Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаракемер а/о«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің 2019 жылдың IІІ тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы АНЫҚТАМА

«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің 2019 жылдың IІІ тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы АНЫҚТАМА

«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесің
2019 жылдың IІІ тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА
Қаракемер ауылы 18 қазан, 2019 жыл
КІРІС БӨЛІМІ
Қаракемер ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»
№63 өкіміне сәйкес Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппаратында
(әрі қарай – аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізілді. Ішкі талдау 2019 жылдың ІІІ тоқсан мерзімін қамтиды.
Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүргізеді.
Ережеге сәйкес аппарат миссиясы Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер
ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып
табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылды: Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік
құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына
және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
актілеріне, сондай-ақ «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоғарыда аталған кадрлардың тұрақтамаушылығы сыбайлас
жемқорлыққа ықпал етуді туғызуы мүмкін, себебі кадрлардың жиі ауысуы
және аталған бағыттағы тиісті тәжірбиенің жоқтығы әр түрлі әкімшілік
кедергілерге әкеліп соғады.
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша:
Штаттық кестеге сәйкес 2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша
аппараттағы жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 8 бірлікті құрайды,
аталған бірліктер кадрмен толықтырылған. Аталған кезең бойынша
кадрлардың тұрақтамау фактісі орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің
немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне
кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын
адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес
мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол
бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті
жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының
бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге
де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік
өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сондай-ақ Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың
1-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шектеулерді қабылдауға келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару
қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда белгілейді.
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында
көрсетілген аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді
қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға
(лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған
жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті
тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын
бұзу орын алған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша:
Ағымдағы кезеңде аппараттағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
түрінің жалпы саны – 8 (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін
мектепке дейінгі (7жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, өтініш
берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы
анықтама беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру, сауда-
саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, бұрын жер пайдалануға
берілген жер учаскесін жекеменшікке сату, жер учаскесін алу үшін кезекке
қою.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын
қатаң түрде сақтау, сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетн қызмет
мәселелері бойынша аппарат қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары
жүргізілсін.
Тікелей байланыс тәуекелі.
Талдау барысында басым көпшілік мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағаз нысанында көрсетілетіндіктен мемлекеттік көрсетілетін қызмет
барысында көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орын алу
тәуекелі бар.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де мәселелер.
Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның талаптары
бұзылғандығы анықталмады.
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен
берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алуға және
қарауға жатады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзғаны үшін 2019 жылдың
өткен кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік
қызметшілер болған жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
 
КОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Ұсыныс:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар
қабылдансын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру
жұмыстары жүргізілсін;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын қатаң түрде
сақтау, сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша
аппарат қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8918886
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
62048
0
62048
8844303
156887
187110
8918886

Сіздің ІР: 34.204.173.36
Қазір: 2019-11-18 04:09:38
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру