Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаратұрық а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қаратұрық ауылы 2018 жылғы 30 қараша
 
КІРІСПЕ
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Қаратұрық ауылдық округі әкімінің 2017
жылдың 20 қарашада №1-07/72 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының
жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2018 жылға.
Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
15 тамыздағы №815 қаулысымен бекітілген «Қаратұрық ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округі
аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19
қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда
ішкі талдау жүргізілді:
Аппараттың жұмысы барысында қолданатын нормативтік
құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1 Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары
мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілер
бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері
қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағында былай көрсетілген:
«Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті
көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес
нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн
түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады деп көрсетілген».
Бірақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының орысша нұсқасында тізімдегі үшінші құжатта «Құжаттар
салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады» деген пункт көрсетілмеген. Яғни
қызметтті көрсетуші осы стандарттың орысша нұсқасы бойынша жұмыс
жасаған кезде артық құжат талап ету жағдайлары орын алуы мүмкін.
Ұсыныс: анықталған қарама-қайшылықтарды жоғары тұрған құзырлы
органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету
стандартының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн
түпнұсқада ұсынылады» деген толықтыруды енгізуді ұсыну.
Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі бойынша
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратында 01 желтоқсан 2018
жылға штаттық кестеге сәйкес 12 мемлекеттік қызметкер , оның ішінде бос
лауазым – 1
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы
туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңы зерделенді.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім
аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім
қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен
заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар,
нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін
құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен
нормалардың болуы анықталған жоқ.
«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің
басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ,
аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы
жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен
тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру кезінде ауылдық
округ әкім аппаратында бос орындар бас маман Р. Салимованың, бас маман
А.Ыдрысованың уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шығуларына
байланысты болды.
Аппараттың штат саны -12 мемлекеттік қызметкер. 2018 жылы
жұмыстан босатылғандар: жетекші маман К.Канаев 2018 жылдың 13
сәуірінде зейнеткерлік жастан кейінгі келісім шарт мерзімінің аяқталуына
байланысты.
Ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау
бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына
сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жүзеге
асырылады.
2018 жылдың 06 наурызында бас маман лауазымына Жазыкбеков
Айтжан Турсынбаевич, 2018 жылдың 23 тамызында бас маман лауазымына
Юсупова Арзыгуль Абдрахмановна және 2018 жылғы 25 мамырында
жетекші маман лауазымына Елубай Еламан Рауанұлы аудандық конкурстық
комиссиясының қортындысы негізінде жұмысқа қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың
барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді
қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында
қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына
декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы»
Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және
жауапкершіліктерін күшейту. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында
Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет
көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету
туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының
басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі; мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол
бермеу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және
ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнем жетілдіру; мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.
Ауылдық округ әкімі 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет - 0
2 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 148
3 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 11
4 «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 12
5 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 2
6 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 6
7 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет -8
8 «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатыққа
(конкурстарда, аукциондарда) алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан
сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне
ақпарат беріліп отырады.
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі
жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық
акті қабылданды.
Халықты хабардар ету үшін «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінде – қызмет берушіде стандарттар мен
регламенттер, анықтама телефондар номерлері, өтініш бланкілерінің үлгілері
орналастырылған стенділер ілінген.
2018 жылы ауылдық округ әкім аппаратына мемлекеттік қызмет
көрсету саласы бойынша заң бұзушылық анықталды. Шара барысында
анықталған заң бұзушылық бойынша Еңбекшіқазақ аудандық №2 сотының
2017 жылғы 16 қарашасындағы жеке ұйғарымы бойынша кемшілік жіберген
қызметші жетекші маман К. Канаевқа «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ҚР Президентінің 2015 жылғы
№152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әкімшілік қызметшіліріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес, округ
әкімінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы № 1-63/01 өкімімен тәртіптік жаза
қолданылды.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу
мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі
жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
Аппараттың ұйымдатырушылық-басқарушылық қызметі
барысындағы басқа сұрақтар
Ауылдық округ әкіміне 2018 жылы жеке тұлғалардан - 314 өтініш, ал
заңды тұлғалардан - 34 хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер
қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат
Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық
бөліміне ұсынылады.
Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді
қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету
бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі
ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды,
тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,
заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда
жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген
жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі
Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік
қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп
отырады.
Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері
тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық
орын алған жоқ.
2018 жылғы 11 қыркүйегінде Аудан әкімінің веб-сайтында «Қаратұрық
ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік
қызметті «Мемлекеттік корпорация және Электронды Үкімет» веб – порталы
арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру жарияланды.
2018 жылдың 13 шілдеде аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне ауылдық
округ аумағындағы бір ауылдың атауларын өзгергендігі туралы хабарлама
жарияланды.
2018 жылы ауылдық округ әкім аппаратына бір заң бұзушылықты жою
бойынша ұсыныстар беріліп, кемшілік жіберген қызметшіге «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ҚР
Президентінің 2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану
қағидаларына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды:
1) Еңбекшіқазақ аудандық №2 сотының 2017 жылғы 16 қарашасындағы
жеке ұйғарымы бойынша кемшілік жіберген қызметші жетекші маман К.
Канаевқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына
және ҚР Президентінің 2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшіліріне тәртіптік жаза
қолдану қағидаларына сәйкес округ әкімінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы № 1-
63/01 өкімімен тәртіптік жаза қолданылды.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік
қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы
шаралар қабылдау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Қаратұрық ауылдық округі
әкіміне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
13 cәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері
қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру
үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті
алушыға қайтарылады» деген пунктті енгізуді құзырлы органдарға ұсыну.
2) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын
орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік
қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін үшейту.
3) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлері арасында  жұмыстарын жиі жүргізу.
4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік
қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы
шаралар қабылдау.
Жұмысшы топ мүшелері:
Қаратұрық ауылдық
округі әкімінің орынбасары Б. Сокуров
Ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Г. Кабулова
Ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы А. Манапов
Таныстырылды:
Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Е. Самсыбеков
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8902243
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
45405
0
45405
8749464
140244
187110
8902243

Сіздің ІР: 3.233.217.242
Қазір: 2019-11-15 11:45:19
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру