Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚаракемер а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауыолдық округінің әкімі А.Я Исаковтың 2017 жылы Қаракемер ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы

Құрметті ауылдастар!

Елбасымыздың халыққа елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесніе кеңінен тарту жақсатында шақырылған ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес жыл сайын әр денгейдегі әкімдер халық алдында жылына бір рет есеп беріп тұрады. Біздің негізгі міндетіміз жоғарғы жақтың нұсқауларын орындап, халыққа жеткізіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына ат салысу. Өткен жылдан бастап ауыл әкімдеріне өз округтерінде күнделікті туындайтын мәселелердің көпшілігін өздеріңіз шешуіне мүмкіндік берілді.

       Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан әлемдік дағдарыстардың сынқатерлерімен сан мәрте бетпе - бет келді және олардың барлығына лайықты тойтарыс берді.

       Кәзірде Қазақстаның жаңа жаһандық сын қатерлерді еңсеретін нақты жоспары бар. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздің тек әлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жайындада дамуы туралы стратегиясы мен «Ұлтжоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты еңбегін отандастарымыз қызу қолдауда.

         Бүгінгі Қазақстан елінің әлемге танылып, жеткен жетістектері ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың еңбегінің нәтижесі.

       Елбасының алға қойған мақсат - міндеттерін, тапсырмаларын орындау мақсатында Қаракемер ауылдық округінде халықтың әлеуметтік - экономикалық хал - ахуалын жақсарту, ауылдың көркейуі үшін әр салада жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:

-         Жер көлемі – 8378 га

-         Суармалы егістік жер көлемі – 2434 га

-         Халық саны - 7233

-         Тұрғын үй саны – 1462 оның ішінде:

-         Қаракемер ауылында 1184 үй, Талдыбұлақ ауылында 232 үй, Сатай ауылында 46 үй бар.

Қаракемер ауылдық округте үш ауыл тіркелген:

-         Қаракемер ауылы халық саны – 563, аула саны - 1198

-         Сатай ауылы халық саны – 302, аула саны - 232

-         Талдыбұлақ ауылы халық саны – 1295, аула саны - 46

-         Еңбекке жарамды халық саны – 3789 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 3678адам.

-         Барлық зейнеткерлер саны 691 адам.

-         І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 169 адам.

-         Ауған соғысы ардагерлері – 12 адам .

-         Тыл еңбеккерлері 48 адам

-         Черноылға қатысқандар – 4 адам

-         Барлық көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградталғандар - 134 адам.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Қазіргі таңда округ бойынша 569 га жерде бақ болса, оның ішінде 359 га жеміс беріп отыр, 433 га жерде жүзімдік беріп тұр. Жыл соңында 352 жеке шаруа қожалық тіркелген. Оларға 1424 га жер бөлінген , оның ішінде 1058 га суармалы жер (526 га егістік жер, 532 га көпжылдық шөп) , 366га жайылымдық жер учаскесі бар.

Әр шаруа қожалығында кем дегенде 2-3 адам жұмыс істейді.

01.01.2018 жылы Қаракемер округіндегі мал басы, құс саны:

-         Ірі қара – 2088 бас. оның ішінде аналығы 630 бас.

-         Ұсақ мал - 3276. бас оның ішінде аналығы 1100 бас.

-         Жылқы - 419 бас. оның ішінде аналығы 120 бас.

-         Құс саны – 2950 бас.

Негізі мал шаруашылығы бар «Төре - Жайлау» ЖШС - де 287 ірі қара, оның ішінде аналығы 65. Қазыбайұлы Берік қой ешкі – 440 бас, оның ішінде аналығы 230 бас., жылқы 125 бас оның ішінде аналығы 45 бас. Тунгатарова А 70 ірі қара, оның ішінде аналығы 35, жылқы 10 бас оның ішінде аналығы 4, Бурнашев Р ірі-қара 73 бас, оның ішінде аналығы 30 бас. Барлық жеке шаруашылықтағы және шаруа қожалықтарындағы мал басына жоспарға сәйкес, толықтай малдәрігкерлік егу жұмыстары жасалынып диогностикалық тексеруден өтті.үш ауылға арналған Қаракемер ауылдық округінде өлексе тастайтын мал қорымы бар. Қаракемер ауылынан бір жарым шақырым жерде типтік мал қорымы салынды. 2018 - 2019 жылға ауылда дамыту жоспарына сәйкес, Қаракемер ауылыдқ округі аумағында мал дәрігеллік пунк, мал қашыру орны (осененаторская) және мал соятын алаң жасалыну жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерлік:

Округтен өкімет қазынасынан қомақты қаржы құятын шағын кәсіпкерлік саны 25. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікпен айналысуышлар және шаруа қожалықтарында жұмыс істеушілер саны бес жүзден астам.

Қазіргі таңда Сатай ауылынан СПК «Сатай - 2017» кооперативі ашылды. Құрылтайшылар саны 3, Жұмыс жүргізіліп отырған жер көлемі 12 гектар, өндірістік қуаттылығы 10 , мал саны 6 бас, жалпы жұмыспен қамтылған 7 адам.

Тұрғын үй саясаты:

2005 – 2017 жылдар арасында 1020 азаматтар тұрғын үй салуға тізімде тұр. Сатай ауылында 253 жер телімі, Талдыбұлақ ауылында 29 жер телімдері тұрғын үй құрылысына берілді.

2017 жылы Қаракемер ауылына қарасты Сатай ауылында жас мамандарға 20 пәтерлік тұрғын үй салынды.

Білім саласы бойынша:

Қаракемер ауылында 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей, 400 орындық жатаханасымен жұмыс істеп тұр. 370 студент кәсіптік білім алуда., 90 мұғалім жұмыс істеуде.

Мектептердің материалдары – техникалық базасы жандандырылуда. Округтегі барлық мектептер телефон байланысымен жабдықталған, компьтерлер интернет жүйесіне қосылған.

Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектебінде 1144 оқушы, 98 мұғалім бар. Басқа мектеп бітірушілер жеке шаруа қожалықтарында және шағыс жеке кәсіпкерлерде жұмыс істеуде. Талдыбұлақ орта мектебінде 2017 жылы Талдыбұлақ мектебінде 234 оқушы 29 мұғалім бар. Мектепке дейінгі шағын орталықта барлығы 25 бала тәрбиленуде, 5 адам жұмыс істейді. Қаракемер ауылында 120 орынды «Аружан» балабақшасы жұмыс істеп тұр. Бұл мекемеде 37 адам жұмыспен қамтылған. Бала саны толық.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Қаракемер ауылындағы емханада және Талдыбұлақ ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункте – 31 адам халыққа қызмет көрсетуде. Денсаулық сақтау саласының жылдан – жалға жақсаруда, халық денсаулығының оңалуы біздің мемлекетіміздің басты проблемаларының бірі болып табылады.

Әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша:

Округ бойынша әлеуметтік және зейнетақы төлемдеріне тоқталсақ, 2017 жылы:

-         18 жасқа дейінгі көп балалы тұрмысы төмен отбасыларына берілетін әлеуметтік көмек 13 жанұяға берілген, бала саны 79 әлеуметтік жәрдемақы 574 мын 380 теңге төленген.

Экономикамыздың өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы округтегі жұмыссыздар санын азайтуда. Қазіргі таңда аудандық еңбекпен қамту биржасында Қаракемер округінен адам тіркеуде жоқ.

Ауыз сумен қамтамасыз ету:

«Тазалық» щағын кәсіпорында 8 адам (басшысы Жалғасбаев Жамбыл) халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл ішіндегі қоқыс шығару және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруды.

Жол картасы бойынша:

Жол картасы бойынша округте талай жұмыстар атқарылуда. Қаракемер ауылында 2017 жылы 20 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда 14 көше күрделі жөндеуден жүргізілді.

Талдыбұлақ ауылы бойынша 1000 шаршы метр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

.

Спорт және мәдени шаралары:

        Салауатты өмір салтын насихаттау округімізде басты назарда. Округімізде ұйымдастырылған ақсақалдар алқасы, жастар ұйымы мен әйелдер кеңесі үнемі тұғындармен тығыз қатынаста жұмыс істейді. Әр апта сайын сейсенбі күні ақсақалдар алқасы, жастар ұйымы мен әйелдер кеңесі отырысында көптеген іс-шаралар, проблемалар учаскелік полиция инспекторының қатысуымен шешіледі.

Мәдениет саласында да бірсыпыра жұмыстар атқарылды деп аутуға негіз бар. Барлық мемлекеттік шаралар, жастардың демалыс кештері, тұрақты түрде келісілген жоспарға сай өткізіліп тұрады. Жастар ұйымының төрағасының қатысуымен округ тұрғындарының арасында үнемі болейбол, футбол, теннис сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады. Оғар ауыл жастары белсенді қатысып тұрады.

Бұқаралық спортты дамытуда округымізде түрлі шаралар атқарылып жатыр. Округ әкімішілік жастар спорттың түрлерінен тұрақты өткізіліп тұрады. Спортпен айналысамын деген тұрғындарға мәдениет үйінде тренажерный зал, спорт залы, колледж спорт залы, мектеп ауласындағы алаңдар, жазда мини-футбол ойнайтын әр уақыттада дайын.

-         Наурыз айында ауыл бойынша Наурыз мейрамын атап өттік Қ.Орымбетов мектебінің алдындағы үлкен алаңда мәдени, спорттық іс – шаралар өткізілді.

-         9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған № 6654 әскери бөлім мен Қ.Орымбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен әскери шеру өткізіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты,

-         Ауданда өтетін спорт және жастар форумдарында да ауыл жастары белсене қатысуда.

Жас спортшыларымыз аудан көлемінде өтетін футбол, волейбол, теннис, ахмат және тағы басқа спорттық ойындарға қатысып, жүлдеі орындарға ие болды.

Округте өтетін мәдени іс-шараларға үлесін қосып, ақылкеңесін беріп жүрген ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесінің мүшелері. Тазабеков Өмірқұл, Молдахметов Көпбай, Кусайнов Рысхан, Қарабалаева Рая, Мукаева Қамижан, Дюсупов Бауыржан, Лазгиев Мурат, Юсупов Сраил, Қалықова Шара, Мажиков Мүшелбай, көше комитеттері, № 6654 әскери бөлімі атап өткім келеді.

Қорыта айтқанда ауылымыздың гүлденуі бірліктің арқасында болатыны айдан анық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ауылымыздың өркендеуі жолында бірлесіп қызмет атқара берейік демекшімін.

Баршаларыңызға, әр отбасыларына шынайы көңілмен бақыт – береке тілеймін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер селолық округінің әкімі А.Я.Исаковтың 2015 жылы   Қаракемер селолық округі

 бойынша атқарылған жұмыстар түралы     

баяндамасы

Құрметті ауылдастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамыздағы «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығы негізінде, ауыл әкімдерінің есепті кездесулер туралы» Жарлық шығарған болатын. Осы Жарлыққа байланысты бүгін ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуімізді бастайық.

Қазақстан Республикасын Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2015 жылғы 30 қарашадағы  Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму»  мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауын барлық округ тұрғындары естіп, оқып біліп отырсыздар. Біздің ендігі міндетіміз, басты мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәнгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мелекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістыру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз деп жолдауында жария етті Елбасы  Н.Ә.Назарбаев.  Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. 

            Ендігі жерде өзіміздің селолық округ бойынша орындалған жұмыстарға келейік.

            Қаракемер селолық округі 1980 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер халық депутаттарының кеңесі болып құрылды:

-          Жер көлемі – 8378 га

-          Суармалы егістік жер көлемі - 2434 га

-          Халық саны – 7075 адам

-          Тұрғын үй саны – 1462 оның ішінде:

Қаракемер селосында – 1184 үй, Талдыбұлақ селосында – 232 үй,Сатай селосында – 46 үй бар.

Округте үш ауыл бар:

-          Қаракемер селосы, халық саны – 5506 адам

-          Талдыбұлақ селосы, халық саны – 1270 адам

-          Сатай селосы, халық саны – 299 адам

-          Еңбекке жарамды халық саны – 3258 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 3176 адам, жұмыссыз тіркелгендер – 21 адам

-          Барлық зейнеткерлер – 635 адам

-          І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 113 адам

-          Ауған соғысының ардагерлері – 12 адам

-          Тыл еңбеккерлері – 53 адам

-          Барлық көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталғандар – 138 адам

-          Чернобылға қатысқандар – 1 адам

Ауылшаруашылығы:

            Қазіргі күні округ бойынша 558,5 га жерде бақ болса, оның 558,5 га жеміс беріп отыр, 410,8 га жерде жүзімдік жеміс беріп тұр. Жыл соңында 361 жеке шаруа қожалығы тіркелген. Оларға 1394,3 га жер бөлінген, оның ішінде 1158,7 га суармалы жер (189,4 га егістік жер,  969,3 га көпжылдық шөп), 235,6 га жайылым жер учаскесі бар.

            Әр шаруа қожалығында кем дегенде 2 – 3 адам жұмыс істейді.

2015 жылы округтегі мал басы, құс саны:

-          Ірі қара – 1405 бас, оның ішінде аналығы 660 бас .

-          Ұсақ мал - 2640 бас, оның ішінде аналығы 1440 бас.

-          Жылқы – 270 бас, оның ішінде аналығы 135 бас.

-          Құс саны – 2000 бас

Малдарды бірдейлендіру жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда: 2200-ірі қара, 3000-қой,ешкі сырғаланып, мал дәрігерлік паспорт беріліп, компьютерлік дерекқорына енгізілді.

Негізі мал шаруашылығы бар «Торе-Жайлау» ЖШС-де 160 ірі қара, оның ішінде аналығы 82, қой-ешкі 860, оның ішінде аналығы 500, жылқы 80 бас  оның ішінде аналығы 30 бас. Шаруашылық малдары толықтай қолдан ұрықталуда.

Барлық жеке шаруашылықтағы және шаруа қожалықтарындағы мал басына  жоспарға сәйкес, толықтай малдәрігерлік егу жұмыстары жасалып  диагностиқалық тексеруден өтті. Үш ауылға арналған Қаркемер селолық округінде  өлексе тастайтын мал қорымы бар. 2014 жылы Қаракемер ауылынан бір жарым шақырым жерде  типтік мал қорымы салынды. 2016-2017 жылға ауылды дамыту жоспарына сәйкес, Қаракемер селолық округ аумағында мал дәрігерлік пункт, мал қашыру орны (осеменаторская) және мал соятын алаң жасалыну жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерлік:

Округтен өкімет қазынасынан қомақты қаржы құятын шағын

кәсіпкерлер саны 25 . Бүгінігі күні шағын кәсіпкершілікпен айналысушылар  және шаруа қожалықтарында жұмыс істеушілер саны бес жүзден асты.

            2015 жылы 12 айда жергілікті салық түсіміне  тоқталсақ:

-          Мүлік салығы – болжам 2015 жылға – 390,2 мың теңге, орындалғаны – 403,0 мың теңге, 103 %

-          Жер салығы – болжам 2015 жылға – 521,2 мың теңге, орындалғаны – 521,2 мың теңге, 100 %

-          Көлік салығы – болжам 2015 жылға – 10 миллион 520,1 мың теңге, орындалғаны – 9 миллион 470 мың теңге, 90 %

Тұрғын үй саясаты:

            2005 - 2015 жылдар  арасында 954 азаматтар тұрғын үй салуға тізімде тұр. Сатай ауылында 253 жер телімі, Талдыбұлақ ауылында 29 жер телімдері тұрғын үй құрылысына берілді.

Білім:

            2015 жылы  қырқүйек айында Қаракемер ауылында 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей, 200 орындық жатаханасымен ашылып пайдалануға берілді, 100 студент кәсіптік білім алуда.

Мектептердің материалдары – техникалық базасы жандандырылуда.

           Округтегі барлық мектептер телефон байланысымен жабдықталған,

           қомпьютерлер интернет жүйесіне қосылған.

            Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектебінде 1042 оқушы, 86 мұғалім бар. 2015 жылы 46 оқушы мектеп бітірді, 17 оқушы тест бойынша орта балы – 76,  12 оқушы жоғары оқу орнына, 2 окушы гранқа түсті,

 9 оқушы колледжге түскен. Басқа мектеп бітірушілер жеке шаруа қожалықтарында және басқа жерлерде жұмыс істеуде.           Талдыбұлақ орта мектебінде 2015 жылы 10 оқушы бітірді. Талдыбұлақ мектебінде 205 оқушы, 26 мұғалім бар. Мектепке дейінгі шағын орталықта барлығы 25 бала тәрбиеленуде, 4 адам жұмыс істейді. Қаракемер ауылында 120 орынды «Аружан» балабақшасы жұмыс істеп тұр. Бүл мекемеде 38 адам жұмыспен қамтылған.

Денсаулық сақтау:

            Қаракемер селосындағы емханасында және Талдыбұлақ селосындағы фельдшерлік акушерлік пункте – 23 адам халыққа қызмет көрсетеді. Каракемер дәрігерлік амбулаторияда және Талдыбұлақ селосындағы фельдшерлік акушерлік пункте үстіміздегі жылдың  12 –ай ішінде 12923 адам қаралып, ем алды. Оның ішінде терапевте – 4510,педиатрда – 9739, гинекологта – 430, стоматологта – 1244 адам ем алды. Туберкулез, бруцелез ауруларының алдын алу шаралары жасалып, үнемі тұрғындардың, мектеп оқушыларының  арасында түсініктемелер беріліп отырды. 2015 жылы туберкулез ауруымен – 3 адам тіркелген, барлығы – 2 адам есепте тұр, олар үнемі бақылаудан өтіп отырады. Бұл азаматтардың отбасының өте нашарларына жеке кәсіпкерлер тарабынан материалдық көмек көрсетілуде. Денсаулық сақтау саласының жылдан – жылға жақсаруда, халық денсаулығының оңалуы біздің мемлекетіміздің басты проблемаларының бірі болып табылады.

Әлеуметтік көмек көрсету:

Округ бойынша әлеуметтік және зейнетақы төлемдеріне тоқталсақ, 2015 жылы :

-          18 жаска дейінгі көп балалы тұрмысы төмен отбасына берілетін әлеуметтік көмек 18 жанұяға берілген, бала саны 77 әлеуметтік жәрдемақы 1413 мың 984 теңге төленген

-          13 тұрғын үй көмегін алушыларға 517 мың 648 теңге жәрдемақы төленген.

Экономикамыздың өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындарының

ашылуы  округтегі жұмыссыздар санын азайтуда. Қазіргі уақытта аудандық еңбекпен қамту биржасында 24 адам тіркеуге тұрып, қоғамдық жұмыспен айналысты.

                        Қарттар күніне,9 мамыр Жеңіс күніне ардагерге және ақсақалдарға бағалы сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды,балаларды қорғау күніне – 600 мектеп оқушыларына балмұздақ таратылды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету:

            «Тазалық» шағын кәсіпорнында 8 адам (басшысы Жалғасбаев Жамбыл)  халыққа қызмет көрсетуде. 2014 жылдан осы кәсіпорын округ бойынша кәріз жүйелерін, ауыл ішіндегі қоқыс шығару және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады.

Жол картасы:

Жол картасы бойынша округте талай жұмыстар атқарылды.

  1. Каракемер ауылында Н.Мәндиев пен  Дачная көшелерінде асфальт  салынды , Талдыбұлақ ауылында Байторы баба  көшесінде асфальт  салынды.
  2.  2016 жылға 3 көшні асфальтау  жоспарлануда.
  3.  2015 жылы Каракемер ауылында 17 көшеге дала жарықтандыру шамдары  орнатылды.
  4. Қаракемер ауылындағы  тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарындегі жерлерін суаруға барлық көшелерге ұзындығы 16 км каналдар орнатылуда,  2016 жылы бұл құрылыс толық аяқталады, өкімет тарапынан 145 млн тенге  бөлінді..
  5.  Қаракемер ауылында кәріз жүйелерін ауыстыру кұрделі жұмыстары жалғасуда.

Көркейту жұмыстары:

            2015 жылы округтен 200-300 тн күл – қоқыс тазартылып арнаулы орындарға төгілді. Бұл күл – қоқыстар «Тазалық» шағын кәсіпорнын  күшімен, қаржысымен шығарылды.  Қаракемер селосы жанындағы қоқыс төгетін орн  тазартылды, қоршау жасалынды,  өкімет тарапынан 9 млн тенге  бөлінді, қоқыс төгетін орн  ауылдан 2 шақырым   жерде орналасқан оған 1,5 га жер  бөлінген.

Спорт және мәдени шаралар:

            Салауатты өмір салтын насихаттау округімізде басты назарда. Округімізде ұйымдастырылған ақсақалдар алқасы, жастар ұйымы мен әйелдер кеңесі үнемі тұрғындармен тығыз қатынаста жұмыс істейді. Әр апта сайын сейсенбі күні ақсақалдар алқасы,жастар ұйымы мен әйелдер кеңесі отырысында көптеген іс-шаралар, проблемалар учаскелік полиция қызметкерінің қатысуымен шешілуде.

Жастар ұйымының төрағасы Бекжан  Балтешовтың қатысуымен округ тұрғындарының арасында үнемі футбол, волейбол, теннис сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, оған округ жастары белсенді қатысады.

-          Наурыз айында ауыл бойынша Наурыз мейрамын атап өттік Мәдениет үйінің алдында мәдени, спорттық іс – шаралар өткізілді.

-          9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы №6654 әскери бөлімі мен Қ.Орымбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен әскери шеру өткізілді. Оған тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысып,мерекелік концерт болды.

-          Тамыз айында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай кіші футболдан жарыс өткізілді, оған  аудандардан, облыстан 46 команда қатысты, демеуші Исаковтардың отбасы.

-          Ауданда өтетін спорт  және жастар форумдарына да ауыл жастары белсенді қатысады.

Жас спортшыларымыз аудан көлемінде өтетін футбол, волейбол,

теннис, шахмат және тағы басқа спорттық ойындарға қатысып, жүлделі ойындарға ие болып отыр.

             Округте өтетін мәдени іс-шараларға үлесін қосып, ақыл-кеңес беріп жүрген ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесінің мүшелері  Тазабеков Өмірқұл, Молдахметов Көпбай, Кусаинова Рысхан, Қарабалаева Рая, Мукаева Қамижан, Дюсупов Бауржан, Лазгиев Мурат,Юсупов Сраил, Калыкова Шара, Мажиков Мүшелбай, көше комитеттері, № 6654 әскери бөлімінің бастығы Қуатов Константин Бейсенұлын атап өткім келеді.

       Қорыта айтқанда  ауылымыздың гүлденуі бірліктің арқасында болатыны айдан анық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ауылымыздың өркендеуі жолында бірлесіп қызмет атқара берейік демекпін.        

 Баршаларыңызға, әр отбасына шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

          Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9087609

Сіздің ІР: 3.215.182.36
Қазір: 2019-12-06 09:37:42
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру