Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаратұрық а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019

Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысының
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қаратұрық ауылы 2019 жылғы 29 сәуір
КІРІСПЕ
 
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Қаратұрық ауылдық округі әкімінің 2017
жылдың 20 қарашасында №1-07/72 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының
жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2019 жылдың 1 тоқсаны.
Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген «Қаратұрық ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округі
аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19
қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда
ішкі талдау жүргізілді:
Аппараттың жұмысы барысында қолданатын нормативтік
құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1 Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары
мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілер
бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
13 cәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері
қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағында былай көрсетілген:
«Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті
көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес
нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн
түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады деп көрсетілген».
Бірақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының орысша нұсқасында тізімдегі үшінші құжатта «Құжаттар
салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады» деген пункт көрсетілмеген. Яғни
қызметтті көрсетуші осы стандарттың орысша нұсқасы бойынша жұмыс
жасаған кезде артық құжат талап ету жағдайлары орын алуы мүмкін.
Ұсыныс: анықталған қарама-қайшылықтарды жоғары тұрған құзырлы
органдардың қарауына аталған мемлекеттік қызметтер көрсету
стандартының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру үшiн
түпнұсқада ұсынылады» деген толықтыруды енгізуді ұсыну.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі
бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратында 01 қаңтар 2019 жылға
штаттық кестеге сәйкес 12 мемлекеттік қызметкер бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23
қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы
туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңы зерделенді.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім
аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім
қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен
заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар,
нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін
құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен
нормалардың болуы анықталған жоқ.
«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің
басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ,
аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы
жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен
тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру кезінде ауылдық
округ әкім аппаратындағы мелекеттік қызметкерлер арасында бос орын
болған жоқ.
Аппараттың штат саны -12 мемлекеттік қызметкер. 2019 жылдың 1
тоқсаны ішінде жұмыстан босатылғандар жоқ.
2019 жылдың 1 тоқсанында әкім аппаратында жұмысқа қабылданған
мамандар жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың
барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді
қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында
қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына
декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы»
Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлер арасында жауапкершіліктерін күшейту
мақсатында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында
Ауылдық округ әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет
көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету
туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік –
құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі; мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде төрешілдікпен сөзбұйдалық көріністеріне жол
бермеу; мемлекеттік қызмет көрсету саласындаға есеп берушілік және
ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнем жетілдіру; мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде үнемділік және тиімділік.
Ауылдық округ әкімі 8 (сегіз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет - 0
2 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
3 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет – 6
4 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет - 59
5 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
6 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 4
7 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
8 «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 0
Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан
сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне
ақпарат беріліп отырады.
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі
жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық
акті қабылданған.
Халықты хабардар ету үшін «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінде – қызмет берушіде стандарттар мен
регламенттер, анықтама телефондар номерлері, өтініш бланкілерінің үлгілері
орналастырылған стенд ілінген.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу
мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі
жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту. Аппараттың ұйымдатырушылық-
басқарушылық қызметі барысындағы басқа сұрақтар
Ауылдық округ әкіміне 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жеке тұлғалардан
- 76 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 14 хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен
өтініштер қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат
Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық
бөліміне ұсынылады.
Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді
қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету
бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі
ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды,
тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,
заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда
жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген
жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі
Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының қаржы бөліміне бюджеттік
қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы тоқсандық есеп беріп
отырады.
Есептік кезеңде ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері
тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық
орын алған жоқ.
2019 жылғы 28,30 қаңтарында және 15,26 наурызында аудан әкімінің
веб-сайтында «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабарландырулар
жарияланды.
2019 жылдың 08 ақпанында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне «Digital
agent» қосымшасы уақыт талабы» тақырыбында хабарлама жарияланды. 2019
жылдың 22 наурызында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне төрт ауылда көше
атауларының өзгеріп, әділет басқармасында тіркелгені туралы хабарлама
жарияланды.
Ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық факторларын азайту
мақсатында электронды цифрлық қолтаңбамен мемлекеттік қызметтер алу
аясын кеңейту туралы 2019 жылдың 11 және 25 ақпан күндері мобильдік
ЦОН қызметкерлерімен бірлесіп акциялар ұйымдастырылды.
Ауылдық округ әкім аппараты қызметі бойынша 2019 жылдың 1
тоқсанында жоғарғы тұрған органдардан бақылау шарасы жүргізілген жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік
қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы
шаралар қабылдау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Қаратұрық ауылдық
округі әкіміне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
13 cәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері
қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына «Құжаттар салыстыру
үшiн түпнұсқада ұсынылады» деген пунктті енгізуді құзырлы органдарға
ұсыну.
2) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын
орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік
қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін
күшейту.
3) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік
қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы
шаралар қабылдау.
Жұмысшы топ мүшелері:
Қаратұрық ауылдық
округі әкімінің орынбасары Б. Сокуров
Ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Г. Кабулова
Ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы А. Манапов
Таныстырылды:
Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Е. Самсыбеков
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8901804
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
44966
0
44966
8749464
139805
187110
8901804

Сіздің ІР: 3.233.217.242
Қазір: 2019-11-15 10:35:16
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру