Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыАқши а/оАқпарат

Ақпарат

2015 жылы  16 маусымда  Ақши  ауылында ауыл тұрғындарымен Ақши ауылының  атауын  Дәулетбай баба атына ауыстыру  туралы  жиналыс өтті.

Дәулетбай баба өмірбаян

     Дәулетбай баба XVII ғасырда Іле Алатауы баурайындағы Түрген өзенінің бойында дүниеге келген. Жоңғарлармен соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен, ел арасында аса беделді, көсем адам болған. Ол туралы халық арасындағы аңыздарға қоса Қазыбек би Тауасарұлының «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында: «Менің бабам Матайға дейін би болған, үлкен ақыл иесі болған адам»- деп жазылған Дәулетбай баба жайында.

    Дәулетбай - Бұқар жыраудың «Қалданменен ұрысып»  жырында аталатын  Сатай батырдың туған ағасы, Бөлек батырдың  атасы. Бөлектің дұлығасы мен қылышы қазір Астанадағы  Президент  мұражайында сақтаулы. Сатай мен Бөлек  батырлар 1731 жылы  қазақ халқының  Ақпатшаға жазған, Төле би  бастаған  қазақ зиялылары  қол қойған  хатта  Төле би, Сатай, Бөлек  болып  аталғаны тарихтан  белгілі, сондықтан  ұлы Жамбыл ақын Жүнісбай  болысқа арналған өлеңінде: « Жүнісбайға  жүгінем, кешегі хан Сатайдың ұрпағы  бұл »-деп тегін айтпаған. Н.Аристовтың «Уйсуны, Киргизы  или кара киргизы» атты кітабында 1785 жылға дейін  Аякөз  маңын  мекендеген  шапырашты  тайпасының 1500 ден астам түтінін Қойсоймас  Қараша би мен Асыл Даулетбай бидің  басқарғанын айтады. Сол Даулетбай  бабаның ұрпақтары  XVIII ғасырдың аяғы, IX ғасырдың басында баба қонысы  Түргенге  қоныс аударып,  Түрген өзенінің басы  Ілеге құяр  сағасын  мекендеген екен.  Сол заманнан  бері қарай  осы күнгі Ақши, Казатком, Қайрат, Саз ауылдарында тұратын 5 мыңнан астам  халықтың дені сол кісінің ұрпақтары.

     Ақши селолық   округінің  жер көлемі - 32000га, 4 елді мекен қарайды, олар: Ақши, Қайрат, Казатком, Саз. Осы елді мекендерде 1010 түтін  үй бар, 6020 адам тұрады. Ақшиде – Ақши орта мектебі, дәрігерлік амбулатория, мешіт, «Дәулетбай баба» кесенесі, балабақша «Үміт», Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі бар. Қайрат, Казатком ауылдарында 9 жылдық орталау мектептер бар. Осы селолық округте 305 жеке шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысады.

    Қазіргі Ақши аталып жүрген ауылдың тұрған жерінде бұрын ешқандай ауыл болмаған. 1929 жылы колхозды ұйымдастырған кезінде жоғары - төмен  қоныстанған елдерді бұрынғы Жаман ауылының оңтүстік жағындағы осы бір қыратты құрғақ жерге  қоныстандырған. Бұл ауылдың  батыс жағында түрікпендердің ауылы - Серғазының  бағы, солтүстік - батысында   Шыбыл  атаның  балалары  қоныстанғанымен, негізгі халық Дәулетбай бабаның  кіндігінен тараған  төрт атаның – Қара, Сарыбай, Рысбай, Шақа бұтақтарынан  өскен ел болған. Сондықтан 1956 жылғы,   Совет Одағы Коммунистік   партиясының орталық  комитетінде  билікке  талас аяқталғанша, колхоз  Мирзоян, Голащекин,  ең соңында Каганович атанған, оған дейінгі  құжаттарда  Жаман ауылдық  сайлау округі деп аталып,  Түрген елі Дәулетбай  ауылына  қарасты  әкімшілік аумаққа кірген.  Бұл атау 1957 жылға  дейін сақталғанын сол кездегі  Сайлау  құжаттарын  көтерген адамдардың көзі жетеді.

     XVIII   ғасырдың басында  Ақтабан Шұбырындыға ұрынған ел  Шығыс Қазақстандағы  Аягөзге дейін  барғаны  тарихтан белгілі. Қалмақпен  келісіп  «Мамырсу келісіміне» (Ресей,Қытай, Қалмақтар жане Абылай бастаған  қазақтар) қол қойғаннан кейін 1757 жылы өз мекеніне қайта оралған. Одан кейін орыс  келгенше  (1854 ж.)  осы аталған атаның ұрпақтары Түрген  өзенінің  сағасын мекендеп, қыста Ілені қыстап, жазда Асыны  жайлап күн кешкен. Кейін орыс  станициалары келіп қазіргі Бәйдібек би (Маловодное), Түргенге орналасқан  кезде жерінен  көшірілген ел тау сағасынан төменге  ысырылған.   Кейін Жүнісбай  болыс болып  орыспен жер бөліскен  құжатта Түрген елінің  шекарасын  белгілеген кезде бұл жерлер  Даулетбай  бабаның  ұрпақтары мекендеген  Жаман ауылы деп аталған. Бұл жайлы сол кездегі сақталған  тарихи құжаттарда айтылған.

        Жоғарыда айтылған мағлұматтар  дәлелдегендей   ауыл аты  Дәулетбай баба деп аталуға сұранып тұрғандай. Оның үстіне  Ақши ауылы бүкіл  еліміз  бойынша 7-8 жерде, осы облыстың  ішінде  Іле өзенінің сол жақ жағалауында ғана екеу.  Біреуі  Күртіде, екіншісі осы ауыл. Сондықтан сізден өтініп  сұрарымыз  қазіргі  Ақши ауылын  Дәулетбай баба ауылы деп атауына  шешім берсеңіз екен.

       Найзаның ұшымен, білектің күшімен кең- байтақ  жерімізді біздерге мұра етіп  қалдырған батыр бабамыздың ұрпақтары  мекендеген ауылдық округті Дәулетбай  ауылдық  округі деп өзгерту туралы  енгізілген ұсынысты  ауыл  тұрғындары бірауыздан қолдап отыр.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8524676

Сіздің ІР: 18.206.16.123
Қазір: 2019-09-20 22:34:35
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру