Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын аудандық ақпараттық топ мүшесінің Қаракемер ауылдық округі тұрғындарымен талдау жиналысының хаттамасы
Қаракемер ауылы № 1 30 қаңтар 2018 жыл
Жиналыс төрағасы: А.Исаков – округ әкімі
Жиналыс хатшысы : У.Сағынбеков – округ әкімінің орынбасары
Жиналысқа аудандық ақпарат тобының мүшесі – Ж.Жылқыбеков, Қаракемер ауылдық округі бойынша әкімі аппаратының мамандары, ауыл тұрғандары, мекеме, кәсіпорын басшылары, қауыдастық мүшелері, ауыл жастары, әйелдер кеңесінің мүшелері, көше комитеттері, шаруа қожалық басшылары – 75 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасының Президенті, «НұрОтан» партиясының төрағасы Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талдау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ақпарат тобының мүшесі – Ж.Жылқыбеков жолдау бойынша түсініктеме жасады. Өз сөзінде биылғы жылғы Елбасы Жолдауының маңызының өзе зор екенін айта келе, жолдаумен таныстырды.
Бұл жолдауда Мемлекетіміздің кәзіргі заманға өрлеу сатысының жобасы белгіленіп, алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр және ол міндеттеріміздің орындалуына Қазақстан Үкіметі, атқарушы органдар, бүкіл ел болып атсалысуымыз керек деп білемін.
Елбасы Жолдауын әрбір Қазақстандыққа түсінікті түрде жеткізу, оның орындалуына барынша ықпал жасауға сіздер мен біздің негізгі міндеттеріміз болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев өз сөзінде: Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттілігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасын табысты іске асыру. «Цифрлық Қазақстан » кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамуының кешендістратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындағанын айты. Жолдауда айқындалған он (10) бағыт бойынша түсіндіру жүргізілуде.
Шығып сөйлегендер:
- Жалғасбаев Жамбыл – Қаракемер ауылының тұрғыны кәсіпкер, бүгінгі
күні талқыланып отырған. Елбасымыздың Жолдауы – бұл Қазақстанның экономикалық дамуының құжаты, себебі Президентіміз бұл жолдауда Қазақстан даму жолында серпініс жасалыну керек екендігін басып айтты және оның жолдарын 10 бағыт бойынша көрсетіп отыр. Елбасымыздың Жолдауын қолдаймын және барлықтарыңызды соған шақырамын.
- Қалықова Шара – К.Орымбетов орта мектебінің директоры, Мемлекет
басшысы Н.Ә Назарбаевтың ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы халыққа арналған Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты. Жолдауында көрсетілегн 10 бағыты бойынша округ көлеміндеде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Бұл Жолдау «Қазақстан – 2050» стратегиясымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде іске асырылады. Өткені Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа баспалдағы көтеріледі деп сенемін.
Жиналыс қаулысы:
- Қазақстан Республкасының Президенті, «НұрОтан» партиясының төрағасы
Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын округ тұрғындарының арасында талқылап, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
- Елбасы жолдауының округ жастары арасында түсіндіріліп, кеңінен
таратылуы бойынша іс – шаралар ұйымдастыру Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратына және жастар саясатынұйымдастырушысына тапсырылсын.
Жиналыс төрағасы А.Исаков
Жиналыс хатшысы У.Сағынбеков