Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаракемер а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

с.Қаракемер                                                                             12.12.2017ж.

Кіріспе

       Қаракемер ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» 2017 жылдың 04 желтоқсандағы №119 өкіміне негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға 2017 жылдың ағымдағы кезеңі қамтылды. Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілген «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді:

Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

2. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бойынша.

2.1. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің 2017 жылдың 1 қаңтардағы бекітілген штат кестесіне сәйкес 8 адам құрайды.   Талдау барысында анықталды: 2017 жылдың 11 айының ішінде ауылдық округі бойынша басқа ауылдық округтарға ауысу тәртібімен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерінің саны - 1. Оның ішінде округ әкімінің орынбасары – 1. (Е.К. Айтуовтың 10.08.2017ж. - Қаракемер ауылдық округі әкімінің орынбасары өз еркімен. Теріс қылық жасағаны үшін босатылғандар жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

       Қаракемер аумағында Мемлекеттік корпорацияның бір бөлімі Қаракемер ауылында жұмыс жасайды. Қаракемер ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

       Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 8 түрі көрсетіледі.

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» -0,

2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» - 0,

3. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 41,

4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1,

5. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 5,

6. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукционарда) өткізуді талап етпейтын мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -0,

7. «Мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» -0 ,

8. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерлдді тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 77.

2017 жылдың 11 айдын ішінде ауылдық округ бойынша 123 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

       2017 жылдың 09 ақпандағы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының медиа-жоспары бекітілген (мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі БАҚ-да ауылдық округінің қызметкерлерінің басылымға шығу).

       2017 жылдың өткен уақытта жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген

мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Қаракемер ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптын артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.

       Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзылуын алдын алу бойынша ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан «Еңбешіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар үнемі жарияланып отырады. Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін маманды бекіту жөніндегі тиісті нормативті актісі қабылданды. Халықты хабардар ету үшін Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

       Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын ауылды аралап қызмет көрсетеді.

         Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

         Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізуді және жауапкершіліктерін күшейтуді.

4. Тікелей байланыс тәуекелі

     Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде.

     Қаракемер ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).

5. Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

5.1. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына сай жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп және есепке алынады. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.

         Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.

         Қорытынды бөлім

6.Жоғарыда айтылғандардың негізге ала отырып Қаракемер ауылдық округі әкіміне ұсынамыз:

1. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.

2. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің саны толық.

3. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттері қатан сақталып бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылсын.

4. Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін және бақылауға алынсын.

5. Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндеҚазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.

6. 2018 жылдың 15 каңтарға дейін іс-шара жоспары жасалып Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы Еңбекшіқазақ ауданның әкімі аппаратына берілсін.

Жұмыс тобы мүшелері:

Ауылдық округі әкімінің орынбасары                           У.Сағынбеков

Ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                             Р.Ордабаева

Ауылдық округі әкімі аппаратының

жетекші маманы                                                             М.Шулембаев

Таныстырылды:

Қаракемер ауылдық округі әкімі                                  А.Исаков

Орынд.: У.Сағынбеков

тел.: 49-5-35

            

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8231527
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
13166
0
13166
8129025
163241
235379
8231527

Сіздің ІР: 18.232.53.231
Қазір: 2019-08-19 12:18:00
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру