Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаракемер а/оЕреже

Ереже

Еңбекшіқазақ ауданы
әкімдігінің
2010 жылғы «___» _______
№__________________
қаулысымен
«Қаракемер селолық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер.
«Қаракемер селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
(бұдан әрі – селолық округ әкімінің аппараты) селолық округі әкімінің
қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық -
техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Ресупбликасының Конституциясы мен
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі
мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің және селолық округінің әкімінің
актілеріне басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес
жүзеге асырады.
Селолық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы
жазылған мөрлері мен мөртаңбалары және белгіленген үлгідегі бланкілері бар
заңды тұлға болып табылады.
Селолық округі әкімінің аппараты  жергілікті бюджеттен
қаржыландырылады атқарушы орган болып табылады.
Селолық округі әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз
атынан енеді.
Селолық округі әкімінің аппараты заңдарға сәйкес, азаматтық-құқықтық
қатынастардың мемлекет атындағы жағы болуға құқылы.
Селолық округі әкімінің аппараты туралы Ереже оның құрылтайшылық
құжаты болып табылады.
«Қаракемер селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
құрылтайшысы - «Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы - «Қаракемер селолық
округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы –
государственное учреждение «Аппарат акима Каракемерского сельского
округа».
Аппараттың заңды мекен - жайы: индексі 040431, Қазақстан
Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы,
Тастанбеков көшесі 7
2 Селолық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері.
Аппараттың негізгі міндеттері:
Селолық округінің әкімінің қызметін ақпараттық-талдау және құқықтық
тұрғыдан қамтамасыз ету.
Селолық округінің әкіміне шаруашылық және материалдық- техникалық,
әлеуметтік- тұрмыстық қызмет көрсету.
Облыстың және ауданның өкілетті және атқарушы органдарымен, сонымен
қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және
азаматтармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
3 Аппараттың міндеті.
Аппарат өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтердің
орындалуын жүзеге асырады:
Әкімшілік – ұйымдастырушылық және құқықтық:
- Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы
Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі
және селолық округі әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету, селолық округ аумағында олардың орындалуын бақылау;
- селолық округі әкімінің актілерінің жобаларын дайындау мақсатында
барлық деңгейде бірлесіп жұмыс істеу, олардан ақпараттар алу, оларды
дайындау мен сараптауға қатысу;
- әкім мен оның орынбасары жұмысын қызметтік құжаттармен
қамтамасыз ету, селолық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін уақытылы
ресімдеу, оларды жергілікті кәсіпорын, ұйым мекемелерге жеткізу;
- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін жағдай жасау;
- қызметтік құжаттарды, хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың
өтініштерін қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
- қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, жүйеге келтіру,
кодификациялау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және жергілікті
өкілетті органдардың сайлауын ұйымдастырушылық және материалдық-
техникалық қамтамасыз етуге және бүкілхалықтық референдум өткізуге
көмектесу.
Ақпараттық -талдау:
- селолық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама
беретін материалдарды әкімге дайындау;
- әкімнің қызметі туралы материалдарды бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау.
Кадр мәселесіне байланысты:
- мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және
мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
- әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бос қызмет орындарына
конкурс жүргізуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде селолық мәліметтер базасын
құру мен кадр резервін қалыптастыруды қоса отырып, кадр жағдайына
мониторинг жүргізу;
- лауазым тізіміне енетін кадр құрамы бойынша ұсыныстар әзірлеу мен
енгізу;
-мемлекеттік қызметте болуына байланысты мемлекеттік қызметшілердің
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас
жемқорлық туралы» Заңдарында көрсетілген шектеулерді сақтауы, жеке
істерін, еңбек кітапшаларын (қызмет тізімдерін) жүргізу мәселелеріне бақылау
жасау.
4 Аппараттың құқықтары мен міндеттері.
Аппарат өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін:
- мемлекеттік органдардан, меншік түріне қарамастан барлық
кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден селолық округінің әкімінің
құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша
түсініктемелер алу;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, сондай-ақ
ұйымдармен аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік
хат-хабар алмасу;
- басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың,
кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін әкімнің құзырына жататын
мәселелерді шешуге қатыстыру құқықтарына ие;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды
жүзеге асыра алады.
5 Аппараттың жауапкершілігі.
Аппарат заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексіне сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің дер кезінде және сапалы
атқарылуына жауапты болады.
Аппаратқа жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына селолық
округінің әкімі дербес жауапкершілікте болады.
Аппарат қызметкерлері жағымсыз әрекеттері үшін қолданыстағы заңда
белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылы мүмкін.
Аппарат жасаған азаматтық - құқықтық келісімдер Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша тіркеуге жатады.
Келісім-шарттың міндеттемелері бойынша аппараттың жауапкершілігі
Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес
туындайды.
6 Аппаратқа басшылық ету.
Селолық округінің әкімі аппаратын тікелей аудан әкіміне бағынатын
селолық округі әкімі басқарады.
Селолық округінің әкімі мемлекеттік саяси қызметкер болып табылады,
лауазымға Алматы облысы әкімінің келісімімен аудан әкімі тағайындайды
және босатады
Селолық округінің әкімі өз құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес
төмендегілерді жүзеге асырады:
- селолық округ әкімі аппараты жұмыс регламентін бекітеді;
- селолық округінің әкімінің қызметкерлері арасындағы міндеттерді
бөледі;
- селолық округі аппаратының Ережесін аудан әкімдігі бекітуге ұсыну
үшін қол қояды;
- аппараттың жұмысын жоспарлау мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
-аппараттың құрылымдық қызметін жүзеге асырады және жұмысын
үйлестіреді.
-селолық округі әкімі аппаратының қызметшілерін марапаттайды және
тәртіптік жауапкершілікке тартады.
-қабылдаған актілердің орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді.
-аппараттың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды
-аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпке сәйкес
аппараттың мүлігі мен қаржысына билік етеді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңының 35-бабына сәйкес өзіне жүктелген басқа да функцияларды
атқарады.
7 Аппараттың қызметін ұйымдастыру.
Аппаратқа жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамындағы
аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері болып табылатын әкімінің
орынбасары, бас және жетекші мамандарын жұмылдырылады
Селолық округінің аппараты аппарат регламенті және қолданыстағы Ереже
негізінде жұмыс істейді.
Аппараттың қызметкерлерін селолық округі әкімі Қазақстан
Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметке
тағайындайды және босатады.
Селолық округі әкімінің орынбасары:
Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте
болады.
Селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.
Аппарат мамандарын ауыстыру және босату, оларды марапаттау және
тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
Аппарат мамандардың арасында міндеттерді бөледі, еңбек тәртібі,
орындаушылық тәртіпті және жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Селолық округ әкімі жұмыста болмаған жағдайда оның міндетін атқарады.
Іс қағаздарының қолданыстағы нұсқаулықтар мен аппараттың
регламентіне сәйкес жүргізілуіне жауап береді.
Аппарат қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде
аппаратқа жүктелген функцияларды орындайды.
8 Селолық округінің әкімінің аппаратының мүлкі.
Селолық округінің әкімі аппаратының жедел басқару құқығындағы жеке
мүлкі болады. Селолық округінің әкімі аппаратының мүлкі оған мемлекет
берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.
Селолық округ әкімінің аппаратына бекітіліп берілген мүлік коммуналдық
меншікке жатады және «Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының» мемлекеттік
мекемесінің теңгерімінде тұрады.
Селолық округ әкімі аппаратының өзіне бекітіліп берілген мүлікті аудан
әкімінің және уәкілетті органның келісімінсіз иеліктен шығаруға немесе
өзгедей тәсілмен басқаруға құқығы жоқ.
9 Аппараттың ережесіне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу тәртібі.
Аппараттың ережесіне өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің
қаулысымен енгізіледі.
10.Аппаратты тарату және қайта ұйымдастыру.
Аппаратты тарату мен қайта ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы
заңнамаларына сәйкес құрылтайшы іске асырады.
Қаракемер селолық округінің әкімі Д.Б.Ахметов
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8231967
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13606
0
13606
8129025
163681
235379
8231967

Сіздің ІР: 18.232.53.231
Қазір: 2019-08-19 12:42:55
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру