73,8 балл, Сарыбұлақ орта мектебі – 76,8 балл, Ақтоған орта мектебі – 74,6 балл болды. Округ бойынша орташа – 74,0 балл. Биылғы оқу жылында бұл бағытта атқарылар істер жеткілікті.                                                                                                                        

        «Балауса» балабақшасы да ашылғалы бері аудандық, облыстық байқауларда айтарлықтай табысқа жетті. Балабақшада 86 бала тәрбиеленуде. Дәрі–дәрмекке – 40 000 теңге, коммуналдық және балабақша қызметкерлерінің айлықтарына – 22 млн. теңге бөлінді.

 Ақтоған  ауылында бұрынғы балабақша ғимараты бар. Ол мектепке берілген. Болашақта жоспарға сәйкес мектептерге қосымша ғимарат салынса, балабақша,  кітапхана  орны дайын. Сөйтіп бұл проблема да шешілер. Өйткені ел басшысының қойып отырған мақсаты да осы.

         Мемлекеттік «Денсаулық бағдарламасы» бойынша диспансерлік есептегі ауруларға 3 млн. 600 мың теңге, 5 жасқа дейінгі балаларға 1 млн 350 мың теңге және 17 жасқа дейінгі балаларға 675 мың теңгенің  дәрі-дәрмегі тегін берілді. Өз тарапымыздан «Қызылжиде» табиғат қорғау мемлекеттік кәсіпорнының көмегімен фельдшерлік пункттер отынмен қамтамасыз етілуде. Амандық болса, аудандық денсаулық сақтау бөлім басшылары фельдшерлік пункттерді жөндеуге көмек көрсетеміз деп жоспарлауда. 

Үш ауылдағы негізгі мәдени-әлеуметтік нысандарды талан-таражға салмай, қиратпай  аман сақтап қалдық. Мәдениет үйіне, екі ауылдағы екі клубқа штаттар алдық. Олар жоспар негізінде көптеген мәдени-көпшілік шаралар өткізді. Аудан, облыс  көлемінде өткен жарыс, конкурстардың бірде біреуінен қалыс қалмады. Осылай десек те мәдениет ошақтарының жұмысы әлі де бүгінгі талапқа сай емес. Клубтар 15-20 жылдан бері жөндеу көрмегендіктен іші тозыңқы. Жылу жүйесі істемейді. Осының бәрі мәдени-шараларды пәрменді ұйымдастыруға әлі де қол байлау болып отыр. Енді клубтарды жөндеуден өткізу міндеті тұр,  мәдениет ошақтарын қүрделі жөндеуден өткізуге дефектілік актілері жасалып, аудандық мәдениет бөліміне тапсырылды.

         Осы құрылымдардың қатысуымен, белсенді атсалысуымен жаңа жылдық көгілдір алау кешін, 8 наурыз Халықаралық әйелдер, «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз» мерекесіне орай батыр аналарды, жас отбасыларды, белсенді қыз-келіншектер басын қосып салтанаттар өткіздік. Сол сияқты  9 мамыр Жеңіс күніне 70 жыл толғанына Ұлы Отан соғысы ардагері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, Қаражота ауылындағы Мәдениет үйінде 150 адамға «Өтия» шаруа қожалығының төрағасы Жүнісов Мурат демеушілік жасап, дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сый-сияпат көрсетті. 1- қазанда үш ауыл ақсақалдары мен әжелері кезек бойынша Қаражота  ауылында Мәдениет үйінде бас қосып, «Атадан ұлағат ұрпаққа аманат» атты шарасына қатысып, көрсетілген құрметке дән риза болды.

2015 жылы ауыл тұрғындарының 11 рет жиналысы өткізілді. ҚР Президентінің 2014 жылы халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер, ауыл өмірінің өзекті мәселелері, мекеме басшыларының есептері тыңдалды.

      2015 жылы әкім аппаратына ауыл тұрғындарынан 1083 өтініш түсті. Оның 695 әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, 21 атаулы әлеуметтік көмек беру, 146 тұрғын үй коммуналдық көмегін көрсету, 38 тұрғын үй және өзіндік қосалқы шаруашылық салуға жер телімін беру, 183 интернатқа балаларын орналастыру  және басқа мәселелерді қамтиды. Барлық өтініштер негізінен оң жауаптарын алды, қанағаттанды.

Бюджеттің игерілуіне келсек: Берілгені – 16 млн 491 мың тг. Оның ішінде жергілікті бюджеттен - 15 млн 958 мың тг, Республикалық бюджеттен  - 242 мың тг, еңбекақыға – 6 млн 878 мың тг, емделуге – 1 млн 128 мың тг, кеңсе тауарлары мен техникаға – 291 мың тг. Қаржы 100 пайыз игерілді.

Селолық округ әкімінің аппараты ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Мемлекеттік қызмет этикасы мен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік ішкі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіруді, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуды бірінші кезекке қойып келеді.

               Қаражота селолық округі әкімі Э.С.Рахимбаев.    

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8886689

Сіздің ІР: 18.206.194.210
Қазір: 2019-11-13 10:28:28
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру