Ақпараттық стратегия

Ақпараттық  стратегия

«Болашағы Біртұтас Ел»  жалпыұлттық ақпараттық науқанының  мақсаты мен міндеттері (бұдан әрі – науқан)

«Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының мақсаты  азаматтық пен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті ілгерілету мен танымал етуге бағытталған.  Науқанның негізгі мақсат-міндеттері:

1) Жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту, ұлттық патриоттық идеялар «Мәңгілік ел» бағдарламасын жүзеге асыру халықтың азаматтық белсенділігін арттыру.

2) Жалпықазақстандық құндылықтарды нығайту мен Болашағы Бітұтас Елді қалыптастыру мақсатында ақпараттық науқандарды ұйымдастыру;

3) Жалпыұлттық патриоттық "Мәңгілік Ел" идеясын жылжыту, азаматтық қағидаты бойынша қазақстандық бірегейлікті және бірлігін нығайту мен дамыту;

4)  Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық үлгісінің танымалдылығын арттыру, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты насихаттау;

Науқанның жүзеге асыру тетіктері

- Науқанның бас орындаушылары болып табылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, инвестициялық және дамыту, ғылым, білім беру, ҚХА хатшылығы, Қоғамдық келісім РММ, Орталық коммуникациялар қызметі.

- Іс-шаралар Науқаны Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен іске асырылатын болады және барлық нысаналы топтар қамтылатын болады: жастар, аға буын, қала, ауыл тұрғындары және басқалар.

- Ұқсас Науқаны жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде әзірленетін болады.

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ басқа да көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

Науқанды іске асырудан күтілетін нәтижелер

- қоғамдық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

- Жалпыұлттық патриоттық "Мәңгілік Ел"идеясына негізделген Болашағы Біртұтас Ел құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

- Жалпыұлттық патриоттық "Мәңгілік Ел"идеясын қоғамдық санада бекіту, қазақстандық бірегейлікті нығайту.

Осы Науқанды іске асырудың басты нәтижесі Болашағы Біртұтас ұлтын қалыптастыру болуы тиіс.